Файл: Лекция 1 Кіріспе. Физиканы оыту дістемесі педагогикалы ылым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 621

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кодоскоптың диапроектордан артықшылығы қараңғыланбаған сыныпта да жұмыс істеуге болатындығында.

Кинофильмдер қозғалыстағы, дамудағы, өзгерістегі обьектілерді көрсетуге мүмкіндік береді. Кинофильмдерде мультипликация көмегімен процестерді моделдеу кеңінен қолданылады. Тікелей бақылауға мүмкін емес обьектілер мен процестерді кино көмегімен көрсетуге болады.

Физиканы оқыту процесінде оқу кинофильмдері мақсатты түрде қолданылады:

- қуатты микроскоптың көмегімен бақыланатын (броундық қозғалыс) микропроцесстерді демонстрациялауда;

- мектепте қойылуы мүмкін (Штерн, Кавендиш тәжірибелері және т.б.) емес іргелі тәжірибелерді демонстрациялауда;

- мультипли­кация (электрондар мен иондардың қозғалысы, электр­магниттік толқындардың таралуы және басқалар) көмегімен құбылыстар мен процестерді моделдеу;

- жылдам өтетін процестерді көрсету (қатты дене деформа­цияларының барлық стадиялары және т.б.);

- баяу өтетін процестерді көрсету (қатты денелер диффузиясы және т.б.);

- меңгерілген білімдер мен заңдардың техникалық қолданылуын көрсету (интерференцияның, поляризацияның және т.б. қолданылуы).

Кинофильм сабақта тұтастай немесе фрагмент бойынша көрсетілуі мүмкін. Ол жаңа материалды меңгеру барысында, немесе мұғалімнің түсіндіруін иллюстрациялау құралы ретінде қолданылуы мүмкін.

Соңғы уақытта кинофильмдерді видеофильмдермен алмастыруда.

Телевизор, кино сияқты үлкен дидактикалық мүмкіндікке ие, оның көмегімен кино және оған тән құралдарды біріктіреді.

Радиоқабылдағыштар оқушылар үшін қосымша апқарат көзі болып табылады. Олар меңгерілген материалмен уақыт бойынша келісілмеген, сондықтан мұғалім ғылыми-танымал радиохабарламаларды магнитофонға жазып алып, сәйкес сабақта қолдана алады. Магнитофонды жазба физикалық диктантарды өткізу кезінде қолданылады.

Олай болса, дәстүрлі ОТҚ оқу процесінде үлкен мәнге ие, олар оқушылардың оқу-танымдық іскерлігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олар білім көзі және көрнекілік құралы болып табылады.

Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдары

Қазіргі заманға ОТҚ жатады:

- видеопроекторлар;

- қараңғыланған және аз жарықталынған бөлмеде жұмыс істейтін үлкен экран;

- дербес компьютер;

- видеокамера және видеомагнитофон;

- фреймграбер және т.б.

А.В.Смирновтың жетекшілігімен жасалған нақты жүйені мысал ретінде қарастыруға болды. Бұл жүйе алдымен МАЖ (АРМ) – мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс (физика мұғалімі) орны деп аталды, ал жаңа модификацияда – ОАК (АКП) (оқытушының автоматтандырылған комплексі). Смирновтың ОАК схемасы төмендегі суретте көрсетілген:




Комплекстің орталығы дербес компьютер болып табылады 1(бұдан кейін ДЭЕМ белгіленеді). Ол видеомагнитофонмен 2 бірге сыртқы проекциялық экранда 4 (өлшемдері, мысалы диагонал бойынша шамамен 3,5 м) түрлі-түсті және ақ-қара ақпаратты бейнелейтін видеопроекторға 3 шыға алады. Кескін экранда жақсы көрінеді, себебі видеопроектор үлкн жарық ағынына ие (900лм). Видеопроектормен 3,диапроектормен 7, проекциялық экранмен 4, терезелерді перделеу 9және сынып-аудиторияны жарықтандыру (лампы схемасында жарықтандыру көрсетілмеген) дистанциялық пульттың 17 көмегімен басқарылады. Комплекс датчиктермен 16,аналогты-цифрлық түрлендіргіштермен 15 комплектіленеді. Комплексте видеокамерлар 5 және фреймграбердің 6 болуы мұғалімге магнитті лентаға визуальды ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. ОАК (АКП) портативті магнитофонмен 8 жарықтандырылған, ол усилителмен 10 және акустикалық аппаратурамен 11жалғанған. Бұл мүмкіндік береді:

- магнитті лентаға жазылған тексті шығаруға мүмкіндік береді;

- кабинетте сабақтың музыкамен жүргізілуіне жақсы жағдай жасайды;

Оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыру үшін телефондарды 12 қолдануға болады.

ОАК (АКП) көппультті сұрақ-өлшегіш жүйесімен 13 жабдықталған. Ол ДЭЕМ базасында құрылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Оқытудың техникалық құралдары деп нені түсінеміз?

  2. Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының классификациясын көрсетіңідер.

  3. Оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын атаңдар.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Акитай Б.Е. Физиканы окыту теориясы және әдістемелік негіздері: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2006. -280 бет.

2. М. Құдайқұлов, Қ. Жаңабергенов, «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі», Алматы, «Рауан», 1998ж., 310 6.

3.«Основы методики преподавания физики», В.Г.Разумовский, А.Н. Бугаев, Ю.Н. Дик и др.-М, «Просвещение», 1984г., 397с.

4.«Физиканы оқыту методикасы 6-7», Орехов В.П., Усова А.В. Алматы,«Мектеп», 1978ж.

5.Орта мектепке арналған негізгі оқулықтар. 7-9 кл. «Физика және астрономия», «Физика» 10-11 кл. 2010.

6.«Физика жэне астрономия», «Физика» Орта жалпы білім беретін мектеп

сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. Астана, 2010 ж.

7.Анциферов Л.И., Пищиков И.М., Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента, М., «Просвещение», 1984г.

8.Методика преподавания физики в средней школе: Частные вопросы. Под/ред.С.Е.Каменецкого,Л.А.Ивановой -М.: Просвещение,1987.-336 с.
Лекция 12. Физика бойынша факультативтік курстар

Жоспар:

  1. Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы

  2. Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер

  3. Экскурсияны өткізу әдісі

Дәріс мақсаты: Факультативтік курстардың мақсаты, мәнімен таныстыру және оларды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.

Дәріс мазмұны:

1 Экскурсия – физиканы оқытудың бір формасы

Эксукрсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы.

Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Оқу жылы ішінде экскурсия өткізу үшін арнаулы күндер бөлінедіә. Бұл күні оқушылар мектепте оқымайды. Оқу процесінде алатын орнына байланысты экукурсиялардың үш түрі бар: алдын-ала өткізілетін, ілеспелі, қортындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар, олар 1-суретте кескінделген.


1-сурет. Оқу процесінде өткізілетін экскурсиялардың жүйесі
Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді.

Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.

Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. ФИзикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Мақсаты мен тақырбына қарамастан әрбір физикалық экскурсияның өзіне тән белгілері бар. Солардың бірі болмаған жағдайда экскурсия қоршаған ақиқатты танып-білдіру формасы болудан қалады. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға
тән ерекшеліккөрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсиякөрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілгі, түсініктілігі және әсерлілігі мен білім берудің тиімді формасы болып табылады. Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. Демек, дүниеге диалектикалық көзқарас қалыптастырады.

Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл аударады, мұғалім көптеген фактілерді ескереді. Солардың ішіндегі ең бастылары – барар орынның танымдылық құндылығы, олардың мәлімділігі, ерекшелігі және орналасқан жағдайы. Тақырыбына, экскурсия кезінде көрсетілетін құбылыстың күрделілігіне қарай оның ұзақтығы түрліше болады. Экскурсияның ұзақтығы оның түріне, жүргізу әдісіне, өткізілетін орнына, экскурсияға қатысушы оқушылардың құрамына қарай анықталады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия ұзаққа созылмағаны жөн. Өйткені, олардың зейін қою, қаракет ету сипаты өзгешелеу. Балалар жалығып, экскурсияның мәліметтеу дәрежесі төмендеп кетпейтіндей етіп құруға мүмкіндік жасау қажет.

Сонымен, білім беру ісінде экскурсияның маңызы өзгеше. Экскурсия тақырыбы, сондай-ақ, оны ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болады. Олар ең алымен оқу-тәрбие процесінің мақсатына бағышталады. Мысалы, төменгі сыныптарда – ол табиғатты көру мақсатында ұйымдасытылатын экскурсиялар болса, орталау мектептегі оқушылар үшін диалектикалық-материалистік түсінік қалыптастыру мүмкін. Жоғары сыныптардағы оқу-өндірістік экскурсиялар толитехникалық білім беру жолында маңыз атқарады, мектептің өірмен байланысын қалыптастырудың елеулі құралы бола алады. Экскурсияның мүмкіндігі мол, ол өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің қай түріне де қолайлы. Экскурсияның оқу процесі ретіндегі ғылыми принципі – ең алдымен экскурсия мазмұнының диалектикалық атериализм идеяларына, осы заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етеді. Материалдың терең ғылыми негізде болуы, оқушылардың танымдық ынтасын арттыруға көмектеседі. Физикалық ғылыми білім, ең алдымен шынай шындыққа сүйенеді. Ол эксперимент арқылы тексеілген болмыстық дүниенің жалпы және маңызды заңдылықтарының көрінісі болып есептеледі.


Ғылыми принциптің талаптары атериалдың мазмұнына ғана қатысты емес. Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі - әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру – ғылым мақсатарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылацйды яғни баяндаудың дедуктивті (жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған физикалық экскурсия ғылыми білімдерді, ғылыми-техникалық білімдерді насихаттаудың тиімді құралы.

2 Экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер

Экскурсиялар көрсетілімдік әдісінің бір түрі және оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы. Физикалық экскурсияны өткізу барысында әртүрлі әдістердің - әңгіме, лекция, әңгімелесу және т.б. қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі көрсетілімдік әдісімен үйлестіріледі, соған бағынышты. Әдетте экскурсия нақтылы заттарды, құбылыстарды процестерді абиғи жағдайда көріп, қабылдауға мүмкіндік береді.

Экскурсия жасалатын обьектімен экскурсанттарды таныстыру үшін мекеме жетекшілері экскурсовод тағайындайды. Экскурсоводтан басқа, машиналлардың және қондырғылардың жұмыс принципімен толығырақ таныстыру үшін тәжірибелі механиктер, маман жұмысшылар бөлінеді. Бірақ экскурсия кезінжде жетекші рөлді мұғалім атқарады. Экскурсоводтар, маман қызеткерлер, жұмысшылар мұғалімді алмастыра алмайды. Олардың сөзі тек мұғалімнің әңгімесін толықтыады. Экскурсия кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі қатаң сақталуы керек. Экскурсия кестесі мектеп директорының қолы қойылып, мөрімен бекітіледі.

Төменде бағдарламаның жекелеген бөлімі бойынша экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер көрсетілген (1-кесте).