Файл: Лекциялар кешені 1 Арнайы педагогика тарихы жне арнайы білім беру жйесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 180
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Лекциялар кешені
1 Арнайы педагогика тарихы және арнайы білім беру жүйесі.
Қазіргі өз бетімен дамыған, өз пәні мен мақсат-міндеттерін, өзінің тарихын, дидактикасын, тәрбиелеу теориясы мен практикасын және арнайы әдістемесін ажырататын педагогикалық салаларды біріктіреді, олар:
- тифлопедагогика (көрмейтіндер мен нашар көретіндер)
- сурдопедагогика (естімейтіндер мен нашар еститіндер)
- тифлосурдопедагогика (күрделі кемістігі бар яғни естуімен қатар көруінде ауытқуы бар )
- логопедия (сөйлеуінде ауытқуы бар)
- олигофренопедагогика (зиятында ауытқуы бар).
Соңғы жылдары арнайы педагогикада тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға педагогикалық көмек көрсету саласы бөлініп – ортопедагогика деп аталған және ерік-сезім саласында кемістігі бар тұлғалар үшін өзіндік пән саласы ретінде дамып жатыр.
Дамуында кемістігі бар адам дардын проблемаларын кәсіби тұрғыдан қарастыратын білім салалары (медицина, әлеуметтану, құқықтану және психология) шектеулік ұғымын өз жекеленген негізінде пайдаланады. Соңдықтан жіктеуді түрлі негізделу арқылы құрастыруға болады. Ең жиі кездесетін жіктеулердің негізделуі келесідей көрсетелген:
кемістік себептері;
кемістіктін түрлері;
кемістіктін салдары.
Жалпы алатын болсақ арнайы педагогикада тарихи қалыптасқан мүмкіндіктері шектеулі балаларды топтастыру кемістін түріне сәйкес негізінделген. Сондықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардын келесі топтарын ажыратымыз:
- естімейтіндер;
- нашар еститіндер;
- кейіннен естімейтіндер;
- көрмейтіндер;
- нашар көретіндер;
- тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар;
-эмоция-ерік саласында ауытқуы бар;
- зиытында ауытқуы бар;
- психикалық дамуы тежелген;
-сөйлеу тілінде ауытқуы бар;
- күрделі кемістігі бар.
Келесі жалпы жіктеу кемістіктердің ағзада орналасуына негізделеді, олар:
-дене (соматикалық) кемістіктер яғни тірек-қимыл-қозғалыс жүйесі, созылмалы аурулар;
-сенсорлық кемістіктер (есту, көру);
-ми қызметінің ауытқушылықтары (ақыл-ой кемтарлық, қимыл бұзылыстары, психика және сөйлеу саласындағы кемістіктер).
Аталмыш жіктеу арнайы педагогика үшін барлық кемістіктерді жалпы жүйелеу мағынасымен бағалы. Ал медицина саласында бұл жіктеу арығарай бөлшектенеді.
Ал әлеуметтік қорғау және әлеуметтік –еңбек етудін құқық саласында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар бойындағы кемістін пайда болу себептеріне негіздеу арқылы топтастыру маңызды. Бұл жағдайдын себебі мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қаржы, әлеуметтік көмек көрсету мен жеңілдіктермен қамтамасыз ету ерекшеліктері. Соңдықтан бұл жіктеуде келесідей себептерге сәйкес ажыратамыз:
туа біткен даму кемістіктері;
оқыс пен апат салдары;
кәсіби жарақат;
кәсіби еңбектін салдарынын пайда болған ауру;
жол-апаттары;
соғысқа қатысу;
аурулар;
басқа да себептер.
Кемістін пайда болу себептеріне сәйкес жіктеуде арнайы педагогика үшін маңызы зор, өйткені нақты ауытқудын әлеуметтік немесе табиғи себебің білу болашақ түзетушілік-оңалту жұмыстарын дұрыс жоспарлаға мүмкіндік береді.
Арнайы педагогиканың әр пәндік саласында өзінің жеке жіктеулері бар, оларды толықтыру мен жетілдіру үздісіз үрдіс.
Арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте кең. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс-тәсілдерін және барлық арнайы терминдерді білуі тиіс.
Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандықтан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін медициналық терминдер пайдаланылды. Арнайы ғылыми терминдердің пайда болуы медицинадан туындаған олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, ақыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с.
Арнайы психологияның дамуымен психологиялық терминдер мен ұғымдар қалыптасқан, олар диагнозды сипатқа ие болған, нақты психологиялық тексеру нәтижесін білдіреді. Мысалы: 1) дамуы уақытша тежелген балалар 2) танымдық әрекеті төмен балалар 3) психомоторикасындағы ауытқу сияқты ұғымдар тексерудің қорытынды сипатын білдірген. Кейіннен дефектологтар бұл ұғымдарды өз тәжірибелерінде пайдаланып, диагноздың сипатына назар аудармай, дефектологиялық терминдер ретінде қалдырған.
Тарихи, әлеуметтік өзгерістерге тәуелді дефектологияның орнына “түзету педагогика” термині пайдалану құбылыстар байқалды. Ал педагогикалық ғылымдар жүйесінде арнайы педагогикалық ғылымдар бөлек аталатын, олар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.
Арнайы педагогика қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі тұлға, ал білім алушылар үшін – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар деген аңықтаманы пайдаланады, сол ерекше қажеттіліктерді арнайы жағдайды қамтамасыз ету арқылы қанағаттандыруға болады. Шетелдегі қазіргі заң және әлеуметтік саласында еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға деген ұғымдар жиі пайдаланады, ол бұрынғы “мүгедек” терминңнің орнын басады, өйткені “мүгедек” деген адамның ештеңеге жарамайды, яғни қабілітсіздікті білдіреді.
Соңдықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлға, еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға терминдері біршама тиімді және адам намысын қорламайтын болып саналады.
Сөйтіп дамұында кемістігі бар тұлғаларды көп жыл бойы қалыптасып дәстүрлі жіктеу бойынша келесі топтарын ажыратуға болады:
- естімейтіндер
- нашар еститіндер
- көрмейтіндер
- нашар көретіндер
-тіл кемістігі бар
-ақыл-ойы кем
-психикалық дамуы тежелген (шет елдерде оқуында қиыналатын балалар)
- тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар
-сезім-ерік аясында ауытқуы бар
2 ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы
ҚР-да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын қыстау кезеңнің мән жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жағдайын білу үшін керек.басқа ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы бар.
Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды.
Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілермен тенденцияларының анықталуын, әр түрлі уақыт кезеңдерінің қарама-қайшы жақтарын анықтау және дамуында ауытқуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес шарттар құруды қамтиды.ҚР-да арнайы білім берудің теориясымен практикасының дамуы анықталған тарихи кезеңде көрініс тапты.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық көзқарастармен ой-пікірлерінің тарихи қалыптасу үрдісі қазіргі уақытқа дейін арнайы зерттелетін мәселе болып тұр.
Бұл жерде қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жиі кездеседі. Осы кездегі қазақ халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігімен бостандығы және рухани өрлеу жайында қалтықсыз қызмет етіп, оны осы жолда шыбын жандарын қиған аса көрнекті ғұламалар мен қоғам қайраткерлері қазақ аспанында щоқ жұлдыздай жарқырап, кең далада рухани мәдени-дамуының жаңа іргесін қалаған Ы. Алтынсарин, Абай атамыз, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, А. Байтұрсынов және т.б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің қалыптасуына бағасыз үлес қосқан. Арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.
Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдау көрсеткендей, өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар өткізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі Республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдаспаған.
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Москва, Ленинградтағы педагогикалық институттарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлінген.
Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастаған. 1976-1977 жылы бөлім, кейін дефектология факультеті қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. КазПИ – дің дефектология факультетінін ашуға белсенді қатысып, дамуына еңбектерін аямаған озат дефектолог-ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р.А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ.Ж., Буфетов Н.М. т.б.
Дефектология ғылымының дамуы Ж.И Намазбаеваның кеміс баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары ақыл-ойы кем балалардың өзін-өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, 1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында дәлелденген.
80-ші жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары көптеген нәтижелер көрсетті. Нақты М.Ш. Адилова кіші мектеп жасындағы ПДТ балалардың психомоторикалық ерекшеліктерін зерттеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикалық маңызы зор.
3 Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
Арнайы педагогиканың толық жүйелі теориясын құру үшін, дамуында кемістігі бар балалардың ерекшелігі туралы үздік мәліметтердің механикалық түрде бірігуі емес, керісінше арнайы педагогиканың ішіндегі бірлікті қолдауға бағытталған ғылыми тұрғыдағы мәліметтердің жүйелілігімен мазмұндылығы қажет екені сөзсіз.
Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді философия алады, ол біліммен әр түрлі ғылымның әр саласы арқылы арнайы педагогиканың мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Арнайы білім беру үшін философия – ең алдымен, педагогикалық құбылыстардын эволюциясын реттейтін, адамның әлеуметтік табиғи болмысын және адам туралы жалпы түсініктерді бір жүйеге біріктіретін дүниетаным негізінде алға шығады және екіншіден арнайы білім беру процесін игерудегі әдіс тәсілдер негізінде әмбебап принциптерді қолданудың әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.
Философиялық жіктеумен сәйкес арнайы педагогиканың мәселелерін зерттеуде мынадай дүниетанымдық аспектілерді көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философия-антропологиялық, тарихи және әлеуметтік философиялық.
Арнайы білім берудің болмыс құрамындағы орны онтологиялық аспектімен анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланысты анықтау үшін гносеологиялық аспекті, ал педагогикалық құндылықтарды анықтауда аксиологиялық аспект қызмет етеді.
Арнайы білім беру ол өзі ерекше әлеуметтік институт және оның дамуы өркениетке байланысты шартталған. Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін әлеуметтік философиялық тұрғыдан қарастыру жөн.
Нақты мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы көбіне әлеуметтік қатынастар әлеміне арнайы білім алу деңгейімен анықталады. Әлеуметтік философиялық аспектісінің өзектілігі дамудағы пай да болған кемістіктердін қазіргі экологиялық, әлеуметтік дағдарыстарға тәуелді.
Дамуында ауытқушылықтары бар тұлғалардын өмір сүру, емдеу, оқыту мәселелері ұзақ уақыт бойы философтардын назарадында болғанына қарамастан, бұл білім философиялық тұрғыдан жүйеленбеген.
Арнайы педагогиканың философиялық негіздерін әзірлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуының күрделі жағдайларын шешу үшін ықпалын тигізеді.
Арнайы педагогиканың жаңа парадигмасы үш негізгі бағытта қалыптасады, олар:
- гуманизация, яғни адамшершілікке бас бұру;
- фундаментализация, жалпы теориялық негіздерді қайта қарастыру;
- интеграция. Бұл бағыт қазіргі уақытта өте өзекті, ол мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты балалармен барлық түрде біріктіру жолдарын білдіреді..
Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі.
Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері ХХ ғасырдың ортасынана дейін шетелде және совет одағында – да тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның негізін адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия қалаған. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда адам арнайы білім берудің құндылығы-кемістікті түзету арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды.
Бұл контексте арнайы білім берудің құндылығы кемтар адамдардың қоғамға түскен ауыртпашылығы болмас үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған.