Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 147
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.1 Қазіргі қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстардың жалпы сипаттамасы
Жаңа қолданыстар қай тілдің болмасын лексика, лексикология, лексикография салаларына қатысты зерттеу еңбектерде қамтылып, бұл мәселе жөнінде жалпы тіл білімінде әр ғалым өз пікірін айтады. Орыс тіл білімінде жаңа сөздер мен тың орамдардың табиғаты, ерекшеліктері, өзіндік белгілері талдау жасалынатын ғылыми зерттеулер, әр деңгейдегі мақалалар, сөздік құралдар баршылық, қазақ тіл білімінде де жаңа сөздер сөз болатын еңбектер жоқ емес.
Орыс тіл білімінде жаңа сөздердің жеке-дара объект ретінде зерттелуі 1965 жылдан басталады. Осы кезден бастап орыс тіл біліміндегі дербес сала – неология ғылымының алғашқы нышандары көріне бастады, зерттелетін объекгілері, мақсаттары сараланды [2, 3 б.]. Жаңа ұғым атауларын жеке сөздік етіп көпшілікке таныту 1971 жылы басталды. Мұнда орыс әдеби тіліне тек қана 60-ыншы жылдары енген неол.огизмдер түсіндіріліп берілді. Бұдан кейінгі кезеңдерде «Орыс лексикасындағы жаңалықтар» деген айдармен «Сөздік материалдары» жарияланып келді. Бұл 1971 жылғы сөздіктің жалғасы іспетті [3, 4 б.].
Қазақ тіл білімінде осы мәселеге қатысты сөздік жасаудың алғашқы тәжірибесі ретінде 1985 жылы тұңғыш рет жарық көрген «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздікті атауға болады. Сөздіктің жарық көруіне үлес қосқандар: Ө.Айтбаев, А.Алдашева, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Н.Уалиев, И.Ұйықпаев. Оған негізінен 1973-1983 жылдарда баспасөз бетінде және өзге әдебиеттерде кездескен тьщ мағыналы сөздер енген. Бұл кітапшада осындай соны қолданыстардың білдіретін мағыналары мен орыс тіліндегі баламалары көрсетіледі [4, 3 б.]. Одан кейін 1984-1988 жылдарда жиналған материалдармен толықтырылған екінші басылым 1990 жылы [5, 3 б.], келесі үшінші басылым 1992 жылы «Жаңа атаулар» деген атпен жарық көрді. Бұл сөздікте қазақ жазба тіліндегі әр алуан ғылым салаларына, қоғам өміріне қатысты терминдер мен терминдік сөз тіркестері, бірқолданымдық ыңғайындағы лексикалық бірліктер, экспрессивті синонимдер көрініс тапқан [3, 3 б.].
Жалпы неологизм ұғымына қатысты терминдерді танып, оларды бір- бірінен ажырату мақсатында екі топқа жіктеп қарастырамыз:
а) Неологизм ұғымына қатысты терминдер;
ә) Неологизмдерді тану және оларды өзге ұғымдардан ажырату мәселелері.
Орыс тіл білімінде бірқатар зерттеушілер неологизм ұғымына қатысты терминге өз тараптарынан талдау жасайды. В.В. Лопатин новые слова жэне неологизм дегендерді синоним ретінде қатар жұмсайды. Сондай-ақ окказионалды сөзбен неологизм терминінің ара жігін ажыратып көрсетеді. Ал А.В.Калинин жаңа сөзді көпшілік қауымға кеңінен танымал болған, халықтьщ құлағы үйренген сөздер деп көрсетіп, ал мейлінше жаңа, халыққа тосын, мағынасы түсініксіз сөздерді неологизм терминінің шеңберіне қарай топтастырады. А.Аржанов өзінің «Закон есть закон» мақаласында жаңа сөздердің неологизм және эгологизм деп екі түрін бір-бірінен ажыратып көрсетеді. Оның ойынша, неологизм тез халыққа таралып, барлық мәнмәтінде қолданылады және сөздіктерде тіркеледі. Ал эгологизм – тек белгілі бір мәнмәтінде өмір сүреді [6, 64 б.].
Жоғарыдағы пікірлерге қарап, орыс тіл білімінде неологизм және осы ұғымға қатысты қамтитын сөздердің қалай жіктеу жөніндегі пікірлер біркелкі, бірыңғай еместігін, өз сапа белгілері толық ажыратыла қоймағандығын байқауға болады.
Түркітану ғылымында неологизм мәселесі тікелей қозғалатын, арнайы айтылатын жұмыстарда олардың топтастырылуы үшін негізінен орыс тілі білімнде қалыптасқан тұжырымдар мен дәйектер басшылыққа алынады. Қазақ тіл білімінде тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Жаңа сөз дегеніміз – тілде бұрыннан бар сөздердің (түбірлердің) жұрнақтар жалғауы, бір-бірімен қосақталуы (бірігуі, кірігуі, жұптасуы), тіркесуі, қысқарып барып бірігуі, мағына ауыстыруы сияқты амалдардың бірі арқылы құбылған түрлері» – деген анықтама берген [3, 6 б.]. Ө. Айтбайұлы, А. Қайдарұлы сынды ғалымдардың пікірлері де осыған саяды.
Р. Сыздықова қазақ тілінде 1990 жылдардағы неологизм қолданыстың пайда болуына себапкер үш жағдайды атап көрсеткен.
Бірінші, өмірдің өзі әкелген жабңалықтарды атау қажеттігі. Осыған оратй көптеген ұғымдарды білдіруде қазақ тілінің өз мүмкіндігі бар екендігі, оған бейімділігі күшті екені айқын болды. Соның нәтижесінде 1970-80 жылдарға дейін орысша қолданып келген устав-жарғы, программа-бағарлама, компенция-төлемақы, дакумент-құжат, информьация-ақпараот, пенсия-зейнетақы, спонсор-демеуші, процьент-пайыз, репатриант-оралым, репрессия- қуғын-сүргін, орган-мүше, ағза т.б. қазақша аталатын болды. 1920-30 жылдары біраз қолданып, кейін ығыстырылған төраға, хатшы, құқық құжат т.б. сөздер қайтадан қлданысқа енді, сусамыр (диабет) т.б. терминдер жасауға пайдаланады.
Екінші, бұрын орысша аталып немесе суреттеме (түсіндірме) жолымен беріліп келген ұғымдардың қазақша жатық, мүмкіндігінше дәл баламасын табуға әрекет, іздемі артты. Мысалы: жолсерік, (проводник) жолсапар (командировка), телекөпір (телемост), отбасы (семья), нарық (рынок), мердігерлік (подряд), ұшақ (самалет), тікұшақ (верталет) зерхана (ювелирная мастерская), зертхана (лаборотория), көлікдол (проезжая часть дороги) жаяужол (тротуар), бағдаршам (светафор), өткізілім (реализация), жаһандану (глобализация) т.б. орыс тілінен калькалау арқылы. Қызыл кітап (Красная книга) дөңгелек үстел (круглый стол), қайталама шикізат (вторичное сырье ), қайтарма (отдена) т.б. сөздер жасалады.
Үшінші, бағалауыштың мәні бар сөздерді жасау қажеттілігі туды. Мыс алы: ғарыш (космос), ғарышкер (косманавт), ғарышнама (космология), атомгер (атомщик), мадақнама (грамота)ғ өмірнама (биография), ғаламшар (планета), ән ұран (гимн), елтаңба (герб), зейнет ақы (пенсия), қала басы (мэр город)
т.б. терминдік ресим атаулар алғашында экспрессия , көтеріңкілік сияқты бағалаушылық мәні бар, қосалқы атаулардан пайда болған.
Авторы белгілі сөздерді окказионалды сипаттағы санаттар деп тану да екіұдай көзқарасты туғызады. Мысалы: А. Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» атты әңгіме-очеркінде жұмсалған талапкер/абитуриент, С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы жарнама/реклама тәрізді сөздерін авторы белгілі дегенді межеге алсақ және пайда болған уақытымен санасақ, сөз жоқ «жаңа» емес және окказионалды сөз. Алайда аталған сөздерді қазіргі тілді тұтынушы қауым жаңа сөз деп таниды. Оның себебі – жарнама, талапкер сөздері соңғы жылдары ғана кең қолданысқа түсіп, әдеби тіл элементі ретінде орныға бастады. Сондықтан да қазіргі таңда қолданысқа түскен сөздер тобын «жаңа қолданыстар» деп алғанды жөн көрдік.
1.2 Қазақ тіл біліміндегі жаңа сөздердің зерттелуі
Қазақ тіл танымының теориялық мәселелерінің қалыптасуы көрнекті ғалымдар – А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтың есімдерімен қатар аталатындығы мәлім. А.Байтұрсынұлы және Қ.Жұбанов өткен ғасырдың бас кезінің өзінде-ақ қазақ тіл білімінің негізгі бағыттарын бағдарлама, тезистер түрінде анықтап берген еді. Объективті түрде қарағанда, қазақ тіліндегі жаңа сөздерді тану мен талдау, ажырату мен сұрыптау қазақ тіл танымының хронологиялық басталған кезеңдеріне – өткен ғасырдың 20-жылдарына тікелей қатысты.
А.Байтұрсынұлы ұлттық философияның бір тармағы тілді сақтап қалу, оның құрметтеу мақсатындағы айтылған көптеген пікірлерімен қатар тіл мен әдебиеттің ұғым категорияларының қазақша баламаларын табуға елеулі үлес қосып, осы екі саланың терминдерінің жүйеленуі мен сұрыпталуының негізін қалады. Академик Р.Сыздық былай деп жазады: «Егер әрбір құбылысты, әрбір іс-әрекетті өз кезеңіне қарап, сол кезеңдегі жағдайға қарап тану керектігін мойындасақ, А.Байтұрсынұлының термин жасаудағы «қазақшылығының» негізі бар екендігін көреміз, ұстаған принципі дұрыс екендігін танимыз. Ол принцип – жас ғылым салаларының терминдерін жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігіне иек артуға негізделеді» [7].
«Баспасөзде, кітаптарда, оқулықтарда, радио-теледидарда қазір кең де еркін қолданылатын сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, ... меңзеу, теңеу, алмастыру, кейіптеу, қайталақтау, көсемсөз, уағыз, толғау, шендестіру ... сияқты ұғымдарды тұңғыш рет енгізіп, осы сөздерді термин дәрежесіне көтерген А. Байтұрсынұлы екенін айту – тарихи әділет [8, 13 б.].
Ғалым Қ. Жұбанов жаңа сөздерді қазақ терминологиясының қалыптасуымен біртұтастықта қараған. Шын мәнінде жаңадан пайда болған белгілі бір сөздің, ұғым мен түсініктің ішкі мазмұна сыртқы формасының сәйкес келуін семантикалық тұрғыдан талдаған алғашқы пікірлерді Қ. Жұбанов айтқан болатын. Бұл ретте көрнекті ғалымның атом, психология, геометрия сияқты халықаралық терминдердің ішкі семантикасын анықтай отырып, оларға берілген кейбір қазақша баламалардың сәйкес келмейтіндігін (мысалы, психология – жан жүйесі, геометрия – пішіндеме) ғылыми тұрғыдан дәлелдегенін жаңа сөздер туралы ғылымның – неологияның алғашқы тұжырымдары деп бағалауға болады.
Академик І. Кеңесбаев былай деп көрсеткен еді: «Қ. Жұбанов Республика Үкіметі жанындағы темринология мен емлені үйлестіру орталығын ұйымдастырушылардың бірі болатын. Оның басшылығымен Мемлекеттік терминком бюллетенінің төрт номері басылып шықты, онда көп ғылым саласы бойынша қазақша терминдердің үлгісін жариялады. Қ. Жұбановтың өзі ...терминдердің ерекшелігі емле мәселелерін сөз етті. Бұл мақалалар ...әлі күнге маңызын жойған жоқ [9, 28 б.].
А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбановтың теориялық-практикалық ұсыныстары мен тұжырымдары туралы кейінгі тілші-ғалымдардың айтқан пікірлері сол кезеңде жаңа сөздерді жүйелеу бағытының біршама қолға алына бастағандығын көрсетеді.
ХХ ғасырдың І жартысында қазақ әдеби тіліндегі жаңа сөздердің зерттелуі терминтану / терминтаным мәселелеріне тікелей байланысты болды. Бұл жайт сол кезеңде туындаған объективті факторларға – білім беру жүйесіне дендеп енгізіле бастаған халықаралық терминдерді жеделдете меңгерту үшін мағынасын анықтау, жұртшылықты сауаттандыру факторларына байланысты еді. Тағы да бір аса маңызды фактор байқалған еді: тілдің тазалығын, өміршеңдігін сақтау жиырмасыншы ғасырдағы қазақ зиялыларының негізгі ұлттық ұстанымына айналып, ғылыми сипат алды. Сол тұстың зиялы қауымы ұлттық-мәдени мазмұндағы қазақтың сөз байлығын ғылым мен техниканың тіліне айналдыруға ұмтылыс жасады. Қазақ тілінің ішкі мүмкіндігі, сөздік қорға енетін жаңа атаулардың ұлттық сипаты туралы Х. Досмұхамедұлы былай деп жазады: «Қазақ тілі тексеріліп болған жоқ. Біз жат тілдерге қызығуды қойып, әуелі өз тілімізді дұрыстап тексеруіміз керек. Шындап тексерсек, қазақ тілінің өзінен пәнге жарайтын көп сөздер табылады» [10].
Сөз болып отырған кезеңде ғылым мен техниканың тілін қазақшаға айналдырудағы іс-шаралардың қаншалықты маңызды болғандығын С. Елубай былайша анықтайды:
– бұл кезең өзінің күрделілігімен қазақ тарихының, оның ішінде мәдениет дамуы тарихының ішінде сипатталады. Осы күрделі кезеңде өмір сүргендігіне, саяси идеологиялар соққысына қарамастан, ұлт мүддесі мақсатында тілдік мәселелердің шешілуі – осы кезеңге тән басты ерекшелік.
– тілдің даму деңгейі алғаш рет ірі ықпалдар мен соққыларға ұшыраған кезең осы тұсқа сай келеді. Алғаш кедергілерге тап болған тіл дамуының тарихындағы кезеңде қазіргіге қарағанда нәтижелі шешімдер қабылдана білген. Мұның айғағы – ұлттық тілді ұлт дыбыстарына сәйкес дыбыстай білуі, ұлт тілін қолданушы тұлғалардың өзге сананы меңгермей, таза ұлттық санамен таза тілді сақтап қалуға ұмтылуы, соған сәйкес қазақ табиғатына жат болмайтын ұлт тіліндегі терминдер мен сөздерді жасап, қалыптастыра алғандығы әсер еткен [11].
Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы жаңа сөздерге қатысты пікірлерді осылайша қорытуға болады. Тарихи кезеңдерде жаңа сөздердің зерттелуіне қатысты ғылыми тұжырымдарды қазақ әдеби тілінің тарихына арналған еңбектерден де кездестіреміз. Айталық, XVIII-XIX ғасырдағы әдеби тілдің тарихы, алғашқы қазақ баспасөзінің тілі диахронды түрде зерделенген еңбектерде де жекелеген жаңа сөздер туралы тілдік фактілер келтіріледі [12, 8 б.].
Өткен ғасырдың 1920-30 жылдардағы қазақ әдебиетінде пайда болған неологизмдерге арналған ғалым Ш. Бәйтікованың зерттеуі бар. Бұл еңбектің құнды жағы – Алаш зиялыларымен қатар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Сабыр Шәріпов сияқты қаламгерлердің шығармаларынан тілдік фактілердің талдануында [13, 4 б.].
Тілдің лексикалық қабатына тән нормалар басқа қабаттардағы нормалармен бірге тілдің жалпы нормасын құрайды. Кез келген тілдің әдебилігі оны тұтынатын қоғам мүшелеріне түсініктілігімен және ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуымен сипатталатынын айта келе ғалым С. Исаев былай деп жазады: «Әдеби тілдің нормалары да тарихи категория, ол қоғамдық өмірге, оның өзгерісіне сай өзгеріп, дамып отырады. Бір кезеңдегі кейбір нормалар кейінгі кезеңде норма болмай қалуы, керісінше, жаңа нормалар қалыптасуы мүмкін. Оны біз қазіргі қазақ әдеби тілінің фонетикалық жүйесінен, грамматикалық құрылысынан, лексикалық құрамынан айқын көреміз. Тілдегі архаизм, историзм сияқты көнерген сөздер мен жаңа туып отыратын неологизмдер, конструктивті үлгілер осыны көрсетеді... Мысалы, бір дәуірде қазақ әдеби тілінде