Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 475
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МАГИСТРЛІКДИССЕРТАЦИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
ӘОЖ 372.854 Қолжазба құқында
Карим Нуржамал Мырзабайқызы
Тақырыбы. Сілтілік металдарды оқытуда сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану ерекшеліктері
-
7М01541– Химия БББ бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
т.ғ.к., доцент
Ермаханов М.Н.
Ш ымкент, 2023
МАЗМҰНЫ
| КІРІСПЕ | 4 |
1 | НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..................................................................... | 8 |
1.1 | Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі түсініктері. | 8 |
1.2 | Қазіргі кездегі жаңа технологиялар және әдістемелер.. | 12 |
1.2 | Ауызша бақылау түрлері............................................................... | 29 |
1.2.1 | Тест – стандартталған тапсырма................................................... | 30 |
1.3 | Оқу процесінде сыни ойлауды дамыту технологиясын қолданудың өзектілігі | 33 |
1.3.1 | Білім беру технологиясын қолданудың мақсаттары мен міндеттері | 35 |
1.4 | Сыни тұрғыдан ойлау білім беру технологиясы ретінде | 37 |
1.5 | Сыни ойлауды дамыту технологиясының моделі. | 38 |
1.5.1 | Сыни ойлаудың әдістемелік әдістері | 39 |
1.6 | Химия сабақтарында технологияны қолдану | 41 |
1.6.1 | Химия сабақтарында қолданылатын әдістер: | 42 |
1.7 | Химияны оқыту әдістемесі ............................................................. | 43 |
1.8 | "Сілтілік металдардың жалпы сипаттамасы" тақырыбы бойынша сыни ойлау технологиясын қолдана отырып, 9-сыныпта химия сабағын әзірлеу | 45 |
1.9 | «Сілтілік металдар. Физикалық және химиялық қасиеттері» тақырыбы бойынша сабақ өту әдістемесі | 55 |
2 2.1 | барысында Экспериметтік na2co3бөлім мЖаңартылған сарында білім сабақ жүйесі жаңашыл арқылы теріге сілтілік керек металдарды теңдеуін оқыту | 61 61 |
2.2 | «негіздерге Натрий, жеткізе калий сенімін элементтері » шешу тақырыбында олар сыни арақатынасын тұрғыдан белсенді оқыту сыни технологиясын қолдану | 69 |
2.3 | Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын натрий, калий қосылыстары тақырыбын оқытуда пайдалану. | 76 |
2.4 | Caбaқтың тaқыpыбы:Cыни тұpғыcынaн oқыту apқылыкaльций. Мaгний жәнeoлapдың қocылыcтapын oқыту. | 83 |
2.5 | Өтілген хлоридінің сабақтарда қолданылған na2so4 сын ойын тұрғыдан реакция оқыту білім технологиясын өзге әдістермен электртерістілігі салыстыру | 88 |
| Қорытынды | 94 |
| Пайдаланылған әдебиеттер | 95 |
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеті–оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық технологияны меңгеру [1,2].
Жаңа ғасырда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысы болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды [2].
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады [3].
Білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді. Сондықтан Республикалық білім беру кеңістігінде жаңартылған әдістемелік жүйенің тәрбие үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туындауда. Осыған орай педагогикалық қызметте ынтасы жоғары, білім беру саласында үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу – тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалімдерді дайындау бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр [4].
Қоғамда болып жатқан өзгерістердің жоғары білім беретін оқу орындарына әсері оның оқу үрдісіне ізгіліктік және демократиялық бағыттарды ендіруді қажет етуінен айқын көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген сұраныстарды алға қойып отыр. Ертеңгі болашақ мұғалім ойлау икемділігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуы тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай маман педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімділігімен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды.
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгертуде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту мемлекеттік проблема болып отыр. Бұл проблемаларды ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізінде жасалуына, мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық білгірлігіне, оқу-тәрбие жүйесін бүгінгі күн талабына сай шебер ұйымдастыра білуіне байланысты болмақ [6].
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады.Олар балаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей - ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты [2].
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, оқытушылары, ғылыми қызметкерлерге, университет басшыларына арналған «Инновациялар мен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы» тақырыбындағы дәрісінде білім мен кемшіліктер кеңінен талданып, білім берумен қатар ғылымды жетілдіру республикамыздың бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енудің басты шарттарының бірі деп көрсеткен.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып табылады [6].
Мұғалімдерді даярлау – қай уақытта да өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік экономикалық міндеттеріне сай, өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Үшінші мыңжылдықта білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады [4].
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болуы мүмкін емес. Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі [6].
Магистрлік диссертация жұмыстың мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар, Сілтілік металдарды оқытуда сын тұрғысынан ойлау әдісін және ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Сондай – ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алатынын анықтау.
Зерттеу кезеңі: 3 жыл
Зерттеу пәні: Химия пәнінен “ Сілтілік металдарды оқытуда сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану ерекшеліктері
Зерттеу гипотезасы: Сілтілік металдарды оқытуда сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану ерекшеліктері
- материалды қысқаша, жинақы беруге болады, белгілер арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады;
-
материалдың негізін таңдауға, қарапайым жүйе жасауға үйренеді; -
қосымша әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын меңгереді, сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау қабілетіне жаттығады.
Зерттеу көздері: Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» В:В. Моноховтың педогогикалық еңбектері, ғылыми-әдістемелік мақалалар, педагогтар мен әдіскерлердің еңбектері.
Зерттеу орны: Шымкент қаласы, N50 А.Байтұрсынов атындағы көп-салалы мектеп-гимназия.
Зерттеу әдістері: анонимді анкеталау, әңгімелесу, тестілеу, бақылау, педагогикалық эксперимент.
Теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі. Электронды оқыту әдістемесінің қолайлы психологиялық жағдай тудыра білуі және оқушылардың өздерінің еңбектеніп оқуға деген жоғары деңгейдегі ішкі әзірлігін қалыптастыруы болып табылады.
Практикалық маңыздылығы: Сілтілік металдарды оқытуда сын тұрғысынан ойлау әдістерін ұсынылады.
Магистрлік диссертация жұмысының құрылысы: жұмысы 71 бет, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 5 кестеден, 5 сызбанұсқадан, 3 диаграммадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, гипотезасы, міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы қамтылған.
Негізгі бөлімде жалпы педагогикалық технология туралы және тірек-сызбанұсқаларының құрылымы, теориялардың әдебиттік шолуы, тірек-сызбанұсқаларын даярлау технологиясы, өтілген сабақ бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бағалау, зерттеу нәтижелерін талдау келтірілген.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі түсініктері.
Еліміздің Егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
-
Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде; -
Ақпарттық дәстүрлі әдістері – жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде; -
Мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда; -
Қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.