Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 785
Скачиваний: 13
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қуғындап орыс жеткен соң
Тіпті амал жоқ қазақтар,
Енді сенің торыңа...
Байлар ұрлық қылады,»- деген тармақтар алынған Ш.Қанайұлының шығармасы: («Зар заман)
-
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңі неше түйдектен тұрады?
(14 түйдектен)
-
«Мына заман ,қай заман?
Азулыға – бар заман,
Азусызға – тар заман.» Үзінді авторы: ( Шортанбай «Зар заман » өлеңі)
-
«Сауып ішер сүті жоқ, -
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты »Үзінді авторы: ( Шортанбай «Зар заман » өлеңі)
-
«Асылық азған заманда,
Алуан-алуан жан шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты,»- деген өлең жолдарындағы айтылған ой: («Қазақ даласына келген сауда»)
-
«Шолақ аттай діңкілдеп,
Бір-біріне жетем деп,
-
Аласұрып өліп жүр,» деп саудагрелерді сынаған ақын: (Шортанбай) -
«Еділ ,Жайық екі су,
Алтын,күміс тас болар.
Арпа,бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар,» -деген үзінді алынған Шортанбайдың өлеңі: («Замана»)
-
«Бай кедейді көрмейді ,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді,»- деген үзіндіде Ш.Қанайұлының айтатын ойы: (Қазақ ауылындағы тап жігінің ашылғандығы)
-
«Көшейін десең, жерің тар,
Қамалып қазақ сандалды.» Үзінді алынғын Шортанбайдың өлеңі: ( «Заман қайтіп оңалсын»)
-
Шортанбайдың кедейлердің отырықшылыққа көше бастағанын, жермен кәсіп ете бастағанын суреттеген өлеңі: («Байды құдай атқаны») -
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман...Үзінді авторы : (Ш.Қанайұлы)
-
Кәпірді көрдің тіріңдей,
Тілмашты көрдің жеңгеңдей.
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара көріңдей!...Үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Ш.Қанайұлы, теңеу)
-
«Әркімнен қалады екен дүние шіркін,
Өтіңіз тәубе қылып аз жалғанда,»-деген үзіндіні қай ақынның шығармасынан алынған? (Шортанбай)
-
Ш.Қанайұлының «Қалықтаған сұқар ем» өлеңі не жайында? ( Оғаш мінез-құлықты мінеп,сынайды) -
Шортанбай Қанайұлы өмірінің соңында қай бидің қолында болған?
(Жанғұтты бидің)
-
Шортанбай өлеңдері : («Тар заман», «Осынша азды ел неден?»
«Байды құдай атқаны», «Опасыз жалған»)
-
Шортанбай өлеңдері : («Тар заман», «Зар заман») -
«Тар заман», «Зар заман», «Бар заманды» сипаттаған жырау: (Ш.Қанайұлы) -
Ш.Қанайұлының өлеңдерңндегі сарындар: (*Елдің ақшаға құнығуын сынау; *Қазақ даласына келген сауданы айыптау; *Патша әкімдерінің озбырлығын сынау) -
Шортанбай өлеңдеріндегі азған заман сипаты : (*Адамдар қарым-қатынасының өзгеруі; *Ақша сауда кпиталының келуі;* Құныққан байлардың құлқыны)
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906)
Туған жері: Атырау облысы, Қызылқоға өңірі.
Шығармалары: «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең , бір қапы дүние –ай!», «Өлім» , «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны » , «Бір досқа », «Топқа түскендегі толғауы », «Мұраттың жалпыға айтқаны » , «Қыз », т.б. өлеңдері:
Арнау өлеңдері : «Айжарыққа », «Қарақожа болысқа », «Естемір Тұрабай болысқа », т.б.
Толғау –дастандары : «Қарасай –Қази », «Қазтуған », «Шәлгез» ,
Айтыстары : Жылқышымен (17 жасында ) , Бала Оразбен (20жасында ) , Жантолымен , Қаниязбен ,Тыныштықпен , Жаскелеңмен (25 жасында).
Жас шағында Есет би мен Абылай ақыннан өнеге алады .мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. «Қырымның қырық батыры »жырын ,Сыпыра жырау , Асан қайғы , Шалкиіз ,Қазтуған ,Жиембет ,т.б.шығармаларын жеткізуші . «Мұраттың Жантолы қызбен айтысы »-оның ақындық қабілет-қарымын жаңаша қырынан танытқан айтыс.
Мұрат Мөңкеұлының өмір сүрген жылдары: (1843-1906)
Атақты Есет шешеннен өнеге алған ақын: (Мұрат Мөңкеұлы )
М.Мөңкеұлының 17жасында айтысып жеңген ақыны: (Жылқышы)
М.Мөңкеұлының айтысқы түскен ақындарына жатпайтын ақын :(Сүйінбай )
Беріште Есет , Айтуар ,
Анайы туған Қарқуар –
Солардан қалған бұ дүния ,
Өлімнің сондай жайты бар, -деген шумақ алынған Мұраттың өлеңі: (Өлім)
Киім кисе ,жеңі жоқ ,
Етегі бар да , белі жоқ ...
Ел биледі бір сымпыс
Екі бұты таралған ,- деген өлеі шумағы алынған ақын :(М.Мөңкеұлын)
Болашақ ұрпақтың қамын ойлап зар толғаған үзіндінің авторы
Мен қауіп еткеннен айтамын :
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін ,
Шая ма деп жүрегін,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін:( М.Мөңкеұлы)
М.Мөңкеұлының өлеңдері : (Үш қиян ,Өлім , Әттең , бір қапы дүние –ай!)
«Әттең , бір қапы дүние –ай!» өлеңінің авторы :(М.Мөңкеұлы)
Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны .
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны ,-деген үзінді кімнің өлеңінен алынған: (М.Мөңкеұлының)
М.Мөңкеұлының шоқтығы биік толғауы:(Үш қиян)
Асан қайғы , Қазтуған ,
Орақ , Мамай , Телағыс –
Шораның шұбап кеткен жер ,-деген тармақтар алынған шығарма: (Үш қиян)
Заманы қайтіп түзелсін –
Ақшасына сүйеніп
Қоңсыдан туған би болды .
Айтқан сөзі пұл болды .
Ақылсыздың баласы
Заманың мұндай сұм болды !..Үзінді авторы :( М.Мөңкеұлы «Үш қиян»)
М.Мөңкеұлының әдемілік пен сұлулықты суреттеген өлеңі :(Жалғаншы пәни жалғанда).
М.Мөңкеұлының жер ,құтты қоныс жайлы толғаулары : («Сарыарқы»,«Қазтуған »)
ХV ғасырда өмір сүрген атақты жырау Қазтуған жайында толғау –дастан жазаған ақын :(М.Мөңкеұлы)
М.Мөңкеұлының хат үлгісінде жазған үш туындысы: («Оқудан қайтқан жігітке хат» , «Еліне жазғаны » , «Бір досқа »)
М.Мөңкеұлының эпостық поэма деуге болатын , ең көлемді эпикалық шығармасы: (Қарасай -Қази)
М.Мөңкеұлының ноғайлы жұртының аңыздарын баяндайтын жыры: (Қарасай –Қази)
Орақ батыр , Ақмырза , Кәрібоз , М.Мөңкеұлының қай шығармасынан кездеседі ?: (Қарасай -Қази)
М.Мөңкеұлының жырында жастай жетім қалған батыр –ұландар :( Қарасай мен Қази ) ( Елге жау шапқан кезде Қарасай 17 , Қази 15 –те болған).
М.Мөңкеұлына қатысы жоқ қатар :(«Қырымның қырық батыры »жырының авторы Абыл Тілеуұлы ).
«Түре айтыс» , «Сүре айтыс » түрін шебер меңгерген зар заман ақыны: ( Мұрат Мөңкеұлы ).
Түре айтыс –бір –бір ауыз өлеңмен қысқа да шапшаң жауаптасып отыратын ,көбінесе ақындармен қатар , жалпы көпшілік қолданатын қатар .Сүре айтыс- тек суырыпсалма өлеңге әбден төселген,нағыз ақындардың ,ұзақ сөйлеп ,көсіліп жырлайтын түрі.
Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаз болған ақын :( Мұрат Мөңкеұлы ).
Мұрын жырауға 14 батырдың жырын үйреткен.
Мұрат ақынның үзіндісіндегі көркем сөздер:
Жылы қылып сөйлейін ,
Жазғы желдің лебіндей :( Эпитете , теңеу.)
Мұрат Мөңкеұлының отарлаушыларды батыл әшкерелеген өлеңі :(«Үш қиян» , «Сарыарқа», «Әттең , бір қапы дүние –ай!»)
М.Мөңкеұлының «Үш қиян » толғауында сөз болған жер –су атаулары: (Батыс Қазақстан өлесі , Атырау аңғары , Ойыл , Қиыл ,Жем , Сағыз.)
М.Мөңкеұлының толғау –дастандары :(«Қарасай –Қази », «Қазтуған », «Шәлгез»).
М.Мөңкеұлының өз заманының әр түрлі адамдарының бейнесін жасаған арану өлеңдері :(«Айжарыққа », «Қарақожа болысқа » , «Естемір Тұрабай болысқа ») .
М.Мөңкеұлының айтыстарының ерекшелігі :(Түре айтыста да , сүре айтста да үздік шығуы,Халық атынан сөйлеуі.)
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) -ақын ,күйші , сазгер , отаршылдыққа қарсы И.Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1838)ұйымдастырушылардың бірі ,осы көтерілістің алынды жыршысы .Алғаш 1908жылы Қазанда 100жолдан астам 2толғауы , 1911жыылы Орынборда өлеңдерінің үзінділері басылды.1939 жылы Қ .Жұмалиев ақын өлеңдерінің жинағын шығарды.
2003 жылы 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді . 11 күйі ( «Өкініш », «Қайран , Нарын », «Жұмыр қылыш », «Терезе» т.б.)
«Шашақты найза , шалқар күй » (1982) деген атпен жарық көрді .
Туған жері : Батыс Қазақстан обл ,Жәнібек ауданы Бекетай құмы.
Қаза болды : Қараой өңірі (Атырау облысы , Махамбет ауданы )
Махамбеттің әкесі :( Өтеміс)
Махамбеттің туған жері :( Батыс Қазақстан облысы )
Махамбет дүниеге келген жер :( Нарын құм )
Нарын деген жерді ел құлағына сіңісті қылған батыр аты: ( Махамбет
)
Адыра қалған Нарынның
Теңіз деген суы бар ,
Жыңғылы мен тауы бар,
Еңіреген ерлердің
Жібектей желбіретіп ұстар туы бар ,- деп туған жері туралы жырлаған ақын: ( Махамбет )
Арабша , орысша хат білген ақын: ( Махамбет )
М.Өтемісұлының ағасы , Жәңгір ханның 12 биінің бірі : ( Бекмағамбет )
Махамбет жас кезінде қайда болған ? :( Хан ордасында )
Махамбет жас кезінде Орынбор қаласында кімнің қасында болды ?(Зұлқарнайынның )
Жыраулардың ой толғанысын жалғастырған ереуіл ақыны :( Махамбет )
« Қара қазан , сары бала қамы үшін қылыш сермеген » жауынгер жыршы :
( М. Өтемісұлы )
Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген ? ( Жәңгір хан)
Жәңгір хан старшындыққа тағайындаған адам :( Махамбет )
Махамбеттің :
« Хан емессің, қасқырсың ,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап ,
Дұшпаның сені басқа ұрсын ! » - деп айтқан адамы :( Жәңгір хан )
Жәңгір ханның сарай ақыны атанған адам : ( Байтоқ )
Махамбет зілді сөздерін арнаған сұлтан: ( Баймағанбет)
« Өтемістен туған он едік .
Онымыз атқа мінгенде ,
Жер қайысқан қол едік ...» - деген үзінді алынған Махамбеттің өлеңі:
( « Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны »)