Файл: Тжірибелік дадыны йренуге арналан дістемелік нСаулар маманды 5В130200 Стоматология.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.11.2023

Просмотров: 102

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ХІХ. Тақырып: Төменгі жақсүйекте қалып алу жүргізу

1. Мақсаты: студенттерді төменгі жақсүйекте қалып алу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: төменгі жақта қалып алу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)



№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: қасық, резиналы колба, шпатель, альгинатты масса, су.










2

Ауыз қуысын дайындау: қалып алардан бұрын науқас ауыз қуысын антисептиктің әлсіз ерітіндісімен шаяды (калий перманганаты, хлоргексидин)










3

Қасықты дұрыс таңдау: қасықтың формасы мен көлемі жақсүйектің формасына, тісқатарына және оның еніне байланысты анықталады. Қасықтардың бұрышы тістердің жиектерінен 3 – 5 мм-ден кем емес қашықтықта болу керек, қатты таңдай мен қасықтың таңдайлық бөлігі дәл сондай қашықтықта. Қасық жиектері өтпелі қатпарға жетіп тұруы қажет.










4

Альгинатты массаны араластыру: резиналы колбаға қажет көлемде ұнтақ салады және су құяды. Альгинатты массаны арнайы шпательмен паста тәрізді масса алғанға дейін резиналы колбада араластырады. Содан кейін паста тәрізді массаны біркелкі қабатпен салады, саусақты салқын сумен ылғалдап, массаның формасын келтіреді.










5

Қалып алар кезде науқастың орналасу қалпы: науқас қалып алар кезде сәл басын алға қарай еңкейтіп, креслода отырады, мұрынмен демалады, тілін қозғалтпайды. Тілдік жиегі анық білінуі үшін науқастан тілін жоғары және алдыға қозғалтуын сұрайды.










6

Қалыптық массасы бар қасықты ауыз қуысына салу: Төменгі жақтан қалып аларда қасық ашық тұрған ауызға салынады және орталықтандырылады. Алдымен алдыңғы бөлімдегі альвеолярлы өсіндіге, кейін – артқы бөлігіне кигізіледі. Қалыптың қырлары ерін, ұрт және тіл қозғалысы арқылы жасалады. Қалыптық қасық мықты қысыммен салынуы қажет.










7

Қалыпты ауыз қуысынан шығару: масса қатқаннан 2 минуттан кейін, ауыз кіреберісі аймағындағы бүйірлік қалдықтарды басып тұру арқылы, баяу қозғалыспен қасықты ауыз қуысынан алып шығады.










8

Алынған қалыпты бағалау: қалыпты алғаннан кейін ондағы сілекей және қан іздерін ағынды су астында жуу керек. Қалыпта анық көрінуі керек: тістің қатты тіндері дефектісіз, окклюзионды беткейлері (кескіш жиегі, төмпешіктер, фиссуралар), жанасу пунктері, тіс мойны және қызылиектің альвеолярлық бөлігі.









1   2   3   4   5




ХХ. Тақырып: Жоғарғы жақсүйектің мүсінін құю әдісін жүргізу.

1. Мақсаты: студенттерді жоғарғы жақтың мүсінін құю дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: жоғарғы жақтың мүсінін құю дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: резиналы колба, шпатель, гипс, су.










2

Қалыпты дайындау: қалыпты ағынды су астында шаяды және су қалдықтарын жою үшін оны сілку қажет.










3

Гипсті араластыру: резиналы колбаға қажетті мқлшерде су құяды, кейін оған гипс қосады. Түйіншектер, ауа көпіршіктері болмау үшін тиянақты сұйық консистенцияға дейін араластырады.










4

Араласқан гипсті бағалау: араласқан гипс гомогенді, қаймақ тәрізді консистенциялы болуы қажет, ауалы көпіршіктері болмауы керек.










5

Мүсін құю. Сұйық консистенциялы гипстің кішкене бөлігін қалыптың таңдайлық беткейіне жағады. Резиналы колбаны қалыпқа жақындата отырып, тіс қатарын гипспен толтырады. Қалыпты жиектеріне дейін толтыру үшін тағы гипс қосады.










6

Мүсіннің негізін қалыптастыру: Үстелге гипсті салады, оның үстіне қасықтың беткейі үстелге параллельді қылып, қасықты айналдырып жәймен гипске тығыздайды. Мүсіндік негіздің биіктігі 1,5 – 2 см кем болмауы тиіс. Шпательдің көмегімен гипсті қалыптың жиектерімен реттей отырып, оның артық жерлерін алып тастайды. Гипс толық қатқаннан кейін мүсінді алуға кіріседі.










7

Қалыптың мүсінін ашу: мүсін толық қатқаннан кейін алдымен қалыптан қасықты ажыратады, содан кейін мүсін жиектеріндегі гипстің артық бөліктерін ала отырып, оны босатуға кіріседі. Гипстік модельді гипстік қалыптан ажыратуды вестибулярлы жағынан бастайды. Оң қолға тістехникалық шпательді ұстап, Ісаусақпен мүсінді ұстап, ал қолмен үстелді, содан кейін шпательдің үшкір ұшын сынық сызығына қойып, рычаг тәрізді қолданып, бір бөлігін бөледі. Осы әдіспен бүкіл вестибулярлы қабырғасын босатады.










8

Мүсінді қию. Дайын мүсін қиылу қажет. Мүсін негізі тегіс, әрі окклюзионды беткейге параллельді болуы керек. Бүйір беткейлері өтпелі қатпарды зақымдамайтындай қылып қиылу қажет.












ХХІ. Тақырып: Төменгі жақсүйектің мүсінін құю әдісін жүргізу.

1. Мақсаты: Студенттерді төменгі жақтың мүсінін құю дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: төменгі жақтың мүсінін құю дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: резиналы колба, шпатель, гипс, су.










2

Қалыпты дайындау: қалыпты ағынды су астында шаяды және су қалдықтарын жою үшін оны сілку қажет.










3

Гипсті араластыру: резиналы колбаға қажетті мқлшерде су құяды, кейін оған гипс қосады. Түйіншектер, ауа көпіршіктері болмау үшін тиянақты сұйық консистенцияға дейін араластырады.










4

Араласқан гипсті бағалау: араласқан гипс гомогенді, қаймақ тәрізді консистенциялы болуы қажет, ауалы көпіршіктері болмауы керек.










5

Мүсін құю. Сұйық консистенциялы гипстің кішкене бөлігін қалыптың тіласты бөлігіне жағады. Резиналы колбаны қалыпқа жақындата отырып, тіс қатарын гипспен толтырады. Қалыпты жиектеріне дейін толтыру үшін тағы гипс қосады.










6

Мүсіннің негізін қалыптастыру: Үстелге гипсті салады, оның үстіне қасықтың беткейі үстелге параллельді қылып, қасықты айналдырып жәймен гипске тығыздайды. Мүсіндік негіздің биіктігі 1,5 – 2 см кем болмауы тиіс. Шпательдің көмегімен гипсті қалыптың жиектерімен реттей отырып, оның артық жерлерін алып тастайды. Гипс толық қатқаннан кейін мүсінді алуға кіріседі.










7

Қалыптың мүсінін ашу: мүсін толық қатқаннан кейін алдымен қалыптан қасықты ажыратады, содан кейін мүсін жиектеріндегі гипстің артық бөліктерін ала отырып, оны босатуға кіріседі. Гипстік модельді гипстік қалыптан ажыратуды вестибулярлы жағынан бастайды. Оң қолға тістехникалық шпательді ұстап, Ісаусақпен мүсінді ұстап, ал қолмен үстелді, содан кейін шпательдің үшкір ұшын сынық сызығына қойып, рычаг тәрізді қолданып, бір бөлігін бөледі. Осы әдіспен бүкіл вестибулярлы қабырғасын босатады.










8

Мүсінді қию. Дайын мүсін қиылу қажет. Мүсін негізі тегіс, әрі окклюзионды беткейге параллельді болуы керек. Бүйір беткейлері өтпелі қатпарды зақымдамайтындай қылып қиылу қажет.














ХХІІ. Тақырып: Ортодонтиялық аппаратты шақтап көру.

1. Мақсаты: Студенттерді ортодонтиялық аппаратты шақтап көру дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: ортодонтиялық аппаратты шақтап көру дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Дайын ортодонтиялық аппаратты бағалау: базистің қалыңдығына, артқы жиегінің ұзындығына, тегістеу сапасына, бекітуші, сонымен қатар белсенді элементтердің - доғалардың, кламмерлердің, серіппелердің, құлыптардың орналасуына және сапасына көңіл аударады.










2

Шақтап көру алдында аппаратты дайындау: аппаратты щетка көмегімен ағын сумен мұқият жуады және стерильді салфеткамен кептіреді.










3

Ауыз қуысына аппаратты шақтап көру: кламмерлер мен белсенді элементтердің орналасуын бағалайды. Металлды бөліктердің үшкір жиектері мен ұштарын тегістейді, аппаратты салуға кедергі жасайтын бөліктер фрезалар көмегімен алынады.










4

Аппараттың тұрақтылығын тексеру: егер аппарат қозғалмалы болса, себебін анықтайды. Кемшілікті көшірме қағазы көмегімен базистің тістерге жанасуын анықтау және пластмассаның шығыңқы бөлігін егеу жолымен жояды.










5

Қиық жасау: аппараттың құрылымына байланысты бордың көмегімен сагиттальды немесе секторальды қиықтар жасайды, аппаратты өңдейді, тегістейді.










6

Баланы аппаратты енгізуге және шығаруға үйрету: айна алдында баланы аппаратты дұрыс енгізуге және шығаруға, сонымен қатар аппараттың бөлек элементтерінің (доғалардың, серіппелердің, кламмерлердің) орналасуына үйретеді.










7

Винтті бұрау бойынша ұсыныстар: винтті ілмекпен стрелка бойынша аптасына 2 рет бір айналыммен бұрайды.










8

Аппаратты қолдану және оған күтім бойынша ұсыныстар: бала үнемі аппаратты қолданады. Сөйлеуді тез қалпына келтіру үшін балаға дауыстап көбірек оқу, аппаратпен тағам қабылдау, ауыз қуысының гигиенасын сақтау ұсынылады, ортодонтиялық аппаратты арнайы щеткамен және сықпамен күніне екі рет тазартады.












ХХІІІ. Тақырып: Пон индексін анықтау

1. Мақсаты: Студенттерді Пон индексін анықтау дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: Пон индексін анықтау дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)


№ п/п


Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Құралдарды таңдау: мүсін, сызғыш, штангенциркуль, карандаш.










2

Жоғарғы төрт күрек тістің енін анықтау: оң қолға штангенциркуль алып, әр күрек тістің экватор аймағына қояды және оның қашықтығын өлшейді.










3

Жоғарғы жақ премолярларында Пон нүктесін анықтау: оң жақтағы премолярдың төмпешікаралық фиссурасының ортасынан нүктені тауып, оны сондай сол жақтағы нүктемен қосады және сызғыш көмегімен осы аралықты өлшейді.










4

Жоғарғы жақ молярларында Пон нүктесін анықтау: оң жақтағы молярдың фиссурасының алдыңғы иілу аймағындағы нүктесін тауып, оны дәл сондай сол жақтағы нүктемен қосады және сызғыш көмегімен осы аралықты өлшейді.










5

Төменгі жақ премолярларында Пон нүктесін анықтау: оң жақтағы премолярдың ұрттық төмпешігінің дистальды бөлігіндегі нүктені тауып, оны сондай сол жақтағы нүктемен қосады және сызғыш көмегімен оның қашықтығын өлшейді.










6

Төменгі жақ молярларында Пон нүктесін табу: оң жақтағы молярдың артқы ұрттық төмпешігінен нүктені тауып, оны сол жақтағы сол сияқты нүктемен қосады және осы аралықты сызғыш көмегімен өлшейді.










7

Пон индексін есептеу:













8

Қорытынды: Тіс қатарының тарылуы мен кеңеюін анықтайды