Файл: Лекциялар кешені 1 Арнайы педагогика тарихы жне арнайы білім беру жйесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 185
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кеңес дәуріндегі арнайы педагогикада (дефектология) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық пайдалы мүшесі ретінде тәрбиелеудің әлеуметтік оңалту концепциясы тәрбиелеу туралы совет педагогикасындағы концептуальді негізімен сәтті бірігіп кетті.
Бірақта қоғамның тұлға қызығушылығына деген көзқарасын біздің елімізде «екінші сортты адамдар» деген беделмен бекітілген. Осының салдарынан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы шектейтін – қорғаушы (патерналистік) бағытта жүзеге асырылды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында, соғыстан кейін бүкіл әлемде демократиялық, ұлттық-бостандықты жариялайтын қозғалыстар басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары өмірдегі ең жоғары құндылық - адам өмірі мен амандығы екенің көрсетті. Сол кезде 1948 жылдан бастап “Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы” қабылдағаннан кейін бүкіл әлем адамгершілік бағытын көздейтін халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес құра бастады.
Бұл контестегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік тұрғыда қайта құрылуына деген жаңа көзқарастың мәнінің негізі – ол адам қоғамға пайда әкеле ме, әкелмей ме онысына қарамастан әр қайсысының құқығын қорғап, бас бостандығының кепілдігін бере отырып тәуелсіздікпен еріктіліктің жоғарғы деңгейіне жету идеясы болып саналады.
Арнайы педагогиканың экономикалық негіздері,
Арнайы білім беру жүйесінің тарихи дамуы көрсеткедей арнайы білім беруді ұйымдастырудың экономикалық қайнары шіркеулер тарапынан қайырымдылық көмек көрсету әрекетінен басталған .
Арнайы білім жүйесінін экономикалық даму тарихы білім берудің бұл сферасының неғұрлым қуатты екендігін көрсетеді. Ал, оның экономикалық тиімділігі қалыпты жүйеге қарағанда біршама төмен. Осыған байланысты арнайы білім беру жүйесін қаржыландырудың ғылыми негізделгені қажет. Біріншіден бөлінген қаржы шығынсыз тиімді пайдалану үшін екіншіден кемтар тұлғаның қажеттілігін қанағатттандыратындай болуы тиіс. Сөйтіп мамандардың есептеуінше, қаржыландырудың басымдылығын кемтар балаларға ерте көмек көрсету мен мектепке дейін оқыту жүйесіне көшіру неғұрлым экономикалық тиімді болмақ. Ерте және өз кезегінде көмек көрсету көптеген балалардың жалпы оқыту жүйесіне көшүіне мүмкіндік туғызады. Осыған сай балалардың аздаған бөлігі арнайы мекемелерді қажетсінетін болады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еңбек нарығына қажеті мамандар жоғары сапалы кәсіби білім беру-экономикалық тиімді болар еді.
Арнайы педагогиканың клиникалық негіздері
Дамудағы кемістік-қандайда бір жағымсыз үрдістің себебінен болады. Бұл инфекция жарақат немесе адам организімінің функционалдық қурылысын жарақаттауға әкеліп соғатын тұқым қуалаушылық себептері болуы мүмкін. Кемтар балалар медициналық көмекті қажет етеді.
Арнайы педагогика емдеу арқылы жойылматын кемістікті, емдік шаралармен жеңілдету жолдарын қарастырады, көмектеседі. Сондықтан арнайы педагогика адамзат биологиясымен медицина және оның салаларымен (анатомия, физиология, психотерапия, нейрофизиология, невропатология, генетика, офтальмология, педиатрия, отоларингология, сурдология,т.б.) тығыз байланысты. Аталмыш медицина салалары арнайы педагогиканың клиникалық негіздерін қалайды.
Арнайы педагогика үшін маңызды клиникалық негіздер мүмкіндік береді;
- дамудағы кемістіктің биологиялық және әлеуметік себептерін көруге;
- ағзада болған өзгерістің маңызын түсінуге;
- кемтар балалардың даму ерекшеліктерін түсінуге;
- сақталған органдар, онализатор және жүйе негізінде компенсаторлы жолдарды анықтауға;
- арнайы педагогиканың әрбір пәндік саласы ішкі педогогикалық жүйесі мен класификациясымен құрауға;
- дамудағы кемістіктің алдын алу бойынша сауықтыру шараларын жүргізуге;і.
- кемтар тұлғаларды түзету үрдісімен медициналық, психологиялық сүемелдеуді ұштастыруға.
Ауытқудың қандай себебінен пайда болуына қарамай олардың бәрлеріне медициналық көмек керек. Қандай да медициналық көмек болмасын, ол диагностикадан басталады. Диагностика – себептерін, дефектінің құрамын анықтайды. Медициналық тексерулер жүргізіледі, тексерулер арқылы емдеу шаралары мен емделу мүмкіндіктерін анықтайды.
Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі
Арнайы психология – психологиялық білімнің өзіндік даумында туа немесе жүре пайда болған ауытқушылығы бар тұлғалардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Бұл ғылым дене бітімі кең және психиканың дамуында ерекшеліктері бар балалардың даму өзгешілігін және олардың оқу тәрбиелеудегі заңдылықтарын көрсетеді. Арнайы психология өз проблемаларын зерттеуін жалпы психология, медицина, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты және практикалық, теориялық жүзінде арнайы педагогикаға бағытталады. Арнайы психология пәні – тұлғаның бойындағы ақаудың негізгі себептерін айқын анықтайды және кеміс балалардың психикасын зерттейді.
Арнайы психология мүмкіндігі шектеулі баланың әр түрлі зақымдалған психикалық процестерінің орын толтыру үшін психиканы толық дамыту және түзету жолдарын табуын ұсынады. Зерттеудің маңызды бағыты ғылыми негізгі әдістерді жетілдіру, әр түрлі топтағы кемтар балалардың оқыту құралдарын және оның оқытудағы теориялық нақты жолдарын дәлелдеу болып табылады.
Арнайы психологияның нақты ғылым ретінде дамуында ерекше орын алатын Лев Семенович Выготскийдің еңбегі.
Л.С.Выготский кемістіктің орнын толықтыруды әлеуметтік және биологиялық факторлардың қисындасуы арқылы қарастырған. Бұл толықтыру теориясы арнайы педагогикалық барлық салаларының дамуына жағымды әсерін тигізді, кемтар балаларды оқыту мен тірбиелеудің тиімді әдістер мен тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді. Аталмыш теорияны қарастыра отырып, оның негізгі факторларын белгілеуге болады.
Біріншіден, Л.С.Выготский кемтар баларды әр түрлі әлеуметтік және шығармашылық әрекеттерге қатыстыру жұмыстарына үлкен көңіл бөлді. Бұл теория бойынша бір сезім мүшесі зақымдалған жағдайда, басқа мүшелер бұрын орындамаған қызмет атқарып, оның орнын толықтырады.
Екіншіден Л.С.Выготский ақау құрылымы деген түсінікті енгізді. Бірінші (алғашқы) кемістік, мысалы есту, көру қабілеттінің төмендеуі, дамуда екіншілік кемістікті тудырады. Екіншілік ауытқулар баланың психикалық даму құрылымын өзгертеді.
Үшіншіден, тәрбиелеудің жалпы міндеттері мен арнайы әдістемелер арасындағы байланысы, арнайы тәрбиелеудің әлеуметтік тәрбиелеуге тәуелділігі, олардың бірі – бірімен байланысы, теуелділігі. Дамуында қандай да кемістігі бар балаларды арнайы оқыту, қажетті арнайы педагогикалық құралдар арқылы ұйымдасатыны белгілі.
Төртіншіден, Л.С.Выготский әр түрлі кемістіктері бар тұлғаларды оңалту, сауықтыру мен кемістіктің орның толықтырудың негізгі амалы ретінде еңбек әрекетіне қосуды ұсынған.
Л.С.Выготскийдің бесінші қағидасы бойынша, тұлға өмірі үшін шешуші фактор кемістік емес, оның әлеуметтік-психологиялық көрінісі. Ғалым тұлға өз бойындағы кемістікті саналы түсініп, сезген жағдайда ғана кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігі жоғарлайды. Бұл процеске бірігіп әсерін кемістіктің деңгей және – сыртқы әлеуметтік факторлар бірдей тигізеді.
Арнайы педагогиканың психолингвистикалық негізделуі
Сөйлеу тілін, оның қызметін, құрамын, даму жолдарын түсіну арнайы педагогика үшін аса маңызды, өйткені қоғамның дамуына нақты ықпалын тигізетін жағдай. Сөйлеу тілін танып, білу – адам тұлғасының қоғам мүшесі болып қалыптасуының негізгі бағыты деп айтуға болады. Бала дамуындағы кез-келген кемістік, оның қоршаған ортаны меңгеруіне және сөйлеу тілінің қалыпты қалыптасуына (әлеуметтенуіне) әсерін тигізеді. Арнайы педагогика үшін психолингвистиканың келесі аспектілері өз маңыздылығын білдіреді, олар: сөйлеу тілі – түрлі белгілердің жүйесі, ал қызметі таным мен қатынас.
