Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 618
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.Физикадан лабораториялық сабақтар: жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстар, физикалық практикум, фронталды эксперимент, сабақтан тыс орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар.
Демонстрациялық эксперимент оқушылардың оқып-үйренетін құбылыстарды белсенді түрде қабылдау мүмкіндіктерін толық қамтамасыз ете алмайды, себебі олар өздері тәжірибе жасамайды, тек бақылап отырады. Жаттығулар арқылы келетін қажетті практикалық дағдылар калыптаспайды. Сондықтан демонстрациялық экспериментті оқушылар өз бетінше орындайтын практикалық жұмыстармен толықтыру қажет. Олар жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстар, бақылаулар мен тәжірибелер, практикумдер т.б.
Лабораторниялық жұмыстарды және тәжірибелерді орындау барысында оқушылар физикалық заңдардың объективтілігіне көз жеткізеді, ғылыми зерттеу әдістер туралы нақты түсініктер алады, физикалық өлшеулермен және физикалық құбылыстарды сандық жағынан бағалау тәсілдерімен танысады.
Фронтал лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелерді өткізу әдісінің ортақ жері – барлық оқушылар бірдей тапсыпмаларды бір типті құрал-жабдықтарды қолданып орындайды. Сыныптық-сабақтық оқыту жағдайында жұмыстарды жаппай орындау әдісінің артықшылықтары бар. Ол лабораториялық жұмыстарды, бақылауларды және тәжірибелерді өтілетін материалмен тығыз байланыстырады.
Жаппай орындалатын лабораториялық жұмыстардың тізімі оқу бағдарламада беріледі.
Дидактикалық мақсаттары бойынша фронтал лабораториялық сабақтардың қлассификациялануы:
-
Физикалық құбылыстарды бақылау және зерделеу. -
Өлшеуіш құралдармен танысу және физикалық шамаларды өлшеу. -
Кейбір физикалық құралдар мен техникалық құрылғылардың құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу. -
Кейбір сандық заңдылықтарды анықтау немесе тексеру. -
Физикалық тұрақтыларды, заттардың және процестердің физикалық сипаттамаларын анықтау.
Зертханалық жұмыстарды орындаудың үлгілік нұсқасы:
-
Кіріспелік әңгімелесу; -
Оқушылардың эксперименті орындауы; -
Алынған нәтижелерді өңдеу; -
Жұмыстың қорытындысын жасау.
Физикалық лабораториялық практикум зертханалық-практикалық сабақтардың жаппай орындалатын зертханалық жұмыстарға қарағанда жоғарғы формада ұйымдастырылған сабақтар болып табылады. Біріншіден оның айырмашылығы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу деңгейінің жоғарылылығы, эксперименталды базасының жетілдірілген және күрделі болуы. Практикум әдетте үлкен тарауларды өткеннен кейін орындалады, көбіне оқу жылының соңына, өткен материалдарды қайталау және тереңдету, оқушыларды өз бетінше жұмыс орындаға, белсенді болуға баулу мақсатында.
Физикалық практикум жұмыстарын ұйымдастыруда қолда бар құрал-жабдықтар мен қондырғылар және оларды дұрыс қолдана білу мәселесі шешуші роль атқарады. Практикумның тиімділігі, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының маңызды түрі ретінде, оқушылардың оқу жылы бойындағы теориялық және практикалық дайындықтарына байланысты болады. Лабораториялық практикум жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін алдын-ала жасалған әр жұмысты орындау инструкциялары болуы керек. Инструкциялар құрамына мыналар кіреді:
-
Теориялық сұрақтар жайлы қысқаша мәліметтер, белгісіз шаманы анықтаудың бір тәсілі; -
Құрал-жабдықтар тізімі, олардың ішінен оқушыларға бейтаныс құралдарға сипаттама; -
Жұмысты орындау реті; -
Өлшеу нәтижелерін жазу реті және қателіктерді есептеу тәсілдері туралы нұсқаулар.
Орындау инструкциясына бұдан басқа бақылау сұрақтары, қосымша эксперименталдық тапсырмалар және жаттығулар кереді. Нақты берілген жұмыстағы инструкция көлемі, ңұсқаулардың кеңірек берілу дәрежесі жұмыстың мазмұнына, қолданылатын құрал-жабдықтарға және оқушылардың алдын-ала дайындақтарының деңгейіне байланысты болады.
3.Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және құрал-жабдықтар.
Қазіргі кезде физикалық оқу экспериментінің жүйесіне мыналар енеді:
-
Фундаменталды тәжірибелер -
Демонстрациялық эксперимент -
Жаппай орындалатын зертханалық жұмыстар -
Физикалық лабораториялық практикум -
Сабақтан тыс орындалатын тәжірибелер мен бақылаулар -
Виртуалды эксперимент.
Оқу экспериментінің бұл түрлерін өткізуге қажет болатын құрал-жабдықтармен мектептерді мемлекет тегін қамтамасыз етеді. Физикалық оқу құралдар арнайы жабдықталған сыныптарда – физика кабинеттеррінде сақталады және қолданылады.
Физика кабинеті –бір-бірімен байланысқан арнайы бөлмелер, қазіргі заманға сай оқу қондырғылармен, көрнекіліктермен, оқытудың техникалық құралдарымен (компьютерлер, интербелсенді тақта т.б.) жабдықталған мектептің оқу бөлімі.
Мектеп физика кабинетіндегі барлық құрал-жабдықтарын келесі топтарға бөлуге болады:
-
Арнайы жабдықталған бөлмелер; -
Заманауи техникалық оқыту құралдарының кешені; -
Демонстрациялық құрал -жабдықтар; -
Зертханалық жұмыстарға арналған құрал -жабдықтар; -
Көмекші құрал -жабдықтар; -
Басылымнан шыққан оқу құралдары, қағаз және электрондық негіздегі дидактикалық материалдар; -
Мұғалімдерге және оқушыларға арналған әдебиеттер; -
Астрономия бұрышы.
Мектептің материалды-техникалық базасы белгілі дәрежеде физиканы оқыту сапасына әсер етеді, сондықтан физика кабинетінің жабдықталуына ерекше назар аудару керек.
Лекция 7 Физика есептерін шығарудың жалпы әдістемесі
Жоспар:
1.Физикалық есептерді классификациялау және оларды шығаруға үйрету әдістемесі.
2.Есептер шығару алгоритмдері.
3.Сандық, сапалық, графикалық есептерді шығару әдістемесі.
4.Шығармашылық есептер және олардың түрлері.
5.Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары
Дәріс мақсаты: Есептердің классификациясын көрсету, оларды шығару әдістемесін меңгерту
Дәріс мазмұны.
1.Физикалық есептерді классификациялау және оларды шығаруға үйрету әдістемесі
Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыруда, физикалық құбылыстарды игертуде, олардың ойлау қабілетін дамытуда септігі мол. Есептер шығаруды мынадай жағдайларда қолданады:
-мәселелік жағдайлар туғызғанда; -жаңа мәлімет беруде;
-практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда;
-оқушылардың білімін (нақтылығын, тереңдігін) тексеруде;
-оқушылардың алған білімін бекітуде, материалды қайталауда;
-техникалық құралдардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде;
-оқушылардың ығармашылық қабілеттерін жетілдіруде және т.б.
Есептерді шығарудың басты шарты – оқушылардың бойында физикалық заңдылықтар жайында білім қорының болуы, физикалық шамаларды дұрыс түсінуі, сондай-ақ оларды өлшеу тәсілі мен өлшем бірлігін білуі болып табылады. Есептерді шығарудың міндетті шартына оқушылардың математикалық дайындығы да жатады.
Есептерді шығару физикалық құбылыстарды бақылауды және эксперименттерді жүргізуді қажет ететін белсенді танымдық үрдіс. Эксперимент пен бақылау есептердің шартын анықтауға, жетіспейтін мәліметтерді алуға, шамалар арасындағы байланыстылықты тағайындауға мүмкіндік береді. Мұндай мақсаттарға суреттердің, графиктердің де септігі бар. Есептерді шығару ойлау үрдісі болғандықтан – бұл талдау мен салыстыру үрдісі.
Есеп шартын талдау – есепте берілген құбылыстың жалпы суреттемесін көзге елестетуге мүмкіндік береді, осының салдарынан қарастырылып отырған есепте қандай жағдайлар маңызды, қандай мәліметтер арасында байланыс орнату керектігі анықталады. Берілген құбылысты түсіну үшін есеп шартына байланысты кейбір мәселелерді қысқартуға болады. Мысалы, механикада көбіне үйкеліс, геометриялық оптикада «жұқа» линзаның қалыңдығы ескерілмейді және т.с.с.
Оқушыларда есеп шығару дағдысын қалыптастыруда есептің шартын жазу техникасына қойылатын талаптың маңызы зор. Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1)есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын түсіну;
2)есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу;
3)есепті талдау, берілген есепте қарастырылатын физикалық процестер мен заңдылықтарды түсіну, фиизкалық шамалардың арасындағы тәуелділіктерді қарастыру, физикалық мағынасына көңіл аудару;
4)есеп шығарудың жосапарын құру (тәжірибе жасау), есепке керекті тұрақтыларды және кестелік мәндерді жазу;
5)физикалық шамаларды СИ жүйесінде жазу;
6)ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу;
7)теңдеулерді құру және оларды шешу;
8)ізделініп отырған шаманы есептеу;
9)алынған жауапты талдау.
Физикада есептерді көптеген белгілері бойынша классификациялайды: мазмұнына, қойылуына, сұрақты зеттеу тереңдігіне, шығару тәсіліне, қиындық дәрежесіне байланысты және т.б.
Мазмұны бойынша ең алдымен есептерді оның физикалық материалына байланысты ажыратады. Мысалы: механика, молекулалық физика, электродинамика т. б. Есептің бұлай ажыратылуы шартты нәрсе, көбінесе есептер физиканың бірнеше бөлімдерін қамтиды. Техника, өндірістік, ауылшаруашылық, транспорт және байланыс жайындағы материалдарды қамтитын есептерді политехникалық мазмұнды есептер деп атайды. Политехникалық есептердің мазмұны меңгерілетін бағдарлама материалымен тығыз байланысты болуы керек. Бірқатар есептер тарихи сипаттағы мәліметтерден: физикалық тәжірибелерден, ғылыми ашылулардан (жаңалықтардан), тіпті тарихи ертегілерден тұрады. Ондай есептерді тарихи мазмұндағы есептер деп атайды.
2.Есептер шығару алгоритмдері.
Әрбір жаңа тақырыпты өткен кезде мұғалім тақтаға бір есепті түгелдей талдай отырып, түсіндіріп, оқушыларды есеп шығаруға үйретуі керек. Соңғы кезде физиканың есептеріне алгоритмдік әдісті қолданып жүр. Алгоритмді енгізу оқушыларды қиын есептерді шығарудың жалпы әдісімен қаруландырады.
Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғьмдардың мағынасын түсіндіру.
2. Есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу.
3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық процестер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке көңіл аударылады.
4. Шығарудың жоспарын құру, тәжірибе жасау, есепке керекті тұрақтылар мен кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау жасау.
5. Физикалық шамаларды БХБ жүйесіндс жазу.
6. Ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу.
7. Теңдеулерді құру және оларды шешу (қоыдырғыны жинау және оны жасау).
8. Ізделініп отырған шаманы есептеу, төжірибе нәтижесіне талдау (анализ) жасау.
9. Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру.
10. Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін алу.
Алгоритм және алгоритмдік тәсілді қоддану кезінде оқыту, есепті шешу әдісін меңгеру үрдісін анағүрлым тездететіні, оқушыларға есеп шығару әдістерін үйретуде алгоритмді қоддану тиімділігін тексеруге жүргізіліген зерттеу және тәжірибе жұмыстары көрсетті. Мұғалімдерге алгоритм өте ұзақ және күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ бір-екі есепті бірлесіп, алгоритм көмегімен шығару арқылы оқушылардың оны тез меңгеретініне оңай көз жеткізуге болады.
3.Сандық, сапалық, графикалық есептерді шығару әдістемесі.
Сұрақтарды зерттеу әдісіне және сипатына байланысты есептерді сапалық және есептеу (сандық) есептері деп ажыратады. Сапалық есептер деп есепті шығару барысыда физикалық шамалардың арасында тек сапалық тәуелділігі ғана тағайындалатын есептерді айтады. Заң бойынша мұндай есептерді шығару барысында есептеулер жүргізбейді. Кейде есептің мұндай түрін әдістемелік әдебиеттерде сұрақ –есептер, логикалық есептер, сапалық сұрақтар деп атайды. Сандық есептер деп есепті шығару барысында физикалық шаманың арасындағы сандық тәуелділік тағайындалатын есептерді айтады.
Шығарылу тәсілдеріне байланысты есептерді ауызша, экспериментті, есептеу және графикалық есептер деп ажыратады. Бұлай ажыратудың өзі шартты түрде ғана, өйткені есепті шығару кезінде көбінесе бірнеше тәсілді қолданады.
Сапалық есептерді әдетте меңгерілген материалды бекіту құралы ретінде қолданады. Мектеп физика курсының көптеген тақырыптары үшін сапалық есептер негізгі бөлім болып табылады. Есептің мұндай түрі қарастырылған мәселенің физикалық мәнін қалай меңгергенін қысқа уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Сапалық есептерді логикалық ой қорыту негізінде шешеді. Сапалық есептерді шығаруда талдау мен салыстыру (анализ және синтез) өзара тығыз байланыста болады, оларды кейде бір-бірінен ажырату мүмкін емес.