Файл: Білім беру йымы Жамбыл Жабаев атындаы 15 тірек мектебі Блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 146
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға және үнемдеуге болады. | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Отбасы бюджетін үнемдеу жолдарын анықтайды. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Миға шабуыл -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Отбасы бюджеті дегеніміз -әрбір отбасының кірісі мен шығысы есептеліп жасалған қаржылық жоспар. Отбасы бюджеті: Кірістер Зейнетақы,айлық жалақы,жәрдемақы,үкіметтен алған сыйақылар,шәкіртақы..... Отбасы бюджеті: Шығыстар Ақша,киім-кешектер,жиһаздар, қажетті техникалық құралдар,азық-түліктер.... Ақшаны үнемдеудің ең тиімді тәсілі- жоспарлау. № 1 кеңес. Шығыс пен кірісті жоспарлаңыз Ескерерлік жайт, кейбір адамдар өздерінің табыстарының нақты сомасын білмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда отбасылық бюджетті қалай үнемдемекпіз? № 2 кеңес. Несиеге «жол жоқ» Қаржы кеңесшілерінің айтуы бойынша, егер несиеге алынатын зат оны төлеу уақытынан ұзақ қызмет ететін болса, ары қарай табыс табуға септігін тигізетін болса, несие алған дұрыс. Мәселен, кәсіпкерлікті кеңейту үшін несие алуға әбден болады. Ал басқа мақсатта алынған несие – адамның өз ақшасын тиімді басқара алмайтынының көрсеткіші. Егер, Сіз, бүгін бір затты алу үшін ақша жинай бастамасаңыз, кейін мүлде қиналып қалуыңыз мүмкін. № 3 Ақшаңызды жинаңыз Отбасылық бюджетті үнемдеу үшін, ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын жинақтауға кеңес береміз. Бұл сома айтарлықтай көзге көрінбегенімен, кейін қомақты қаржыға айналары сөзсіз. Қолыңызға күтпеген жерден ақша түссе, оны жұмсамай, жинақтаңыз немесе қарыздарыңыздан құтылып алыңыз. № 4 кеңес. Жоспарсыз сауда жасаңамыз Дүкенге барып, өзіңіз қатты қалап тұрған затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Осы оймен ұйықтап көріңіз. Таңертең оянғаныңызда бұл зат бұрынғыдай ерекше әрі сатып алуға тұрмайтындай көрінуі мүмкін. Мұндай «қажетті» заттарға: опа-далап, арзан аяқ-киім, ұсқынсыз жемпірлер мен жеңілдікпен алынған техниканы жатқызуға болады. Аталған заттар тек бір күндік қуаныш әкелуі мүмкін. Одан да қымбат әрі сапалы дүние алғаныңыз артық. Олар сізге ұзақ уақыт қызмет ете алады. № 5 кеңес. Дүкенге жұмыс күндері барыңыз Ұзақ мерзімді картоп, макарон, қант, жарма сынды тауарларды көтерме саудада үлкен қапшықтармен сатып алыңыз. Осылайша сіз ақшаңызды ғана емес, уақытыңызды да үнемдейсіз. Әркез сатып алуды қажет ететін нан, сүт өнімдерін дүңгіршектерден алған дұрыс. Үлкен дүкендердегі түрлі тауарлар мен науқандар көздің жауын алып, артық шығынға әкеліп соғуы мүмкін. № 6 кеңес. Тізімді қадағалаңыз Адам дүкенге барған кезде, міндетті түрде жарма, етті, сүтті өнімдермен қатар тәтті әрі зиянды өнімдерді де сатып алады. Тізімнің 30%-ын қытырлақ картоп, майлы жаңғақ сынды айтарлықтай қажеті жоқ тауарлар алады. № 7 кеңес. Ұсақ-түйекке жол бермеңіз Көше тамағы, шоколад, автоматтағы кофе, сағыз секілді ұсақ-түйектер отбасылық бюджетке жіті әсер етеді. Оның орнына кір жуғыш машинаны сатып алған әлде қайда арзан әрі тиімді. Мәселен жоғарыда атап өтілген тауарлардың бағасы арзан болғанымен, жинала келе қалтаңызды қағуы әбден мүмкін. Егер осы шығындарды жазып отырсаңыз, оны баяғыда байқаған боларсыз. № 8 кеңес. Үйде тамақтаныңыз Көпшілік сырттан тамақтанғанды ұнатады. Жол жөнекей коктейль ішіп, пицца жегіңіз кеп қалады. Салат пен бір стақан шырынды сатып алғаннан келіп кетер ештеңе жоқ секілді көрінеді. Десе де, жинала келе бір ай ішінде айтарлықтай шығын шығаруы мүмкін. Әрине, бюджетті қадағалаймын деп, мүлде өзіңізге шектеу қоймаңыз. Әрбір шығыныңыз алдын ала жоспарлансын. № 9 кеңес. Қымбат әрі сапалы заттар сатып алыңыз «Арзан дүние алатындай жағдайымыз керемет емес» деген сөз әлі күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Жақсы әрі