Файл: азастан Республикасы Оуаарту министріні 2022 жылы 30 желтосандаы 533 бйрыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 56

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31490 болып тіркелді
      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 13317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



 Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі


А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді, педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өтетін және біліктілік санатын алуға (растауға) үміткер адам;

      2) аттестаттау – осы Қағидаларға сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаттары беріледі (расталады);

      3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);

      4) аттестаттау кезең – күнтізбелік жылдағы (қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан) уақыт аралығы, оның барысында аттестатталушы біліктілік бағалаудан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді, осы Қағидаларға сәйкес Педагогтің білімін бағалауды тапсыруға өтініш береді;

      5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің сұранысы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;



      6) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) - педагогтердің білімін бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайтын білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;

      7) біліктілік санаты – "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 338 бұйрық) бекітілген біліктілік талаптарына немесе кәсіптік стандартқа ("Педагог" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы) (бұдан әрі кәсіптік стандарт)сәйкес келетін педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;

      8) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – аттестатталушы жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейіне сәйкестігін бағалау рәсімі;

      9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      10) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес өзге де мәліметтер;

      11) педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;

      12) педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;

      13) педагогтің цифрлық профилі – Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі – ҰББДҚ) ақпараттық жүйесіне жүктелген педагогтің электронды деректері.


     

    

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      педагогтер үшін:

      1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);

      2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      3) ПББ және эссе жазу (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер бойынша оқытушыларын қоспағанда);

      әдістемелік кабинеттің (орталық) әдіскерлері үшін:

      1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);

      2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасарларының "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатындағы басшының орынбасары" біліктілік санаты үшін:

      1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);

      2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасарлары мен әдіскерлерінің "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" біліктілік санаты үшін:

      1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);

      2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      3) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;

      білім беру ұйымы мен әдістемелік кабинет (орталық) басшылары үшін:

      кезекті аттестаттау:

      1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);

      2) аттестаттау кезеңіндегі талдамалық жинақтау қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуының динамикасы;

      3) ПББ және эссе жазу;

      4) аттестация Комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;

      мерзімінен бұрын біліктілік санатын беру:


      1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);

      2) осы Қағидаларға сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорыту;

      3) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу.

      Ескертпе: білім беру саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің әдістемелік кабинетінің (орталығы) басшылары / басшыларының орынбасарлары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскерлері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.

Аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама

      Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) рәсіміне қатысуға өтініш қабылданды.

      Осы хабарлама жіберілді "____" __________20___жыл


 

Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен
шарттарына
6-қосымша

      Нысан

 

Тиісті деңгейдегі аттестаттау
комиссиясының төрағасына
____________________________


Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 тіркелді.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес бұйырамыз:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021