Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 142
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет «Туризм және тілдер»
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
__________ А.Н. Отарова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ тіліндегі неологизмдердің қолданысы»
Білім беру бағдарламасы: 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Көшімова Б.Ә.
Кеңесші:
Орындаған: ҚТӘ-19-1 тобының студенті: Бағытжанов Абыл
Ақтау -2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЛДАНЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ-------------------
1.1 Қазіргі қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстардың жалпы сипаттамасы ---------------------------------------------------------------------------------------------------
-
Қазақ тіл біліміндегі жаңа сөздердің зерттелуі ----------------------------------- -
Жаңа қолданыстардың жасалуына әсер ететін факторлар---------------------- -
Жаңа қолданыстардың лексика-семантикалық топтары-----------------------
2 2. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЛДАНЫСТАРДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ----------------------------------------------------------------------
2.1 Жаңа қолданыстардың сөзжасам тәсілдері арқылы жасалуы------------------
2.2 Жаңа сөздердің тілдік қолданысындағы қайшылықты мәселелер -----------
2.3 Қазіргі қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстардың типологиясы------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------------
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тіл – өмірмен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан да оның сөздік құрамы әрдайым өзгеріп, толысып, дамып отырады. Әр дәуір, әр қоғам, әр халық өзіне қажет жаңалықтарды тудырса, сол жаңа зат, құбылыс, ұғым, іс-әрекеттердің өз атаулары пайда болады.
Тілімізге кейінгі он жылдықта тек орыс тілінен ғана емес, шетел тілдерінен толассыз сөздер қолданысқа енуде. Жалпы тілдегі терминология саласы қоғамдағы жаңалықтармен үнемі тікелей байланысты болғандықтан, бұл үнемі жаңарып отырады әрі зерттеуді қажет етеді. Айталық, қазіргі қазақ терминологиясында ғасыр басындағы жағдаймен салыстырғанда айырмашылықтар көп, қазіргі кезеңде біздің тілімізде ұлттық терминологиямен қабаттаса ағылшын тілінен енген сөздер де басымдылық ала бастады.
Қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени өміріміз бен ғылыми-техникалық дүниемізге қаншама жаңалықтар еніп отыр. Осыған орай қаншама атаулар – жеке сөздер мен сөз тіркестері, яғни заман талабына сай жаңа сөздер (неологизмдер) пайда болып жатыр.
Әлеуметтік, шаруашылық, мәдени өміріміздегі халықаралық жағдайда пайда болып жатқан жаңа ұғымдар да көптеген неологизмдерді талап етіп отыр. Жаһандану – глобализация, ұлықтау рәсімі – иноугурация, тұсаукесер – презентация сияқты атаулар жаңа мазмұнда жұмсала бастады.
Жаңа қолданыстар тек жаңа ұғымдарды білдіру үшін ғана емес, бұрыннан келе жатқан зат, бұйым, құбылыстарды дәлірек, дұрысырақ етіп қайта атау үшін де туып жатады. Бұрын лауреат, музей, архив, реферат деп орысша атап жүрген сөздерге қазақша балама табылып, бұл күнде саңлақ, мұражай, мұрағат, мағлұмат сөздерін қолданып жүрміз.
Жаңа сөздерді орыс тіл білімінде В.В. Веселитский, А.М. Селищев, А.Н. Кожин, Ю. Сорокин, Н.З. Котелова, В.В. Лопатин, т.б. ғалымдар зерттеген. Ал қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Р. Сыздық, А.Т. Қайдаров, Ш. Сарыбаев, Ө. Айтбайұлы, А. Алдашева, Н. Уәлиев, Ш. Құрманбайұлы еңбектерін атап өтуге болады. Бүгінгі таңдағы қазақ жазба үлгілерінде кеңінен көріне бастаған жаңа тұрпатты сөздер мен сөз тіркестерінің үлгілері топтастырған, тілдегі жаңа сөздерді тізімдеудің алғашқы әрекеті болып табылатын «Қазіргі қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздіктердің үш басылымын атауға болады. Мұнда 1976-1993 жылдар аралығында пайда болып, айналымға түскен жаңа сөздер енген.
Бұл неологизм саласындағыы маңызды шаруалардың бастамасы ғана. Соңғы 15-20 жыл төңірегінде, тіпті кейінгі 4-5 жылда қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамы сапалық жаңаруды, түлеуді бастан өткеруде. Жаңғыру үрдісі негізінен номинативтік атауларды жасау, төл тілдік терминдер жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы көзге түседі. Белгіді бір заттың, құрал-жабдықтың, құбылыстың, ұғым-түсініктің нақты атауын беру үшін, сондай-ақ терминдік ұғымдарды қалыптастыру мүддесінде, өзге де сыртқы тілдік және ішкі тілдік себеп-салдарға орай қазіргі қазақ әдеби тілі сөздік құрамының қатары әр алуан соны сөздермен, тың тіркестермен көбейе түсті. Ал әрбір жаңа сөз, әрбәр тың сөз тіркесі ғылым тарапынан елеп-екшеуді талап етеді. Осы өмірге келіп жатқан жаңа тілдік қолданыстардың айналымға еніп, қалыптасып тұрақталуында баспасөздің атқаратын қызметі ерекше. Мұны ғалым А. Байтұрсынұлының сөзімен айтар болсақ: «Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ қандай керек болса, халыққа газет сондай керек...
Екінші, газет – жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады.
Үшінші, газет – халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімігенеін естіп, білмегеніні біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші.
Төртінші газет – халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықты арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады» [1, 10 б.]. Демек, баспасөз – қоғамның айнасы болғандықтан, көпшілік айтар ойы мен сөйлер сөзін түзеп қана қоймай, тіл мәдениеті ьұрғысынан да кейбір мәселелерде «газетте былай жазылған» дегендей, баспасөзге де жүгінері хақ. Сондықтан да халықпен күнбе-күн жүздесіп отыратын баспасөздің тіл мәдениетін, әсіресе жазу мәдениетін қалыптастыру да маңызы зор.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамына қосылып, айналымға түсе бастаған соны сөздер мен тың орамдарды баспасөз тілі арқылы төмендегідей талдау жүргіземіз:
- жаңа сөздердің табиғатын, сыр-сипатын, өзге де айырым-сапаларын айқындау;
- әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани өміріміз әкеләп отырған жаңа құбылыс, қарым-қантынас, түсінік-танымға қатысты ай сайын, жыл сайын туып жатқан ұғымдардың қазіргі тілдік қолданыста жұмсалуы, яғнии бұлардың атқаратын қызметтеріне қарай лексика-семантикалық топтарға жіктеу;
- жаңа сөздерді туғызып отырған ішкі, сыртқы мүмкіншілктер мен жасалу жолдары;
- олардың қоғамда алатын орны, қолдану аясын, яғни сөздің тарылуы мен кеңеюін айқындау бүгінгі таңда барынша көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл зерттеу жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің нысаны – 2000-2023 жылдар аралығында пайда болған жаңа сөздер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – 15-20 жыл ішінде пайда болған жаңа сөздердің баспа беттеріндегі қолданысын айқындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін, алдымен мынадай міндеттерді шешу қажет деп білеміз:
-
жаңа сөздердің жалпы сипаттамасын айқындау; -
жаңа қолданыстарды тану әдістерін қарастыру; -
жаңа қолданыстың пайда болған мерзімін анықтау; -
жаңа сөздерді лексика-семантикалық топтарға бөлу; -
жаңа сөздердің пайда болуына ықпал ететін сыртқы және ішкі тілдік факторларды талдау, -
құрылымдық жағынан талдау; -
тілдік қолданыстағы жаңа сөздерге байланысты туған кейбір қайшылықты мәселелерді қарастыру; -
абсолютті мағыналы, семантикалық индукцияға ұшыраған, сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы арқылы жасалған жаңа қолданыстарға семантикалық тұрғыдан талдау жасау.
Зерттеудің дерекөздері. Жаңа сөздер негізінен соңғы 15-20 жыл ішінде қазіргі қазақ баспасөзінде пайда болған және айналымға түскен/кем рет бір рет жұмсалған/, «Ана тілі» газет беттерінің мемтерминком бекіткен терминдерден, «Тіл» бағдарламасынан, https://termincom.kz сайтынан да алынды. Оларға талдау жұмысын жасау үшін этимологиялық сөздік, түрлі ғылым салаларына қатысты түсіндірме сөздіктер қолданылды. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қолданысын айқындау мақсатында «Егемен Қазақстан», «Маңғыстау», «Айқын», «Ана тілі» т.б. газет-журналдар беттерінен мысалдар келтірілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Біріншіден, жаңа сөз ұғымын қамтитын категорияның (неологизм, окказионализм сөздерінің және потенциалды сөздердің) дара белгілеріне талдау жасалды;
-
жаңа қолданыстардың анықтамасы берілді; -
соңғы 15-20 жыл ішінде пайда болған жаңа сөздер жинақталды, оларға лексика-семантикалық, құрылымдық жағынан талдау жасалды; -
қазақ халқының салт-дәстүрінде, тұрмыс-тіршілігінде, шаруашылығында қолданылған байырғы сөздердің жаңа мәнег ие болып қолданылуы айқындалды; -
жаңа қолданыстағы сөздердің көпшілігі калька жолымен жасалғандығы, субстантивтену үрдісі арқылы жасалған жаңа қолданыстар қарастырылды; -
тілдік қолданыстағы кейбір жаңа сөздердің қайшылықты мәселелеріне талдау жасалынды.
Ғалымның мұрасы лингвистикалық еңбектерде жоғары бағаланғанмен, А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі орны, қосқан үлесі, ерекшелігі т.б. арнайы әңгіме өзегіне айнала қойған жоқ.
Екіншіден, ғалымның салиқалы пікірлері шетел және орыс түркітанушыларының, қазақ тілші ғалымдарының ілімдерімен байланыста қарастырылып, оның қазақ тілі білмінің негізін қалаушы, көрнекті лингвист ғалым ретіндегі орны анықталды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен практикалық мәні.
Ұсынылып отырған жұмыстың қазіргі қазақ әдеби тілінің лексика саласын зерттеуге арналған еңбектер қатарында біршама үлес салмағы болуға тиіс. Жұмыста айтылған пікірлерді, талданған сөздерді жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде, гуманитарлық лицейлер мен мектептерде лексикология, тіл мәдениеті, әдеби тіл мәселелері бойынша өткізілетін дәрістерде, практика сабақтарында пайдалануға болады. Сондай-ақ екі тілдік сөздіктер мен тілашарлар, көмекші құралдар жасауға болады.
Зерттеу әдістері. Жұмыста салыстырмалы-салғастырмалы әдіс, жинақтау, құрылымдық, лексика-семантикалық әдістері қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
Төл сөздің өз мүмкіндіктері негізінде ұғымдар атауын жетілдірудің, саралаудың мүмкіндіктері ашылды, сөзжасам тәсілдерінің қызметі саралана түсті. Өнімді сөзтудырушы амалдармен қатар өнімсіз сипаттағы тәсілдердің сөз тудырушы қабілеті артты. Жаңа сөз жасау, жаңа ұғымға жаңа атау телу немесе байырғы атаудың ыңғайлы баламасын қалыптастыру қазақ тілінің өз байлықтарына иек арту жолға қойыла бастады.
Сыртқы және ішкі тілдік факторларға орай қазақ әдеби тілінде жаңа қолданыстар жасау негізгі бағыттардың біріне айналды. Бұл бағыт ең алдымен, сөздіктер түзуді, жаңа қолданыстардың жасалу мерзімін, пайда болған өрісін белгілеуге жола ашады.
Тілдің лексикалық құрамынақ осылып жатқан жаңа сөздерге «жаңа қолданыстар» деген атау ұсынылды. Бұлау атаудың дәлелді себептері бар. Біріншіден, жоғарыда атап өткеніміздей, қазақ тіл білімінде жаңа сөздер мен тіркестер жеке-дара зерттелмегендіктен, бірқатар белгілері жағынан ұқсас келетін неологизмдер, окказионалды сөздер, потенциалды сөздер, индивидуалды-авторлық сөздер дегендердің ара жігі ажыратыла қойған жоқ. Сондықтан да бір мезгілде пайда болған, бір стильдік тармақта қолданылған екі жаңа қолданыстың бірін неологизм, әдеби тілге қажетті элемент деп, ал екіншісін, окказионалды сөз, бір қолданыс шеңберінен аспайтын лексикалық бірлік деп ажыратуға болмайды. Сондықтан да қазіргі қазақ баспасөз лексикасында көрініс тауып отырған елтаңба, Елбасы, ІІБ, төраға, емдәм, КБД, жаһандану, өкіл, қаржыгер, пайыз, делдал, егемендік, қауымдастық тәрізді сөздерді ену мерзіміне қарай «жаңа қолданыстар» деген жалпы атаумен атаған жөн.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің дамуына тән басты ерекшеліктер қазақ баспасөзінің тілі арқылы айқын көрінеді. Қазіргі баспасөз тілі әдеби тіл шеңберінен тыс жатқан элементтердің – жергілікті тіл ерекшеліктерінің, тарихи сөздердің, архаизмдердің ауыспалы мағынада әдеби тіл айналымына түсуіне жол ашады, қазақ теринологиясының төл сөздің өз мүмкіндіктерімен одан әрі толығуына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
-
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЛДАНЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