сапалы аяқ-киім ұзақ қызмет етері сөзсіз. Әр мезгіл сайын жөндетуді және ауыстыруды қажет етпейді. Нәтижесінде қымбат зат өз бағасын толығымен өтейді. Сонымен қатар киім, техника, косметика мен тамақтың да қымбат болғаны дұрыс. Сапасы жоғары дүниенің бағасы арзан болмайды. № 10 кеңес. Тазартқыш құралды үнемдеңіз Түрлі тазартқыш ұнтақтар мен еден жууға арналған арнайы сұйықтықтардың бағасы көкке шарықтап тұр. Кейбір фирмалар арнайы концентраттар өндіреді. Олардың бағасы қымбат болғанымен, ұзақ мерзімге жетеді және аз шығындалады. Бағасын көре сала теріс айналмай, қызмет ету мерзімін есептеп көріңіз. Осы кеңестерді өмірде қолданып жүрсеңіз, көп ұзамай ақшаңыздың демалысқа шығуға да жаңа ұялы телефон алуға да жеткілікті екенін байқайсыз. Осылайша сіз өз бюджетіңізді жоспарлауды үйренесіз. Отбасылық бюджетті үнемдеу – қарапайым әйелді нағыз ханшайымға айналдыра алатын, керемет өнер. | Бейнесюжетті тамашалайды Түсінік қалыптастырады. Мамандар кеңесін тыңдайды. | http://youtube.com/watch?v=R-U_Lu733c8 | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Болашақта үнемдеу схемасын құруға ниет бар ма? | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Тіршілік қауіпсіздігі. | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Табиғаттағы, қауіпсіздік | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Табиғатты аялауға,қорғауға, табиғат әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Миға шабуыл ТБАИАҒТАҒЫТ СҚАІПКУІЗД -Қауіп деген не? -Катаклизм деген не? -Төтенше жағдай деген не? Төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер Теледидар,радио.... Катаклизм түрлері.... Табиғи /цунами,жер сілкінісі,дауыл..../,техногендік /көлік апаты,жарылыс, өрт,,,/, экологиялық /түрлі жарылыстар, вулкан, ракеталардың құлауы..../ Су тасқыны кезіндегі әрекет..... Жер сілкінісі кезінде қорғану әрекеттері..... Өрттен сақтану...... Есіңде болсын..... Өрт сөндіру бөлімінің телефоны 101 Полиция телефоны 102 Жедел медициналық көмегінің телефоны 103 Төтенше жағдайлардың алдын алу телефоны 112 | Оқушылар әріптерді орнына қойып,бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарады. Оқушылар толық мағлұмат алады. | Интербелсенді тақта http://youtube.com/watch?v=qBJUBxYe1xQ | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Тіршілік қауіпсіздігі. | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Техниканы қауіпсіз пайдалану | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Техника қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолдана білуді үйрету. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Миға шабуыл Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады? Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер? Өрт қауіпсіздігі бойынша тест Өрт шығып жатқанын көрсен қандай іс-әрекет жасайсын? А) «101» нөміріне қоңырау соғамын -1 Б) Көмекке шақырамын- 2 В) Ешкімге айтпай, қашып кетемін- 1 Егер бөлменін іші ащы түтін болса ? А) Есікті жаппай, терезені ашамын -0 Б) Шығып кетемін -0 В) Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын- 3 Электр сымы өртенсе ше? А) Су құямын -0 Б) Үлкендерді көмекке шақырамын- 3 Үстіңдегі киім өртенсе ше? А) Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын – 0 Б) Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін -3 В) Көрпеге оранамын -2 Егер, тамақ әзірлеген уақытта тападағы май жанса? А) Суланған орамалды жабамын -3 Б) Су құямын -0 В) Тапаны далаға шығаруға тырысамын -0 Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсан не істейсің ,телефон жоқ? А) Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын -3 Б) Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін -1 В) Көмекке шақырамын -1 Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек? А) Бағдарламаны көремін- 0 Б) Үлкендерді көмекке шақырамын -2 В) Телидидарды сөндіріп, өрт сөндірушілерге хабарлаймын -3 Электр құралдарын пайдаланған кезде біз қандай техника қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек? -Ақауларды ажыратқыштарды,розеткаларды мен патрондарды қолдануға болмайды. -Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуіне,жоғары қуатты электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды. -Ашық тұрған сымдарды ұстауға болмайды,себебі ток ұруы мүмкін. -Электр құралдарын қосып,қараусыз қалдыруға болмайды. | Оқушылар сұраққа жауап береді. Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. | Интербелсенді тақта Интербелсенді тақта http://youtube.com/watch?v=UjiIs6ZTWxk | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | | |||
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Тіршілік қауіпсіздігі. | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі. | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Жалпы тақырып жайында түсінік беру, оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. -Пайдалы әрі пайдасыз тағам түрлерін атаңдар.... -Сенің күнделікті жейтін тағамын... Азық-түлік қауіпсіздігі - қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналып отырған мәселелердің бірі және бұл еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болғандықтан ерекше маңыздылыққа ие. 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай анықтама берілген: «азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі». Қазіргі уақытта Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады: - егін алқаптарының қысқаруы және астық жинаудың төмендеуі; - ауыл шаруашылық малдарының қысқаруы; - ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы; - ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы; - жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және тұздануы; - импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі; - табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т.б. жағдайларға дайындықтың болмауы; - агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі; - ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып келеді. Азық-түлік қауіпсіздігінің үш деңгейі бар. Біріншіден, әр мемлекетте қолжетімділік болуы тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі қажет. Екіншіден, азық-түлікті халықтың сатып алуға мүмкіншілігі болуы керек. Басқаша айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі тиіс. Ал үшінші деңгейде азық-түлік сапасы жоғары болуы қажет. | Оқушылармен ой -толғау Азық-түлік қауіпсіздігімен танысады. | Презентация | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Экологиялық мәдениет | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Менің өлкемнің, елімнің экологиясы | ||||||
Сабақтың мақсаты: | «Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек» тақырыбында ой қозғайды. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Жоғарыда айтылған қасіреттерді болдырмау үшін «Табиғатым- тал бесігім» деп дана халқым айтқандай өзіміздің туған өлкеміздің табиғатын қорғап, ластамау біздің парызымыз. «Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек» | Оқушылар бейнесюжетпен танысады. Оқушылар осы тақырыпта эссе жазады. | http://youtube.com/watch?v=zw8Afy-jIlU | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Экологиялық мәдениет | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Табиғатпен үйлесімділік | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Тыныштық сәті. «Орманға серуен». Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Рахмет. « Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» Халық даналығы Сұрақтар: 1. Табиғат тазалығын қалай сақтау керек? 2. «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз? Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. «Күн, су, жер, өсімдіктің адамға қандай пайдасы және адамның оған тигізер пайдасы» | Оқушылар мұғалімді тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді | Аудио музыка Интербелсенді тақта | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |