Файл: Тексерілді Кні 22. 05. 2023 Пні Абайтану Сыныбы 10сынып Cабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 365
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІV Жаңа сабақты меңгерту:
-
Мәнерлеп оқу.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,
Кім көңілді көретін, болады ермек?
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.
Басқа із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Адамзат тірлікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің білі жоқ, ауыл кезіп,
Не қорлық, құр қылжаңмен күн өткізбек?
Наданға арам ақылды құлаққа ілмек,
Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздің кім білер қасиетін?
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
Қызыл арай, ақ күміс, алтын берген
Қызықты ертегіге көтерілмек.
Ақсақалдың, әкенің, білімдінің
Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның сүйгені көп пен дүрмек.
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек.
Бір-екі жолы болған кісі көрсе,
Құдай сүйіп жаратқан осы демек.
Ел бұзылса, табады шайтан өрнек,
Періште төменшіктеп, қайта жемек.
Өзімнің иттігімнен болды демей,
Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек.
Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сабырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,
Өзімен өзі бір күн болмай ма әлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек?
Адалдық, адамдықты кім теңгермек?!
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.
-
Талдау.
3 5 4
Қар-тай-дық, // қай-ғы ой-ла-дық, // ұй-қы сер-гек 12 а
3 4 4
А-шу-ың – // а-шы-ған у, // о-йың – кер-мек. 11 а
4 3 5
Мұң-да-сар-ға // кі-сі жоқ, // сөз-ді ұ-ғар-лық, 12 б
4 3 5
Кім кө-ңіл-ді // кө-ре-тін, // бо-ла-ды ер-мек? 12 а
Шумақ: 1
Тармақ: 4
Бунақ: 3
Буын саны: 11-12
Ұйқас түрі: қара өлең
V Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
-
Өлең қай жылы жазылған? -
Ақын өлеңде не туралы айтады? -
Алғаш рет қай жинақта жарияланды? -
Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды? -
Қандай тілдерге аударылған?
VІ Үйге тапсырма:
-
«Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту. -
Құрылысына қарай талдау.
VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні:
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың он бірінші қара сөзі
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып,қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау; -
Дамытушылық: Есту қабілетін,тілін дамыту,ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту,жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу; -
Тәрбиелік: Оқушылардың бірін-бірі бағалауы,адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесінің тарихи-мәдени негіздерін қалыптастыру,ұрпақтар жалғасуындағы жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау, бағалау, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:
-
«Қыран құс не алмайды салса баптап» өлеңін жатқа айту. -
Құрылысына қарай талдау.
Сұрақтар:
-
Өлең қай жылы жазылған? -
Ақын өлеңде не туралы айтады? -
Алғаш рет қай жинақта жарияланды? -
Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды? -
Қандай тілдерге аударылған?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
ОН БІРІНШІ СӨЗ
Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп
, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші – бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.
Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?
ІV Cабақты қорытындылау:
Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.
Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады.
Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.
Біз сабақтың басында әр түрлі түсті қағаздарды таңдап алған болатынбыз .Енді әр түстің негізгі ұғымдарын түсінейік.Алда Тәуелсіз мемлекетіміздің қасиетті төл мерекесі келе жатыр.Сол себептен мына көк қағазымызға осы отырған қонақтарға,өзімізе және барша халқымызға тілегімізді білдірейік.
V Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VІ Үйге тапсырма: Абайдың он бірінші қарасөзін оқып келу.