Файл: Тжірибелік дадыны йренуге арналан дістемелік нСаулар маманды 5В130200 Стоматология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.11.2023
Просмотров: 101
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ХХІV. Тақырып: Коркхауз индексін анықтау.
1. Мақсаты: Студенттерді Коркхауз индексін анықтау дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже: Коркхауз индексін анықтау дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Материалдарды таңдау: мүсін, сызғыш, штангенциркуль, карандаш. | | | |
2 | Жоғарғы төрт күрек тістердің енін анықтау: оң қолға штангенциркуль алады, әрбір тістің экваторы аймағында орнатады және осы қашықтықты өлшейді. | | | |
3 | Жоғарғы жақтың премолярларында Пон нүктелерін анықтау: оң жақ премолярдың төмпешікаралық фиссурасының ортасында нүктені табады, сол жағынан осындай нүктемен қосады. | | | |
4 | Жоғарғы жақ тіс доғасының алдыңғы кесіндісінің ұзындығын анықтау: премолярларда нүктелерді қосатын сызыққа перпендикулярлы орталық күрек тістердің тісаралық кеңістіктерінің еріндік беткейінен өтетін сызық жүргізеді және штангенциркульмен осы қашықтықты өлшейді. | | | |
5 | Төменгі төрт күрек тістердің енін анықтау: оң қолға штангенциркуль алады, әрбір тістің кескіш жиегі аймағында орнатады және осы қашықтықты өлшейді. | | | |
6 | Төменгі жақтың премолярларында Пон нүктелерін анықтау: оң жақ премолярдың ұрттық төмпешіктерінің дистальды қырқасында нүктені табады, сол жағынан осындай нүктемен қосады. | | | |
7 | Төменгі жақ тіс доғасының алдыңғы кесіндісінің ұзындығын анықтау: премолярларда нүктелерді қосатын сызыққа перпендикулярлы орталық күрек тістердің тісаралық кеңістіктерінің еріндік беткейінен өтетін сызық жүргізеді және штангенциркульмен осы қашықтықты өлшейді. | | | |
8 | Тіс доғасының алдыңғы кесіндісінің ұзындығын бағалау: Коркхауз кестесі бойынша жоғарғы жақ тіс доғасының қысқаруы мен ұзаруын анықтайды. 2 мм-ге азайтылған осы сандар төменгі жақтың алдыңғы кесіндісінің ұзындығын анықтау үшін қолданылуы мүмкін. | | | |
ХХV. Тақырып: Герлах индексін анықтау.
1. Мақсаты: Студенттерді Герлах индексін анықтау дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже: Герлах индексін анықтау дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Құралдарды таңдау: мүсін, сызғыш, штангенциркуль, карандаш. | | | |
2 | Жоғарғы алдыңғы сегментті анықтау (SI): оң қолға штангенциркуль алады және экватор аймағында әрбір күрек тістің енін өлшейді. | | | |
3 | Жоғарғы бүйір сегменттерді анықтау (Lor и Lol): оң қолға штангенциркуль алады және ит тістің мезиальды беткейінен бірінші молярдың дистальды беткейіне дейін қашықтықты өлшейді. | | | |
4 | Жоғарғы жақ тіс қатарлары сегменттерінің қатынасын анықтау: Герлах формуласы бойынша анықтайды Lor≥SI≤Lol Lor≥SI≤Lol Lor=Lol (±3%), мұнда L - бүйір сегмент, r - оң жақ, l - сол жақ. | | | |
5 | Төменгі алдыңғы сегментті анықтау (Si): оң қолға штангенциркуль алады және кескіш жиегі аймағында әрбір күрек тістің енін өлшейді. | | | |
6 | Төменгі бүйір сегменттерді анықтау (Lur и Lul): оң қолға штангенциркуль алады және ит тістің мезиальды беткейінен бірінші молярдың дистальды беткейіне дейін қашықтықты өлшейді. | | | |
7 | Төменгі жақ тіс қатарлары сегменттерінің қатынасын анықтау: Герлах формуласы бойынша анықтайды Lur≥SI≤Lul Lur≥SI≤Lul Lur=Lul (±3%), мұнда L - бүйір сегмент, r - оң жақ, l - сол жақ. | | | |
8 | Қорытынды: SI=L (±3%) - қалыпты жабылу; SI=L-0,1 (±3%) – тіке тістесу. | | | |
ХХVІ. Тақырып: Снагина индексін анықтау.
1. Мақсаты: Студенттерді Снагина индексін анықтау дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже: Снагина индексін анықтау дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Құралдарды таңдау: мүсін, сызғыш, штангенциркуль, карандаш. | | | |
2 | Жоғарғы жақ апикальды базисінің енін анықтау: оң және сол жағынан ит тістер мен бірінші премолярлардың түбір ұштары арасында нүктелерді табады және штангенциркуль көмегімен осы қашықтықты өлшейді. | | | |
3 | Жоғарғы жақта А нүктесін анықтау: таңдайлық беткейінен мойын аймағында орталық күрек тістерді қосатын сызықпен ортаңғы таңдай тігісінің қиылысу нүктесін табады. | | | |
4 | Жоғарғы жақ апикальды базисінің ұзындығын анықтау: штангенциркуль көмегімен ортаңғы таңдай тігісі бойымен А нүктесінен бірінші тұрақты молярлардың дистальды беткейлерін қосатын сызыққа дейін қашықтықты өлшейді. | | | |
5 | Төменгі жақ апикальды базисінің енін анықтау: оң және сол жағынан ит тістер мен бірінші премолярлардың түбір ұштары арасында қызылиек жиегі деңгейінен 8 мм төмен нүктелерді табады және штангенциркуль көмегімен осы қашықтықты өлшейді. | | | |
6 | Төменгі жақта Б нүктесін анықтау: орталық күрек тістердің кескіш жиектерінің алдыңғы беткейін табады. | | | |
7 | Төменгі жақ апикальды базисінің ұзындығын анықтау: штангенциркуль көмегімен перпендикуляр бойымен Б нүктесінен бірінші тұрақты молярлардың дистальды беткейлерін қосатын сызыққа дейін қашықтықты өлшейді. | | | |
8 | Қорытынды: қалыпты жағдайда жоғарғы жақ апикальды базисінің ені әрбір жақтың 12 тұрақты тістерінің мезиодистальды мөлшерінің қосындысынан - 44%, төменгі - 40% құрайды. | | | |
ХХVІІ. Тақырып: Изар индексін анықтау.
1. Мақсаты: Студенттерді Изар индексін анықтау дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже: Изар индексін анықтау дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Материалдарды таңдау: фотосурет, сызғыш, карандаш. | | | |
2 | Офрион нүктесін анықтау (oph): фотосуретте беттің ортаңғы сызығы және қасүсті доға арқылы сызық жүргізеді, осы сызықтардың қиылысу нүктесі офрион нүктесі болады. | | | |
3 | Гнатион нүктесін анықтау (gn): фотосуретте беттің ортаңғы сызығы мен иекастында сызықты жүргізеді, осы сызықтардың қиылысу нүктесі гнатион болады. | | | |
4 | Беттің ұзындығын өлшеу: офрион және гнатион нүктелерін қосуды жүргізеді және сызғыш көмегімен осы қашықтықты өлшейді. | | | |
5 | Зигион нүктелерін анықтау (zy): фотосуретте оң және сол жағынан бет доғалары аймағында нүктелерді табады. | | | |
6 | Беттің енін өлшеу: оң және сол жағынан зигион нүктелерін қосуды жүргізеді және сызғыш көмегімен осы қашықтықты өлшейді. | | | |
7 | Морфологиялық беттік индексті анықтау: формула бойынша есептейді | | | |
8 | Қорытынды: беттің формасын бағалайды, 104 және одан жоғары индекс мөлшері жіңішке бетті, 97-ден 103-ке дейін – орташа, 96 және одан төмен – жалпақ бетті сипаттайды. | | | |
ХXVІІІ. Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу.
1. Мақсаты: Студенттерге салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу дағдысын үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже: салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п | Тапсырма қадамдарының критерийлері | Орындал мады 0-0,1 | Жарты. орындал 0,2-0,3 | Орын далды 0,4-0,5 |
1 | Балалар және олардың аналарымен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде шыдамдылық пен байсалдылық танытып, оларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру қажет. | | | |
2 | Тісжегінің алдын алудың негізгі принциптері және оның асқынулары туралы мәлімдеме жасайды. | | | |
3 | Одонтогенді қабыну ауруларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды. | | | |
4 | Балалық жарақат алудың алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды. | | | |
5 | Вирустық аурулардың алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды. | | | |
6 | Пародонт ауруларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды. | | | |
7 | Туа пайда болатын бет – жақ аймағының аномалияларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасау. | | | |
8 | Санбюллетень шығарады. | | | |
6. Студенттің білімін бағалау критерийілері
6.1. Баллдық – әріптік жүйеде бағалау кестесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Бағаның сандық эквиваленті | Бағаның пайыздық құрамы | Әдеттегі жүйе бойынша бағалау |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90-94 | |
B+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3,0 | 80-84 | |
B- | 2,67 | 75-79 | |
C+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2,0 | 65-69 | |
C- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0 | 50 | Қанағаттанарлықсыз |