Файл: Тжірибелік дадыны йренуге арналан дістемелік нСаулар маманды 5В130200 Стоматология.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.11.2023

Просмотров: 99

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ХІ. Тема: Сүт тістердің периодонтиттерін емдеу сатылары

1. Цель: Научить студентов навыкам проведения лечение периодонтита молочных зубов

2. Методы обучения: Малые группы.

3. Конечный результат: Владеть навыками метода девитальной ампутации пульпы.

4. Перечень медицинских изделий и оборудований: Муляж.

5. Описание алгоритма выполнения навыка (8 шагов)

№ п/п

Критерии шагов задания

Не вып.

0-0,1

Част. вып.

0,2-0,3

Вып.

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: бүйрек тәрізді лоток, стоматологиялық айна, стоматологиялық пинцет, бұрыштық зонд, экскаватор, гладилка, штопфер, стерилді борлар мақта шариктері, түбір инелер, мақта оралмалары, ұштықтар, 3%сутектің асқын тотығы ерітіндісі, ПОТОК -1 электрофорезі, цинк-эвгенолд сықпа, шныиономерлі цемент, пломбалық материал, резорцин- формалин қоспасы










2

Механическая обработка полости зуба в І посещение: В левую руку берет зеркало в правую экскаватор и удаляет с полости зуба распад пульпы. в правую руку берет корневую иглу и наматывает на нее вату, смоченную 3% раствором перекиси водорода, затем поэтапно проводит медикаментозную обработку до 1/3 части корневого канала наложение тампона смоченного в резорцин-формалиновой смеси под временную повязку











3

Медикаментозная обработка полости зуба во ІІ посещение. В левую руку берет зеркало в правую правую руку берет корневую иглу и наматывает на нее вату, смоченную 3% раствором перекиси водорода, затем поэтапно проводит медикаментозную обработку до 1/2 части корневого канала. В правую руку берт пинцет наложивает тампон смоченного в резорцин-формалиновой смеси под временную повязку











4

Медикаментозная обработка полости зуба в Ш посещение. В левую руку берет зеркало в правую правую руку берет корневую иглу и наматывает на нее вату, смоченную 3% раствором перекиси водорода, затем поэтапно проводит медикаментозную обработку до сформрованной длины корневого канала.










5

Пломбирование корневого канала: в правую руку берет наконечник с каналонаполнителем, обмакивает в цинк-эвгеноловой пасте, затем погружает в корневой канал медленно вращательными движениями постепенно заполняя корневой канал до сформированной длины.










6

Рентгенологический контроль пломбированного канала: корневой канал должен быть запломбирован до сформированной длины корневого канала










7

Наложение изолирующей прокладки: в правую руку берет гладилку с изолирующей прокладкой на кончике и накладывает равномерно на дно и стенки кариозной полости до эмалево-дентиновой границы тонким слоем.

Наложение постоянной пломбы: в правую руку берет гладилку с постоянной пломбой на кончике и накладывает равномерно сверху изолирующей прокладки. Затем в правую руку берет штопфер и уплотняет постоянную пломбу, восстанавливая анатомическую форму зуба.










8

Определение окклюзиограммы: в правую руку берет пинцет с копировальной бумагой и накладывает на поверхность пломбы и просит пациента накусить.

Проведение шлифование и полирование пломбы: в правую руку берет наконечник с алмазным бором вначале крупнодисперсной, затем мелкодисперсной абразивности и шлифует, боковые поверхности пломбы шлифует штрипсами. Полирование щеточкой с абразивными пастами, резиновыми кругами и колпачками.









1   2   3   4   5



ХV. Тақырып: Жергілікті жансыздандыру жүргізу

1. Мақсаты: Студенттерді жергілікті жансыздандыру жүргізуге үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже: жергілікті жансыздандыру дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5




Туберальды жансыздандыруды жүргізу.


1

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу.










2

Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 28мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады.










3

Дәрігердің қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында.

Науқастың қалпы: аузы жартылай ашық, құралмен ұрттың жұмсақ тіндерін сыртқа итереді.










4

Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады.










5

Инені енгізу орны: уақытша екінші моляр деңгейінде немесе бірінші және екінші тұрақты молярлар арасынан кілегей қабықтың өтпелі қатпарына енгізеді.










6

Инені қозғалту: инені жоғары, артқа және ішке 1,5 см тереңдікке шприцті сыртқа шығара отырып жылжыту.










7

Анестетикті енгізу: 1-2 мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу.










8

Инені шығару: инені асықпай төменге, алға, сыртқа қарай бағытта шығарады.













Мандибулярлы жансыздандыруды жүргізу

1

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу.










2

Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 25мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады..










3

Дәрігер қалпы: науқастың оң және адыңғы жағынан.

Науқастың қалпы: аузын барынша ашып, студент сұқ саусағын ретромолярлық шұңқырға орналастырады, төменгі жақтың ішкі тармағын сезе отырып.










4

Шприц қалпы: шприц екінші кіші азу тіс қалпында, төменгі жақтың қарама-қарсы бетінде орналасқан.










5

Инені енгізу орны: Инені қанат-жақ қатпарының медиальды бөлігіне, төменгі жақ үлкен азу тістердің шайнау беткейінен 0,5 см жоғары енгізеді.










6

Инені жылжыту: инені сүйекке дейін 1,0-1,5 см тереңдікке еңгізгеннен кейін, тілдік нервті жансыздандыру мақсатында 0,2 мл анестетик жібереді. Шприцті өзіне қарай 0,2 см кейін шығарып, шприцті күрек тістердің тұсына жылжытып және инені төменгі жақ бұтағының ішкі беткейіне паралельді 1,5-2,0 см тереңдікке енгізеді.










7

Анестетикті енгізу: 1-2 мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу.










8

Инені шығару: инені асықпай сыртқа қарай бағытта шығарады.













Инфильтрациялық жансыздандыру жүргізу

1

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу.










2

Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 21мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады..










3

Дәрігердің қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында.

Науқастың қалпы: аузы жартылай ашық, құралмен ұрттың жұмсақ тіндерін сыртқа итереді.










4

Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады.










5

Ине шаншу орны: көрші тістің түбір деңгейінен жоғары кілегей қабықтың өтпелі қатпарына енгізеді.










6

Инені жылжыту: жоғарғы жақта – инені жұлынатын тістің түбірі деңгейіне дейін жоғары және алға жылжытады;

Төменгі жақта – инені жұлынатын тістің түбірі деңгейіне дейін төмен және артқа жылжытады.










7

Анестетикті енгізу: 1мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу.










8

Инені шығару: инені жоғарғы жақта – жәймен төмен және сыртқа бағытпен шығарады;

Төменгі жақта – инені жәймен жоғары және сыртқа бағытпен шығарады.












ХVІ. Тақырып: Балалар мен жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу.

1. Мақсаты: Студенттерді балалар және жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже: Балалар және жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5




Жоғарғы жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, тік немесе S – тәрізді қысқыштар.










2

Дәрігер стоматологтың орналасуы: науқастың оң және алдынан, сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – таңдай жағынан, ІІ саусақ ерін жағынан).

Науқастың қалпы: Науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басын басқойғышқа қойып, аузы жартылай ашық, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.










3

Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.










4

Қысқыштарды ұстау тәсілі: үлкен саусақпен қысқыштың бір сабын қапсыра ұстап, ІІ және ІІІ саусақтарды кысқыш сабтарының ортасына орналастырады, ал ІV және V саусақтармен екінші сабын бекітеді. Қысқыш саптарының ұштары алақанға тіреледі. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.










5

Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін - таңдай жағынан, екінші - ерін жағынан салады.










6

Қысқыштарды жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.










7

Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.










8

Тістерді ырғау (бұрау) - маятник тәрізді қимылдармен таңдай және вестибулярлы жаққа қарай қозғау амплитудасын біртіндеп арттыру қажет. Жоғарғы жақсүйекте бір түбірлі тістерді жұлғанда бірінші қозғалыс бағыты таңдайға қарай. Бірінші қозғалысты ұртқа қарай (ІІмоляр) және таңдайлық бағытта (Імоляр)

Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті төменге және сыртқа қарай шығарады.













Төменгі жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, құстұмсық тәрізді қысқыш.










2

Дәрігер – стоматологтың орналасуы: сол жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және алдында; оң жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және арт жағында орналасады. Сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – тілдік беткейінен, ІІ саусақ ерін жағынан).

Науқастың орналасу қалпы: науқас басын басқойғышқа қойып, креслоға отырады, аузы ашулы, төменгі жақсүйек тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде орналасады.










3

Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.










4

Қысқыштарды ұстау тәсілі: үлкен саусақпен қысқыштың І сабын ұстайды, ІІ және ІІІ саусақтар екі саптың ортасында орналасады, ал ІV және V саусақтар келесі сапты ұстау керек. Қысқыштың екі сабының да ұштары алақанда орналасады. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.










5

Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін – тілдік беткей жағынан, екінші - ерін жағынан салады..










6

Қысқыштарды жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.










7

Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.










8

Тістерді ырғау (люксация, ротация) тісті маятник тәрізді қозғалыспен вестибулярлы және тілдік беткей жаққа қарай қозғау. Біртүбірлі тістерді жұлу кезінде алғашқы ырғау қозғалысы вестибулярлы бағытта. Бірінші молярды жұларда алғашқы қозғалыс бағыты – ұрттық, ал екінші молярда – тілдік жағына.

Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті жоғары және сыртқа қарай шығарады.











ХVІІ. Тақырып: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу.

1. Мақсаты: Студенттерді жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5




Төменгі жақта периостотомия операциясын жүргізу

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, скальпель, гладилка, қайшы, иілген қысқыш, дренаж.










2

Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-тілдік беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан)

Науқастың қалпы: науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, төменгі жақсүйек тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде орналасады.










3

Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу: альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында.










4

Сүйектысын тілу: тілік кілегей қабықтың тілігі ұзындығымен сай келу керек, скальпельдің ұшымен төменгі жақсүйек кортикальды пластинкасын сезінеді.










5

Сүйектен сүйектысын ажырату: гладилканы 30 градустық бұрыштықта ұстап, жараға сүйектысы мен сүйектің арасына енгізіп, ақырындап сүйектысын ажыратады.










6

Іріңді шығару: Иілген қысқышты жараға енгізіп, экссудат шыққанға дейін кеңейтеді.










7

Жараны антисептикалық өңдеу: жараны кезекпен сутегі асқын тотығы және хлоргексидин ерітіндісіне толтырылған шприцпен жуу.










8

Дренаж салу: дренаж жараның ені мен тереңдігіне сай келу керек. Гладилкамен бүктелген дренажды жараға салады.













Жоғарғы жақсүйекте периостотомия операциясын жүргізу

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, скальпель, гладилка, қайшы, иілген қысқыш, дренаж.










2

Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-таңдайлық беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан)

Науқастың қалпы: науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.










3

Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу: альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында..










4

Сүйектысын тілу: тілік кілегей қабықтың тілігі ұзындығымен сай келу керек, скальпельдің ұшымен жоғарғы жақсүйек кортикальды пластинкасын сезінеді.










5

Сүйектен сүйектысын ажырату: гладилканы 30 градустық бұрыштықта ұстап, жараға сүйектысы мен сүйектің арасына енгізіп, ақырындап сүйектысын ажыратады.










6

Іріңді шығару: Иілген қысқышты жараға енгізіп, экссудат шыққанға дейін кеңейтеді.










7

Жараны антисептикалық өңдеу: жараны кезекпен сутегі асқын тотығы және хлоргексидин ерітіндісіне толтырылған шприцпен жуу.










8

Дренаж салу: дренаж жараның ені мен тереңдігіне сай келу керек. Гладилкамен бүктелген дренажды жараға салады.












ХVІІІ. Тақырып: Жоғарғы жақсүйекте қалып алу жүргізу.

1. Мақсаты: студенттерді жоғарғы жақта қалып алу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: жоғарғы жақта қалып алу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: қасық, резиналы колба, шпатель, альгинатты масса, су.










2

Ауыз қуысын дайындау: қалып алардан бұрын науқас ауыз қуысын антисептиктің әлсіз ерітіндісімен шаяды (калий перманганаты, хлоргексидин)










3

Қасықты дұрыс таңдау: қасықтың формасы мен көлемі жақсүйектің формасына, тісқатарына және оның еніне байланысты анықталады. Қасықтардың бұрышы тістердің жиектерінен 3 – 5 мм-ден кем емес қашықтықта болу керек, қатты таңдай мен қасықтың таңдайлық бөлігі дәл сондай қашықтықта. Қасық жиектері өтпелі қатпарға жетіп тұруы қажет.










4

Альгинатты массаны араластыру: резиналы колбаға қажет көлемде ұнтақ салады және су құяды. Альгинатты массаны арнайы шпательмен паста тәрізді масса алғанға дейін резиналы колбада араластырады. Содан кейін паста тәрізді массаны біркелкі қабатпен салады, саусақты салқын сумен ылғалдап, массаның формасын келтіреді.










5

Қалып алар кезде науқастың орналасу қалпы: науқас қалып алар кезде сәл басын алға қарай еңкейтіп, креслода отырады, мұрынмен демалады, тілін қозғалтпайды.










6

Қалыптық массасы бар қасықты ауыз қуысына салу: Жоғарғы жақтан қалып аларда қасық ашық тұрған ауызға салынады және орталықтандырылады. Алдымен артқы бөлімдегі альвеолярлы өсіндіге, кейін – алдыңғы бөлігіне кигізіледі. Қалыптың қырлары ерін, ұрт қозғалысы арқылы жасалады. Қалыптық қасық мықты қысыммен салынуы қажет.










7

Қалыпты ауыз қуысынан шығару: масса қатқаннан 2 минуттан кейін, ауыз кіреберісі аймағындағы бүйірлік қалдықтарды басып тұру арқылы, баяу қозғалыспен қасықты ауыз қуысынан алып шығады.










8

Алынған қалыпты бағалау: қалыпты алғаннан кейін ондағы сілекей және қан іздерін ағынды су астында жуу керек. Қалыпта анық көрінуі керек: тістің қатты тіндері дефектісіз, окклюзионды беткейлері (кескіш жиегі, төмпешіктер, фиссуралар), жанасу пунктері, тіс мойны және қызылиектің альвеолярлық бөлігі.