Файл: 1 Днді даылдар 1 Жазды днді даылдар Жазды бидай.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 139

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Омск, 1989, 125с.

3. Гольцов А.А., Ковальчук А.М. и др. Рапс и сурепка. М.: Колос, 1983.

4. Кузнецов Р.Я. Масличные культуры на корм. Л.: Колос, 1977, 152с.

5. Агрономическая тетрадь. Возделывания рапса и сурепицы по интенсивной

технологии. (Под. общ.ред. Мартынова Б.Л.). М.: Россельхозиздат, 1986.

6. Практическое руководство по освоению интенсивной технологии возделы-

вания рапса ВАСХНИЛ. М.: ВО Агропромиздат, 1987.

6. ТАМЫР ЖЕМІСТЕР

6.1 Қант қызылшасы

Қант қызылшасы – бағалы техникалық және мал азықтық дақыл, ол қант өнді-

рісі үшін негізгі шикізат. Қант қызылшасының сірнесі ашытқы және спирт өндіріс-

інде глицерин шығаруда кеңінен қолданылады, сонымен қатар медицинада, сабын-

қайнату және лак, бояулар өндірісінде, тоқыма және былғары, тері өнеркәсібінде

пайдаланылады.

Қант қызылшасының мал азықтық дақыл есебінде атқаратын ролі зор. Басқа та-

мыр жемістермен салыстырғанда, қант қызылшасың аумақтық бірліктен беретін қоректік заттары мол. Қант қызылшасы күз және қыс кезеңдерінде ауылшаруашы-

лық малдарының барлық түрлеріне, әсіресе сауын сиырлар мен шошқаларға, шы-

рынды мал азығын береді. Солтүстік Қазақстанда қант қызылшасы мал азықтық

мақсатта өсіріледі.

Қазіргі заман технологиясының негізгі талаптары:

- тыңайтылған таза парда, дәнді дақылдардан, отамалы дақылдан кейін орналас-

тыру;

- бағдарланған өнімге есептелген минералды тыңайтқыш мөлшерін (200-250

ц/га) енгізу.

- топырақты жазық тілгішпен өңдеу, сүдігерді жақсарту, танапты тегістеу;

- себу алдындағы топырақ өңдеу кезінде тиімділігі жоғары топырақтық герби-

цидтерді енгізу;

- тұқымдары 1 класқа жататын, сабақ жиілігі есептелген мөлшерде себу;

- сабақ жиілігін тек механикаландырылған әдіспен қалыптастыру;

- өсімдікті зиянкестер, аурулардан және арамшөптерден интегральды қорғау;

- механикаландырылған жинау жұмыстарын жүргізу;

- барлық технологиялық әдістерді сапалы және мерзімінде жүргізу

Қызылшаны жинап алғаннан кейін топырақтың жырту қабатын қопсытып, то- топырақ терең жазық тілгішпен өңделеді.

Топырақты негізгі өңдеу кезінде бағдарланған өнім бойынша есептелген фос-

фор, калий тыңайтқыштар мөлшерлері енгізіледі. Егер парға көң енгізілмесе, қы-

зылша астына жартылай шіріген 20-30 т/га көң енгізуге болады. Топырақты 25-27 см тереңдікте жырту көң енгізумен қатар жүргізіледі.

Қыс айларында қар қабатының қалыңдығы 15 см болғанда, қар тоқтату жұмыс-


тары басталады.

Көктем айларында ылғалды жабу және танапты тегістеу, азоттық тыңайтқыш-

тарды енгізу УСМК-5,4 культиваторымен 5-6 см тереңдікте жүргізіледі.

Арамшөппен күшті ластанған танаптарға культиваторлау жұмыстарымен қатар топырақтық гербицидтер енгізген жөн. Ең тиімді гербицидтер эптам, вензор, далур. Себу алдында сақиналы шпорлы таптауышпен (3ККШ-6А) топырақ нығыздалады.

Себуге аймақта тіркелген бір бүршігі бар тұқымдар қолданылады.

Қант қызылшасының сорттары:

Ялmушковская односемянная. Ялтушков селекциялық тәжірибелік БҒЗС шығарылған. Өнімді сорт, гүлденуге бейімді. Түйнегі бір тұқымды. Сорт жоғары дара тұқымдылығымен (90-96%), жақсы өнгіштігімен (75-85%) сипатталады. Ақұнтақ және церкоспороз ауруына айтарлықтай төзімді

Ялmушковская односемянная 30. Қатараралық будан, БҒЗИ Ялтушка селекциялық пункінде шығарылған. Жоғары икемділікпен, тұқымдары жақсы егістік сапасымен сипатталады.

Дара тұқымдылығы 78-90%, тұқым өнгіштігі 80-85%. Ақұнтақ және церкоспо-

роз ауруына шалдығуы аз байқалады.

Тұқымды себер бұрын қырнап өңдейді және себер алдына екі үш күн бұрын Текто 450 45% к. с. препаратымен дәрілейді.

Себу 8-10 см тереңдікте, топырақ 5-6 градусқа жылынғанда басталады. Қолай-

лы себу мерзімі 20-25 мамыр аралығы. Себумен қатар әрбір қатарға 60-80 кг/га 1,6%-тік фосфомид енгізіледі, бұл шара қызылша бүргесіне және бізтұмсықтарға қарсы жүргізіледі. Себу қатараралығы 45 немесе 60, 70 см болатын ССТ-12В, СПЧ-6Л, SCHMOTZER сеялкасымен себіледі. Себу мөлшері 12-14 түйнектер бір метр жерге, сіңіру тереңдігі 3-4 см. Себуден кейін сақиналы шпоролы таптауышпен то-пырақты нығыздайды. Егін көгі пайда болғаннан кейін, шарықтау азғантай жыл-

дамдықта (5 км/сағ дейін) жүргізіледі.

1-2 жұп нағыз жапырақ кезеңінде 1 га 60-70 мың өсімдік қалатындай етіп сабақ жиілігін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Қатарларды бойлай сирету жұмыс-

тары УСМП-5,4 мен жүргізіледі. 2-3 жұп нағыз жапырақ кезеңінде бетанал герби-

цидімен немесе оның лонтрел қоспасымен өңдеуге болады. Арамшөптер пайда бол-

ғанда қатараралық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Қызылшаны жинау мерзімі қыркүйектің ІІ онкүндігінде тұрақты бозқырау тү-

суімен анықталады.

Жинау алдында пәлектерді пәлек жинағыш БМ-6 машинасымен жиналады, со-

Сын тамырлардан тазарту және түйнектерді жинау жаппай немесе жаппай тиеу КС-6 немесе РКС-4 комбайнарымен жиналады.

Қант қызылшасы дақылын өсірудің технологиялық нұсқасы







Технологиялық іс шаралар


А/ш машиналар


Жүргізу мерзімі


Сапалық көрсеткіштер




1


2


3


4


1.


Күзгі топырақ өңдеу

а) органикалық тыңайтқыштарды енгізе топырақты қайырма жырту

б)жазық тілгішпен тереңге жырту


РОУ-6,

ПН-8-35, «Lemken»

соқа,

ГУН-4
ПГ-3-5;«John

Deer»


Жинағаннан

кейін


Көң 20-3О т/га,

тереңдігі 25-27см

Тереңдігі 22-25см


2


Минералды тыңайтқыштар

ды енгізу



РУМ-5


Топырақты негізгі өңдеу астына


Фосфорлы-калийлі тығайтқыштарының толық мөлшері


3


Жаппай культиваторлау


КТС-I0-01 «Lemken смарагд»


Күз айының қолайлы кезеңінде


Тереңдігі 6-8см


4


Қар тоқтату


СВУ-2,6, СВШ-I0


Желтоқсан- ақпан


Қар қалыңдығы 15см болғанда, жел бағы-

тына көлденеңнен

қар жоталарының

арақашықтығы 4-5м

болатындай етіп

орналастырады.



5


Көктемгі ылғалды жабу, топырақты тегістеу және сүйреткілеу


БИГ-3 + ШБ-2,5 БЗСС-1,0 +ШБ-2,5; «Morris Field PRO»


Топырақтың физикалық пісу кезінде


Tопырақ түйіршігінің диаметр 20 мм, 20% артық емес. Тереңдігі 3-5см


6


Минералды тыңайтқыштарды енгізу


РУМ-5


Себер алдындағы культивация кезінде


Азоттық тыңайт қыштарды бағдарланған өнім бойынша енгізу


7


Гербицидтерді енгізу


ОП-2000, ОПШ-15; «John Deer 4720», «JohnDeer 800», «Flexicoil»67


Себер алдындағы культивация кезінде


Топырақтық гербицидтер: эптам 4-5 кг/га, вензар 1-2 кг/га, далур 3,6-6,0 кг/га дереу топырақ-

қа енгізілуі қажет .



8


Себу алдындағы культивация


УСМК-5,4А «Lemken Cмарагд»


Гербицидті енгізгеннен кейін дереу жүргізіледі


Тереңдігі 5-7 см


9


Себуге дайындық және тұқымдарды дәрілеу


ШСС-0,5 ПС-10 ПСУ-10


Себер алдында 2-3 күн бұрын


Тұқымның сусыма-

лылығын артыру үш-

ін тұқымның ұрық қабығының паренхималы бөлігін қырнап өңдейді.

Ауруларға қарсы тұқымдарды Текто 450 45% к.с 2 кг/т дәрілейді



10


Топырақты нығыздау


ЗККШ-6А


Себу алдында


Нығыздаудан кейін топырақ 6-8см терең-

дікке тығыздалған, үстіңгі беті борпыл-

дақ,топырақ түйірші-

гі 5см болуы қажет.



11


Себу, бағыттағыш саңылау қалдырумен


ССТ-12В +саңылау қалдыратын бағыттағыш машиналар

Schmotzer, CПЧ-6л



20-25 мамыр айы топырақтың биологиялық пісу кезінде


60-80 кг/га 1.6% гранулалы фосфомид енгізумен қатар жүргізіледі. Бұл шара егін көгін бізтұмсықтардың және бүргелердің зақымдауынан қорғайды. Себу мөлшері 12-14 түйнек 1м жерге, сіңіру тереңдігі 3-4 см


12


Топырақты нығыздау


3ККШ-6А


Себуден

кейін


Нығыздаудан кейін топырақ 6-8см тереңдікке тығыздалған, ал үстіңгі беті борпылдақ, топырақ түйіршігі 5 см болуы қажет


13


Шарықтау


УСМК-5,4+ саңылау қалдыратын бағыттағыш машиналар


Тұқым жар-

нағы жапы-

рақшалары

пайда болған-

да және қа-

тарларды ай-

айқындауғ




Қатардан 4-5 см қрғаныш алқаптары орналасады. Шабықтау азғантай жылдамдықта 5км/сағ жүргізіледі


14


Аурулар мен зиянкестерге қарсы бүрку


ОП-2000-2 немесе«John Deer 4720», «Flexicoil»67


Қызылша бүргесі және бізтұмсығы пайда болғанда. Ақұнтақ және тат ауруына қарсы


Бүрку - мерка 25% к.э.-0,4 л/га; Фунгицид - байлетон 25%с.п - 0,6 кг/га пестицидтерімен жүргізіледі


15


Сабақ жиілігін қалыптастыру


УСМП-5,4+ саңылау қалдыратын бағыттағыш машиналар


1-2 жұп нағыз жапырақ кезінде


Сабақ жиілігі 60-70 мың өсімдік 1 га. Агрегат жылдамдығы 5км/сағ


16


Арамшөптерге қарсы бүрку


ОП-2000 немесе

«John Deer 4720», «Flexicoil»6



2-3 жұп нағыз жапырақ кезеңінде


Бетанал 5-6 л/га. Танап аралас ластанғанда (20% қалуен) бак қоспасы бетанал+лонтрел (6,0+0,3л/га препарат бойынша) қолданылады


17


Қатараралық өңдеу


УСМК-5,4 саңылау қалдыратын бағыттағыш машиналар


Өсіп - өну кезінде


Тереңдігі 6-8см. Қорғаныс алқаптары қатарлардан 6-8см қашықтықта орналасады


18


Қатараралық өңдеу


УСМК-5,4 саңылау қалдыратын бағыттағыш машиналар


Өсіп - өну кезінде


Тереңдігі 8-10 см. Қорғаныс алқаптары қатардан 12-15см қашықтықта орналасады.


19


Пәлектерді шабу тамырдан тазартқанға дейін


БМ-6+ Екі вольтты тазалағыш машина


Қыркүйек


Тамыржемістілердің жарақаттануы 7 % аспауы тиіс


20


Тамыржемістерді жинау


РКС-4,

КС-6


Қыркүйек


Комбайнды реттеу, жинау кезінде шығын болдырмау. Көгі 3% аспауы тиіс


Бақылау сұрақтары

1. Тамыржемістілердегі құрғақ зат және қант құрамы қанша?

2. 1кг тамыржемісте және жер үсті сабағында қорытылатын протеин мөлшері

қанша?


3. Қай жануар организмі қант қызылшасы тамыржемісініің қоректік құндылығын

толық қолданылады?

4. Ірі қара малды азықтандыруда қант қызылшасының тамыржемісін қолдануға

бола ма?

5. Қант қызылшасы құрамындағы кристалды қант бар екендігін кім және қашан

ашты?


6. Қант қызылшасы тамыржемісінен қант алу қашан басталды? Қай ғалымның

ғылыми еңбектері себепкер болды?

7. Қай континентте қант қызылшасының егістік аумағының және жалпы түсімінің

80% жинақталады?

8. Қазақстанда қант қазылшасын өсіретін негізгі аймақтар?

9. Республикада тіркелген қант қызылшасының сорттары мен будандарын атаңыз?

10. Өнім қалыптастыруда қай жапырақ басты роль атқарады? Жапырақтар қанша

тіршілік етеді? Бір гектар егістегі орташа жапырақ ауданы қанша?

11. Қант қызылшасы тамырының құрылысы қандай, және оның барлық ұзындығы-

ның неше пайызы шоқпарбас пен тамыр мойнына жатады? Негізінде тамырдың

қай бөлшегінде қоректік заттар орналасқан?

12. Қант қызылшасының жылуға талабы. Ақмола облысында жылу жеткілікті мөл-

лшерде ме?

13. Фенологиялық кезеңдерін атаңыздар және өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Қос-

құлақ кезеңінің ерекшелігі.

14. Өсімдікті жұлып сиретуді қай кезеңінде бастау және аяқтау керек?

15. Қант қызылшасының вегетациясының І жылы қандай кезеңдерге бөлінеді?

16. Вегетацияның қай кезеңінде құрғақшылық қант қызылшасына үлкен нұсқан

келтіреді және негізгі суару қай кезде жүргізіледі?

17. Қант қызылшасының, малазықтық қызылшасымен салыстырғанда құрғақшы-

лыққа төзімділігі қандай?

18. Өсу кезеңдеріне қарай қант қызылшасының ылғалға қоятын талабы?

19. Гүлдемпаздық және «қырсығушылар» нендей себептерден туындалады?

20. Қант қызылшасы өсімдігінің өсіп дамуына қажетті қолайлы топырақ ылғалы?

21. Өсіп даму кезеңдеріне қарай қант қызылшасының қоректік заттарға қоятын

талабы?


22. Азот, фосфор және калий жетіспеушілігінің белгілерін атаңыз?

23. Қант қызылшасы жақсы өсуі үшін рН-тың қандай деңгейіне сұранысты

24. Қант қызылшасы топыраққа нендей талаптар қояды? Өсімдіктің өсуі және же-

тілуіне керекті қара және қоңыр топырақтардың қолайлы тығыздығын атаңыз?

25. Қант қызылшасының тамыржемістернің қанттылығының кему себептері?


26. Қант қызылшасын қарқынды өсіру технологиясының элементтерін атаңыз?

27. Қант қызылшасының ылғалдың жетіспейтін және жеткілікті аймақтардағы жақ-

сы алғыегістері.

28. Қант қызылшасынан кейін, олардың қоректік заттарға шығындылығына байла-

нысты, қандай дақылдарды өсірген пайдалы және оларды жинау мерзімдері.

29. Қант қызылшасы үшін, жақсартылған сүдігер өңдеу нендей себептерге тәлімді.

30. Қызылша тұқымы бөрту үшін, салмағының қанша бөлігіне сай су керек? Олар-

дың ірілігі қандай?

31. Гербицидтерді қалай таңдайды, оларды атаңыз. Қолдану мезгілдері және әдіс-

тері.

32. Қарқынды технологияда қант қызылшасы тұқымдарының өңгіштігі, біртұқым-

дылығы және толықтылығы қандай болуы керек.

33. Тұқымның далалық өнгіштігін арттыруды қолдайтын, әдістерді атаңыз.

34. Тұқымдарды дәрілеу қашан және немен жүргізіледі?

35. Қант қызылшасының көп тараған аурулары.

36. Біріккен жемітерді қырналау не үшін керек?

37. Жинау алдындағы, селдірлетуді ескеріп керекті тығыздылықты беретін, 1метр

жүйекке тұқымды себу мөлшері?

38. Өскіндерді зиянкестерден қорғау үшін, тұқымдармен бірге қандай инсектицид-

терді сіңіреді және оның мөлшері?

39. Солтүстік Қазақстанда қант қызылшасының 1 қадым метрдегі көктеу жиілігі

қандай болуы керек.

40. Қант қызылша егістерін, өскіндер шыққаша күтіп-баптау әдістері.

41. Қант қызылшасы көктегенде, қандай гербицидтерді пайдалануға болады және

қандай арамшөптерге қарсы, оларды сіңіру мөлшері?

42. Қарқынды технологияда қант қызылша егістерін, қатараралық өңдек керек пе,

керек болса, олардың өңдеу тереңдігі және саны?

43. Қолданылатын жинау әдістерін атаңыз. Пәлектерді жинайдын машиналар, та-

мыржемістерді жинайтын комбайндар.

44. Қант қызылшысын бөлектеп жинағандағы шектеулі шабу биіктігі.