Файл: азастан Республикасы Оуаарту министріні 2022 жылы 30 желтосандаы 533 бйрыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 57

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

      2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

      3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарларына жеткізсін.

      3. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын әзірлеу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығының (5116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда № 24 (1424) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Б. Жұмағұлов




 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 21 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары


      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына орналасу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асырылады.

      Конкурс бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын қабылдау үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысы негіз болып табылады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау үшін кандидат ұйымға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      4. Азаматтық қызметке конкурстық негізде кіру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагогтер лауазымдарының тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелді) сәйкес білім беру басшысы айқындайтын конкурстық негізде орналастырылатын бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға жүзеге асырылады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау мен босату тәртібі



      5. Ауданның, (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдері мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының (бұдан әрі – бірінші басшы) бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған кезде бес жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармаларына конкурс өткізу туралы өтініш жібереді.

      6. Жергілікті атқарушы органның орта білім беру ұйымын құру туралы актісінің негізінде конкурс қорытындылар бойынша орта білім беру ұйымының бірінші басшысын тағайындауға жол беріледі.

      7. Бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымының міндеттерін орындау осы білім беру ұйымы басшысының орынбасарына және (немесе) осы білім беру ұйымының педагогіне конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін үш айдан аспайтын мерзімге жүктеледі.

      Бір адам қатарынан бір реттен артық бос немесе уақытша бос лауазым міндетін атқара алмайды.
3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату тәртібі

1-Параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі

      97. Педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі базасында жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда педагогтерді жұмысқа қабылдау білім беру ұйымдарында немесе өзге де ақпараттық жүйелер арқылы қағаз форматта жүзеге асырылады.

      98. Республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын тиісінше республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары ұйымдастырады.

      99. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады.

      100. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, педагогтердің қолда бар бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарына мемлекеттік білім беру ұйымы осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес болған жағдайда конкурс өткізеді.

      101. Жаңа білім беру ұйымы ашылған кезде, сондай-ақ оқушылардың белгілі бір контингенті жаңа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда оқушы орындарының тапшылығы, осы сыныптарда сабақ берген және сыныптық басшылықты жүзеге асырған педагогтерді жұмысқа орналастыру конкурстық рәсімнен өтпей-ақ ауыстыру тәртібімен жүргізіледі.


      102. Конкурсқа педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.

      103. Конкурс Қазақстан Республикасы "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес педагогтер үшін айқындалған нормативтік оқу жүктемесінің 50% - ы және одан да көп сағат есебіне сүйене отырып, сағат болған кезде педагогтың бос және (немесе) уақытша бос лауазымына және еңбек заңнамасы шеңберінде жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығының 50% - дан астамы режимінде жұмыс істейтіндер үшін өткізіледі.

      104. Бос лауазымдардағы әр педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы керек.

      105. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) білім беру ұйымының және (немесе) тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында және (немесе) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;

      3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;

      4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

      5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

      106. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы;

      2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;

      3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      5) 118-тармақта көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;

      6) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі.

     

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа жіберуіңізді сұраймын


      қажеттісін атап өту керек)

      ________________________________________________________________

      білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы(облыс, аудан, қала \ ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін _____________________________________

      лауазымы, Ұйымның атауы, мекен-жайы

      (облыс, аудан, қала \ ауыл)

      Сертификаттаудан өту тілі: қазақ / орыс

      керегінің астын сызу

      Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы







Жүктеу

      Біліктілік санатының болуы (ол болған кезде берілген (расталған) күн)

      __________________________________________________________________

      Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін )

Осы білім беру ұйымында оның ішінде атқаратын лауазымында















"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10279 тіркелді.
 "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

     

      1. Қоса беріліп отырған "Үздік педагог" атағын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;