Файл: Лекциялар кешені 1 Арнайы педагогика тарихы жне арнайы білім беру жйесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 182
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Арнайы педагогтың яғни дефектологтың кәсіби әрекеті денсаулыққа кері әсерін тигізетін мамандықтар қатарынан болып табылады. Сондықтан денсаулығы нашар тұлғалар бұл мамандық бойынша жұмыс істеуі қиын. Бұл мамандық бойынша жұмыс жасаймен деген тұлғада есту, көру, жүйке мен жүрек-тамыр, иммунитет жүйелер жағдайы жақсы болғаны жөн.
Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына қолдау көрсету, толыққанды өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу, оқу, қатарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер көрсету, қол өнер жасау және суре салу, ересек өмірге дайындау, өз еліне, халқына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай алатын маман- арнайы педагогтар.
Ал сабақ бағытындағы дайындық әр күн сайын арнайы педагогтың жұмысы. Дәстүрлі бұл жұмыс сабақта меңгерілетін оқу материалын талдайды, тақырыбын анықтайды. Оқу материалын іріктей отырып, қандай білім беру, тәрбиелік және түзету-дамыту міндеттерді орындауға тиіс екенін белгілейді.
Қосымша тақырыптар
Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
Арнайы мектептегі сабақта оқу процесінің барлық компонентері (мақсат-міндеттері, білімнің мазмұны, принциптері, оқыту әдістері) толығымен жүзеге асырылады.
Сабақ мұғалімнің шығармашылық өңері емес, ол нақты талапқа және білім беру мақсат- міндеттерге сәйкес ұйымдастырылатын жұмыс.
Білім беру міндеттері ғылыми негізделген, білім беретін оқу бағдарлама көлеміндегі білімді меңгерту, өмір сүру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды қолдайды.
Сабақтын тәрбиелік міндеттері өмірге деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыру, жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады.
Түзету-дамыту міндеттері бала бойындағы алғашқы (біріншілік реттегі) кемістіктің салдарын жоюға, түзетуге және екіншілік кемістіктердің алдын алуға бағытталған, яғни ең жиі кездесетіндер, таным процестерін және сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету.
Арнайы мектепте міндеттерді орындау үшін мұғалім оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып белсенді таным әрекетін қамтамасыздандыратын оқыту әдістер мен тәсілдерін үйлесімді пайдалану мен қатар оқу тапсырмаларынын көлемі мен күрделігін анықтауы қажет.
Сабақ барысында барлық міндеттер өзара байланыста жүзеге асырылады.
Психологиялық-педагогикалық жағдайлар оқытудың жоғары нәтижесіне жету үшін оқушылар бойында білім алуға қызығушылын оятуды білдіреді. Бұл үшін арнайы педагогтар балалардың психика даму, жас, тұлғалық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет және өздері кемтар балалармен жұмыс істеуге психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дайын болуы қажет.
Сабақ түрлері, құрамы
Әр бір сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар: үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білімді тексеру, бағалау, сабақты қорытындылау. Сабақ құрылымы –бір белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Ал сабақтын түрлері –белгілі бір сабақтар тобына тән бірліктердің тұрақты үйлесімділігі.
Жалпы білім беретін және арнайы сабақтар сабақ түріне сәйкес құрылады. Бүгінгі дидактика сабақ түрлерін олардың басты сипатына орай топтастырады. Дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақ түрлері:
пропедевтикалық сабақтар;
жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру;
білім, икем, дағдыларды қайталау;
білім, икем, дағдыларды бекіту;
білімді қорытындылау;
білім, икем, дағдыларды тексеру, бақылау.
Арнайы мектептегі неғұрлым көп тараған сабақ түрі – аралас. Бұл сабақ жаңа оқу материалын шағын бөліктермен беріледі (басқа міндеттерді шешуге уақыт қалады), материалды есте сақтаудың ерекшелігі тиянақты бекітуді талап етеді; оқуға қызығушылықты тудыру үшін түрлі әрекеттерді пайдалану қажет және сабақта таным белсенділік деңгейін қамтамасыздандырады. Аралас сабақтын құрылымы:
-
Психологиялық-педагогикалық даярлық -
Үй тапсырмасын тексеру -
Оқу материалын қайталау -
Жаңа оқу материалын баяндау -
Үй тапсырмасын беру -
Білімді бағалау -
Сабақты қорытындылау.
Аралас сабақ құрылымы үнемі бірдей бола бермейді, сабақ міндеттеріне, оқу материалынын күрделігіне тәуелді кезендер орындары ауысуы мүмкін. Дидактикалық міндетке байланысты кейбір жағдайларда жаңа материалды баяндау негізгі орынға ие болса, бірде қайталау мен жүйелеу маңызды орын алады.
Арнайы мектептердің өзгешелігі ол түзету сабақтары. Түзету міндеттері әр сабақта, сабақтан тыс уақытта жүзеге асқанына қарамастан арнайы түзету сабақтар енгізілген. Бұл сабақтардын түрлері арнайы мектеп оқушыларынын дамуындағы кемістікке тәуелді.
Арнайы мектептегі сабақты талдау. Сабақты психологиялық-педагогикалық талдау сабаққа қойылған міндеттер жүйесінін орындалуын қадағалуымен бірге оқушылар ерекшеліктерін ескергенді жөн көреді.
Сабақты талдауда ең бастысы құрылымына назар аудару қажет. Сабақтағы бірліктер реттігі, оның тиімділігі, жасалған әрекеттердің ұйымдасуы талдау қажет.
1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
Оқушылардың білім мазмұның меңгеру процесі ұйымдастыру формасына байланысты. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тәртібіне орай оқу формасы әртүрлі формада ұйымдасады.
Тарихи кемтар балалар мен жасөспірімдерді оқыту тәжірибесе жеке оқутыдан басталған. Қазір уақытта әрбір нақтылы жағдай үшін арнайы оқытудың әдістелмелік тәсілін табу жеке дара оқытуды анықтайды. Арнайы педагогикада жеке дара оқыту келесі жағдайларда жүзеге асады:
оқушылар дамуындағы ауыр және көптеген кемістіктерге себепті және оқытумен тәрбиелеу үшін тек жеке ықпал етуді қажетсінетін кезде. Сонымен қатар, танымдық процестердің ерекшеліктері үздіксіз жеке дара психологиялық-педагогикалық қолдауды, қадағалау мен бақылауды талап ететін кезде;
оқыту процесінде бала дамуындағы өзгешілік жеке дара арнайы психологиялық, педагогикалық, логопедиялық және түзетушілік көмекті қажетсінетін жағдайда;
денсаулығына байланысты бала үйде білім алуға мәжбұр болған кезде.
Сонымен, жеке дара оқыту түрі мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасы арқылы жүреді, бұл жерде жеке оқыту сабақтар 20-30 минут шамасында өткізілуі тиіс.
Арнайы білім беруде жеке дара оқытудың жалғасы ретінде жеке дара-топтық оқыту формасы жүргізіледі. Бұл оқыту түрі жеке дара сабақтарында біршама түзетушілік әсер пайда болып, оны арықарай топта бекіту мақсатымен ұймдастырылады. Ал оқытудын топтық формасы мақсатқа сәйкес орайласқан топтарда оқыту арқылы ұйымдасады. Топтық жұмыс істеу арнайы сабақтарға жиі қолданылады.
Топтық оқыту балалардың әрекеттерін белсендіреді, оқуға деген қызығушылығын оятады, ұжымдық әрекет іскерлігі мен әлеуметтік тәртіп дағдысын практикалық түрде меңгертеді, сөйлеу, ойлау және қарым-қатынас әрекеттерін белсендіреді.
Оқу процесін ұымдастырудың ең негізгі, тиімді формасы ол – сабақ. Жалпы мектептегідей арнайы мектептегі сабақ таным әрекетімен бірге басқада дамытушы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Арнайы оқытуды ұйымдастырудың қосалқы формалары да арнайы мектептерге кең пайдаланылады, олар: факультатив сабақтары, оқу саяхаттар, семинар, зертханалық-практикалық сабақтар, үйдегі өзіндік жұмыстар.
Факультатив сабақтары – оку пәндерін оқушылар өз таңдауы және қызығуларына орай тереңдете оқуына арналады және білімдерің тереңдету міндетін көздейді.
Оқу саяхаттар- әрқилы нысандар қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылап зерттеу мақсатымен өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясына бару арқылы оқуды ұйымдастыру. Бұл сабақтар кемтар арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажетті, өйткені балалардың қоршаған орта туралы білімдерің кеңейтуге және болашақта әлеуметтік бейімделуіне мол мүмкіндік береді.
Семинар оқу сабақтар- меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамаларды ұжымдық талқылау түрінде өтеді. Бұл сабақтар оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне көбіне өзіндік жұмыстары негізінде арнайы мектептерде жоғары сыныптарында ұйымдастырылады. Арнайы мектеп үшін бұл сабақтар жаңа түр. Семинар оқу сабақтары сыныпта және сыныптан жұмыс аралығындағы бірлестікті сақтауға жол ашады.
Үйдегі өзіндік жұмыс – сабақтан тыс уақытта білімді игеру процесінің құрамдас бөлігі. Бұл оқу түрі арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажет, өз бетімен білім алуға дағдыландыру жалпы қиын мәселе. Бұл жерде үздіксіз үй тапсырмасын толық түсіндіру, талқылау кейін міндетті түрде қадағалау мен бақылау қажет екенің ұмытпау қажет.