ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 146
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
32. Картопты отырғызу және жинаудың кезектілігі?
33. Картоптың тез және біркелкі пісуі үшін жасалатын әдістер, жүргізу жолдары.
34. Қандай жағдайда жиналған түйнектер бірден қоймаларға жіберіледі?
35. Тұқымдық картопты жинаудың ерекшеліктері.
36. Түйнектерді сақтау кезеңдерінде, қандай режімдерді ұстаған дұрыс?
37. Не үшін тұқымдық түйнектерді жасылдандыру керек, оны жүргізу әдістері.
38. Ерте пісетін картопты өсірудің ерекшеліктері қандай?
39. 1га-ға отырғызылатын түйнектер санын және картоп отырғызу мөлшерін анық-
таңыз, егер 1түйнектің орташа салмағы 50г, отырғызу схемасы 70*35см болса.
40. Картоптың биологиялық өнімділігін есептеңіз, егер жинау алдындағы өсімдіктер
саны 1 га-да 40 мың. дана, түйнектің орташа салмағы 80 г, өсімдіктегі түйнектер
саны орта есеппен-6 дана болғанда.
Әдебиеттер
1. Вавилов П.П., Грищенко В.В. и др. Растениеводство. М.: Колос,1986.
2. Можаев Н.И., Аринов К.К. и др. Растениеводство. Астана, 2003.
3. Браун Э.Э. Ранний картофель. Алма-Ата, 1983.
4. Замотаев А.И., Коршунов А.В. и др. Индустральная технология производства
картофеля. М. 1989.
5. Карманов С.М. Урожай и качество картофеля. М. 1988.
6. Нургалиев А.Н. Картофель в Северном Казахстане. Алма-Ата, 1984.
7. Нургалиев А.Н., Искаков М.А. и др. Рекомендации по семеноводству картофеля
для Целиноградской области. Целиноград, 1989.
8. Производство картофеля: возделывание, уборка, послеуборочная доработка, хра-
нение. Справочник. М.: Росагропромиздат, 1990.
9. Журнал: «Картофель и овощи», «Вестник с.-х. науки Казахстана».
4. СҮРЛЕМДІК ДАҚЫЛДАР
4.1. Жүгері
Жүгері – басты дәнді және малазықтық дақылдың бірі.Оның дәні жоғары малаз-
ықтық қасиетімен ауылшаруашылық малдар үшін құрама жем есебінде пайдалынан-
ады. Сонымен қатар жүгері астығы, сыраөндірісінде, спирттік, бөлкенандық және кондитерлік өндірістерде молымен қолданылады.
Солтүстік Қазақстанда жүгері таза егістікте, астық және бұршақ дәнділермен қосылып негізгі сүрлемдік дақыл болып есептелінеді.
Ауыспалы егісте ол дәнді, бұршақдәнділерден кейін, болмаса гербицидтерді мо- лынан қолдану арқасында тұрақты танаптарда өсіріледі. Ақмола облысында, жүгері-
ні сүрлемдік дақыл есебінде, астықтық технологиямен өсіру үшін, келесідей агротә- сілдерді пайдаланады:
1. Жергілікті аймақ жағдайына жерсінген және икемденген ертепісетін, жоғары-өнімді будандарды пайдалану.
2. Механикалық өңдеулерді үнемді пайдаланып, гербицидтерді қолдану арқа-
сында арамшөптер, аурулар және зиянкестермен интегралды күресу.
3. Шектеулі көлемде нитраттанған тыңайтқыштарды тиімді пайдалану.
4. Жүйектерде тұқымдардың бірқалыпты орналасуын қамтамасыздандыратын
және керекті себу мөлшерін сақтайтын – сепкіштерді пайдалану.
5. Дәлдікті себу мерзімі 15 – 20 мамыр.
6. Агрегаттардың бір өтуінде, екі немесе оданда көп операцияларды міндетті
түрде біріктіру.
Жылдардың қуаңшылығына байланысты, кепілді өнім алу үшін осы аймақта себуге рұқсат етілген 3-4 будандарды пайдалану керек.
Жүгері будандары:
Одесский 80 МВ – БСГИ пен Жеребков ТС шығарылған алты буданды будан. Дәні тіс тәрізді, кейде кремнийлі сары, ақ түсті, 1000 дәннің массасы 250-300г. Бу-
дан ортадан ерте пісетін топқа жатады. Өсіп-өну кезеңі 110-120 күн. Будан жығылу-
ға, көбікті татқа өте төзімді және жоғары тұқымдылық өнімділігімен ерекшелінеді.
Молдовский 257СВ - Молдован жүгері ҒЗИ-да шығарылған, дәні ашық сары
түсті, жартылай кремнийлі және қызыл собықты сорт түріне жатады. Өсімдігінің би-
іктігі 150-209 см, жапырақ саны 15, ерте піседі. 1000 дәннің массасы 218г. Қуаңшы-
лыққа және суыққа төзімді. Аурулар және зиянкестермен аз зақымданады.
Алатау 107 ТВ – В.Р.Вильямс атындағы ҒЗО-да шығарылған. Қуаңшылыққа тө-
зімділгі орташа. Дәні тіс тәрізді сары кремнийлі және ақ собықты сорт тобына жата-
ды. 1992 жылдан Ақмола, Қарағанды, Батыс-Қазақстан облыстарында аудандастыр-
ылған. Өсімдіктің биіктігі 210-220см. Негізгі сабақта 14 жапырақ қалыптасқан. Со-
бық аздап конус тәрізденген, ұзындығы 22см. Собық массасы 210г. 1000 дәннің мас-
сасы 230-250г. Ерте пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі 118 күн. Өнімділігі орташа. Аудан-
дастырылған аймақтағы астық өнімділігі 43,4 ц/га дейін және құрғақ заттары 67,6
ц/га болды.
Алтай 250МВ – Қазақ егіншілік ҒЗИ және Зыряновск МСС-да шығарылған. Екі
буданды будан. Дәні жартылай тіс тәрізді сары, ақ және қызыл собықты сорт тобына жатады. 1994 жылдан Ақмола, Павлодар және тұқымшаруашылығы үшін Алматы облыстарында аудандастырылған. Өсімдіктің биіктігі 250см. Негізгі сабақта 14 жа- пырақ қалыптасқан. Собық аздап конус тәрізденген, ұзындығы 22см. Собық масса- сы 243г. 1000 дәннің массасы 334г. Ерте пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі 120 күн.
Сары – Арқа 150 АСВ - Қазақ егіншілік ҒЗИ шығарылған. Екі буданды будан.
Дәні тіс тәрізді сары кремнийлі және ақ собықты сорт тобына жатады. 1994 жылдан Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Өсімдіктің биіктігі 220см, жапырақтар саны 13, собықтың ұзындығы -20см, собық
массасы -236г, 1000 дәннің массасы 315г. Ерте пісетін сорт. Оригинаторлардың мағ- лұматы бойынша өсіп-өну кезеңі -85 күн, сортсынау учаскелерінің мағлұматы бой-
ынша 105-125 күн, көк балаусаға үшін -110-117 күн. Оригинаторлардың мағлұматы
бойынша астық өнімділігі -54,9 ц/га. Жинау алдындағы ылғалдылығы 29,3%. Аудан-
дастырылған аймақтарда қолайлы жылдары бұдан да жоғары өнімдер алынған.
Целинный 160 СВ - Қазақ егіншілік ҒЗИ шығарылған. Екі буданды будан. Дәні
жартылай тіс тәрізді сары және ақ собықты сорт тобына жатады. 1993 жылдан Ақ- мола, Қарағанды, Қостанай облыстарында аудандастырылған. Өсімдіктің биіктігі 253см, жапырақтар саны 14, . Собық аздап конус тәрізденген, ұзындығы 18см. Со- бық массасы 236г. 1000 дәннің массасы 317г. Ерте пісетін сорт. Оригинаторлардың мағлұматы бойынша өсіп-өну кезеңі 97 күн. , сортсынау учаскелерінің мағлұматы
бойынша 105-128 күн, сүрлемдік көк балаусаға үшін -76-111 күн. Өнімді сорт. Сорт- сынау учаскесінің мағлұматы бойынша астық өнімділігі 41,7-58,1 ц/га, құрғақ зат- тары 3,9-77,0 ц/га. Астық ылғалдылығы 29,2-33,3%, құрғақ заттар көлемі 15,8-35,9%
Жақсы өнім алу үшін негізгі өңдеу, топырақта мол ылғал қорын, топырақ қаба-
тына байланысты топырақтың дәлділік тығыздығын қалыптастыруға, аңыздық қал-
дықтарды жоюды, арамшөптермен күресуді қамтамасыздандыруға міндетті.
Топырақты-климаттық жағдайды, танаптың ластану деңгейін, алғыегісті ескере
отырып топырақтың негізгі өңдеуін жүргізеді. Ауыспалы егісте жүгеріні ауыстыр-
май бір жерде өсіргенде, топырақты тайыз (12-14см) сыдыра өңдеу тәсілі, және 4 жылдан кейін бір мезгілде органикалық тыңайтқыштарды (1га-на 20-30т) сіңіре отырып қайырмалы әдіспен жырту жақсы нәтиже береді. Жыртқаннан кейін топыр-
ақтың ылғалдығына және кесектігіне байланысты міндетті түрде малалау немесе
сыдырғылауды жүргізі қажет.
Қысты күні желдің басты бағытына көлденеңдетіп қар тоқтатылады. Көктемде
топырақтың физикалық пісіп-жетілуіне байланысты, ылғал жабуға кіріседі, ал топы-
рақтың нықты тығыздануы үшін – таптау керек.
Сүрлем үшін ерте пісетін будандарды өсіргенде, арамшөптерден тазартылған топырақтарды себу алдында тереңдігі 7-8 см-ге бірақ рет өңдеседе болады. Біржыл-
дық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптер мен молынан ластанған егіс-
терде, топырақтық гербицидтерді қолданамыз. Бұл гербицидтердің – Мерлин 90% к.э., Харнес 90% к.э., Стомп 33% к.э., Дуал Голд 96% к.э. ерекшеліктері, олар топы-
рақтарда аз қозғалады, сондықтан оларды егінді сеппей тұрып егіс алдындағы сыды-ра өңдеу кезінде, болмаса көк өскіндер шықпай тұрып малалау кезінде немесе көк-
теуге дейін шашуға болады.
Бірақ егістер тұрақты азжылдық және көпжылдық арамшөптермен өте мол лас-
танған жағдайдайларда аталған топырақтық гербицидтердің әсерлері де, жетіспеуі
мүмкін. Мұндай жағдайларда, жүгерінің 3-5(кейбіреулері 3-8) жапырақтану кезеңін-
де, гербицидтерді дақылдың өскіндері бойлап шыққаннан кейін қолданады. Олар,
Диален 40% с.қ., Базис 75% с.т.с., Банвел 48% с.қ., Хармони 75% с.т.с., Титус 25%
с.т.с., Базагран 48% с.қ. Жүгеріні өсіргенде, тек өскіндерге гербицидтерді шашқан-
да, әуелі өскін шықпай тұрып малалау, гербицидтерді бүрку және екі қатараралық
өңдеуді жүргізу керек. Аталған (Базагран, Банвел, Диален, Лонтрел, Хармони) гер-
бицидтер, тек қосжарнақты арамшөптерді ғана жояды. Сондықтан аралас және ас-
тық тұқымдас арамшөптермен ластанғанда: титус, базис, милагро-ны қолданамыз.
Арамшөптермен ластану аралас болса, бірнеше гербицидтердің қоспасын пайдалану
өте тиімді.
Дәндерді егу инкрустрленген тұқымдармен 6-8 см тереңдікте жүргізіледі. Жүге-
ріні өсіргенде жүйектер қатарының тікбағыттылығын және қатараралық қашықтық-
тарды сақтай отырып, егу алдындағы сыдыра өңдеуден кейін, уақыт алшақтығын болдырмай жедел түрде егісті себу қажет. Жүгеріні себу әдісі – пунктирлі, қатарара-
лықтың кендігі 70 см, сепкіштер СУПН -8. Тұқымды сепкеннен кейін міндетті түрде
топырақты тығыздау керек. Жүгегіні сүрлемге жинауды өсімдіктер балауызданып
піскенде, яғни көк балаусадағы құрғақ заттар мөлшері 25%-дан кем болмағанда бас-
тайды. Шабу биіктігі 6-7см-ден артық болмауға тиісті. Қорыта келгенде жүгеріні, қыркүйектің бірінші онкүндігінен кешіктірмей жинап алған абзал.
Жүгері өсірудің технологиясының схемасы
№ | Технологиялық іс шаралар | А/ш машиналар және құралдар | Жүргізу мерзімі | Сапалық көрсеткіштер шарқы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Топырақты күзде өңдеу | | | |
| а) астықты-отамалы ауыспалы егісі | «Lemken Cмaрагд» | Жинап алғасын | Тереңдігі 12-14см. |
| б) дара дақыл егісі | РОУ-6, ГУН-4, «Lemken» | Жинап алғасын | Тереңдігі 25-27см, Көң 20-30 т/га. |
2 | Қар тоқтату | СВШ-10,СВУ-2,6, СВШ-7. | Желтоқсан- ақпан | Қар үйінділері орталығының арақашықтығы 4-6м. Желдің негізгі бағыты- на көлденең. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
3 | Ертекөктемде малалау а) астықдәнділерден кейін б) дара дақыл егісі | «Morris Field PRO», БДТ-720. | Топырақтың Физикалық пісуі | Тереңдігі 3-5 см. |
4 | Тұқымды инкрустирлеу | ПС-10, ПСУ-10, СТ. | Себу алдында | Витовакс 75%т.п.2-3кг/т NaKMЦ 0,2 кг/т, қабат- Тап бүрку. |
5 | Егісалдындағы сыдыра өңдеу және топырақ- тық гербицидті бүрку | «Morris Field PRO»6 »John Deer 4720» | Себу алдында | 4-5см тереңдікке Харнес 90 к.э. -2,0-2,5 л/га, Марлин 75% в.д.г. 0,10-0,12 кг/га. |
6 | Себу, тыңайтқышты сіңіру | «Morris Concept»,»John Deer» 1700, 1730. | 15-20 мамыр | Себу мөлшер 80 мың.ө.т. га. Жинау алдындағы, қалғаны 70 мың/га. Тұқ- ым сіңіру тереңдігі 6-8см Жүйекке 20кг.ә.з.фосфор |
7 | Көк шықпай малалау | БЗСС-1,0, «ЗИГ-ЗАГ» | Сепкеннен кейінгі 4-5 күн | Агрегаттың жылдамдығы 3-4 км/с. |
8 | Түптену кезеңінде гербицидтерді бүрку | »John Deer 4720», «Flexicoil» | 3-5 жапы- рақ кезеңін- де | Базагран 48% с.қ. 2,0-4,0 л/га., Титус 25% с.т.с.+ тренд 0,04-0,05+0,2-0,3 л/га. |
9 | Қатараралық өңдеу (керек болса) | КРН -5,6 | Арамшөптер пайда бол- ғанда. | Тереңдігі 7-8см. |
10 | Қатараралық өңдеу (керек болса) және түптеу. | КОР-5,6. | Түтіктену алдында, тө- менгі буын- аралық пай- да болғасын | Төменгі буынаралықты 5см-ден кем қылмай, топырақпен көму. |
11 | Жинап алу | КСК -100, Ягуар 830-900, »John Deer 7000», Дон-680. | Собырлар-дың балау- ызданып пі- су кезеңінде | Көк балаусадағы құрғақ заттар мөлшері 25%. Ылғалдылығы 70-75%. Үгіп кесу 2см-ге дейін. Шабу биіктігі 6-7 см. |
Бақылау сұрақтары
1. Республикадағы, облыстағы жүгерінің халықшаруашылықтық маңызы.
2. Жүгерінің тамыр жүйесі құрылысының ерекшеліктері.
3. Жүгерінің өсу кезеңдері мен органогенезінің этаптарын атаңыз.
4. Жүгерінің өсу және жетілуінің сындық кезеңдері.
5. Жүгерінің өскіндерін қандай суықтар залалдандырады?
6. Жүгерінің гүлшоғыр құрылысының ерекшеліктері. Гүлдену.
7. Жүгерінің ылғалды сіңіруінің сындық кезеңдері.
8. Жетіліп пісу кезінде қандай терістік температуралар қатерлі?
9. Дәлдік жағдайларда жүгерінің өскіндері неше күннен кейін пайда болады?
10. Жүгерінің топыраққа сұранысы.
11. Жүгерінің өсу кезеңдерінің қоректік заттарға сұранысы.
12. Жүгері өсіру үшін керекті, топырақ тығыздығы.
13. Жүгерінің жақсы алғыегісі.
14. Қандай жағдайларда жүгеріні дара егіс есебінде өсіруге болады?
15. Топырақты күзде өңдеу жүйесі.
16. Жүгері үшін топырақты көктемде дайындау.
17. Жүгеріні себу әдістері, агротехникалық талаптар.
18. Жүгерінің себу мерзімдерін атаңыз, ол неге байланысты болады?
19. Солтүстік Қазақстанда жүгеріні астықтық технологиямен өсіргенде,
өсімдіктердің дәлділік жиілігі қандай?
20. Жүгерінің тұқымдарын инкрустирлеу, ол өңгіштікке қалай әсер етеді?
21. Топырақтық гербицидтер. Сіңіру әдістері. Шығыс мөлшерлері.
22. Жүгері егістерінде қолданылатын гербицидтер. Шығыс мөлшерлері.
23. Жүгеріні өскіндері шықпай тұрып малалау, олар қашан қолданылады?
24. Жүгеріні қатараралық өңдеу, олар қашан жүргізіледі?
25. Жүгеріні сүрлемге шабуды қай уақытта бастаған жөн?
26. Жүгері егістерін күнбағыспен қосымшалау, олар қалай қолданылады?
27. Жүгерінің судан шөбі, тарымен қоспалы егістері.
28. Жүгерінің қытайбұршақ және басқа да бұршақтық дақылдармен қоспалы
егістері.
29. Сүрлемді дайындау технологиясы.
30. Жүгерінің себу мөлшерін есептеңіз, егер 1га-ға 80 мың өңгіштік тұқым егілсе,
1000 дәннің массасы 230г.
31. Жүгеріні сүрлем, жасыл жемазық үшін жинауға қолданылатын машиналар.
Әдебиеттер
1. Агрономическая тетрадь. Возделывание силосной культуры по зерновой
технологии и производства кормов из початков. М.: 1985, 94с.
2. Агрономическая тетрадь. Возделывание зерновых культур и рапса по
интенсивной технологии. М.: Росагропромиздат, 1988.
3. Циков В.С., Матюка Л.А. Интенсивная технология возделывания кукурузы.
М.: Агропромиздат, 1989, 247с.
4. Юмагулов Г.П. Кукуруза. Индустриальная технология возделывания.