Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 143

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2.3 Қазіргі қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстардың типологиясы
Жұмыстың екінші тарауының 1-бөлімінде жаңа қолданыстардың жасалуына арқау болатын аффикстік тәсіл және сөз біріктіру, сөз қосарлау, сөз тіркестіру, сөз қысқарту амалдары егжей-тегжейлі сөз етілді де, сөзжасам жүйесіндегі ең негізгі жолдардың бірі сөз мағынасының өзгеруі бойынша жасалған жаңа сөздер мен орамдар арнайы айтылмады. Бұл әдіс бойынша пайда болған жаңа қолданыстар жеке-дара қарастыруды талап етеді.

Жинақталған тіл фактілері жаңа қолданыстарға өзек болған төл тілдік элементтердің мағына өзгерісіне қарай бірнеше ыңғайда топтасатындығын көрсетті. Олар:

1. Абсолютті мағыналы жаңа қолданыстар.

2. Семантикалық индукцияга ұшыраган жаңа қолданыстар.

3. Сөз магынасыныц өзгеруі – кеңеюі мен тарылуы арқылы жасалған жаңа қолданыстар.

1. Абсолютті мағыналы жаңа қолданыстар. Жалпыхалықтық қордағы немесе тарихи сөздер қатарындагы бірқатар лексикалық бірліктердің (төраға, әкім, өкіл, теңге, егемен, құжат) өмірге қайта келуі, терминдік жүйеге қосылуы және өзінің негізгі семантикасынан ажырамай жұмсалуы абсолютті семантикалы жаңа қолданыстар деп тануға мүмкіндік береді. Мысалы, ақ орда сөзінің мағыналық дамуына келетін болсақ: Алғашқы кезде киіз үй, кейін көне билік иесі отырған үй ретінде қолданылып келді. Оны батырлар жырларындағы өлең шумақтарынан байқауға болады: Ақ Орда Тайбурылдың үстіне алтыннан тұрман ер салып, аз ғана азық жем салып, Ақ

орданың алдынан өткізді... (Қобыланды). Ал қазіргі таңда Ақ орда «резиденция» сөзінін орнында жұмсалып жүр. Мысалы, Ақ орданың есігі айқара ашылды! («Егеменді Қазақстан», 2006, 17 қыркүйек). Осы екі мысалдардан сөз мағынасының дамып жетілгені анық көрінеді. Туынды мағынаның өзегі бұрынғы сөздің мағынасынан байланысын үзбей, соның негізінде дамып, кеңейген.

«Егемен» сөзі де жергілікті ерекшелік ретінде қолданылып келген қазақтың төл сөзі. Олай болмаса, 20-30 жылдары «Егемен болмай ел болмас Етек-жеңі кең болмас, Терезесі тең болмас...» деп ақындар өлеңге қоспаған болар еді. Бірақ, бұл сөздер әдеби тіл нормасына тән ие түрінен емес (иегер, иелену), өлкелік ерекшелікке тән еге түбірінен (киіз кигіз, ер егер) туындап тұрғандықтан құлаққа тосын естілуі мүмкін [26, 13 б.]: Егер егемен ел атанып, тәуелсіздікке қол жеткізбеген болсақ, Шәкәрім мәселесінде шындыққа тағы да толықтай қанықпаған болар едік («Егемен Қазақстан», 6 қаңтар, 2007.4-6.).


2. Семантикалық индукция бойынша жасалған жаңа қолданыстар.

Қазақ әдеби тіліндегі орыс тілі терминдері мен терминдік мәндегі тіркестерді аударып берудегі ең тиімді әдістердің бірі калька жолы. Жалпы тілдегі жаңа атаулар мен терминдердің жасалуында калькалау тәсілі өнімділік танытуда. Мысалы, ашық есік күні (день открытых дверей), сауда нүктесі (торговая точка), сенім телефоны (телефон доверия), зымырантасығыш (ракетаноситель) т.б. Бұлар толық калькалану нәтижесінде алынған күрделі атаулар. Бұған жартылай және семантикалық калькалану нәтижесінде жасалған атауларды қоссақ, бұлардың саны арта түспек. Бұл жаңа сөз жасаудың ең жиі кездесетін түрі және бұл сөз жасаудың атқаратын рөлі күшті. Сонда калька дегеніміз не? Бұл сөздің түп төркіні қайдан шыққан? Бүл сөздің түпкі мағынасын тіл білімпаздары ағылшынның «саlgue» деген сөзінен таратады. Мысалы, О.С.Ахманованы «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» сөз аудару есебінде пайда болған сөз не сөз орамы деп түсінік береді де, оның лексикалық, фразеологиялық, синтаксистік калька деген түрлері болатынын айтты. Осыған ұқсас пікірді І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов сөздігінен де оқуымызға болады, яғни олар бір тілдегі сөздің мағынасын ауыстыру, көшіру десе [19, 179 б.], Ә.Қайдаров «Калька орыс не шет тілдерден енген жеке де күрделі терминдерді тұлғалық, мағыналық, құрамдық ерекшеліктерін сақтай отырып өз тілімізге сөзбе-сөз аудару» деген анықтама береді [19, 15 б.], Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде калькаға толығырақ түсінік беріледі. Калька француздың «саlgue» көшірме, жұқа мата не түссіз қағаз арқылы алынған көшірме, бір тілден екінші тілге дәлме-дәл аудару арқылы жасалған тілдік бірлік [27, 15 б.]. Сонда кальканың басты белгісі басқа тілдердегі үлгілерді айнытпай ана тіліне көшіру немесе сөзбе-сөз аудару болып табылады. Аударылған кальканың бастапқы тілдегі мағыналық бөлшектері, оның компоненттерінің орын тәртібі екінші тілде түгел сақталуға тиісті. Мұның тағы бір басты ерекшелігі жазба ісінің жанданған тұсында туатындығы. Кальканың үлкен бір қызметі ұлттық тіл терминологиясын жасауда айқынырақ байқалады.

Алайда тілдегі сөздер мен сөз тіркестерінің бэрі бірдей калька жасауға көне бермейтінін де ескеруге тиіспіз. Сонымен бірге мұның екі түрлі жағдайда пайда болатыны байқалады. Мәселен, бірде басқа тіл сөзінің «сыртқы тұлғасы, морфемалық құрамы тұтас сақталып көшірілсе», енді бірде байырғы сөздерге үстеме мағына жүктеу арқылы жасалады. Осыган орай екіге бөлеміз:

1. лексикалық немесе балама калька; 2. мағыналық немесе семантикалық калька [19, 180 б.];

1. Лексикалық калька немесе балама калька: егемен суверен, шарт контракт, кесім акт, дана экземпляр, жақпа замазка, жолдау послание дәрумен витамин, емтихан - экзамен, пікір отзыв, жарна взнос, жоба проект, делдал брокер, посредник, қызан//қызанақ помидор, заңнама//заңдар законадательство.

2. Мағыналық калька, яғни түп сөздің негізгі мағынасын беру. Семантикалық калька болуы үшін, яғни құрылымы да, мағынасы да өзге тілдегі терминнің құрылымы мен мағынасына толық сәйкес келуі керек: ықшам // шагын – компактный, ақпарат – информация, куәлік – свидетельство, мәміле – сделка, қаржы – финанс, әдіскер – методист, заң жобасы – законопроект т.б.

Алайда қазіргі қазақ тіліндегі жаңа қолданыстардың қатарында семантикалық калька арқылы жасалғандардың саны бірен-саран. Баспасөз тілі бұл әдіске көп иек арта қоймайды. Оның орнына өзге тілдегі терминдердің «қазақы» баламаларын тудыру үшін басқа амал-әдістерді қолданады, анығырақ, айтқанда, терминдерді, атауларды аудару жұмысында, мағынасы сәйкес келетін лексикалық бірліктерді іздестіреді немесе олардың ауыспалы мағынасын игереді. Бүл жағдайда төл тіл әлементтері құрылымы жағынан да, мағынасы жағынан да халықаралық қордағы немесе орыс тіліндегі терминдердің дәлме-дәл баламасы бола алмайды, бірақ өзге тіл терминдерінің қолданылатын орны, тұрмыстың қай саласына қажет екендігі ескеріледі, сөйтіп, олар әртүрлі амалдар арқылы түсіндіріліп, сипатталып беріледі. Осыған орай мағына жаңғыруы, мағына өзгеруі арқылы жасалған жаңа қолданыстардың бір легін семантикалық индукция ықпалымен пайда болған жаңа қолданыстар деп топтастыру орынды. «Индукция» «возбуждение, наведение» дегенді білдіреді.

Ішкі формасының, мағынасының сәйкес келуі жағынан тіл айналымында терминдік сөз ретінде қалыптаса бастаған лексикалық бірліктер баршылық. Мысалы, түпнұсқа / оригинал термині үшін/, жолдау /послание/, жоба /проект/: Аудармашы негізгі түпнұсца тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштар жаңа сарын-әуез қосып отырады («Егемен Қазақстан», 26.09.2007.3-6.).

Семантикалық индукция арқылы жасалған жаңа қолданыстардың енді бірқатары орыс тіліндегі -ка, -ник, -ок, -чик тұлғалары арқылы жасалған терминдердің қазақша баламалары. Сөз мағынасының өзгеріп, жаңа атауға қызмет етуіне аффикстік тәсіл, сөз біріктіру, сөз тіркестіру, сөз қосарлау амалдары да жәрдем етеді. Мысалы: салымшы
вкладчик, түймешік кнопка, қанатша галочка, суретмәтін текстовка, сынауық пробирка, құйғы- воронка, бағбан садовник, маңдайша вывеска, іссапар командировка: Шетелге іссапардың шығынынан басқа ақша алу мүмкін емес («Ана тілі» А.Өмірзақ \\ Біз жер кіндігі сияқты елміз \\ 13 шілде, 2007 жыл.

Сонымен неологизмдердің бұл түрі көп жағдайда баспасөз арқылы халық арасына кең тарап, жиі қолданылуына қарай тілдің лексикасына еніп қалыптасып кетеді. Неологизмдер – тарихи категория, өйткені олар тек белгілі бір кезеңге дейін ғана жаңа сөз ретіндегі қалпын сақтайды да, бара-бара қалыптасып тілдің сөздік құрамына енеді.

3. Сөз мағынасының кеңеюі және тарылуы арқылы жасалған жаңа қолданыстар. Семантикалық тәсіл арқылы жасалған неологизмдер сөз мағыналарының тарылуы не кеңеюі арқылы жаңа мағынаны иеленген жаңа қолданыстар болып табылады. Семантикалық тәсіл арқылы жасалған неологизмдер сөз мағыналарының тарылуы не кеңеюі арқылы жаңа мағынаны иеленген жаңа қолданыстар. Мұндай атаулар қатарына қатарына жиек, даңғыл, түлек, нысан, үрдіс, құжат, нарық, тығын, кеден, діл, ағза т.б. тілдік қолданыстарды жатқызуға болады. Берілген мысалдардағы ағза, діл, құжат, үрдіс, кеден бірліктері тіліміздің пассив сөздер қатарын құраған болса, қазіргі тілімізде бұл сөздердің о бастағы мағыналары негізге алына отырып, қосымша мағына телу арқылы жаңа қолданысқа түскен. Ал тығын, түлек, жиек, әл-ауқат сөздері жалпыхалықтық тілде қолданылып жүрген сөздер болса, өздерінің білдіретін мағыналарының біршама өзгеруі немесе жаңаруы арқалы жаңа тілдік қолданыстарға ие болған. Мысалы, тығын атауы тілімізде «бөтелке сияқты өңеші тар ыдыстың аузына тығылатын зат» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің орыс тіліндегі пробка (транспортная) сөзінің баламасы ретінде ұсынылуына сөз мағынасындағы «тығындалуы, тығылуы» семалық белгілері себеп болуы мүмкін. Орыс тіліндегі благосостояния сөзінің қазақша баламасы ретінде о баста «игілік» сөзі қолданылса, кейін келе «әл-ауқат» сөзі тұрақты қолданысқа ие болған.

Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы құбылыстары полесемиямен де тығыз байланысты. Сөз мағынасы кеңейгенде ең алдымен сол сөзді білдіретін ұғымның, атаудың мәні кеңейеді, сөз абстракцияланғанүстіне абстракциялана түседі. Соның нәтижесінде сөздің бұрынғы бірер мағынасына көптеген жаңа мағына қосылады, байырғы сөздің жаңа мағынасы, әсіресе, жаңа бір тіркес құрамында айқындалып, ашыла, дәлелдене түседі. Кейде осындай қолданыстар арқылы байырғы сөздер терминге айналып кетеді.


Сөз мағынасының тарылуы – кеңеюіне қарама-қарсы процесс. Сөз мағынасының тарылуы, негізінен, адам ұғымының жалпылықтан жалқылықты саралап, даралауынан, заттар мен құбылыстардың ерекшелігін, қыр-сырын айқындай түсуінен, нақтылап дәл білуінен пайда болады. Сөз мағынасының өзгерісі барлық жаңа қолданыстарда ұшырасады. Сондай-ақ сөздердің қосымша арқылы сөз жасау, күрделі сөздердің сөзжасамында да қарастырылады. Көп сөздер өзінің алғашқы мағынасынан алшақтап, жаңа мағынаға ие болады. Бұл сөздердің тарылу үрдісіне әкеледі [28,134 б.].

Бейтарап реңді, жалпыхалықтық қорда, жергілікті тілде қолданылатын, сондай-ақ араб-парсы тілінен, көршілес түркі халықтарының тілінен енген сөздердің бір қатары жаңа атау жасау, түсінікті қайта атау терминдік жүйені қалыптастыру үрдісіне жан-жақты ат салысады. Осыған орай бірнеше топқа бөліп қарастырдық:

а) Жалпыхалықтық қолданыстағы лексика: жолақы – проездной, проездная плата; іс сапар – командировка, үлестірмелі кеспе қағаз – разрезные карточки; қызан – помидор; саралқа – редакция, салымшы – вкладчик; дабыл – сигнал, деректеме – реквизит, түбір - корень т.б. Осы аталғандардың бірқатарының семантикалық дамуына назар аударып көрелік:

Астау – жалпы қолданыста «малдың су ішіп, жем жеуіне арналған үлкен, ұзын астауды – науа» десе [23, 7 б.], стамологияда науа (тигель) деп «пломба жасарда ұнтақ пен сұйықтықты» бір-бірімен қосып керекті мареиалды дайындайтын, емдік жұмыстар жүргізуге пайдаланатын ыдысты» айтады [23, 41 б.].

Алдымен жалпы қолданыстағы сөз бен арнаулы саладағы терминнің білдіретін ұғымдарының ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын айқындап көрелік. Ұғымдардың пішіндерінде айтарлықтай ұқсастық байқалып тұрған жоқ. Жалпы қолданыстағы науа ұзын, көлемі үлкен болса, стомологиядағы науаның көлемі шағын, ұзын емес. Қызметтері жағынан бірі малға жем, су беру үшін пайдаланылса, екіншісі – адамның тісін емдеуге қажетті қоспаны дайындау үшін емдік жұмыстар жүргізуге пайдаланылады. Дәлірек айтқанда, олардың басын біріктіріп тұрған жалпылауыш сема – ыдыс семасы.

Дабыл сөзін тілдік қолданыста жиі ұшыратып жүрміз. Бұл алыс қашықтыққа шартты белгі арқылы хабар беру, тарату деген мағынаны береді, Ал дабылдағыш сөзін автокөлікке орналасқан дабыл беретін құрылғы немесе тетік, дабыл беру процесі ретінде қолданамыз. Осы сөздің алғашқы мағынасын ашып қарайтын болсақ: ) «жаугершілікте, жорықта, той-думанда халықты бір жерге жию үшін пайдаланатын аспап»; 2) «саусақпен қағып ойнайтын музыкалық аспап» деген ұғымдарды білдірген. Кейін әскери терминологияда дабыл термині төмендегідей бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдарды білдірді: 1) «Әскери бөлімшенің белгіленген мерзімде толық жауынгерлік дайындықта болуы жэне алдын ала жоспарланған шепке орналасуы үшін берілетін шартты белгі»; 2) «белгілі бір тәртіптің күшіне енгендігін көрсету үшін берілетін шартты белгі» ретінде қолданылды. Күнделікті түрмыста қолданылып жүрген дабыл сөзі мен әскери бөлімшедегімен ұқсастығы екеуі де шартты белгі. Алайда екеуінің мағынасында алшақтық бар. Бірінде шартты белгі алыс қашықтыққа хабар беру, тарату мағынасын берсе, екіншісі белгілі бір тәртіптің күшіне енгендігін көрсету үшін қолданылады [17, 34 б.]