Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 144

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қоғамдық-саяси лексика, әр түрлі ғылым салаларына, мәдениет пен оқу-ағарту ісіне, жаңа пайда болған мамандық атаулары, күнделікті тұрмысқа қатысты деп лексика-семантикалық топтарға бөліп қарастыру әр түрлі салада болып жатқан тілдік құбылыстарға, фактiлерге шолу жасап қана қоймай, сонымен қатар лексикалық жүйенiң мәндi белгiлерiн объективтi түрде тануға мүмкiндiк бередi.

Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып, толықтырып отыру негізінен, тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны белгілі. Алайда, сөз байлығының толығу арнасы – тілдің сөзжасам жүйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты.

Жаңа қолданыстардың жасалуына сөзжасамның үш тәсілі де қолданылды. Олардың ішінде синтетикалық тәсіл жаңа сөз жасауда өнімді қызмет атқарды. -шы/-ші, -м, -ым/-ім, -лық/лік, -дық/дік, -тық/тік, -нама/-дама,-гер/-кер, -ма/-ме, -па/-пе, -хана, -ыс/-іс, -ақ/-ек т.б. жұрнақтар арқылы жаңа қолданыстар жасалып, тілімізді байытты.

Ал аналитикалық тәсілде сөз қысқарту, қосарлау, тіркестіру, сөз қосым арқылы жаңа қолданыстардың жасалғанын байқадық.

Тіл тазалығына көңіл аударып, болашағына бағыт-бағдар беріп, қазақ тілінің деңгейін көтеру үшін тіліміздегі жаңа сөздің дұрыс жасалуы мен тұрақты мағынада қолданылуының маңызы өте зор. Қоғамның саяси-мәдени өміріндегі ірі өзгерістерге және көптеген терминдердің қазақша баламасымен берілуіне байланысты кейбір сөздер жарыспалы түрде әртүрлі нұсқалармен қолданыла бастады. Мысалы: шегерім/жеңілдік – скидка; үрдім/үдеріс – процесс; нәруыз/ақуыз – белок; қой ауру/мешел – рахит; шағынаудан/мөлтекаудан/шағын мөлтекаудан – микрорайон. Сондықтан алдағы уақытта тілшілер қауымы кірме сөздердің қабылдануы мен оларды ұлт тілінде жазудың біркелкі жүйесін, ғылыми негізделген жалпыға ортақ ережелерін қалыптастыруы тиіс деп ойлаймыз.

Қазіргі қазақ әдеби тілде лексикалық құрамды төл сөздің өз мүмкіншіліктерінің көмегімен байыту нақты бір үрдіске айналып отыр. Осы бағыт-бағдар арқлы әртүрлі күрделі атаулардың «қазақы» баламаларын жасау, калька және жартылай калька әдісін пайдалану тәрізді ерекшеліктер байқала бастады.

Жинақталған жаңа сөздерге семантикалық талдау жүргізу нәтижесінде және өзге де межелерді басшылыққа ала отырып, жаңа қолданыстарға семантикалық сәйкестік, сөзжасам жүйесіне сәйкестігі тұрғысынан талдау, саралау, әсіресе байырғы төл сөздердің мағына жаңаруы, мағыналық өрісінің кеңеюі немесе тарылуы арқылы қолданысқа түскен атаулар үшін семантикалық сыйымдылықты – ұғымдардың, заттардың негізгі сапа белгілерін жеткізе алатын қабілетін ескеру өте қажет.


Ал сөз мағынасының өзгеруі арқылы пайда болған жаңа қолданыстардың саны едәуір. Бұл үрдіске жалпытілдік элементтер де, кәсіби лексика да, архаизмдер мен тарихи сөздер де ат салысады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақ газеті. – Алматы, 1998, 562 б.

  2. Новые слова и словари новых слов. – Ленинград, 1978, 184 с.

  3. Алдашева А., Сарыбаев Ш., Уәлиев Н. Жаңа атаулар. – Алматы, 1992, 128 б.

  4. Алдашева А. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар. – Алматы, 1985, 136 б.

  5. Алдашева А. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар. – Алматы, 1990, 136 б.

  6. Лопатин В.В. Рождение слова. – Москва, 1973, 152 с.

  7. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов (Өмірі мен қызметі туралы) // Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты ең­бектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. – Б. 8-30.

  8. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.

  9. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – өңд., 3-бас. – Алма­ты: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б.

  10. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.

  11. С. Елубай. Алаш зиялылары және терминтану.

  12. Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғасырлар). – Алма­ты: «Арыс» баспасы, 2004. – 288 б.

  13. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – Алматы, 1971. – 187 б.

  14. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1989. – 192 б. К.

  15. Жұмағазина Р. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мерзімді ба­сылымдар тілінің ерекшеліктері: фил.ғыл.канд. ... автореф. Алматы, 2009. – 24 б.

  16. Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. Ғылыми танымдық зерттеу. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 272 б

  17. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі. – Алматы, 1998. – 250 б

  18. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері // Вопросы казахского языкознания. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2000. – 624 б.

  19. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы, 1988. – 159 б.

  20. Бүркітов О. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1996. – 25 б.

  21. Қадырқұлов Қ. Жаңа сөздер мен жаңа сөз қолданыстардың айырым белгілері // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – Алма­ты, 2012. – №1. – Б. 127-130.

  22. Әбдірасілов Е. Қазақ терминографиясының жүйесі. – Астана, 2005. – 208 б.

  23. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөдігі//тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет. – Алматы, 2002, 252 б.

  24. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002, –784 б.

  25. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996, 240 б.

  26. Айтбайұлы Ө. Бірінші халықаралық түркология конгресі//Термин қалыптастыру принциптері және оның мемлекеттік тілге қатысы. Түркістан, 2002,168 б.

  27. Қалиев Ғ. Тілі білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005, 440 б.

  28. Аханов К. Тіл білімі.– Алматы, 2003 -416 б.

  29. Түсіндірме сөздік, 1-том. – Алматы: Жазушы,1959. – 337 б.

  30. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. – Алматы, 1994, 304 б.

  31. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, 1966, -240 б.




Ф УЕ 203-04-2022 Дипломдық жоба