Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 623

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тән ерекшеліккөрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсиякөрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілгі, түсініктілігі және әсерлілігі мен білім берудің тиімді формасы болып табылады. Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. Демек, дүниеге диалектикалық көзқарас қалыптастырады.

Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл аударады, мұғалім көптеген фактілерді ескереді. Солардың ішіндегі ең бастылары – барар орынның танымдылық құндылығы, олардың мәлімділігі, ерекшелігі және орналасқан жағдайы. Тақырыбына, экскурсия кезінде көрсетілетін құбылыстың күрделілігіне қарай оның ұзақтығы түрліше болады. Экскурсияның ұзақтығы оның түріне, жүргізу әдісіне, өткізілетін орнына, экскурсияға қатысушы оқушылардың құрамына қарай анықталады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия ұзаққа созылмағаны жөн. Өйткені, олардың зейін қою, қаракет ету сипаты өзгешелеу. Балалар жалығып, экскурсияның мәліметтеу дәрежесі төмендеп кетпейтіндей етіп құруға мүмкіндік жасау қажет.

Сонымен, білім беру ісінде экскурсияның маңызы өзгеше. Экскурсия тақырыбы, сондай-ақ, оны ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болады. Олар ең алымен оқу-тәрбие процесінің мақсатына бағышталады. Мысалы, төменгі сыныптарда – ол табиғатты көру мақсатында ұйымдасытылатын экскурсиялар болса, орталау мектептегі оқушылар үшін диалектикалық-материалистік түсінік қалыптастыру мүмкін. Жоғары сыныптардағы оқу-өндірістік экскурсиялар толитехникалық білім беру жолында маңыз атқарады, мектептің өірмен байланысын қалыптастырудың елеулі құралы бола алады. Экскурсияның мүмкіндігі мол, ол өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің қай түріне де қолайлы. Экскурсияның оқу процесі ретіндегі ғылыми принципі – ең алдымен экскурсия мазмұнының диалектикалық атериализм идеяларына, осы заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етеді. Материалдың терең ғылыми негізде болуы, оқушылардың танымдық ынтасын арттыруға көмектеседі. Физикалық ғылыми білім, ең алдымен шынай шындыққа сүйенеді. Ол эксперимент арқылы тексеілген болмыстық дүниенің жалпы және маңызды заңдылықтарының көрінісі болып есептеледі.


Ғылыми принциптің талаптары атериалдың мазмұнына ғана қатысты емес. Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі - әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру – ғылым мақсатарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылацйды яғни баяндаудың дедуктивті (жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған физикалық экскурсия ғылыми білімдерді, ғылыми-техникалық білімдерді насихаттаудың тиімді құралы.
Бақылау сұрақтары:

  1. Эксурсия физиканы оқытудың бір формасы.

  2. Экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері.

  3. Ілеспелі экскурсия.

  4. Қортынды экскурсия.

  5. Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.

2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.

3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.

4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.

5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.

6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.

7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике

школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.

8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. П. С.Е.Каменецкого, Л.А.Ивановой-М.: Просвещение, 1987. -336 с.

Лекция 10 Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар.

Дәрістің жоспары.

1.Суреттерді, плакаттарды, кестелерді сынып тақтасымен жұмыс жасай отырып пайдалану.

2.Слайдтарды, бейнефильмдерді және түрлі компьютерлік моделдерді пайдалану.

Дәрістің мақсаты: Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемаларды дұрыс пайдалана білуді үйрету.

Дәрістің мазмұны.

Әрбір оқу кабинетінде класс тақтасы бар, әрине ол физика кабинетінде де болады. Ол алдыңғы қабырғада, демонстрациялық үстелдің есігінен сәл жоғары немес оның деңгейінде биіктіке ілінеді, себебі ондағы жазу орныдарында отырған барлық класс оқушыларына көрінетін болуы керек.

Тақтаның жұмыс беті линолеумнан немесе қалың әйнектен жасалады, ол қоңыр немесе жасыл түсті болады, қара түсті де тақталар кездеседі.

Соңғы уақытта ақ әйнекті тақталар да шыға бастады, оған арнайы фломасте­р-маркерлермен жазады және суреттер салады. Қазіргі заманғы оқытудың техникалық құраларының (ОТҚ) енуіне байланысты класс тақтасына деген қажеттілік болмайды деген көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мұнымен келісуге болмайды. Класс тақтасы физика кабинетінде болған және де бола да береді, себебі оның қажеттілі:

- жаңа материалды түсіндіру суреттермен, чертеждармен, схемалармен, формулалармен және жазбалармен жүргізілгенде мұғалімге қажет.

Жоғарыда көрсетілген кескіндер – бұл процесс, сабақ элементтері емес, өйткені бұл процесс түсіндіру, және бейнелеу, деталдар анықтап көрсетіледі, керек еместері сүртіледі, басқалармен алмастырылады (мұның барлығын графопроектор пленкасында немесе ЭЕМ-да жасау үнемі жүзеге аса бермейді) үйлеседі;

-тақтада жауап беріп тұрған оқушыға суреттерді салу, формулаларды жазу үшін қажет.

Физика мұғалімі тақтаға жақсы жаза алуы және сурет сала алуы керек. Егер мұны бірден жасай алмаса, онда сабақтан бос уақытта осы жұмыспен айналысу керек; осы үшін төмендегі дағдыларды қалыптастыру керек:

- жазу жақсы көрінуі үшін барды қатты басу керек;

- жазбалардың өлшемі өте үлкен, немесе өте кіші болмауын қадағалау керек;

- тақтадағы жазбаның горизонтальдығына көңіл аудару керек;

- тақтадан қажет емес жазбаларды өшіру үшін губка немес тряпкамен жұмыс істеуді әдітке айналдыру керек.

Сынып тақтасындағы сурет дидактикалық мақсатта орындалатындықтан, ол қарапайым болуы керек.

Кестелер мен моделдер


Кестелер негізінен жаңа оқу материалын түсіндіру үшін және тақтада жүзеге асыру мүмкін болмайтын мұғалімге қажетті иллюстративті материалды қамтиды. Кестелерде, ережеге сай табиғи түрінде көрсету мүмкін емес техникалық қондырғылар бейнеленген. Әдетте құрылымның жалпы түрінен басқа оның конструктивті ерекшеліктерін және барлық деталдарын көруге мүмкіндік беретін кесік бейнеленеді.

Кестелер жұқа қағаздарда әртүрлі авторлардың қолымен жасалған, олар рулондармен (класттар, тақырыптар бойынша) дайындалған, мұғалімдер оларды кар­тонға жапсырады. Кестелер осы түрінде класс тақтасының төменгі жағындағы бөлек жәшіктерде сақталған. Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды. Оларды кестелер мазмұнын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа құралдар алмастыруда.

Физика мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне өз сабақтары үшін қолдан жасалған плакаттар қолданысқа енді, олардың бағасы өте жоғары. Олар сабақтың мазмұнын арттырады, сабақтың көркін кіргізеді.

Плакаттардан басқа физика кабинетінде әртүрлі моделдер бар, бұл моделдердің бір бөлігі – заводта жасалған, бір бөлігі – қолдан жасалған моделдер. Моделдер сәйкес приборлармен қондырғыларды меңгеру кезінде көрнекілік функциясын арттыру ролін атқарады. Моделдер статикалық (кристалл тор) және динамикалық, немес кинематикалық (броундық қозғалыс моделі, бу турбиналары және т.б..). Оқушыларға моделдерді дайындау бойынша тапсырмаларды берген пайдалы.

Бағдарламаланған оқыту құралдары.

Компьютер – қазіргі уақытқа дейінгі мұғалімдердің қолданып жүрген техникалық құралдардың ішіндегі ең тиімді және қуатты құралдардың бірі.

Компьютерде бағдарламалық оқыту тәсілдерін жүзеге асыратын оқыту бағдарламаларын бағдарламалық оқыту құралдары деп атайды.

Физика сабақтарында ақпараттық компьютерлік технологияны (АКТ) қолдану пәнді меңгеруге деген қызығушылықты арттырады, вертуалды түрде демонстрациялық тәжірибелерді көрсету мүмкіндігін арттырады.

Сабақтың барлық түрлерінде компьютерді қолдануға болады: атап айтқанда, жаңа оқу материалын өз беттерінше меңгеруде, есептер шығаруда, білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қолдану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ физика сабақтарында компьютерді қолдану олардың нағыз шығармашылық қабілеттерін арттырады. Және дамыта оқыту принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сабақта компьютерлік техниканы қолдану білім алушылардың оқу процесіне деген мотивациясын көтереді, оқушыларға әлемді тану және таным процесін қабылдауға мүмкіндік береді.