Файл: азастан Республикасы Оуаарту министріні 2022 жылы 30 желтосандаы 533 бйрыы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 58
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа баспаларында ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар (Ж.А. Жонтаева), Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту (С.М. Мадеев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Сәрінжіпов |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген |
"Үздік педагог" атағын беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 09.08.2022 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Үздік педагог" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өткізілген конкурстың (бұдан әрі - Конкурс) қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне "Үздік педагог" атағын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) апелляциялық комиссия – Конкурстың нәтижелерін қайта қарау үшін республикалық, облыстық, қалалық/аудандық деңгейлерде (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) құрылатын комиссия (бұдан әрі - Апелляциялық комиссия);
2) өңірлік конкурстық комиссия – Конкурстың әрбір кезеңінің жеңімпаздарын айқындау және Конкурстың келесі кезеңіне қатысу үшін ұсынымдар беру үшін облыстық, қалалық/аудандық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астанада құрылатын комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия);
3) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке және кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы (электронды парақша);
4) республикалық конкурстық комиссия – Конкурс жеңімпазын айқындау және оған "Үздік педагог" атағын беру үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құратын комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия).
2-тарау. "Үздік педагог" атағын беру тәртібі
3. "Үздік педагог" атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
4. "Үздік педагог" атағы бір педагогке он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
5. "Үздік педагог" атағын беру конкурсына білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын және Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады (бұдан әрі – Конкурсқа қатысушы).
6. Министрлік Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырады.
7. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі.
1) І кезең – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей;
2) ІІ кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) деңгей;
3) ІІІ кезең – республикалық деңгей.
"Үздік педагог" атағын беру конкурсының II кезеңін өткізу тәртібі
23. Конкурстың I кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар II кезеңге қатысуға жіберіледі.
24. Конкурстың II кезеңі ағымдағы жылғы қазанда өткізіледі, онда III кезеңге қатысу үшін ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады.
25. Конкурстың ІІ кезеңін өткізу туралы хабарландыруды облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы (бұдан әрі – Білім басқармасы) Министрліктің ақпараттық жүйесінде Конкурстың ІІ кезеңін өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастырады.
Конкурстың ІІ кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын) бағалау үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде Өңірлік комиссия құрылады, оның құрамы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ астананың Білім басқармаларының бұйрығымен бекітіледі (бұдан әрі – II кезеңнің Өңірлік комиссиясы).
26. II кезеңнің Өңірлік комиссиясы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ астананың Білім басқармалары (бұдан әрі – Блім басқармалары) қызметкерлерінен, педагог-зерттеушілерден, педагог-шеберлерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызметтер, білім беру саласындағы ғылыми және талдамалық ұйымдардың қызметкерлері (сарапшыларынан), сондай-ақ білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да өкілдерінен қалыптастырылады.
27. II кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің саны кемінде жиырма адамды құрайды. Өңірлік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.
28. II кезеңнің Өңірлік комиссиясының төрағасы мен төраға орынбасары II кезеңнің Өңірлік комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. II кезеңнің Өңірлік комиссияның хатшысы кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады және Білім басқармасы басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның актiсiмен тағайындалады, II кезеңнің Өңірлік комиссиясының хатшысы оның мүшесi болып табылмайды және шешiмдер қабылдау кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ.
29. ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы Конкурстың ІІ кезеңіне қатысушылардың конкурстық құжаттарын (материалдарын) бағалайды.
30. ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы Конкурстың ІІ кезеңі жеңімпаздарының құжаттарын (материалдарын) және Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырылған материалдарды қарайды.
31. Конкурстың ІІ кезеңін бағалау тетіктері:
1) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссияларының мүшелері үш адамнан топтарға бөлінеді;
2) Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар кездейсоқ іріктеу әдісімен Өңірлік комиссияның қалыптастырылған топтары арасында бөлінеді;
3) топ мүшелері өз тобына бөлінген Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын (материалдарын) бағалайды;
4) бағалауды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз жүргізеді;
5) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы тобының әрбір мүшесінің балдары осы топтың басқа мүшелері қойған балдармен жинақталады және қойылған балдардың орташа арифметикалық мәні шығарылады;
6) Конкурсқа қатысушылар алынған балдардың орташа арифметикалық мәні негізінде сараланады;
7) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы отырысында орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған Конкурсқа қатысушылардың қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы шешім қабылдайды;
8) Конкурсқа қатысушылардың балдары тең болған жағдайда шешім ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады;
9) ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.
32. Конкурсқа қатысушы ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда аппеляциялық комиссияға шағым жасайды. Егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
33. ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 10-ға дейін Конкурсқа қатысушы Конкурстың ІІ кезеңінің жеңімпаздары болады.
34. Конкурстың ІІ кезеңінің жеңімпаздарына облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "Үздік педагогі" атағы беріліп, куәлік тапсырылады.
35. Конкурстың ІІ кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырылады
"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысуға
ӨТІНІМ
Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1. | Жұмыс орны | |
2. | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
3. | Туылған күні (күні, айы, жылы) | |
4. | Лауазымы | |
5. | Педагогикалық өтілі | |
6. | Лауазымдағы жұмыс өтілі | |
7. | Білімі (қай оқу орнын, факультетті, қай жылы бітірді) | |
8. | Біліктілік санаты | |
9. | Индексі бар үй мекенжайы | |
10. | Жеке куәліктің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру номері) | |
11. | Байланыс телефоны (үй, ұялы), электрондық пошта | |
12. | Наградалар, көтермелеулер (награданың, көтермелеудің атауы) | Жүктеу |
Өтінімді толтыру күні _____________________________________________________
Конкурсқа қатысушының жеке қолы_________________________________________
Білім беру ұйымы басшысының қолы_________________________________________________
Мөр орны
| |