Файл: Тексерілді Кні 22. 05. 2023 Пні Абайтану Сыныбы 10сынып Cабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 367

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Біреудің кісісі өлсе қаралы ол,

Қаза көрген жүрегі жаралы ол.

Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,

Зарланып неге әнге салады ол?

Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,

Қыз таныстыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.

Қынаменде, жар-жар мен бет ашар бар,

Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл? деп қазақтың өмірінде поэзияның осындай ерекше орны барлығын ұққан және сол туралы өлең жазған Абай пікірін былайша қорытады:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдің қызығының бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең. Өзінен бұрынғы және өзімен тұстас қазақ ақындарын Абай «жамаулы, құраулы» өлең жазғандықтан ғана өлеңнің көркемдігі, түрі «нашарлықтан» ғана мінемейді, олардың мән-мақсатының жағдайлығынанда мінейді. Ол:

Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,

Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап. Абай бұл өлеңінде «ақындар» деп қазақтың ақын атаулысын түгел алмай, олардың ішінен «мал үшін тілін безеп, жанын жалдағандарды» екшелеп алса, не сол «жанын жалдаған» кім екенін атап айтса, біз бұл арада «онысы дұрыс» дер едік те жүре берер ек. Себебі қайдағы мақтаншақ байға барып, қайыршылық қып мақтау өлең айтып, сөзін малға сатып, өлеңнің қадірін кетіретін «ақындар» қазақта Абайға шейін де, Абай тұсында да, Абайдан кейін де аз болмаған деп айтып кетеді.
С.Мұхановтың «Қара тақтаға жазылып журмендер шешендер»мақаласы.

Өзінің танымын білім деңгейімен таразылау қаперінеде келмеген Сәбит Мұқанов “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” деген аты шулы мақаласын жариялады. Абай жайындағы Сәбит Мұқановтың бұл ең алғашқы пікірі. Тырнақ астынан кір іздегендер де, күнгейінен гөрі көлеңкесін шұқып көрсеткісі келгендер де “аты дардай” осы мақаланы ауызға алады. Атышулы мақаланың атын “ауызтолтырып” айтатындардың бәрі болмағанмен көпшілігі мақалаға шынттап зер салмайды. Олай дейтін себебіміз, автор Абайдың ата-тегінің бай-манап екенін кінәлағаны болмаса, ақындық шеберлігіне тәнті екені көрініп-ақ тұр. «Абай және оның шығармалары туралы көпшілік алдына менің алғаш ауыз ашуым - бұдан 22 жыл бұрын – 1923 жыл еді. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санында «Қара тақтаға жазылмандар, шешендер» деген мақаламда мен Абайды «байлардың Абайы, біздің Абай емес» деген пікірді айтып шықтым. Бұндай солақай, сауатсыз, саяси жағынан да, ғылымдық жағынан да қате жазылған мақаламның шығуына не жағдай себеп болғанын мен 1942 ж. басылған «ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабымда (10-11-беттер) айтқам. Осындай түсінікте болғандықтан Абай туралы баста жиналған біраз пікірлерге қорытынды жасау мақсатымен оқушыларға ұсынғалы отырған осы еңбекті жазуға қалам алдым»,
- деп, алдына қойған игі мақсатын санап-санап шығады. Сәбиттің құжат жинауы, оны кітапқа орналастыруы керемет қызық. Оларды пайдалануы иненің көзінен ететіндей жып-жинақы десек жалған болар, ал ағыл- тегіл мол дерек жинайтынына және оқушыны сонымен елітіп тастайтынына ешкім шүбә келтіре алмас. Соңдықтан да болар тарихи деректерге аңыздық сипат дарып, көп реттерде осының өзі рас па екен деген күдік те тудырады. Ал, шындығына келгенде өсем әңгімелеңген деректердің негізінде шындық бар. Сондықтан Мұқановтың қаламынан туған макала-зерттеулерге кесек-кесегімен келтіретін мағлұматтарға айрықша ұқыптылықпен қарап, әдеби-мәдени және рухани тарихымыздың кажетіне жаратқан абзап. Абайдың ақындығын танып білуге Сәбит айрықша үлес қосқан зерттеушінің бірі екендігінде сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тәжірибені сәтті уштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян.
ІV Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30-жылдары айрықша көзге түскен жазушы?

  2. «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғаған ғалым?

  3. Ғ.Тоғжановтың қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы жарық көрген зерттеу еңбегін айт.

  4. І.Қабылов қандай мақаласында Абайды бай табынан шыққан ақын ретінде бағалаған?


V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма:

  1. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері (Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Сымайылов, З.Шашкин) туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.





Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

3




Абайтану

10







Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.

Сабақтың жалпы мақсаты:Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлерін ұғындындыру.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

Электрондық оқулық

Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

М ҰҚАНОВ Сәбит (1900-73) - қазақтың көрнектіжазушысы, қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі. ҚазССР ҒА-ның академигі. Абайәлемі көп айтылып, жазылып, зерттелінген сайынзорайып, биіктей беретін құбылыс. Абайдың әдебимұрасын тану мәселесінің көптеген қаламгерлереңбектерінде, сыни ойларында әр қилы деңгейдекөрінгені де белгілі. Бір ғана 20-жылдарда, атапайтсақ, А. Сегізбаев: «...Абайдан соңғы ақындардың сөздері тіпті басқа түрге кірген. Оған себеп –Абай кейінгі ақындарға жөн сілтеп, бетін түзеген»десе («Қызыл Қазақстан», 1922, №11), Б. Кенжебаевтың«Абай»атты мақаласында («Еңбекші қазақ»,1925, 14, 15тамыз)прогресшіл, халық ақыны ретінде бағаланды. Осы кезеңдегі Мұқанов мақалаларындаАбай мұрасы әр түрлі деңгейде көрініп, ақынды«байдың Абайы - біздің Абай емес» дегенді айтты(мыс, «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер» атты мақаласын еске алуға болады). Бірақ

жазушының Абайға өнер иесі ретінде қарап, үлгіеткен тұстары мол болды. Ол «Абай – халық ақыны» атты көлемді мақаласында (1939) өзінің Абай туралы бұрынғы ойларының теріс екенін мойындап,керісінше ақын шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін әділ бағалау арқылы ағартушы-демократ, ұлттық поэзияның үздігі дәрежесінде таныды. Мұқановтың Абай жөнінде сүбелі зерттеулер жасағанын «Жарқын жұлдыздар»(1964) монографиясы дәлелдейді. «Бұл монографиялықеңбегімді 1945 жылы жазып бітірген ем. Ақындықшеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды тереңбілу, оның мұрасын игеру ісін мен өзіме кезектіміндет тапқандықтан көлемді еңбек жазумен шұғылданып жүретінмін»,- дейді.«Абай – зор кісі. Ол–зорақын да, зор ойшыл да, зор қоғамшыл да, зор

күресшіл де. Оның осы бейнелерін түгел қамту,әрине, оңай міндет емес. Сондықтан Абайды толықзерттеу, толық ұғу бір жылдың, я бір ұрпақтыңміндеті ғана емес, көп жылдардың, көп ұрпақтардыңміндеті. Әйткенмен, әр ұрпақ өз қолына түскенматериалға сүйене отырып, өз ой өрісі жеткен пікірді


айтуға міндетті.

Оқушылардың алдына ұсынып отырған менің бұл еңбегім әдебиеттегі рухани атамыз Абайдың, оның еңбектерін сүйіп оқушы халықтың алдында Абайтуралы біраз жылдан бері жиналып қорытылған пікірді айту мақсатымен жазылды» дегенді айтып алуды айрықша қасиет деп тапты және өзінің Абай жөніндегі ой-пікірлерінің өзгеру кезеңдерін түсіндіруді шарт санаған.

«Абай және оның шығармалары туралы көпшілік алдына менің алғаш ауыз ашуым – бұдан 22 жыл бұрын - 1923 жыл еді. Сол жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санында «Қара тақтаға жазылмаңдар шешендер» деген мақаламда мен Абайды «байлардың Абайы, біздің Абай емес» деген пікірді айтып шықтым. Бұндай солақай, сауатсыз, саяси жағынан да, ғылымдық жағынан да қате жазылған мақаламның шығуына не жағдай себеп болғанын мен 1942 ж. басылған «ХVIІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» деген кітабымда (10-11-беттер) айтқам.Осындай түсінікте болғандықтан Абай туралы баста жиналған біраз пікірлерге қорытынды жасау мақсатымен оқушыларға ұсынғалы отырған осы еңбекті жазуға қалам алдым», - деп, алдына қойған игі мақсатын санап-санап шығады. Сәбиттің құжат жинауы, оны кітапқа орналастыруы керемет қызық.

Оларды пайдалануы иненің көзінен өтетіндей жып-жинақы десек жалған болар, ал ағыл-тегіл мол дерек жинайтынына және оқушыны сонымен елітіп тастайтынына ешкім шүбә келтіре алмас. Сондықтан да болар тарихи деректерге аңыздық сипат дарып, көп реттерде осының өзі рас па екен деген күдік те тудырады. Ал, шындығына келгенде әсем әңгімеленген деректердің негізіңде шындық бар. Сондықтан Мұқановтың қаламынан туған мақала-зерттеулерге кесек-кесегімен келтіретін мағлұматтарға айрықша ұқыптылықпен қарап, әдеби-мәдени және рухани тарихымыздың қажетіне жаратқан абзал. Абайдың ақындығын танып білуге Сәбит айрықша үлес қосқан зерттеушінің бірі екендігінде сөз жоқ. Өйткені ғылыми ой-пікір мен көркемдік тәжірибені сәтті ұштастырып, тамаша қисындар, теориялық тұжырымдар айтқаны аян. Қазақ поэзиясының ұлттық табиғатынан туатын екі заң бар:

«Бірінші – төрт буыннан артық буыны бар сөзді қазақ поэзиясы қабылдаған емес. Төрт буыннан артық буыны бар сөз қазақ поэзиясына кірсе, ондай сөз поэзияның ырғақтық заңын тас-талқан ғып бұзып, поэзияны прозаға айналдырып жібереді.

Екінші – қазақтың «сөз буыны» дегені, мәселен, орыстың сөз буыны емес. Қазақ сөзінде бес әріпті буын түгіл, «жұрт, «құрт», «сырт» сияқты төрт әріпті сөздер сирек кездеседі. Қазақ сөзінің басым көпшілігі үш әріпті буындардан құралады, Қазақ поэзиясы буынында үш әріптен артық әрпі бар сөзді талғап қабылдайды» деген теориялық ойлар Сәбиттің өте нәзік те терең зерттеуші екендігін көрсетіп, әдебиеттануға зор үлес болып қосылады.


Осы ойын әрі тарамдата келіп, «Абайға шейін қазак өлеңдеріңце ұш тұрлі түр болатын», - деп, «жыр» мен «қара өлеңге» тоқтайды да, үшінші түр деп атағанына терең талдаужасамайды. Қалай болғанда, Абайдың ақындық шеберлігін, қазақ өлең жүйесіне жасаған реформалары мен жаңалықтарын ашып берді. «Осы үшеуінен басқа өлең түрі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында жоқ. Абаи осы үш түрдің үшеуін де өзінің шығармаларында үнемі қолданады. Бірақ қазақ поэзиясындағы өлең құрылысындағы бұл үлгілерді Абай бұрынғы дәстүрлі күйінде ғана қабылдамай, ол үлгілерді өңдейді, өнерлендіреді» деп білді. Алайда бұған Мұқановтың өзі де ортақтас екенін ұмытпайық.

1939 жылы Абайдың екі томдығына жазған алғы сөзінде «Абайдан бұрын қазақ поэзиясында екі-ақ түр болды» деп тұжырымдағанын бірнеше жылдан кейін сынық, кетік жолға бола үшінші түрді шығаруы әрине, тереңірек зерттеуді қажет етері сөзсіз. Қалай болғанда да ғылыми ойлар әркездегі ізденіс-топшылауларға байланысты өзгеріп отырғаны жөн, әйтпесе, «бір рет айттым, енді одан қайтпаймын» деп қасарысу әшейінгі менменсіген пенделік болмақ. Ал өзгеріске ұшырау, дамытып отыру, бірде сәтті, бірде шалыс түсу секеттейтін нәрсе емес. 1945 ж. Абай туралы кесек монография жазған шығармаларына тән бір ерекшелікті айрықша айта кеткен жөн. Ол –Сәбиттің тарихи шежірелігі. Абайға байланысты айтылатын ой арқылы қазақ оқырманын өзінің тарихына тереңірек үңілдіре түсу, қызықтыра баяндау машығы осы монографияда мейлінше анық көрінеді. Кейбір зерттеушілер Сәбеңнің бұл тәсілін сюжетті ауырлату, артық деталь деп есептегенімен, өзінің азаматтық тарихы түбегейлеп жазылмаған қазақ сияқты момын халық үшін, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін айрықша қажет. Осы тұрғыдан келгенде Сәбиттің шежірелік түйіндерінің күні енді туды, халық қажетіне енді мықтап жарайды. Абайды айтқанда халықтың тарихын қосарлап отырмаса Абайдың ұлылығын тануға кеселін тигізер еді. Жалғыз Мұқанов қана емес, қолына қалам алған жанның, ел мақсатын айтпақ болған шешендер мен ойлылардың Абайсыз ауыз ашпайтынын ескерер болсақ, онда Сәбиттің жамбасы қара жерге тигенше ұлы кемеңгер ақынның рухын айрықша ардақтап өткенін көреміз. «Қазағым» дегенді «ұлтым» деген мағынада түсінген Абай туған халқының өмір шындығының араламаған түкпірін қоймады және көрген-білгендерінің барлық бейнесін шығармаларына түсіріп отырды. Ол өмір шындығының тіркеушісі емес, көрген-білгендерінің сыншысы және кем-кетікті қатты сынау арқылы түзетуге тырысушы. Сондықтан ол ұлт ақыны. Қазақ халқының ұлт әдебиетін, ұлт тілін өркендетуде Абайға ешкім тең келмейді. Абайға шейін де, Абайдың тұсында да қазақтың ұлт мәдениетін Абайдай көтерген ақын жоқ. Абай жасап кеткен биік – тым зор биік. Қазақтың Абайдан кейінгі ақындары идея жағынан болмаса, өлеңнің шеберлігін ол биіктен әлі де асыра алған жоқ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, тұңғыш просветитель-демократ, классик ақын – Абай» деген қорытынды тұжырымы Мұқановтың ғалымдық танымын, жазушылық арын айқын танытады.