Файл: Тжірибелік дадыны йренуге арналан дістемелік нСаулар маманды 5В130200 Стоматология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.11.2023
Просмотров: 100
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Ақырғы нәтиже: ұлпаның девитальды ампутация әдісін жүргізу дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, анестетик, күшәлә сықпасы, резорцин-формалинді ұнтақ және сұйықтық. | | | |
2 | Жансыздандыруды өткізу: оң қолға 10% лидокаин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және жегіленген қуысқа салады. | | | |
3 | Тіс қуысын механикалық өңдеу: оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады, жегіленген қуысты ашады және кеңейтеді, ұлпа мүйізін ашады. | | | |
4 | І келуде күшәлә сықпасын салу: оң қолға ұшында №1 шар тәрізді бордың басының мөлшеріне тең күшәлә сықпасы бар зондты алады және ұлпаның ашылған мүйізіне салады. Үстінен анестетигі бар мақталы шарик салады және дентиннен уақытша пломбамен жабады. Сүт тістерде 24 сағатқа қалдырады. | | | |
5 | ІІ келуде сауыттық ұлпаның ампутациясы және мумифицирлеуші сұйықтықты салу: оң қолға экскаватор алады, уақытша пломбаны, күшәлә сықпасы бар мақталы шарикті алып тастайды. Оң қолға фиссурлы боры бар ұштықты алады тіс қуысын кеңейтеді. Оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады сауыттық ұлпаның ампутациясын жүргізеді. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және тіс қуысын өңдейді және ауа ағынымен кептіреді. Содан кейін оң қолға резорцин-формалин сұйықтығына малынған мақталы шаригі бар пинцет алады, түбір каналдарының өзектеріне салады және 2-3 күнге уақытша пломбамен жабады. | | | |
6 | ІІІ келуде мумифицирлеуші сықпаны салу: оң қолға экскаватор алады, уақытша пломбаны және резорцин-формалин сұйықтығы бар мақталы шарикті алып тастайды, ауа ағынымен кептіреді. Содан кейін оң қолға ұшында резорцин-формалин сықпасы бар зондты алады және түбір каналдарының өзектеріне салады, оның үстіне ажыратқыщ төсеніш және тұрақты пломба салады. | | | |
7 | Ажыратқыш төсенішті салу: оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады. Тұрақты пломбаны салу: оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды. | | | |
8 | Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды. Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу: оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды. | | | |
ХІІ. Тақырып: Ұлпаның витальды экстирпация әдісі
1. Мақсаты: студенттерді ұлпаның витальды экстирпация әдісін жүргізу дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: ұлпаның витальды экстирпация әдісін жүргізу дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, анестетик, цинк-эвгенолды паста. | | | |
2 | Жансыздандыруды өткізу: оң қолға карпульды шприц алып оған 1,8мл. карпуланы салып жансыздандыру жүргізеді. | | | |
3 | Жегі және тіс қуысын механикалық өңдеу: оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты ашады, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды және кеңейтеді, фиссурлы бормен ұлпа камерасын ашып, тіс қуысын кеңейтеді. | | | |
4 | Сауыттық ұлпаның ампутациясы: оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады, сауыттық ұлпаның ампутациясын жүргізеді. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады, тіс қуысын өңдейді және ұзын шар тәрізді бормен түбір каналдарының өзектерін кеңейтеді. | | | |
5 | Түбірлік ұлпаның экстирпациясы: түбірлік ұлпаның экстирпациясын пульпоэкстрактормен жүргізеді. Пульпоэкстраторды 1-2 рет өз осьі бойымен қозғалыс жасап, түбірлік ұлпаны өзіне қарай бұрау арқылы түбірлік канал қабырғасы арқылы тереңге енгізеді. Құралды каналдан қабырға бойымен алады. 3% натрий гипохлориді, 1% йодинол ерітіндісімен және 3% сутегі асқын тотығымен дәрілік өңдеу жүргізіп, содан кейін қағаз штифтпен кептіреді. | | | |
6 | Түбір каналын пломбалау: оң қолға канал толтырғышы бар ұштық алады, оны цинк – эвгенол пастасына малып,түбірлік каналды асықпай айналмалы қозғалыспен толтырады. Пломбаланған каналды рентгенологиялық бақылау: түбір каналы түбір каналының физиологиялық ұшына дейін пломбалануы қажет. Оның үстінен ажыратқыш төсеніш және тұрақты пломба салады. | | | |
7 | Ажыратқыш төсенішті салу: оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады. Тұрақты пломбаны салу: оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды. | | | |
8 | Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды. Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу: оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды. | | | |
ХІІІ. Тақырып: Ұлпаның девитальды экстирпация әдісін жүргізу
1. Мақсаты: студенттерді ұлпаның девитальды экстирпация әдісін жүргізу дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: ұлпаның девитальды экстирпация әдісін жүргізу дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Материалдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, анестетик, күшәлі сықпасы, цинк- эвгенолды паста. | | | |
2 | Жансыздандыруды өткізу: оң қолға 10% лидокаин ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады және жегіленген қуысқа салады. | | | |
3 | Жегі және тіс қуысын механикалық өңдеу: оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты ашады, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды және кеңейтеді, фиссурлы бормен ұлпа камерасын ашады. | | | |
4 | І келуде күшәлә сықпасын салу: оң қолға ұшында №1 шар тәрізді бордың басының мөлшеріне тең күшәлә сықпасы бар зондты алады және ұлпаның ашылған мүйізіне салады. Үстінен анестетигі бар мақталы шарик салады және дентин-сықпасынан уақытша пломбамен жабады. Бір түбірлі тұрақты тістерде 24 сағатқа, көп түбірліде - 48 сағатқа қалдырады. | | | |
5 | ІІ келуде сауыттық ұлпаның ампутациясы және түбірлік ұлпаның экстирпациясы: оң қолға шар тәрізді боры бар ұштықты алады, уақытша пломбаны алып тастайды. Оң қолға экскаватор алады, күшәлә сықпасы бар мақталы шарикті алып тастайды. Содан кейін оң қолға экскаватор алады және сауыттық ұлпаның ампутациясын жүргізеді. Оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған мақталы шаригі бар пинцет алады, тіс қуысын өңдейді және ұзын шар тәрізді бормен түбір каналдарының өзектерін кеңейтеді. Түбірлік ұлпаның экстирпациясын пульпоэкстрактормен жүргізеді. Пульпоэкстраторды 1-2 рет өз осьі бойымен қозғалыс жасап, түбірлік ұлпаны өзіне қарай бұрау арқылы түбірлік канал қабырғасы арқылы тереңге енгізеді. Құралды каналдан қабырға бойымен алады. 3% натрий гипохлориді, 1% йодинол ерітіндісімен және 3% сутегі асқын тотығымен дәрілік өңдеу жүргізіп, содан кейін қағаз штифтпен кептіреді. | | | |
6 | Түбір каналын пломбалау: оң қолға канал толтырғышы бар ұштық алады, оны цинк – эвгенол пастасына малып,түбірлік каналды асықпай айналмалы қозғалыспен толтырады. Пломбаланған каналды рентгенологиялық бақылау: түбір каналы түбір каналының физиологиялық ұшына дейін пломбалануы қажет. Оның үстінен ажыратқыш төсеніш және тұрақты пломба салады. | | | |
7 | Ажыратқыш төсенішті салу: оң қолға ұшында ажыратқыш төсеніші бар гладилканы алады және жұқа қабатпен жегіленген қуыстың түбі мен қабырғасына эмаль-дентин шекарасына дейін біркелкі салады. Тұрақты пломбаны салу: оң қолға ұшында тұрақты пломбасы бар гладилканы алады және ажыратқыш төсеніштің үстінен біркелкі салады. Содан кейін оң қолға штопфер алады және тістің анатомиялық формасын жасай отырып, тұрақты пломбаны тығыздайды. | | | |
8 | Окклюзиограмманы анықтау: оң қолға көшірме қағазы бар пинцет алады және пломбаның беткейіне қояды және науқасты тістеуін сұрайды. Пломбаны өңдеуді және тегістеуді өткізу: оң қолға алдымен ірі дисперсті, содан кейін ұсақ дисперсті алмазды боры бар ұштықты алады және өңдейді, пломбаның бүйір беткейлерін штрипстермен өңдейді. Пломбалауды абразивті сықпалары бар щеткалармен, резиналы дөңгелектермен және қалпақшалармен аяқтайды. | | | |
ХІV. Тақырып: Түбір каналдарын эндодонтиялық өңдеу және пломбалау
1. Мақсаты: студенттерді түбір каналдарын эндодонтиялық өңдеу және пломбалау
дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: түбір каналдарын эндодонтиялық өңдеу және пломбалау дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Материалды таңдау: эндодонтиялық сызғыш, түбірлік ине, дрильборлар, бурав, 3% сутегі асқын тотығы, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, каналды пломбалауға қажет материал. | | | |
2 | Түбір каналының жұмысшы ұзындығын анықтау: оң қолға К-файл алады, түбір каналына енгізеді, содан кейін оң қолға апекс-локатордың бір электродын алады және науқастың ерніне бекітеді, екіншісін файлға орнатады. Егер ұзақ дыбысты белгі естілсе, бұл түбір ұшылық тесікке жеткенді көрсетеді. | | | |
3 | Түбір каналдарын механикалық өңдеу: оң қолға мөлшері кіші дрильбор алады, ЭДТА гелін жағады және түбір каналына енгізеді және үдемелі-айналмалы қимылдармен өңдейді. Дрильбордың мөлшерін біртіндеп үлкейтеді | | | |
4 | Түбір каналдарын кеңейту: оң қолға мөлшері кіші буравты алады, ЭДТА гелін жағады және түбір каналына енгізеді және үдемелі-айналмалы қимылдармен өңдейді. Буравтың мөлшерін біртіндеп үлкейтеді. | | | |
5 | Түбір каналдарын медикаментозды өңдеу: оң қолға түбірлік инені алады және оған 3% сутегі асқын тотығы, содан 0,05% хлоргексидин ерітіндісіне малынған мақтаны орайды және түбір каналын өңдейді. Содан кейін оң қолға қағаз штифтін алады және түбір каналын кептіреді. | | | |
6 | Түбір каналын кептіру: оң қолға мақталы турунда оралған түбір инесін алып түбір каналын кептіреді немесе пиндер қолданады. Түбір каналын пломбалау: оң қолға канал толтырғышты алады, пломбалық материалда малады, содан кейін біртіндеп түбір каналын толтыра отырып, түбір каналына жайлап айналмалы қимылдармен енгізеді. | | | |
7 | Түбір каналының латеральды конденсациясы: оң қолға мөлшері 25 гуттаперчалы штифтті алады және түбір каналына тірегенге дейін енгізеді. Содан кейін оң қолға спредер алады, түбір каналының қабырғасы мен штифт арасына енгізеді, тығыздайды, канал толық толғанға дейін қайталайды. | | | |
8 | Пломбаланған каналды рентгенологиялық бақылау: түбір каналы түбір каналының физиологиялық ұшына дейін пломбалануы қажет. Тіс қуысындағы артық гуттаперчаны алып тастау: оң қолға плагерді алып, соның көмегімен гуттаперчаның артық бөлігін алу. | | | |
ХІІІ. Тема: Түбірлері қалыптаспаған тұрақты тістердің периодонтитін емдеу
1. Мақсаты: студенттерді түбірлері қалыптаспаған тұрақты тістердің периодонтитін емдеу
дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: түбірлері қалыптаспаған тұрақты тістердің периодонтитін емдеу дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Критерии шагов задания | Не вып. 0-0,1 | Част. вып. 0,2-0,3 | Вып. 0,4-0,5 |
1 | Выбор материалов: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерильді мақталы шариктер, борлар, ұштықтар, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, анестетик, күшәлі сықпасы, цинк- эвгенолды паста, түбір инелер, мақта оралмалары, борлар, ұштықтар, электрофорез ПОТОК -1, кальцийқұрамды сықпа, әйнекиономерлі цемент, пломбалық материал. | | | |
2 | Жегі және тіс қуысын механикалық өңдеу: оң қолға дөңгелек боры бар ұштықты алады және жегіленген қуысты ашады, салбыраңқы жиектерден тістің сау тініне дейін эмальды алып тастайды және кеңейтеді, фиссурлы бормен ұлпа камерасын ашып, тіс қуысын кеңейтеді | | | |
3 | Ыдыраған ұлпа өнімдерін алу. Сол қолға айна және оң қолға экскаватор алып, ыдыраған ұлпа өнімдерін тіс қуысынан экскавациялайды да, оң қолға пульпоэкстрактор алып түбір каналдарынан путридті массаларды сатылап алады. Оң қолға бурав алып, инфицирленген предентинді түбір канал қабырғаларынан қырнап алады. Кейін оң қолға түбір инесін алып оған мақта орап, дайындаған мақта оралмасымен 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен сатылап түбір каналдарын қалыптасқан деңгейіне дейін медикаментозды өңдейді. | | | |
4 | Түбір каналдарын кептіру: Кейін оң қолға түбір инесін алып оған мақта орап, дайындаған мақта оралмасымен түбір каналдарын қалыптасқан деңгейіне дейін кептіреді. | | | |
5 | Қызылиекүстілік электрофорез жасау. Қорғасын пластинаны катод-электродты 10% калий йодиді ерітіндісіне сіңірілген дәкемен орап, тіс маңы қызылиекке салады. Сеанс 3-7-10 күн. | | | |
6 | Түбір каналдарын пломбылау: оң қолға каналтолтырғышы бар ұштықты алып, кальцийқұрамды сықпаға батырады, кейін айналмалы қозғалыспен түбір каналының қалыптасқан деңгейіне дейін толтырады Рентген бақылау: Тістің апикалды бөлігінде минерализацияланған остеоцементті барьер түзілгені байқалады | | | |