Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 11407

Скачиваний: 139

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әскердің далалық қоныстануы

Дала жағдайында жеке құрамның орналасуында ( елді пунктте) белгіленген ауданды алдын ала барлау жүргізуден бастайды.Ол үшін бөлім командирі, боліше командирдіңі тыл жөніндегі орынбасары, инженерлер мен медициналақ қызмет бастықтарын жұмылдырады.

Әскердің далалық қоныстануында командирдің тыл жөніндегі орынбасары, тұрғызылып салынатын тұрмыстық және шаруашылық құрылыс бөлімшелерін көлікпен және табелдік мүліктермен қамтамасыз етеді.

Инженерлік қызмет бастығы жеке құрамға , далалық құрылыс және шаруашылық үшін жәй құрылыс салуға нұсқау береді, бөлімшеге техника, табелдік құрал- жабдықтарды, құрылыстық жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді

Медициналық қызмет бастығы бөлімшедегі құрылыс үшін – жер телімін таңдайды, онда орналасатын үй –жәй, шаруашылық құрылыстарын бақылай отырып ескертулер жасайды, ағымдық бақылауда бригаданың орналасқан ауданын, санитарлық күйін, ондағы бөлмелерге, шаруашылық қызмет, монша- жуыну орындарының, жеке құрам үшін қызметін сол күй жайдағы қоғамдық тазалықты сақтау ережелерін бақылайды.

Далалық жәйдың салынуы, типтік жобаға сай, жер телімінің құрғақ жерлеріне (сызбасы мен сұлбасы) су көзіне, жолға жақын, өндірістік объектілерден алыстау, су көзінің ластануын болдырмайтын, оны қорғауға, сақталуына ыңғайлылық болатындай болуы керек. Ондай құрылысты тұрғызуда табельдік шатырлық мүліктер және қосалқы материалдар пайдаланады. Құрылыстың көзі бүркемелі, су ағып кететін ылдилау кішкене су ағар арықтары болады.

Жауынгерлердің д а л а л ы қ қ о н ы с т а н у ы н ы ң 4 т ә с і л і: оқу орталығы,бивактық, пәтерлік және аралас-бивактық немесе пәтерлік-бивак.(3-сурет)

Әскер оқу орталығында немесе тұрақты (стационарлық) орналасуда немесе оқу лагерлерінде қоныстанады.

Дамылдайтын орынға қоныстануда жергілікті жерге байланысты, әскерді уақытша орналасуына, ондағы тұратын және шаруашылық құрылысқа, жеке құрам ондағы табелдік мүлікті және қолма қол қолданатын материалдарды ұстайды. Әскердің қоныстануында марш кезінде, бөлімшенің демалу кезінде кешенді толықтырады, уақытша тиым салу кезінде пайдалануда болады. Пәтерлік қоныстандыру тұрғын пунктте, оқу жаттығу және демалу үшін пайдалынатын бөлмелер, пәтерлік орналасу бөлмелері деп аталынады.

Аралас, пәтер бивакта штаб әскерлері, медициналық пункт, шаруашылық және тағы да басқа бөлімшелер қоныстанады, ал оған қоса құрылыстық бөлімшелер мен техника жорық лагерлерінде болады.

Далалық тұрмыстық шатыр, аспалы тосқауыл, жертөле, қармен жабылған қоршалған орын, ал лагерь аумағында әр түрлі құрылыстарда болады (шаруашылық, тамақтанатын, далалық монша, т.б.).


Қар жабынды

Қос

ққ

Үй және басқа азаматтық



барак

шатыр

Тұрғындарға арналған құрылыс






Жертөле

тосқауыл



Бивак

Пәтерлік қоныстану

Оқу орталығы (лагерь)

Аралас қоныстану

Далалық қоныстану





Арнаулы бөлмелер























3-Сурет. Әскерді далалық жағдайда, қоныстандыру тәсілі және түрлері.


Далалық тұрақта басқа да әскердің қоныстануы үшін далалық фортификациялық имараттар – жабынды шатқал, блиндаж (4-8 адам үшін жабық үлгідегі фортификациялық құрылыс) немесе паналық орындар. Кейбір жағдайда әскери құрам үшін танкты, бронотранспортер, автомобиль үстінде, тіркемелі қондырғыларда демалуға тура келеді ( ол тек белгілі қысқа уақытта болатын жағдайда).



Қоныстануға арналған имарат



Тұрақты имарат

Уақытша имарат







Әскери техни-калық обьект объекті

Далалық тұрғын үй

шатырлар

тосқауыл

қос

жертөле

Қармен қоршалған пана

Дала фортификация-лы имарат

Жеке құрылым панасы

Жабық саңлау

блиндаж

пана

Әскери техника



казарма







Тұрақты паналық орны





















2-Сұлба.Әскердің далалық қоныстануында қолданылатын имараттар

Д а л а л ы қ ә с к е р и л е р д і қ о н ы с т а н д ы р у д ы ң е р е к ш е л іг і . Гигиеналық тұрғыдан алғанда, дала жағдайында әскерилердің қоныстандырудағы орналасу ерекшелігіне жататыны: уақытша орналасу сипаты, төмендеу жерлерде коммуналды шаруашылықты қамтитындар, климаттық, гелио-геофизикалық жағдайға қарай фауна мен флораның зиянды әрекеттері тимейтіндей, сумен қамтылуда қиындық тудырмайтындай қалған қалдықтарды шығарып тастауға жеңілдік болатындай ерекшеліктер болуы керек. Далалық қоныстанудың уақытша сипаты,құрлыс жұмыстары мен бөлімнің қолайлы ауданға орналасуын шектейді. Далалық қоныстандыру ерекшеліктерінде құрылыс жұмыстарының көлемі көп, күрделі болмауы, белгілі шегі болуы, қолайлы құрылыста орналасқан ауданның ыңғайына қарай тыныстық, инфекциялық ауру тудырмайтындай болуы керек. Орман ағаштары сирек, қалың, биік, бұталы орындарда бивактар орналасқанда қиындық тумауы керек.Ірі бұталы жерлер немесе ормандары сирек орындарға бивакты қоныстандыру ыңғайлы.Суды тұтынудың шектеулі жағдайында көлемі үлкен емес аумақта қоныстану ұзақ мерзімді болмасада (егер шара қолданылмаған жағдайда) жергілікті жердің өзі де ластанып кетеді.

Эпидемияға қарсы көңіл бөлуде, әскери құрамға, осы орталық пен бивакқа (жорық лагеріне) қолайлы, ал толық демалуға, әсіресе суық мезгілде, ыңғайы келсе, онда олар елді пунктте қоныстанғаны дұрыс.

Әскерді,оқу орталығын пайдаланып, әртүрлі тұрмыстық жағдайға арнаулы бөлмелерде орналастыру, казарманың барлық гигиеналық талабына сай келеді.

Майдан лагері, жел басым болатын жағына қарай анықталады. Үш бағыттағы майдан сызықтары және тылдық лагерлік жолдардың тарамы: 1-тарамда (алдыңғы аралық пен орта сызықты) бөлімшелер қоныстанады, екіншісіне штаб, медициналық пункт, асхана және үшіншісіне – шаруашылыққа арналған құрылыс, қойма және әжетханалар. Шатырлық ұя ( көлем 5х5м), майдандық рота 2 немесе 3 ұяшықтан, майдан аралары 2,5 м, тереңдігі 5м. Шатырлардан соң, аралықта қол жуғыштарымен жабдықталады, ішетін суды жер астында ыңғайлы жасалған салқын қоймада сақталады. Спортпен шұғылданатын алаң ,алдыңғы сызыққа ілгерлей орналасады. Пайдаланатын су көзіне күзет қойылады. Егер санитарлық эпидемиологиялық баға беруге сәйкес келсе,ашық су қоймаларының жағасы, жеке бөлектеніп қоршалады, ішетін су орны, адамдар суға түсетін және киім жуатын, машина жуатын бөліктер деп бөлінеді.


Әскерді пәтерлендіру арқылы орналасуда, егер олар санитарлық- эпидемиологиялық баға беруге сәйкес келсе,қоғамдық ғимараттар немесе тұрғын үйлерді пайдалануға болады, санитарлық- эпидемиологиялық жағдайға қолайсыз болса әскерді қоныстандыруға тыйым салынады. Жеке құрамдар орналасуы мүмкіндігінше жергілікті тұрғындардан жеке болған дұрыс. Ішетін су, тамақтануға пайдаланылатын арнайы бөлімннің су көздері болуы керек, олар ластанбауы үшін қоршалады тәуліктік күзет қойылады. Бивак орналасуында, су қоймалары ашық болған жағдайда жоғарыда көрсетілгендей үш бөлікке бөлінеді.

Жеке әскери құрамның ауданға қоныстанғанда, далалық орналастыруын алдын ала тексеріп, ұйымдастырылуы керек, ол үшін бөлім командирлері, бөлімше командирлерін, тыл орынбасарларын, медициналық қызметтегі инженерлер бастықтарын жұмылдырады. Олардың атқаратын қызметтері әр түрлі (керекті қару жабдықтар, көшіп қону көліктерімен, далалық жағдайға қажетті құрал-саймандар, инженерлік шаруашылық құрылысқа керекті заттар, т.б. қамтамасыз ету). Олардың міндетіне көптеген медициналық гигиенаны қамтитын мәселелерде кіреді.

Дала жағдайында қоныстандыру тәсілі төртеу: оқу орталығы, аралас пәтерлік бөлмелер, пәтерлік және аралас бөлмелер (бивачное -қару-жарақтар үшін арналған бөлме), қолдан жергілікті жердің ыңғайына қарай жасалатын бөлме). Далалық қоныстандыруда кейде жертөлелер, шатыр, шалаш- қос, жауыннан қорғанатын материалдар пайдаланылады. Лагеръ аумағында үй шаруашылығынан басқа жуынатын монша, тамақтанатын құрылыстар, уақытша мерзімге арналып салынады.

Д а л а л ы қ ә с к е р и л е р д і қ о н ы с т а н д ы р у д ы ң е р е к ш е - л і г і. Гигиеналық тұрғыдан алғанда далалық жағдайда әскердің қоныстандырудағы орналасу ерекшелігі мынадай: уақытша орналасу сипаты, төмендеу жерлерге коммуналды шаруашылықты қамтитындар, климаттық, гелио-геофизикалық жағдайға қарай фауна мен флораның зиянды әрекеттері тимейтіндей, сумен қамтылуда қиындық тудырмайтындай қалған қалдықтарды шығарып тастауға жеңілдік болатындай ерекшеліктер болуы керек. Далалық қоныстандыру ерекшеліктерінде құрылыс жұмыстарының көлемі көп, күрделі болмауы, белгілі шегі болуы, қолайлы құрылыста орналасқан ауданның ыңғайына қарай респираторлық, инфекциялық ауру тудырмайтындай болуы керек. Орман ағаштары сирек, қалың, биік, бұталы орындарда бивактар орналасқанда қиындық болмауы керек.


Әскерилерді далалық қоныстандырудағы пайдаланатын имараттардың гигиеналық сипаттамасы

Әскердің дала жағдайындағы тұрғынды болуын талдау, олардың жүруі, демалыс ұзақтығына қарай жылдық мезгіл маусымы және құрылыс материалдарға байланысты.

Лагерлік шатырлар, ұя іспеттес жердің биіктеу орындарында 0,6-0,7м –дегі деңгейде қондырылады. Ұялар төңірегінде су ағып кіретін,шығатын арықшалар болуы керек. Қарсыластың қырып жоятын қаруды (ҚЖҚ) қолдануы болса, олардың (шатырлардың) орналасуы қазан шұңқыр немесе жергілікті жердің табиғи еңістігіне байланысты болады. Сонымен қатар шатырлар желдің ығына қарай орналасады.


Шатырлар жер еденді, еденнен 0,4-0,5 м биіктікте нар немесе тапшан орналастырады. Бірегей шатырларда санитарлық терезелер болады.

Қысқы шатырлар ішінде жылытатын пештер болады. Ілмелі қабырғалардың арасына төсеніш қойылып, олардың арасына сабан төселеді, ол сыртқы температураны – 10°С дейін ұстап, палатканың ішкі температурасын ұстайды, ол шамамен17-20°С.

Лагерлік шатырлар қоныстануда өзінше кемшіліктері болады. Жазда ол ыстық, қыста температурасы ауытқымалы болады. Мысалы, шатыр еденіндегі температура төмен 18-12°С. Кіші ауа ағыны – көптеген шатырларда 2м , ал бірден суынуда газалмасу кезінде (терезелері жоқ, жиі тканның ылғалдануы, ауаның сіңірілуі 4 есе төмендесе) СО2 концентрациясы тез өседі (кей жағдайда 0,3% -тен көп болуыда байқалады) және ол ауаның салыстырмалы ылғалдылығы болғанда байқалады. Сондықтан, жаз уақытында шатырды желдендіргенде сүзгі торды жоғары көтеріп қояды. Қыста жылыту құралдар көмегімен шатырдағы ауа алмасуды көтереді.

Ауа райының болмауы, жоғарғы тиімді қорғануды қамтиды және шатырдың ыңғайлырақ болуы, көшіп қонуға лайықтылықтың бірден бір жолы, өйткені Әскер шатырларды қыста да, жазда да пайдаланады.

Қысқа мерзімдік әскерді қоныстандыруда қ о с қ а (шалаш) ағаш бұтағы, қурай, сабан, т.б. қолда бар материалдарды пайдаланады. Оның пішіні конусты, екі жақты үшбұрышты төбесін сусымалы етіп те жасайды. Шалаш көбінде жаз мезгілінде, ал қыста желге қарсы қалқан болады. Демалу кезінде еденге сабан төсегіш заттар пайдаланады. Үлкен шалаш-қоста нар пайдаланып, бетін шатыр-плащпен жабады.

Қ а р л ы жабын – қарлы лашық және ін тәріздес болуы, қыста демалу үшін далалық тұрғын кезінде жабын материалының жоқ уақытында қолданылады, ондағы температура 2-3 °С ұстап тұрады.

.

4-сурет. Түйетайлы жер кепенің көлденең сызбасы.

1-су бұрғыш арықша; 2-топырақты қабат; 3-жабын қабат; 4-жабындық төсем; 5-пеш.


Т о с қ а у ы л қ а л қ а, көлбеу қабырғалы демалуға ыңғайлы болу үшін, сол көлемдік алаңның бір немесе екі жағына қарай орналастырады. Суық мезгілде қос, ілмелі қалқан лашын үшін от жағылады (4-сурет).

Оңтүстік аудандарда күннің қызуынан, қорғануға көлегейлікке қолда бар материалдарды пайдаланады.

Ұзақ уақыт далалық жағдайда, ең ыңғайлы орналастыру–ж е р т ө л е пайдаланылады. Ол жерден қазылған қазан шұңқырлы типті, тереңдігі 2 м-дей екі немесе бір сусымалы болатындай етіп жасалынады. Олардың қабырғаларын тақтаймен қаптайды немесе басқа материалдарды пайдаланады. Жертөленің тамбуры екі есікті, оның қарама-қарсы жағында терезе болады. Биіктеу жерінде су ағарлық арықша жасалады. Егер жер суының шығуы тереңде болса, конденсат көлемі көп болса, су шұңқырын жасайды. Еденнен 0,5 м деңгейде нар жасап, демалуға қолайлылық тудырады. Жертөле жақсы қымталған және қарсыластың жаппай қырып жоятын қарудан (ЖҚЖҚ) қорғануға лайықты етіп жасайды.


Сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғану үшін, өте жақсы сенімділік үшін және ауаның тұрақты температурасын сақтап тұру үшін (20-22 °С деңгейінде) жертөледе салыстырмалы түрде сарбаздар демалысына қолайлы етіп жасайды. Егер жертөле көлемі жағынан, тұрғындардың тұруы тығыз болса, ондадағы ауаның , СО2 мен су буының өтуіне мүмкіндік береді. Оған жертөледегі топырақ ауасының (егер сумен қаныққан болып, атмосфералық қысым төмендесе) СО2 –ң 3%, жиі ылғалдылық көлемді құрамда болса, төменгі температура конденсацияның түзілуіне барынша мүмкіндік береді, сондықтан жертөлені пайдалануда ондағы ауа желдеткішіне көңіл аударылуы керек.

Тұрғындық құрылыста, жоғарыда айтылғандай шаруашылыққа арналған құрылыстық орындар болады; ұзақ уақыт тұрақтағанда – далалық монша, әжетхана, қалдық төгетіндерге, жуындылық шұңқыр; ал аз уақыт тұрақтағанда – ас қалдықтарын төгетін төкпе орындары болады.

Далалық монша, тұрғын жертөлелерде де болады, ол оның едендеріне су ағыны үшін тақтайлар көлбеу төселеді, оған су астаулармен қазылған белгілі шұңқырға барады. Жабдықтардың – кәдімгі моншадағылардай, оның құрылысы жіберілуге ыңғайлы далалық моншаның сабынды суы, жуынғаннан кейінгі суға арналған сүзгілі ұстағыш шұңқырының бетіне шыршалы бұта, қамыс, шөп ағаштың жаңқалары төселеді.

Далалық д ә р е т х а н а о р ы н д а р ы , әскердің қысқа мерзімді қоныстану кезінде болады. Түнде қонатындарға және көптеп келетіндерге жеке далалық ор қазылып дайындалады. 30-40 адамға арналған далалық орлардың ұзындығы 1м, ені 0,3 м , тереңдігі 0,75м болып қазылады. Бір орындық ор 12-16 адамға арналып, жасалып жан-жағы қоршалады. Дәретхана орны тұрғын үйден 50 м-ден жақын болмауы керек. Дезодрация дәретхана орындары үшін шыбыннан қорғауға, оған қарсы күресуі қажет, оны екі рет күн бойы топырақпен жауып тастап отырады. Бұл ротадағы күндізгі кезекшінің міндеті.

Қ о қ ы с траншеяларға (ұзын ор) жиналады. Қоқысты залалсыздандыру ең жақсы жолы өртеу. Бірақ жағатын отынның жоқтығынан топырақпен көміп залалсыздандырады, қоқыс әр уақытта тасталатындықтан қайта көміліп отырады.

Аумақ төңірегіндегі тазалықты сақтау, рота кезекшілерінің тікелей бөлімінің міндеті, олар аумақты, лагеръ күтімін, толық ретке келтіруді қамтиды.

Орналасу ауданында , әскерді далалық қоныстандыруда, жағдайлы болу үшін д а л а л ы қ ф о р т и ф и к а ц и я л ы қ и м а р а т т а р пайдаланады.

Қайта ж а б ы л ғ а н с а ң ы л а у л а р, терең қазылған ордың элементтерінің бірі, оның тереңдігі 1,5 м, ұзындығы 3 м. Жабын құрылысына қолдағы бар материалдар қолданылады, жоқ болса орталықпен жабдықталатын материалдар пайдаланады. Тесіктің кіре берісі ойық ол плащ-шатырмен жабылады, ілмелі қалқан материалы қолданылады. Оның ішінде бір немесе екі жантайатын төсек немесе экипаж (жеке құрам), ал дөңбекті кесік бөлімі - ауа алмасатын желдеткіш қорап.