ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 140
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бақылау сұрақтары
Жаздық бидай
1. Жаздық бидайдың негізгі өсіру аймағы.
2. Республикада, Ақмола облысында жаздық бидайдың негізгі егіс көлемі.
3. Республикамызда өсетін сорттар бидайдың қай түріне жатады.
4. Бидай тұқымының сапасы қандай көрсеткіштермен сипатталады.
5. Күшті, орташа, және әлсіз бидай деген не?
6. Клейковина құрамына және сапасына әсер ететін факторлар.
7. Қатты бидай үшін алғы дақылдар.
8. Бидайдың жылуға қоятын талабы. Бозқырауға төзімдігі.
9. Ылғалға қатысты қиын-қыстау кезеңі.
10. Неліктен қатты бидай топырақ құрғақшылығына төзімділігі нашар?
11. Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидайдың қолайлы сабақ жиілігі.
12. Жаздық бидайдың түптену кезеңі.Осы процесстің алатын орны.
13. Аудан бірлігіндегі өнімді сабақ санына әсер ететін факторлар.
14. III-IV органогенез этапындағы өнімділік элементтері.
15. Жаздық бидайдың даму кезеңі.
16. V-VI органогенез этапындағы өнімділік элементтері.
17. Бидайдың гүлдену кезеңінен кейінгі өтетін органогенез этаптары. Өнімділік
элементтері.
18. Масақтағы дән саны. VII-VIII органогенез этапындағы өнімділік элементтері.
19. Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың алғы дақылдары.
20. Жаздық бидайға арналған сүрі жер. Сүрі жерді күзгі өңдеу.
21. Жаздық бидайға арналған сүрі жерде жүргізілетін жазғы жұмыстар.
22. Сүрі жердегі ықтырма. Себу мерзімі. Ең жаксы ықтырма дақыл.
23. Жазғы мерзімде сүрі жер танабында гербицидтерді қолдану.
24. Сүрі жерде бидайды 2 дақыл ретінде орналастыру. Топырақты өңдеу
ерекшеліктері.
25. Атпа тамырлы арамшөптермен күзде және бидайдың вегетациялық кезеңінде
күресу.
26. Бидай егісінде қара сұлы және итқонақ арамшөптерімен күресу.
27. Солтүстік Қазақстан жағдайында себу алдында топырақты өңдеу ерекшеліктері.
28. Жаздық бидайды себу мерзімі.
29. Ақмола облысында өсетін қатты және жұмсақ бидай сорттары.
30. Бидай тұқымын дәрілеу.
31. Жаздық бидай тұқымының өсу күші.
32. Жаздық бидайды себудің қолайлы тәсілдері.
33. Аурулардан және зиянкестерден қорғаныс.
34. Себу кезінде тыңайтуға бола ма?
35. Солтүстік Қазақстанда жаздық бидайдың себу мөлшері.
36. Жинауды бидайдың қай даму кезеңінде жүргізеді?
37. Бидайды бастыру режімі.
Арпа және сұлы
Солтүстік Қазақстанда негізгі дәнді жемшөп дақылдарына арпа мен сұлы жата-
ды. Солтүстік Қазақстанның көптеген аудандарында дәнді дақылдардың ішінде ар-
па барынша өнімді және арзан құнарлы мал азығы болып табылады. Арпа сабаны –
әсіресе булап пісіргеде татымды жақсы ірі азық. Сонымен қатар көк азық және ас-
бұршақ, жаздық сиыр жоңышқа, чина қоспаларымен шөп есебінде пайдаланылады.
Сұлы астыққа, көк балауса мен пішенге, жеке азыққа кеңінен қолданылады, ол
таза және бір жылдық бұршақ дақылдарымен аралас күйінде өте жақсы азық. Сұлы
сабаны жақсы ірі азық. Солтүстік Қазақстанда арпаның орташа өнімділігі 14,8 ц/га,
егістік сұлының өнімі 13-14 ц/га.
Жемдік астық дақылдары үшін ең жақсы алғы дақылдары: отамалы, дәнді бұр- шақ кең таралған астық дақылдары, бір жылдық шөптер.
Күзгі 20-22 см сыдыра жырту дақылдың өсіп–дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қыста қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Көктемгі ылғалды жабу шаралары тырмалау немесе көлденең өңдеу арқылы жүргізіледі. Егін себер алдындағы топырақ өңдеу сыдыра жыртқыштармен 6-8см тереңдікте жүргізіледі. Танаптарды қара сұлы басып кеткен жағдайда егін себер алдындағы топырақ өңдеумен бір мезгілде триаллат және авадекс БВ гербициді шашылады. Бидаймен салыстырғанда арпа мен сұлының вегетация мерзімі қысқа және кеш мерзімде себілген егін себер алдындағы кезеңді арамшөптермен агротехникалық және химиялық жолдармен күресу жақсы мол өнім қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Тұқымдық материал ретінде жақсы сұрыпталған, тіркелген сорттардың кондициялы тұқымдары қолданылады.
Арпа сорттары:
Донецкий 8. Сорт Донецк мемлекеттік облыстық ауылшаруашылық тәжірибе станциясында шығарылған. Медикум түршесі. Масағы қос қатарлы, борпылдақ. Масақ қабықшасы тор, түксіз. Қылтығы ұзын, жіңішке, өн бойына тегіс, серпімді. Дәні–ақшыл сары, қауызды, ірі. 1000 тұқымның массасы 40-45г. Орташа мерзімде пісетін сорт. Вегетация ұзақтығы 75-85 тәулік. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Тозаңды қара күйемен тат ауруына тез шалдығады. Тұқымның жармалық сапасы–жақсы. Жатып қалуға төзімділігі орташа және орташадан жоғары.
Целинный 30. Сорт А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ–да шығарылған. Медикум түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт. Дәні ірі, 1000 тұқымның массасы 45-50г. Құрғақшылыққа төзімді, тозаңды қара күйе ауруына тез шалдығады.
Кедр. Сорт Краснояр ауылшаруашылық ҒЗИ–да шығарылған. Нутанс түршесі. Масағы қос қатарлы, борпылдақ. Масақ қабықшасы тар. Қылтығы ұзын, өн бойына тісті болып келеді. Дәні қауызды, ірі, 1000 тұқымның массасы 45-55г. Орташа мерзімде пісетін сорт. Жатып қалуға төзімділігі орташа және орташадан жоғары, дән құрамындағы ақуыз мөлшері 12-16 %
Тозаңды қара күйе ауруына, гельминтоспариозбен және сабақ тат ауруына шалдығуы орташадан жоғары. Ең жоғары өнімділігі–47,2 ц/га.
Медикум 85. Сорт Қостанай ауылшаруашылық ҒЗИ–да шығарылған. Медикум түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт. Жатып қалуға және шашылуға төзімді. Тозаңды қара күйе ауруына шалдығуы–орташа. Дәні ірі, 1000 тұқымның массасы 48-53г.
Арна. Сорт В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ҒЗИ–да шығарылған. Нутанс түршесі. Ерте мерзімде пісетін сорт. Масағы қос қатарлы, сары түсті. Ұзындығы 9-11 см, тығыздығы орташа. Дәні ірі, сары түсті. 1000 тұқымның массасы- 50-52 г. Өнімі жоғары. Тұқымның ең жоғары өнімділігі 50 ц/га. Сорт сыра қайнатуға арналған.
Астана 2000. Сорт А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ–да шығарылған. Медикум түршесі. Жармалық және азықтық бағытта пайдаланылады.
Орташа пісетін, Целинный 30 сортымен бірдей піседі. Биіктігі орташа, масағының
ұзындығы мен тығыздығы да орташа, жатып қалуы аздап. Дәні ірі,1000 дәннің мас-
сасы 47,3-50,1г. Құрғақшылыққа төзімді, сонымен қатар ылғалдылыққа да бейімді.
Шашылмайды, жатып қалуға төзімділік деңгейі стандартқа сай (4 балл). Жасанды-
лық ортада, стандарт сияқты сабақ тат ауруына шалдығуы жоғары, тозаңды қара күйе ауруына аздап шалдығады, қатты қара күйемен орташа деңгейде залалданады.
Солтүстік Қазақстан облыстары, Батыс Сібір және Алтай өлкелері үшін ұсынылған.
Сұлы сорттары:
Синельниковский 14. Сорт жүгері БОҒЗИ–да шығарылған. Мутика түршесі. Дәні ақ, қауызды, қылтықсыз. 1000 тұқымның массасы 30-38г. Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетация ұзақтығы 85-90 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары және жоғары өнімді. Тозаңды қаракүйе ауруына, жатып қалуға және шашылып қалуға төзімді. Ең жоғары өнімі 40,5 ц/га құрайды.
Скакун. Сорт Ульянов облысындағы Подмосковье НПО ауылшаруашылық тәжірибе станциясында шығарылған. Мутика түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетация ұзақтығы78-86 күн. Жатып қалуға төзімді. Дәні ірі, 1000 тұқымның массасы 34-39г. Қауыздылығы төмен 23,5-25,9%. Ақуыз мөлшері 15,7%. Интенсивті сорт типі, жоғары өнім қалыптастыруымен сипатталады. Ең жоғары өнімі–41,3ц/га.
Мирный. Сорт Львовск ауылшаруашылық тәжірибе станциясында шығарылған. Мутика түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт. Вегетация ұзақтығы 104-115 күн. Жатып қалуға төзімділігі орташа. Сабақ тат ауруына шалдығу дәрежесі орташа, ал тозаңды қара күйе ауруына тез шалдығады. Дәні ақ, ірі, 1000 тұқымның массасы 32-38г. Қауыздылығы 21,4%. Ақуыз мөлшері –14-16%. Ең жоғары өнімі– 40ц/га.
Битик. Сорт В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ҒЗИ–да шығарылған. Мутика түршесі. Орташа мерзімде пісетін сорт 70-93 күн. Жатып және шашылып қалуға төзімді. Тозаңды қаракүйе ауруына шалдығу дәрежесі төмен. Дәні ақ, 1000 тұқымның массасы 27-34г. Қауыздылығы 23-25%. Жем–азықтық сорт. Қуаң далалы оңтүстік қара топырақты және құрғақ далалы аймақтарда өсіруге ұсынылады. Ең жоғары өнімі– 49,2 ц/га.
Таулы– қыратты кәдімгі қара топырақты аймақта арпаның қолайлы себу мерзімі– 25-29 мамыр аралығы, оңтүстік қара топырақ аймағында– 27 мамыр–1 маусым, қоңыр-сұр топырақ аймағында– 25 мамыр –3 маусым аралығы. Арпаның себу мерзімін анықтауда өсірілетін сорттардың сорттың ерекшеліктерін ескерген дұрыс. Сонымен, Кедр сортының қолайлы себу мерзімі 23-25 мамыр, Медикум 85– 25-30 мамыр аралығы, ал қалған сорттар Донецкий 8, Омский 87, Целинный 5–28 мамырдан – 5 маусым аралығы.
Таулы–қыратты кәдімгі қара топырақты аймақта сұлының қолайлы тұқым себу мерзімі–25-28 мамыр, оңтүстік қара топырақ және қоңыр– сұр топырақ аймағында 28-31 мамыр аралығы. Топырақ жақсы ылғалданған, сонымен қатар азотты тыңайтқыштарды қолданған жағдайда, себу жұмыстары қолайлы мерзімінің басында жүргізіледі.
Себу мөлшері: арпа 3,0–3,5 млн, сұлы 2,7–2,8 млн өнгіш тұқым/га.
Тұқымды сіңіру тереңдігі 6-8 см, себер алдында танап бетін сапалы тегістеу жұмыстары жүргізілсе, онда қолайлы сіңіру тереңдігі 5-6 см болады.
Себу қатарлы әдіспен СЗС–2,1 сеялкасымен, егістік кешендер машиналармен (JOHN DEER, HORSCH агросоюз, MORRIS MAXIM) жүргізіледі.
Күшті ластанған танапта тоғыспалы себу әдісі жүргізілуі тиіс. Себуден кейін танапты нығыздау шарасы жүргізіледі. Аз жылдық арамшөптермен күресу үшін егін көгі шықпастан бұрын және шыққаннан кейін жеңіл және орташа тырмалармен тырмалау керек. Атпа тамырлы арамшөптерге қарсы түптену кезеңінде (сұлыда 3 жапырақ– түптену кезеңінің басы) гербицидтер қолданылады. Вегетация кезеңінде аурулармен зиянкестерге қарсы шаралар қолданылады. Балауызданып пісу кезінде дән ылғалдылығы 25-30% болғанда бөлектеп ору әдіспен егінді орып алады. Бастыру 2-3 күннен кейін жүргізіледі, Арпаны тікелей комбайнмен оны толық пісу кезеңінде орып алуға да болады.
Арпа және сұлы дақылын өсіру технологиясының схемасы
№ | Технологиялық іс шаралар | А/ш машиналар және құралдар | Жүргізу мерзімі | Сапалық көрсеткіштер шарқы |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күзгі топырақ өңдеу а) дәнді дақылдардан кейін | КПШ-9,ПГ-3,5 БИГ-3, БМШ-15 «John Deer-2700», «Morris rangler» | Егінді жинағаннан кейін | Тереңдігі 12-14 см, 20-22 см, 3-5 см |
2. | Қар тоқтату | СВШ-10 СВШ-8 СВУ-2,6 | Желтоқсан -ақпан | Қар үйінділерінің орталығының арақашықтығы 4-5м, биіктігі12-15см. Негізгі желдің ба- ғытына көлденең. |
3. | Ерте көктемгі топырақты өңдеу | БИГ-3, БМШ-15, «Morris Field PRO» | Топырақтың физикалық пісу кезінде | Тереңдігі 3-5 см |
4. | Гербицидтерді енгізу | ЛДГ-15,20, БИГ-3 штангалы бүрік- кіштерімен, «John Deer-4700». | Себу алдындағы кезеңде | Қара сұлымен күшті ластанған танапта Авадекс БВ гербицидін 3-4 см, 3,0л/га мөлшерде. |
5. | Тұқымды себуге дайындау –тұқымды дәрілеу | ПС-I0, ПСУ-I0, СТ | Себу алдында | Витавакс 200 - 2- 2,5 кг/т, Дивидент 3% к.с.- 3кг/т, Бенлат 30% с.п. - 3 кг/т |
6. | Тұқымды себумен бірге, тыңайтқыш енгізу | СЗС-2,1, СКС-2,1, Егістік кешендер, «John Deer-730», «Horsch- Агро-Союз», «Morris concept 2000». | Аймақтық, қолайлы мерзімінде | Тұқым сіңіру тереңдігі 6-8 см, себу мөлшері: арпа - 3,0- 3,5 млн., сұлы- 2,7- 2,8 млн. өнгіштік тұқым 1 га |
Егісті күтіп баптау | ||||
7. | Арамшөптерге қарсы егісті бүрку | ОПШ-15, ОП-2000, «John Deer-4700». «Flexicoil 67» | Атпа тамырлы- ларға қарсы.Ар-паның түптену кезеңінде. Түптену басы (3 жапырақ кезеңі)- сұлыда. Арпа егісінде қарасұлыға қарсы гербицидтерді қолдану | Диален Супер 48 в.р. - 0,5-0,7 л/га Гранстар 75% с.т.с.- 10-12 г/га, Топик 8% к.э. - 0,5 л/га , Секатор турбо- 0,7 л/га. |
8. | Ауруларға қарсы бүрку | ОПШ-15, ОП-2000 | Тулық жапырақ кезеңі. Тат ауруына, ақ ұнтақ ауруына және септориоз ауруына қарсы | Тилт 25% К.э. - 0,5 л/га, Альто 400 с 40% С.к. - 0,15- 0,20 кг/га. Фалькон-0,6л/га, |
9. | Зиянкестерге қарсы бүрку | ОПШ-15, ОП-2000-2, «John Deer-4700 Flexicoil 67» | Вегетация кезеңінде.Ас -тық шыбынына, бітесіне қарсы | Каратэ-О,4-0,5 л/га Децис - 0,4 л/га |
Егінді жинау | ||||
10. | Тікелей комбайнмен ору | НИВА, Енисей, «John Deer», МасДон 3020 | Толық пісу кезеңінде | Дәннің ылғалдылығы 18% |
11. | Бөлектеп ору. Дестелеп шабу | ЖВП-9, СК-5 + ЖВН-6, МасДон 3020 | Балауызданып пісу кезеңі | Дәннің ылғалдылығы 25-30%. Шабу биіктігі 15-18 см |
12. | Дестелеу және дестелерді бастыру | СК-5, Енисей, «John Deer», МасДон 3020 | Шапқаннан кейін 2-3 күннен соң және тұқым кепкен соң | Дәннің ылғалдылығы 14- 18 % |
Бақылау сұрақтары
Арпа және сұлы.
-
Арпа мен сұлы өсірілетін негізгі аймақтар -
Сыра қайнатуға арналған арпа сорттары өңделетін аймақтар -
Арпа мен сұлы дәнінің азықтық бағасы -
Арпа мен сұлының жарыққа қоятын талабы. -
Арпа мен сұлының топыраққа талабы. -
Температураға талабы.Арпаның ыстыққа төзімділігі неге негізделген? -
Сұлы дақылының көктемде даму ерекшелігі -
Арпа мен сұлының қоректік элеметтерді қолдану ерекшеліктері -
Арпа және сұлы дақылының Солтүстік Қазақстанда тіркелген сорттары -
Арпа мен сұлы үшін алғы дақылдар -
Арпа мен сұлы үшін топырақты күзде өңдеу -
Топырақты себу алдында өңдеу -
Топырақтық гербицидтерді қолдану -
Тұқымды себуге дайындау -
Жемазықтық дақылдардың себу мөлшері және себу әдісі -
Жемазықтық дақылдарының тұқымын сіңіру тереңдігі және себу мерзімі -
Жемазықтық дақылдардың себу мерзімін кештетуге бола ма? -
Жемазықтық дақылдар егісін тырмалау шаралары -
Арпа және сұлы егісінде гербицидтерді қолдану -
Жолақты астық бүргесінен арпа егісін қорғау шаралары -
Гүлшоғыр зиянкестерімен және астық қоңыздарымен күресу -
Егістерді зянкестерден қорғау -
Арпа егісін жинау ерекшелігі -
Сұлы егісін жинау ерекшеліктері -
Арпаны жемдік астық ретінде жинау -
Арпа мен сұлыны қоспалы мал азықтық егістік үшін бағалау -
Тары және қарақұмық
Солтүстік Қазақстанда жарма алу үшін тары мен қарақұмық өсіріледі. Өңдеу -
нәтижесінде алынатын ақталған тары, арпа мен сұлы жармаларынан асып түсетін -
жоғары дәмділік сапасымен және қоректік қасиеттерімен ерекшелінеді. -
Тары астығын жасалған құрама жем, құстар мен шошқалар үшін пайдалануға -
болады. Тарының сабаны мен топанында 0,41 дейін азық.бірлігі бар, сондықтан аз- азықтық қасиеті бойынша шалғындық шөппен бірдей. -
Далалық дақылдар арасында тары қуаншылыққа төзімділігі бойынша алғашқы -
орындардың қатарында, сондықтан құрғақшылық аймақтарда өсіру үшін таптыр- -
майтын дақыл. Солтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында, нақты айтқанда Пав- -
лодар облысында, тары өнімділігі бойынша астық дақылдылардан 2-3 ц/га артық -
өнім береді. -
Дақылдарды кезектестіріп орналастыру нұсқасына сай қатаң түрде алғы дақыл- дардан кейін орналыстырады. -
Қарақұмық дақылының алғы дақылдары:пардан кейінгі жаздық бидай, пар, отамалы және дәнді бұршақ дақылдары. -
Тарының алғы дақылдары:көпжылдық шөптер,пардан кейінгі екінші дақыл топырақты аударылған қыртысы. Тұқымдық егістерді минералды тыңайтқыштармен тыңайтылған парда орналастыру қажет. Дәнді және дәндібұршақ дақылынан кейін тары егісінде күзгі топырақ өңдеу жұмыстары 12-14 см тереңдікте жүргізіледі. Көпжылдық шөптерден кейінгі топырақ қыртысын дайындау жартылай пар түрінде жүргізіледі. Бірінші өңдеу маусым айының 2-ші онкүндігінде 8 см тереңдікте; ал екінші өңдеу 15-ші маусым айында қыша себумен қатар 8-10 см тереңдікте; үшінші өңдеу қыркүйек айында 20-22 см тереңдікте жүргізіледі. -
А.И.Бараев атындағы АШҒЗИда қарамқұмық егісінде топырақты (14-16 см тереңдікте) күздік өңдеу кезінде ең жақсы нәтиежелер алынған, өнімділігі 7.9 ц/га, ал топырақты қайырмалы өңдеуде (20-22 см ), сәйкесінше 5.1ц/га құрады. Қысқы мерзімде қар тоқтату, ал көктемде қар еру жұмыстарын реттеу жүргізіледі. Көктемде топырақтың физикалық пісіп жетілу кезінде екі ізбен тырмалау шаралары өткізіледі. -
Бірінші қопсыту 8-10 см тереңдікте тырмалау мен топырақты нығыздаумен бірге, екінші себу алдындағы қопсыту тұқым сіңіру терендігінде жүргізіледі. -
Топырақтағы ылғал қорының жетімсіздігінде себу алдындағы қопсыту жұмыстары топырақты нығыздаумен қатар жүреді. Орташа мерзімде пісетін тары сорттары үшін себудің қолайлы мерзімі мамыр айының 3-ші онкүндігі, ал кеш пісетін сорттар үшін мамыр айының 2-ші онкүндігі. Тары дақылы үшін алғашқы вегетациялық кезеңнің өтуі баяу, сондықтанда себу шараларын арашөптермен ластанған танапта жүргізбеген жөн. Мұндай жағдайда себу жұмыстарын мамыр айының соңына маусым айының басына қалдырып, тағыда бір мәрте қопсыту жүргізген дұрыс. Механикалық құрамы жағынан жеңіл топырақтарда қолайлы тұқымды сіңіру тереңдігі 5-6 см, ал ауыр топырақтарда 4-5см. -
Қарақұмық мамыр айының 2-3-ші онкүндігінде себіледі. Солтүстік аудандарда 28-30 мамыр, оңтүстік аудандарда 20-25 мамыр аралығы. -
А.И.Бараев атындағы АШҒЗИ мәліметтері бойынша қарақұмықта ең жоғарғы өнім 18-28 мамыр аралығында себілген егістен алынған. Кең қатарлы егістен (45 cм) себу мөлшері 2.5-2.7 млн.өнгіш тұқым гектарына. Ауыр саздақты топырақтарда тұқымды сіңіру тереңдігі 3-4 см, қара топырақтарда 5-6 см сепкеннен кейін топырақты нығыздау шаралары жүргізіледі. Қарақұмық дақылынан жоғары өнім алу үшін 1га жерге 2-3 балара омартасын орналастыру негізі жағдай болып табылады. Себуге егістік стандарт бойынша бірінші класқа жататын тұқымдар қолданылады. - 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10