Файл: Тексерілді Кні 22. 05. 2023 Пні Абайтану Сыныбы 10сынып Cабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 363
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тексерілді:
Күні: 22.05.2023
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Cабақтың тақырыбы: Шығармашылықжұмыс. Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайтану курсы, Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік:елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелертоптастырылып берілді;
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;
Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;
Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:
қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;
курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.
Курсты оқытудың мақсаты:
1)ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.
2)ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын,ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.
3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға,толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5)ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
6)ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
Курс жүктемесінің көлемі:
10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
Абай дәуірі - Абай өмір сүріп, шығармашылық қызметпен айналысқан кезең – XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ қауымының әлеуметтік, экономикалық саяси және мәдениет өміріндегі түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Бұл өзгерістер соншама белгілі деңгейде бір жарым ғасырға созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарында аяқталған қазақ жерінің Россияға қосылуына байланысты туындады. Патша әкімшілігіне өлкені отаршылдық тұрғыда игеру үшін қазақ даласына басқарудың барлық біріңғай жүйесін енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру арқылы Қазақстанды түгел дерлік бағындыру қажет болды. Сібір қырғыздары аймағына Орта жүз жайлаулары, Ұлы жүздің Батыс Сібір губернаторлығының қарамағындағы бөлігі қарайтын. «Жарғыға» сәйкес бұл жерлер, болыстар мен ауылдарға бөлінеді. Округтар қауымының рулық бөліністерін ескере отырып, қысқа қоныстар негізінде ұйымдастырылды. 19 ғасырдың бас кезінде патшалық құрылыстың ең басты тірегі болған сұлтандардың экономикалық және саяси жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Олардың феодалдық билеуші ретіндегі праволары мен ықпалы барған сайын шектеле түсті. Бірте – бірте батырлар да қоғамдағы өз мәнінен айырыла бастады. Сұлтандар өкіметінің құлдырауына байланысты алым – салық жинайтын төлеңгіттердің де қажеті болмай қалды. Жаңа әкімшілік құрылыс бойынша басқаратын округтарға бөлінді. Орта жүз жері сұлтандар басқаратын округтарға бөлінді,аға сұлтандар бұрынғыдай емес, сайланып қойылатын болды. Сайлау барысында жергілікті патша әкімшілігі бақылау жасады. Бұдан былай билеуші сұлтандыққа бұрынғыдай « Ақсүйек» атанған Шыңғыс әулетінің өкілдері ғана емес, ру феодалдарынан көтерілген дәулетті адамдар да сайланатын болды.
Ру феодалдарының ішінде руларды басқарған билердің шарты күшті болды. Экономикалық билікті қолдарына жинақтап, сот ісін жүргізген билер өздері басқарған рулар ішінде көптеген артықшылықтар болды. Жерді бөлу билігі солардың қолына көшті, ру аралық соғыстар мен қақтығыстарда саяси белсенділігі артты. «Жарғыда» билер сотына шектеу қойылып оны бірте – бірте жалпы мемлекеттік сотпен алмастыру көзделді. Ірі байлардың, сондай – ақ, болыстардың, сайланып қойылатын соттардың, ауы ақсақалдарының ықпалы күшейді. Халықтың басым көпшілігін әр түрлі патриархалдық – феодалдық қанауға ұшыраған қазақ шаруалары құрды.
19 ғасырдың екінші жартысында өзара кереғар келетін түрлі право нормалары: әдет (Қазақтардың әдет – ғұрыптық правосы), шариғат (мұсылмандық право нормалары) және жалпы орыстық право нормалары қатар қолданылды. Тарихи деректерге қарағанда Абай Павлодар, Қарқаралы, Семей, Өскемен уездері мен Семей облысы Зайсан приставтығы билерінің 1885 жылы ру аралық Шар съезіне қабылданған ережені дайындауға қатысқан. Ол ұсынған жоба 93 баптан тұрды. Онда қазақтың дәстүрлік праволық заң жүйелері көрініс тапқан, сонымен қатар азаматтық және отбасылық – некелік қатынастарға байланысты жаңа дәуір талабы да ескерілген. Отарлық саясаттың күшеюіне қазақтың әдет –ғұрып заңдарының бірқатар негізгі ережелері бірте –бірте патша өкіметінің қылмысты істер заңдары нормаларымен алмастырыла бастады. 19- ғасырдың ортасында Қазақстанның саяси өмірі ру аралық күреске толы болды.Бұл күресте феодалды билеуші топ әдеттегісінше тек қана өздеріне пайдалы экономикалық және саяси мақсаттарды көздеп, ол алауыздық қақтығыстарды бұқара халыққа ру мүддесін қорғау жолындағы күрес етіп көрсетуге тырысты.Құнанбайдың заңға қарсы әрекеттегі істерді қозғау ұзаққа созылды, ол 1862 жылға дейін созылып нәтижесіз қалды. Бұл тергеудің мұнша ұзаққа созылуы – ру аралық күресті бәсеңдету үшін ерекше жағдайларда ғана болмаса батыл шаралар қолдана қоймайтын патша өкіметінің отаршылдық саясатын айқын дәлелдейді. Патша өкіметі оларды әдетте отаршылдыққа қарсы күрестен бұрып әкету үшін жергілікті жерлерде қазақ руларын іштей өзара қақтығыстар жағдайында ұстауға тырысты.
Туған жеріне оралып, Көкше – Тобықты болысының ел билігін қолына алып, болыстық қызметке қайта отырумен аяқталған Құнанбай ісінің ақыры - патша өкіметінің осы саясатының айқын көрінісі. Бұл жер тұтастығы – қандас туыстық (Бір атаның) ұрпақтары туралы түсінікпен қатар идеологиялық мәселеде көбіне патриархалы – рулық сарқыншақтарды мүдде тұтып, руды экономикалық және саяси жағынан біріктіруге негіз болды. Халықтың санасындағы патриархалы – рулық сарқыншақтар еңбекшілердің таптық сана – сезімінің қалыптасуын кешеулетеді. Таптық күрестің дамуына тежеу болып, феодалдардың оны өз мүдделерін қорғау үшін пайдалануларына көмектесті.
ІІІ Сабақты бекіту: Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін құрылысына қарай талдатамын.
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін - өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
¹Ғадауат (арабша) - дұшпандық, ашу, жек көру
ІV Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
-
Абай өмір сүрген дәуір қандай кезеңге тұспа-тұс келді? -
Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деп жырлауының себебі неде? -
Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі неде?
V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VІҮйге тапсырма: Абайтану курс туралы түсінік.
Тексерілді:
Күні:
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Cабақтың тақырыбы: Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік:елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау: Абайтану курс туралы түсінік.
Сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау:
-
Абай өмір сүрген дәуір қандай кезеңге тұспа-тұс келді? -
Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деп жырлауының себебі неде? -
Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі неде?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар
Қазіргі әдебиеттану ғылымында абайтану ғылымының бір тармағы болып абайтану тарихы да өрісін кеңейтіп келе жатыр десек қателесе қоймаймыз. Сол себепті абайтану мәселесін сөз еткенде абайтану тарихына да тоқталмай өту мүмкін емес. Осы ретте «Абайтану ғылымының бел-белестері» деп аталатын ғылыми еңбек жазған академик, филология ғылымдарының докторы, профессоры Серік Смайылұлы Қирабаевтың келесі бір пікіріне назар аударсақ, ол төмендегідей: «Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы ой-пікірлердің жарық көруі де осы ғасырдың бас кезінен басталады. Бірақ Абайдың алғашқы зерттеушілерінің аты-жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып, Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтаңдақ күйінде қалып келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды».
Абайтану тарихына қатысты ғалым Зәки Ахметов былай деп бағамдайды: «Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады».
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір» мен «Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын, оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақын өзі қолмен жазған қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдер өте аз, сондықтан олар қосымша деректер ретінде бағалануы орынды. Ал кейінгі жинақтарды айтсақ, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдер 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітапта жарияланды. 1922 жылы Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар сол 1909 жылы жинақта жария болған шығармаларды қамтиды.
І.Жансүгіров 1923 жылы «Тілші» газетінде Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды көрсетті.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н.Белослюдов т. б. атсалысты. Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын мойындаған жөн.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 жылы М.Әуезов бастырған жинақтан және 1934 жылы жарық көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов болды. Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүниежүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі боп табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Алдағы уақытта осы ғылыми басылым үнемі негізге алынуға тиіс. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, саналуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйінішәлиев, М.Мырзахметов, А.Ысқақов, Р.Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты.
Абайтану тарихында тың серпіліс жасаған, жаңа сарын қалыптастырған, ең бастысы қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану тарихын жасаған ғалым М.Мырзахметұлы. Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұзақ жылдар бойы абайтану ғылымына қосқан орасан зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған М.Мырзахметұлының бұл кітабында ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен архив қазыналары егжей-тегжейлі екшеленіп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған. Бір ғасырдан бастам уақыттағы ұлы ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бүгінгі күн тұрғысынан жан-жақты таразыланды, ой елегінен өткізіледі, баяндалады.
Ұлы Абай мұрасын тануда, танытуда, дәлірек айтқанда абайтану тарихын жасауда ерекше роль атқаратын зерттеулердің бірі монографиялық зерттеулер десек қателесе қоймаймыз. М.Мырзахметұлы өзінің бұл мәселелерге арнаған еңбегін «Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде» деп атапты. Демек ғалым Абай мұраларын там-тұмдап зерттеудің нәтижелері уақыт өте келе үлкен, көлемді іргелі зерттеуге ұласқан тарихын атап көрсетеді.
Абайтану тарихын сөз етіп отырғанда ұлы Абайдың әдеби мектебі жайында айтпай кету мүмкін емес. Сол себепті профессор Мырзахметұлы бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, зерттеу нысанасы етеді.
Қазіргі кезде, әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеологиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылымы жаңа белеске көтеріліп, жалғаса, толыға беруі керек. Абай творчествосының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер ғана абайтану ғылымын байыта түспек.
ІV Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
-
Серік Сымайылұлы Қирабаев абайтану ғылымына қатысты қандай пікір айтты? -
«Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады». Пікірді айтқан ғалым. -
40-50 жылдарда Абайтану ғылымыныңжаңа белеске көтерілуіне үлес қосқан ғалымдарды атаңыз. -
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген ғалымды атаңыз.
V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VІҮйге тапсырма:
-
Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар туралы түсінік. -
Реферат жазу.
Тексерілді:
Күні:
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Cабақтың тақырыбы: Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері. (Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Сымайылов, З.Шашкин)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абай еңбектеріне қатысты зерттеулер, ой-пікірлер туралы толық түрде түсінік бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік:елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:
-
Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар туралы түсінік. -
Реферат жазу.
Сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау:
-
Серік Сымайылұлы Қирабаев абайтану ғылымына қатысты қандай пікір айтты? -
«Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А.Байтұрсынов, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», — деп Абайды аса жоғары бағалады». Пікірді айтқан ғалым. -
40-50 жылдарда Абайтану ғылымының жаңа белеске көтерілуіне үлес қосқан ғалымдарды атаңыз. -
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген ғалымды атаңыз.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Абай еңбектеріне қатысты зерттеулер, ой-пікірлер
ҒаббасТоғжанов Абай туралы алғашқы ауқымды еңбегі – «Абай» атты моногр. очеркінен (1935) сол кезде үстем болған тұрпайы социологизмнің және соған байланысты туған «Абай үстем таптан шықты, сондықтан да ол – сол таптың өкілі» деген ағат пікірдің сілемі байқалады. Тоғжанов таптық тұрғыдан Абай «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» деген тұжырым жасайды. «Абайдың тілейтін арманы жақсы бай, өнерлі, епті бай» кедей-бұқараның қамын ойламады, «орыстың дворяндар бастаған ультрасын үлгі қылады» деген солақай сын көрініс береді. Таптық тұрғыдан осылай дей тұрғанмен де, очеркте Абайдың ақындық шеберлігіне байланысты соны ойлар айтқан. Ол Абай реализмін жоғары бағалаған. Абай «қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болды», «орыс әдебиетінің үлгілерін алды», «жаңа әдебиет түрлерін жасады», «қазақтың тіл байлығын ұқсата білді», «Сөз патшасы - өлең тілін әдемілеп сырлап, құндызша құлпыртқан Абай болатын» (128-6.), - дей келіп, оның ақындығын «таусылмайтын бұлаққа» теңейді. Ақын туралы ойларын «Абай - самородок, қарадан оқымай шыққан талант» (137-6.), -деп түйіндейді.
Ғ.Тоғжановтың«Абай» зерттеу еңбегі – қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 жылы жарық көрген зерттеу еңбек. Қазандағы «Кәмил Жақып» баспаханасынан латын алфавитімен жарық көрген. Автор өз зерттеуін шағын 10 тақырыпқа және қорытынды бөлімге бөліп, Абайдың ақындық жолына, ол өскен уақыт пен ортаға, ақынның жекелеген көзқарастарына, оған шығыс және орыс әдебиетінің ықпалы тақырыптарына шолу жасауды ниет еткен. Автор Абай шығармалары туралы кезінде келелі пікір айтқан А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, I. Жансүгіров, Т. Рысқұлов тұжырымдарын теріске шығаруға күш салып, әділ төрелік тізгінін әміршілдік-әкімшілік нұсқауларға ұстатып, елеулі қателіктерге ұрынған. Абайды байшыл-феодалшыл ақын ретінде көрсетіп, оның әйел теңдігіне, кедейлерге көзқарасы керітартпа діншілдік
талаптардан аса алмады, ұлт ақыны емес, ұлтшылдық пиғылы басым болды деп айыптайды. Абай ақындығының қалыптасу жолындағы Шығыс классиктері шығармаларының маңызын теріске шығарып, оның шыншылдық сара жолын белгілеп берген орыс әдебиеті ғана деген сыңаржақ тұжырымға ұрынады. Күнбе-күнгі тұрмыстық көріністерді ғана сынап, үлкен әлеум. мәселелерді, жалпыхалықтық тақырыптарды көтере алмады, көп өлеңі қысқа үгіт, өсиет түріндегі нәрселер ғана деген қате тұжырымдар жасайды. Дегенмен кітап соңында «Абай – самородок, қарадан оқымай шыққан талант» деп мойындауға мәжбүр болады, оның шыншылдық, қазақ поэзиясындағы жаңашыл-дық қызметін, аудармашылық шеберлігін жақсы жағынан атап өтеді. Кітап соңында қосымша ретінде автордың «Ескі әдебиет мұраларын пайдалану жайында» деген мақаласы берілген. Кітап көлемі 10,5 б. т., 8000 дана болып басылған. Жаңа туып келе жатқан ұлт буржуазиясының өкілі болуы себепті де Абай буржуазияшыл әдебиеттің ақыны, қазақ қоғамындағы буржуазияшыл ойдың атасы деген көзқарасты І.Қабылов, Ы.Мұстанбаев, Ғ.Тоғжанов, Ә.Лекеров, С.Асфандияров, Ә.Мәметова
т.б. ұстанды. Мысалы, Ғ.Тоғжанов: Абай шығармаларын «… әбден капиталдасқан қазақ байының тілегінен туған жыр» деп танытты. Абай қазақ даласындағы жаңадан туып қалыптасып келе жатқан буржуазиялық топтың идеологы деген көзқарасты 30-шы жылдардағы қазақ әдебиетінің сын жанрында кең көлемде насихаттап таратуда Ғ. Тоғжановтың әрекеті басым жатты. Абайтану тарихында тұңғыш монографиялық «Абай» кітабын жазған Ғ. Тоғжановтың зерттеулік еңбегі айта қаларлықтай құбылыс болса да, ол тұрпайы социологиялық танымның шеңберінен шыға алмады.
1920 жылы басталған Абай мұрасы жайында айтыс та қоғам талабынан туындады. С.Мұқанов «Қара тақтайға жазылып жүрмеңдер шешендер» (1923), Ғ.Тоғжанов «Абай» (1935), І.Қабылов «Абайдың философиясы және оған сын» (1928) мақалалары Абайды бай табынан шыққан ақын ретінде бағалаған.
Ы. Мұстанбайұлы «Абай» (1928), «Ақын Абай және пәлсапашыл Ілияс туралы» (1929), М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» мақалаларында ақын шығармашылығын қоғамдық-танымдық қызметін ашып бере алды. Абай өлеңдері төңірегінде 20- жылдарда,одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды.Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны»атты 1913 жылы жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы,ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы,өнерпаздық өзгешелігін,асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің,білгірліктің,өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың,талғампаздықтың үлгісі деуге лайық.Бекейханов, Байтұрсынов, Дулатов ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып,ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н.Рамазанов,Ғ.Сағди,ы.Мұстамбайұлы және Н.Н.Белослюдов тағы басқалар ат салысты.Абайдың соңғы ақындарының ішінен Ж.Аймауытұлы М.Дулатұлын ерекше атап,оның ақындық өнеріне,өлеңдерінің күшті қуаттылығына жоғары баға берді. «Міржақыптың көркем әдебиеттегі ұстазы-Абай...Ахмет,Міржақыптар алғаш қолдарына қалам алып,әдебиет майданына құтты қадамдарын бастаған шақта,олардың көз алдына адастырмас жарық жұлдыз-Темірқазық-Абай тұрды»,деген Қ.Мұхамедханұлының пікірі А.Байтұрсынов,М.Дулатұлының Абайды өздеріне ұстаз санап,үлгі тұтқандығын анықтайды.
Абайдың әдеби мұрасын халықтық тұрғыдан танытуда революционер – демократтардың пікіріне сүйене отырып, 30 – шы жылдардың ортасында тұңғыш рет Абайды халықтық ақын ретінде танытуда бастама пікір көтерген әдебиет сыншысы Мұқаметжан Қаратаев еді. Өзінің А. С. Пушкинге арналған мақаласында: «Пушкин поэзиясында Белинский тапқан халықтық, сатира, көркемдік деген үш элемент Абайдың поэзиясында да табылады… Екеуінің шығармасында да, халықтың, еңбекші адамның тілегі көрініп тұрады», - деп Абайды халықтық мүдденің жыршысы ретінде таныстырады. Осы мақаланың артынша – ақ Абайдың әдеби мұрасын танып бағалауда елеулі кедергіге айналған кейбір Абай мұрасын зерттеушілердің (С. Мұқанов, І. Жансүгіров, Ғ. Тоғжанов, І. Қабылов т.б.) тұрпайы социологиялық көзқарастары алғаш рет сынға алынып: «Абай маңындағы сынның әлі күнге дейін жетіліп кетпеуіне негізгі себеп – осы вульгарлық әдіс» - әдебиет саласында сірескен пікір сеңінің бұзыла бастаған қалпын көрсетті.
Нәзір Төреқұловтың«Әдебиетімізге көз салу» мақаласы. Бұл мақала жалпы осы қазақ халқының әдеби тілінің жаңашылыдығына, келешекте ұлт әдебиетіне үлес қосу. Орыс Европа әдебиетіне еру мақұлырақ болар деп шештім. Үйткені шарқта ұлт әдебиеттері жалғыз Европа мәдениеті басшылығы арқасында жарыққа шықты. Европа мәдениеті мектептерінде оқып жатқандар ұлт әдебиет мектептерін ашты. Шнасилар, Қамалдар, Әминдер, татарда Тоқай, Ғаяз, бірінші газетші Смайл Гаспиринский, қазақта Абай, баршылары Франк, орыс әдебиеттерінің пікірлері идиалдарымен мәлім болды-баптанды. Европа еліктеу менімше онша қорқынышты емес. Үйткені Европа мәдениетінің бір асылы дух критицизма рух сыны; бұл бізді жүре алмайтын тұйыққа, шыға алмайтын шыңырауға алып кетпес. Еліктеуіміз өлшеуден шығып бара жатса, рух сыны бізді және көзімізді көрсетер. Абай әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біздің үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе Абай үшін араб, ғажам жолы да ашық еді.
С.Мұқанов Абай өлеңіндегі жаңашылдық туралы пікірлері С.Мұқановтың «Жарық жұлдыз» (А.Құнанбаев шығармашылығы туралы) кітабы. Абай – қалам ұстап әдебиет майданына аттанарда өзінің ой-өрісімен түсініп, өзінің қай заманда туғанын, ақындық талантын не мақсатқа пайдалану қажетті екенін анықтай алған ақын.
Өзінің бұрынғы және өз заманындағы қазақ әдебиетін Абайдың қаншалық білгендігі оның шығармаларынан көрінеді.Жалпы қазақ өмірінде поэзияның орны қандай екендігін Абайдың қалай ұққандығы оның мына өлеңінен көрінеді: