Файл: Магистрлікдиссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 476

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ауада жанғанда сілтілік металдар Li-ден Cs-ге қарай құрамында оттек көбірек болатын қосылыстар түзеді: Li2О, Na2О2,КО2 , RbО2 , CsО2

Натрий переоксидін Na2О2 жекелендіргіш тыныс аспаптарында оттекті регенератциялау (жаңғырту) үшін қолданады:

2 Na2О2 + 2 CО2 = 2 Nа2СО3 + О2

Сілтілік металдардың тұздары (LiF, Li2СО3, Li3РО4, CsСІО4 – тен басқалары) суда жақсы ериді.Катионы бойынша гидролиз жүрмейді, LiСІ, RbNО3 және

Cs2SO4 тұздарының ерітінділеріндегі орта – бейтарап .Сілтілік металдардың катиондары от жалынын түрлі түстерге бояйды (сапалық анықтау): Li+- қоңыр қызыл , Na+- сары, K+, Rb+, Cs+- көк күлгін Сілтілік металдардың тұздарын пиротехникада от шашу үшін қолданады . Литиді және оның гидроксидін LiОН сілтілік ток көздарінде қолданады.



ІV.Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап:

1.Неліктен сілтілерді мұқият тығыз жабылатын ыдыста сақтайды?

2.Кристалдық ас содасы дегеніміз не?

3.Сілтілік металдар үшін қандай химиялық қасиеттер тән?

Есептеңдер:

1.Егер балқытылған натрий гидроксиді арқылы 6 сағат 40минут бойында күші 5А ток жіберсе , қандай заттар және қандай мөлшерде бөлінеді?

2. 400г физиологиялық ерітіндіні құйған кездегі адам организіміне енген тұздың массасын анықтаңдар.

3.Сумен 10г натрий амальгамасы әрекеттескен кезде сілті ерітіндісі алынады . осы ерітіндіні бейтараптау үшін 100мл 0,5Н қышқыл ерітіндісі керек болады.Амальгамадағы натрийдің пайыздық мөлшерін анықтаңдар

4. Массасы 2,66г сілтілік металды молекулалық хлордың артық мөлшеріне салады. Алынған қатты затты суда ерітіп , сол ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісін артығымен қосады . Осы кезде массасы 2,87г шөгінді тұнбаға түседі. Қандай металл алынған?

V.Үйге тапсырма: §5,3.