Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 145

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ә) Араб-парсы халықтарының элементтері. Арба. Сөз төркінін анықтауда оның түсінігі де жәрдемін тигізеді. «Арба» түсінігі «Түсіндірме сөздікте» көлікке жегілетін төрт дөңгелекті, екі дертелі тасымал қүралы [29, 45 б.] деп берілген.

«Арба» араб сөзі екендігі, оның бұл атауы араб, парсы тілдерінде осыған сәйкес дыбысталатын «дөңгелек» мағынасындағы сөзден туындаған. Кейін сәбилерді қыдыртуға арналған қол арба ретінде жұмсалды. Мысалы, Күйме бесік, әдемі велосипед қашан көбейеді? (ЛЖ, 1984, 17май) Май шуақты мерекенің бір сәтінде біз осында бесік-арбамен келіп тұрған жас ананы сөзге тарттық (Қаз. пионері, 1987, 21 май). Қазіргі танда алдыңғы Күйме, бесік секілді сыңарларынсыз қолданысқа түсті. Мысалы, Серуенге шыққанда баланы күн көзінен көлеңкелеп түратын арбамен алып жүру керек («Қазақстан әйелдері» № 7 шілде 2005 жыл).

Мәзір. Қолдан келер сый-сияпат, құрмет мағынасын қазір осы сөзбен де жеткіземіз. «Табылған бар мәзірім осы болды. Мейманым риза бол, деді, Ықыласқа» (Үш ғасыр жырлайды). Халық арасында «Бас мәзір, жоқ жағдай» сияқты мәтел де бар.

Қырғыз тілінде бұл сөз «маазир» тұлғасында айтылып, «кешірім, кешіру» мағыналарын білдіреді. Әрине, бүл бірнеше өзгерістерге кез болып, талай сатылардан өткен ауыспалы мағына. Сөздің түп негізі араб тілі. Оларда «маззе» тұлғалы сөз біздегі «жеңіл тамақ» (закуска) мағынасында қолданылады. «Дастарқан мәзірі» деп жүрген тіркестегі «мэзір» де «тамақ» мағынасын береді [30, 205 б.].

Жаһан// жиһан: жер – жаһан// Жер - жиһан. Берген бе тәңірім саған өзге туыс, Қыласың жер жиһанды бір ақ уыс (Абай). Кезердей жер жаһанның кең көлемін, Жайғасып бір вагонда мен келемін (Ж. Молдағалиев). Парсы тілінде джаһан (жаһан) әлем, дүние деген сөз. Бүл сөз қазақ тілінде жер, әлем мағынасындағы жер сөзімен қабаттаса айтылып, плеоназм жолымен қос сөз жасап тұр [31, 84 б.]. Қазіргі таңда орыстың глобализация сөзінің баламасы ретінде жаһандану, яғни әлемдену, әлемдік деңгейге көтерілу деген мағынада жұмсалып жүр: Жаһандану бізді жып-жылжымай барлық жерде бірдей, саясаттан экономика үстемдік алатын, ал халық барған сайын өз тағдырына ие бола алмайтын әлемге әкелді («Егемен Қазақстан», 17 қыркүйек, 2002 жыл, З-б.).

Санат. Екі жақсы бас қосса, Санат емей немене (Бұқар жырау). Бұл араб тіліндегі 1) сәулет, жарасым; 2) ұлылық, дәреже деген сөзінен алынған болу керек [31, 165 б.]. «Санат» сөзі парсыларды «сәнәд» тұлғасында көрініп,


«документ» мағынасын білдіреді [30, 243 б.]. Қазіргі таңда санат араб тілінде қолданылған екінші нұсқасы, яғни дәреже деген магынада қолданылып жүр.

б) Көршілес түркі халықтарының элементтер. Кейбір ұғым атауларын беруде іргелес орналасқан түркі халықтары тілінің элементтері де пайдаланылады: астана – столица, үдеріс – процесс, көлік – транспорт, бас жүлде – гранпри, мақтау қағаз – грамота. т.б.

Астана. Батырлар жырларында, Махамбетте, Шернияз, Нұрым сияқты өткен ғасырларда жасаған ақын жыраулар тілінде астана жұрт, астана халық деген тіркестер кездеседі. Мысалы, Махамбетге:

Айғайда белдік байланған,

Астана жұртын айналган.

Нұрым жырауда:

Азын көпке теңгерген,

Астана жұртын меңгерген.

1878 жылгы А. Старчевский құрастырган екі тілдік сөздікте, 1897 жылы Орынборда шыққан «Қазақша-орысша сөздікте» астана жұрт, астана халык дегендерді «көп, сансыз көп халық» деп аударыпты. Л. Будагов бұл сөз түркі тілдеріне парсының астан, астана (табалдырық, есік, сарай) деген сөзінен ауысқандыгын айта келіп, қазақ тілінде астана жұрт тіркесі бар екенін көрсетеді де, оны «сансыз көп, зор халық» деп аударады. В. Радлов бұл сөздің әзірбайжан тілінде «табалдырық, сарай, сарай қызметіндегі адамдар» деген мағыналарын барын көрсетеді.

Қазіргі қазақ тіліндегі астана сөзінің «белгілі бір мемлекеттің, елдің орталық қаласы» деген ұғымы бұл сөздің парсы тіліндегі «сарай, әміршінің сарайы» магынасынан алынған болу керек [31, 5 б.].

Көлік. Әр түрлі жұмысқа және жол қатысына пайдаланатын малды осылай айтамыз. «Жауынбай аға, бүгіннен бастап жұмыс көлігіне сіз жауаптысыз» (Б.Майлин, Шығ.).

Ертедегі жазба ескерткіштердің бірінде осы сөздің түбірі «көл» қазіргі тіліміздегі «жегу» магынасында қолданған. «Жегу» мағынасындагы «көл» тұлғасы қазіргі кезде сагай, қойбол сияқты түркі тілдерінде сақталған. Ал монғол, тілі сол түбірге өзіне тән -лөх жұрнағын қоса отырып «хөллөх» сөзін тудырып, мағынасы «жегу» қалпында қала берген. Ал қазақ тілінде ертедегі «көл» етістігіне -ік жұрнагы қосылу нәтижесінде зат есім, басқаша айтсақ, жегілуге тиісті мал мағынасы пайда болған [30, 14 б.]. Қазіргі таңда орыстың транспорт сөзіне балама ретінде қолданысқа түскен: Жолдың қадірін жұрт көлік көбейген сайын біліп жүр гой («Егемен Қазақстан», 10 қазан, 2007 жыл).

Жүлде. Осы жиында Кенен Әзірбаев алып Жамбылмен бірге жүлде алып қайтады. Жүлде сөзінің қазіргі тіліміздегі магынасы «сыйлық, 3 жүлде алу – бәйге алу, сыйлық алу. Бұл сөз бурят-монгол тілінде жүлдэ болып айтылады, мағынасы малдың «кеудесі, я басы». Ал бұл тілдегі зүлд сөзі де «малдың жүрегі мен басы деген магынаны білдіреді» Біздің ойымызша, қазақ тіліндегі бәйге мағынасындагы жүлде сөзі осы монғол тіліндегі малдың басын жүрегін қосып бір мүше қылып атайтын зүлд сөзінен ауысқан болу керек. Сыйлы қонаққа қойдың басын тарту салты күні бүгінге дейін бар. Ал жаугершілік замандарда асқан ерлігі үшін батырларына негізгі мүше ретінде жүрек пен бас тарту салты қазақ арасында да болған сияқты. Сондықтан осы мүшенің аты

жүлде сөзі кейін келе бәйге сөзінен синонимдесіп, үздік адамға беретін сыйлықтың жалпылама атауына айналып, [31, 96 б.] бас жүлде тіркесі ретінде қолданысқа түскен: Көктем аруы 2004 байқауының бас жүлдесін «Қайнар» колледжінің 1 курс студенті Жазира Қожырбаева иеленді. («Маңғыстау», 2004 жыл, 25 мамыр, 8-бет).

в) Тарихи лексика. Қазір өте сирек қолданылатын көнерген сөздер де жаңа сөз қатарын молайтуға үлес қосуда. Мысалы, сондай сирек қолданылатын сөздің бірі кіреуке. Ертеректе батырлардың жаугершілікте жауға киетін сауытын кіреуке деп атаған болса, қазір медицина ғылымының стомотология сапасында кіреуке (эмаль) деп «құрамында 96,5 пайыз бейорганикалық заттар және гидроксиапатит кристалдары бар, тіс сауытын жаба отырып, дентин мен үлпаны сыртқы тітіркенуден қорғайтын, беріктігі жағынан кварц пен апатиттің аралығында болатын организмдегі ең берікұлпаны» атайды [17, 106 б.].

Мәртебе. Ұмартөбе сөзінің қатысымен Статус. Ұмар сөзінің негізінде Марапат (Ыстық ықылас; Қошемет) сынды сөздер жатады. Енді Мәртебе + Ұмартөбе құбылысы туралы Бұқар Жырау Ер Абылайға «Алтын тақтың үстінде Үш жүздің басын құрадың! Арманың бар ма, Хан ием, Мәртебелі Төбеге жайладың!» деп қошемет айтады. Шалкиіз жырау Ер Шобан жырында «Хандар шыққан Төбедей!» дейді. Қазіргі таңда статустық баламасы ретінде қолданылып жүр: Қазақ тілінің мәртебесін көтеруді қағаз жүзінде қалдыруға болмайды («Егемен Қазақстан», 17 қыркүйек, 2002 жыл, 16-б.).

д) Нақты мағыналы сөздердің жалпы мағынаға ауысуы. Нақты ұғым атауынан ауысып, жалпы ұғым атауын беруге қарай ығысып бара жатқан сөздер қатарына мыналарды жатқызуға болады: ақы, қағаз, хат, жай, тану, төл т.б.

Соңғы кездерде хат, ақы, жай, тану сөздерінің алдына анықталушы сөздердің қосылуы арқылы жаңа сөздер жасалып, сөз мағынасының кеңеюіне септігін тигізіп отыр. Мысалы, хат сөзі «письмо» негізінде жұмсалып, күрделі сөздің екінші сыңарында тұрып, әр түрлі қызметтік атауларда жұмсалып тұр: жеделхат - телеграмма, жолдамахат – сопроводительное письмо, кепілхат - гарантийное письмо, сенімхат – доверенность, талапхат – письмо претензия т.б. ақы сөзі негізінде: қаламақы – гонорар, жәрдемақы – пособие, зейнетақы – пенсия, сыйақы – премия; жай сөзі негізінде: мұражай музей, әуежай – аэропорт, мекенжай – адрес; қағаз сөзі негізінде: жолқагаз – проездной билет, түсқағаз – обой; тану сөзі негізінде: өсімдіктану – биология, тәнтану – анатомия, дүниетану – мировозрение, Абайтану, Сәкентану, Мұхтартану, түркітану
т.б. жатады.

Жалпы айтқанда, типологиялық түрғыдан қарастыру жаңа сездердің белгілі бір сапа қасиеттері бойынша, ортақ ерешеліктері бойынша топтастырды. Осы прқылы жаңа сөздерді семантикалық тұрғыдан талдау, яғни мағына жаңаруы, кеңеюі, тарылуы, өзге тілдерден енуі деген мәселелерді қарстыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңа сөздердің алғашқы мағынасын, оның өзгерісін немесе басқа мағынада жұмсалғанын ашып көрсетеді.



ҚОРЫТЫНДЫ
Жаңа қолданыстардың қазақ тілінде дамып, қалыптасуына XXI ғасырдағы жаһандану заманына тән инновациялық үдерістер әлемдік тіл жүйесіне қарқынды өзгерістер әкелді. Ол әсіресе икемді әрі өзгермелі сипатымен ерекшеленетін тілдік жүйенің лексикалық деңгейінде айқын байқалады. Соның көрінісі ретінде, қазіргі кезеңде саяси, мәдени және экономикалық салаларда қарқынды жаңарулардың тілдік өрнектері қазақ және түрік тілдерінің лексикалық және сөзжасамдық жүйесінен көрініс тауып, БАҚ беттерінде «неологиялық жарылыс» орын алуда.

Тілімізге кейінгі он жылдықта тек орыс тілінен ғана емес, шетел тілдерінен толассыз сөздер қолданысқа енуде. Жалпы тілдегі терминология саласы қоғамдағы жаңалықтармен үнемі тікелей байланысты болғандықтан, бұл үнемі жаңарып отырады әрі зерттеуді қажет етеді. Айталық, қазіргі қазақ терминологиясында ғасыр басындағы жағдаймен салыстырғанда айырмашылықтар көп, қазіргі кезеңде біздің тілімізде ұлттық терминологиямен қабаттаса ағылшын тілінен енген сөздер де басымдылық ала бастады.

Тілімізге соңғы 15-20 жыл ішінде еніп жатқан жаң қолданыстардың баспа беттеріндегі қолданысын айқындау жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.

Жаңа сөздер орыс тіл білімінде В.В. Веселитский, А.М. Селищев, А.Н. Кожин, Ю. Сорокин, Н.З. Котелова, В.В. Лопатин, т.б. ғалымдар зерттесе, қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Р. Сыздық, А.Т. Қайдаров, Ш. Сарыбаев, Ө. Айтбайұлы, А. Алдашева, Н. Уәлиев, Ш. Құрманбайұлы еңбектерін атап өтуге болады.

Бүгінгі таңдағы қазақ тіліндегі жаңа қолданыстардың жасалуына қоғамдык-әлеуметтік, ғылыми-техникалық күш-ықпалдармен қатар тілдің өз заңдылықтары да себепкер болып отыр. Сондықтан да жаңа қолданыстардың «дүниеге келуіне» жол ашатын әр алуан жағдаяттар мен факторларға – экстралингвистикалык /сыртқы тілдік/ және интралингвистикалық /ішкі тілдік/ факторлар жатады.

Тілден тыс факторлар арқылы жасалған жаңа қолданыстар. Еліміздің егемендік алуы, тіліміздің мемлекеттік мәртебесін иемденуі, сондай-ақ еліміздің Ата заңын және мемлекеттік рәміздерді қабылдауы және елімізде жүргізілген, жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық т.б. реформаларға байланысты қазақ баспасөзі жаңа сөздер, жаңа қолданыстармен байи түсті.

Ішкі тілдік факторлардың әсері арқылы жасалған жаңа қолданыстар сөз тудыру тәсілдері арқылы, сөздерді басқа тілдерден алу, ауызекі сөйлеу тілінен т.б. арқылы дүниеге келген.

Баспасөз беттерінде қолданысқа түскен жаңа сөздерді