Файл: Лекциялар кешені 1 Арнайы педагогика тарихы жне арнайы білім беру жйесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 181

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түсті көрсеткіштер. Егер ғимаратқа кіретін есіктер шыныдан жасалса, оларды белгілі бір биіктікте ені 400 мм болатын екі көлденең жолақпен белгілейді: жоғарғы жолақ – қызыл түсті, төменгісі – сары түсті. Сары жолақ еденнен 500 мм биіктікте болу керек.
Жарық көрсеткіштері. Ғимаратқа кіруді белгілеу үшін бағдар ретінде жанып-өшетін шам қолданылуы мүмкін, бірақ жарықтың сәулесі көзге қоздыратын әсердің алдын алу үшін тікелей емес, міндетті түрде шағылуы керек.

Қажетті арнайы құрал-жабдықтар. Нашар көретін балалардың оқу-танымдық әрекетін жеңілдететін арнайы тифлотехникалық және оптикалық (оптикалық түзетудің жеке құралдары, электронды үлкейткіш әйнек, қашықтықты үлкейткіш әйнек, қалталы әртүрлі еселік үлкейткіштер және басқа) құралдар қолданылуы керек [11].
Қосымша дидактикалық материалдар

Сабақта табиғи заттарды қолдану үшін оларды таңдауда белгілі бір ережелерді сақтау керек: көру және сипап сезу арқылы зерттеу үшін заттар ыңғайлы болу керек; заттардың пішіні дәстүрлі тез танылатын және негізгі бөліктері айқын білінетін болуы керек; заттар ашық түсті, негізгі бөліктері түспен белгіленуі керек.

Үлестірмелі иллюстративті материалды әзірлеуде әрбір баланың көру қабілетінің бұзылыстарын және оған ұсынылған көру жүктемесін ескерген жөн.

Балаларға слайд, кино мен бейнематериалдарды таңдауда да оқушылардың көріп қабылдауына ыңғайлы, зат пен құбылыс туралы дұрыс түсінік алуға мүмкіндік беру тұрғысынан қарау керек.
12 Аутизмі бар тұлғаларды арнайы оқыту

Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блэхер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың көріп есте сақтау қабілеттері жоғары болады. Сондықтан бұл балаларға көбінесе глобальды оқыту әдістемесі көпетеген жетстіктермен қолданылып келеді. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Көптеген белгілі тұлғалар жас кездерінде аутизм синтромына шалдыққан. Бірақ бұл дерт олардың өз армандарын жүзеге асыруларына кедергі жасамады. Алайда, бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сол себепті, аутизм синдромы бар балалар арнайы интернаттарда емес, отбасы жағдайында тәрбиеленулері керек[2].

Аутизм синдромы – баланың ерте жас кезеңіндегі дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Ол симптом ретінде көптеген ауруларда кездеседі, алайда баланың ерте жасында байқалып, баланың ары қарайғы дамуына кері әсерін тигізеді. Диагноз толығымен анықталған жағдайда балаға ерте балалық аутизм синдромы жағдайы қойылады. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Бала бойында аутизмнің клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты синдром ретінде 2-3 жасқа қарай анықталуы мүмкін.


Қазіргі таңда аутизм синдромының пайда болуының нақты себептері толығымен зерттелмеген. Көптеген ғалымдардың өз зерттеулерінде аутизмнің туындау себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады дейді. уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Сонымен қатар тұқымқуалаушылық фактордың да әсері мол екенін айта кету керек. Сондай ақ аутист балаларда мидың органикалық зақымдалуы да жиі кездеседі.

Негізгі себептерін анықтайтын болсақ, оларға тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістерді, зат алмасу өзгерістерін, анасының жүктілік кезінде және туу кезіндегі алған жарақаттар, нейро инфекциялар т.б. жағымсыз әсерлер әсер етуі мүмкін.

Қазіргі таңда қолданылатын аутизмнің классификацияларына тоқталсақ. Халықаралық жіктеуде балалар аутизмін және соған ұқсас бұзылыстарды жалпы психикалық бұылыстарға жатқызып, төмендегі үлгі бойынша жіктейді:

Ғ84.0. Бала аутизмі (аутистік бұзылыстар, бала аутизмі, бала психозы, Каннер синдромы)
Ғ84.1. Атиптік аутизм (атиптік бала психозы, аутизм белгілері бар ақыл-ой дамуының кешеуілденуі енеді).
Ғ84.2. Ретта синдромы.
Ғ84.3. Бала жастағы басқа да дезинтегративтік бұзылыстар (бала деменциясы, дезинтеграциялық психоз,Геллер синдромы, симбиоткалық психоз).
Ғ84.4. Ақыл-ой дамуының кешеуілденуімен және стереотиптік қимылдармен үйлескен гипербелсенді бұзылыс.
Ғ84.5. Аспергер синдромы(аутистік психоапатия, бала жастағы шизоидтік бұзылыстары).
Ғ84.8. Дамудың басқа да бұзылыстары.

Аутизм синдромы бар балаларға арналған арнайы көмек беру өткен ғасырдың 60-70 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптаса бастады. Еуропа елдеріндегі ең алғашқы аутизмі бар балаларға арналған мектеп 1920 жылы Дания қаласында ашылған. Осылайша кейбір жеке мекемелер аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізуді бастаған, бірақ ол кезеңде балаларды оқытудың нақты оқыту мен түзетудің ғылыми және әдіснамалық негіздері болмаған.

Қазіргі кезеңде ерте жастағы балалық аутизмді түзетудің жолдары әр түрлі. Жиі кездесетіндері мінез-құлықтық емдеу негізінде оқыту.

Осындай әдістерді қолдану АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі – қажетті, қалыптағы қылықты, іс-әрекетті қалыптастыру үшін арнайы сыртқы жағдайларды қалыптастыру, тұрмыстық бейімдеу, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту, оқу және еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Осы әдістер бойынша оқытылған балалардың 60 пайызға жуығы жалпы мектеп бағдарламасын қалыпты балалармен қатар меңгере алады. Өз кезегінде орта және жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алады.



Мінез-құлықтық оқытудан басқа, шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара), т.б әдістер тәжірибеде жиі қолданылады.


Бала бойындағы аутизм белгілерін анықтауда дәрігерлер мынадай нормативтерге үйенеді:



  • Қоғамдық қатынастар мен әрекеттер. Мысалы, бала көзбе-көз қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, өзге адамдардың сезімдерін түсіне алмайды.

  • Ауызша және ауызша емес байланыс. Мұндай жағдайда бала мүлдем сөйлемейді, немесе тоқтаусыз сөйлейді.

  • Баланың өзіне ғана тән шектеулі қылықтар. Бала ойыншықпен ойнаса тек қана бір мүшесімен ойнау, мысалы, тек қана қолымен, аяғымен немесе шашымен. Ал жасөсіпірімдік кезеңде бала тек қана бір пәнге немесе бір ғана тақырыпқа қызығады.


Акутистикалық спектр және дамудың басқа да ауытқуларына дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, психолог, логопед, педагог-дефектолог сияқты мамандар диагноз қояды. Балаларға диагностика клиникалық, психологиялық-педагогикалық және ADOS, ABA, Томатис терапия, аудио-вокалдық жаттығулар, сенсорлы интеграция әдісі, PEKS коммуникативті балама жүйесі сияқты халықаралық стандартталған әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Соның ішінде сенсорлы интеграция әдісіне тоқтала кетсек: Сенсорлық интеграция әдістемесі - көп адамдар денесін сезініп, сезімдерін сәйкестендіріп, қоршаған ортаны сол арықыл тануға тырысады. Ал аутизм диагнозы бар балаларға ол қиынға соғады.

Сенсорлы интеграция терапиясы баланың қоршаған орта тітіркендіргіштеріне тым қозып отырғанын, немесе қоршаған ортаның аса әсер етпегенін болжап, анықтауға көмектеседі. Осылайша, сенсорлы интеграцияның мақсаты – мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге асыру. Сол арқылы бала күнделікті өмірде сол ақпаратты қолдана алады.

Сенсорлы интеграцияның мысалдары:


  • Гамакта тербелу (кеңістікте бағдарлану);

  • Музыкаға билеу (есту жүйесі)

  • Бұршақ толтырылған қораптармен ойын (тактильді сезімдерін дамыту);

  • Тунельде жорғалау (кеңістікте бағдарлану және жанасу);

  • Қозғалып тұрған шариктерге жанасу (көру сезімі мен тактильді бағдарлануы);

  • Орындықта айналу (тепе-теңдік және көру қабілетіне әсер);

  • Бөренеде тепе-теңдік ұстап тұру (тепе-теңдік сақтау)



13 Күрделі кемістігі бар тұлғаларды арнайы оқыту

Күрделі кемістіктің синонимі ретінде арнайы әдебиеттерде басқа да нұсқалары кездеседі, мысалы «қиын бұзылыстар», осыған сәйкес «қиын кемістік», «біріккен бұзылыстар», «күрделі ақау». Бірақ соңғы уақытта «кемістіктің күрделі құрамы» атты түсінік күрделі кемістіктің мағынасын толық ашатын және қолайлы болып табылады.

Күрделі кемістіктері бар балаларды негізгі үш топқа бөлуге бөледі, олар:

- бала бойында екі аса байқалатың психофизиологиялық кемістік біріккен, бірақ әр қайсысы өз бетінше бала дамуына жығымсыз әсер тигізетің жағдайдағы топ, мысалы: көру мен есту қабілетінең айырылған, зиятында ауытқушыдығы бар естімейтін, нашар естийтің психикалық дамуы тежелген балалар.

- негізгі бір кемістікпен қатар қосымша деңгей жеңіл кемістік қосылған жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушылығы бар нашар естийтің балалар.

- көптеген кемістігі бар, балаланың бойыңда нақты екіден аса кемістігі кездесетің жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушыдығы бар нашар көретің естімейтін бала.

Осы кезге дейін біздің мемлекетте күрделі кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету және тәрбиелеуде көп көңіл бермеген. Өйткені олар тәрбие, білім ала алмайтын деп саналатын. Бірақ күрделі кемістігі бар балаларды оқытуға, осы соңғы он жыл арасында көп көңіл бөлуде.

Баланың күрделі ақауы болуы, оның ерте дамуына кедергі жасайды. Ауытқушылықтын бір емес екі немесе одан да көп болуы баланы қоршаған ортадан бөледі, ол үлкен депривацияға түседі. Бұл көптеген қызметтердің дамуына және психикалық дамудың тежелуіне әкеп соғады (заттарды тану, олардың бейнесін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, моторикалық даму, эмоциялық-сезімдік қарым-қатынас, ересектермен сөйлесу). Бұл ауыр жағдайды қоршаған әлеуметтік ортаның баланың танымдық әрекетіне бейімделмеуі қиындатады

Кейіннен бұндай бала арнайы ортаға түскенде жанындағы балаларға қарағанда және салыстырғанда оның ауытқулары, ауыр екендігін білдіреді. Осындай біріккен бұзылыстар проблемасына жеке-жеке тоқталуды және арнайы психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануды талап етеді. (А.И.Мещеряков, Т.В.Розанованың зерттеулері) көру және естуі жоқ балалар қоршаған ортадан бөлек болады, шетте қалады. Бұл баланы жиі ақыл ойы кемтар ретінде қабылдайды, өйткені танымдық жетілмеуі, қарым-қатынасты және тәртіп, мінез-құлқысын ортада қалыптасқан ережелерге сәйкес тәрбиелеуін мүлде қиындатады. Бірақ ақыл ойы кемтар балаға қарағанда дамуында күрделі кемістігі бар балада зиятын дамытуға мүмкіндігі әлде жоғары.


Күрделі кемістіктің ерекше салдарының бірі - кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігінің шектеулігі. Мысалы, көрмейтіндерде қоршаған ортаны қабылдау сақтаулы есту мен сипап сезу арқылы мүмкін. Ал естімейтіндерде - көру және кинестетикалық тактильді, вибрациялық қабылдау мүмкіндік береді. Ал керең-соқыр балаларда көруі мен естуі жоқ болғандықтан сыйпап сезу және кинестетикалық қабылдауы соңымен қатар иіс білу кемістіктің орнын толықтыруға баланы дамытуға жол ашады. Мұндай балалардың тіл білуінің маңызы зор.

Л.С.Выготский баланың психикалық қызметін қалыптастыру, оның сақталған ақыл-ой дамуының деңгейіне байланысты деген. Ал күрделі кемістіктің құрамына зият кемістіктері қосылса бұл жағдайды ауырлатады, бірақ түзету шараларын қолданудан бас тартпайды. Дамуында күрделі кемістігі бар балаларды оңалту мүмкіндіктері қазіргі күнге дейін ғылыми толық зерттелмеген, бірақ кемістік ерте жаста пайда болса оның құрамы мен деңгейі ауыр болатыны анық.

14-15 Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог

Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталған, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету.

Қазіргі уақытта түрлі педагогикалық мамандықтарды игеруге болады. Педагог-дефектологтың кәсіптік іс-әрекетінің шеңбері маман дайындау бағытына тәуелді, олардың жұмысы мазмұнына тәуелді ерекшеленеді. Дефектология мамандығы бойынша: логопед, сурдопедагог, олигофренопедагог, түзету-дамыту оқытудың оқытушысы, тифлопедагог, түзету мекемелердегі педагог-психолог ретінде жұмыс істей алады.

Арнайы мектеп мұғалімін білім, медицина мен әлеуметтік салаларында мүмкіндіктері шектеулі балалармен оқыту-тәрбиелеу және нақты арнайы білім беру ұйыдарында ғылыми-әдістемелік, ұйымдыстыру-басқару жұмыстарын атқаруға бағытында дайындайды. Ол оқыту-тәрбиелеу, ғылыми-әдістемелік мекемелерінде типтік номенклатураға сәйкес жоғары білімді мамандарының орнын басатын бастапқы қызметтерді атқара алатындығына бағыттайды.

Арнайы педагог- бұл жан-дүниесі өте кең, ерекше рухани құндылықтарға ие, мейірімді, ақ көңілді, жан-жақты кәсіби құндылықтар жүйісін меңгерген, өзінің кәсіби әрекетін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншалықты кең, тіпті оған әлеуметтік –мейірімділік акциялардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болуына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаушы болуына тура келеді.