Сөйлеу тілінің қалыпты жағдайдан ерекше дамуының психолингвистикалық тұрғыдан талдау сөйлеу тілінің патологиясы психофизиологиялық механизмдердің бұзылыстар салдарынан болатын сөйлеу әрекетінің ауытқуын қарастыруды көздейді.
Психолингвистикалық тұрғыдан сөйлеу тілінің патологиясының келесі түрлерін ажыратады:
- тұлға дамуы мен жоғары психикалық қызметтердің патологиясына тәуелді өзіндік патолингвитстикалық сөйлеу тілінің кемістіктер (мысалы: шизофрения).
- туа біткен немесе жүре пайда болған сенсорикалық кемістіктер салдарынан пайда болған сөйлеу тілінің кемістіктері;
- ми жарақаттарының салдарынан пайда болған сөйлеу тілінің кемістіктері (афазия);
- ақыл-ойы кемтарлықпен психикалық дамуында ауытқушылықтардың салдарынан сөйлеу тілінің кемістіктері;
- моторикасындағы ауытқушылықтардың салдарынан сөйлеу тілінің кемістіктері (тұтықпа).
Арнайы педагогикада психолингвистикалық тұрғыдан қарастыстыру түрлі саласында натижелі пайдаланады, логопедияда (Халилова Л.Б.) сурдопедагогикада (Зайцева Г.Л.).
Сонымен психолингвистикалық талдау арнайы педагогиканың ұғымдық аппаратын күшейтіп кемістіктерді ғылыми тұрғыдан жіктеуге жол ашады. Қандай болмасын кемістік баланың әлеуметтік дағдыларына әсерін тигізетігін білу, кемтар баланың қарым-қатынас саласында кедергілерді жою, азайтуға және оңалту бағдарламарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Арнайы білім берудің құқықтық негіздері
Адамның ең маңызды игілігі - жеке басының бостандығы мен құқықтыры. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конститиуциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқытар жайлы халықаралық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға, қаржылық және моральды қызығушылықты қоргауды қолдайды.
Барлық еркіндік пен құқықтар жүйесінде ең маңыздысы білім алуға құқық. Бұл тұлғалар үшін ең қажетті негізгі құқық. Бұл құқықтан әр бала немесе жас өспірім ақыл-ойында, дене дамуындағы кемістікке сондай-ақ жыныс әлде кіші елдер өкілі болғандығына қарамастан айырыла алмайды.
Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілген, олар “Адам құқықтары жайлы Жалпы Декларация”, “Бала құқықтары жайлы Конвенция” т.б. және өз еліміздегі құқықтық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР “Білім туралы” Заңы (2007), ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңы (2002), , ҚР “Бала құқықтары туралы” Заңы (2002),.
“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңның 4 Тарауында Кемтар балалардың құқықтары. Олардың ата-аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бапта кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті түрде тегін алуға туралы құқығын бекітті.
“Баланың құқықтары туралы Конвенцияда” мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы омір сүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамысдандыру туралы мазмұны 23 бапта белгіленген.
Аталған құжаттарда барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажеттіліктілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған. Олар:
әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға;
білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға;
инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы;
жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру;
арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б.
Мүмкіндіктері шектеулі балардың құқықтарының теңдігі бірқатар заңдар мен құқықтық құжаттар жарияланып бекітілген, арнайы білім беру
4 Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім беру
Арнайы білім беру – қалыпты педагогикалық жағдайда білім алуға қиналатын немесе мүлде оқи алмайтын кемтар тұлғалардың арнайы білім алудың теориясы мен тәжірибесі.
Арнайы педагогиканың нысаны арнайы оқыту, ол білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы білім беру педагогикалық феномен ретінде қарастырылады және кемтар тұлғаның білім алу мәселесін шешуге бағыталған. Арнайы білім берудің субъектісі- мүмкіндіктері шектеулі тұлға.
Арнайы педагогиканың пәні - арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін олардын тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарың зерттейді.
Арнайы педагогиканың негізгі максаты - дамушы тұлғанын әлеуметтенуге және өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуін көздей отырып, арнайы педагогика бұл максаттың мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды мәнін көрсетеді: тәуелсіз және өз бетімен өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу.