ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 142
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алма-Ата: Кайнар, 1987.
5. Киреев А.П. и др. Производство кукурузы на силос. М.: Россельхозиздат,
1985, 159с.
6. Журнал: Кормопроизводство, «Зерновые культуры», «Вестник с-х. наук
Казахстана».
5. МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР
5.1 Күнбағыс
Күнбағыс – Қазақстандағы негізгі майлы дақыл. Күнбағыс майы – біздің елдегі
ең көп тараған азық-түліктік өсімдік майы, және сонымен қатар ол маргарин, майо-
нез өндірісінде кеңінен қолданылады. Майлардың төменгі сорттары лак пен сыр
және сабын қайнату өндірісінде пайдаланылады.
Дәндерді май алу үшін өңдегенде, қосалқы өнім ретінде күнжара алынады. Бұл
құрамында 32-35% жай ақуызы бар, белок пен майға бай, бағалы құнарландырыл-
ған мал азығы.
Күнбағыс сүрлемдік дақыл ретінде кеңінен пайдаланылады. Мезгілінде және сапалы жиналған күнбағыс сүрлемі қоректілігі және сінімділігімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдары Қазақстанның солтүстік облыстарында күнбағысты май тұқымда-
рын алу үшін өсіре бастады. Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың орташа тұқым-
дық өнімі, гектарына 12-15 центнердің маңында.
Солтүстік Қазақстанда күнбағыстың ең жақсы алғы - дақылдары зиянкестері, аурулары және арамшөптері әртүрлі, топырақтың терең қабатынан ылғалды пайдаланбайтын дақылдар, яғни жаздық бидай, арпа, бұршақ, сиыр жоңышқа – сұлы қоспасы болып табылады.
Ауыспалы егісте күнбағысты 1 егітен жеріне 6-7 жылсыз қайталап себуге болмайтындай етіп орналастырады. Ал күнбағыс сұңғыласымен залалданғанда 7-9 жылдан кейін егілетіндей етіп орналастырылады. Себуге тек тіркелген сорттар ғана қолданылады.
Күнбағыс сорттары:
Родник (Р – 45 З). Бүкілодақтық халықтық майлы дақылдарды FЗИ шығарылған, ультра тез пісетін сорт, вегетация кезеңі 94-116 күн. Сабақ ұзындығы 180-200 см. Себетбасы ішіне қарай майысқан, тұқымы қоңыр – сұр түсті. 1000 тұқымның массасы 54-60 г, натурасы 407-427 г, күн жарасы 19,6 – 22,8%, сұңғала және жалған ақ ұнтақ ауруына төзімді.
Скороспелый 87- оңтүстік – шығыс FЗИ-да шығарылған. Ультра ерте пісетін сорт, вегетация кезеңі 90-100 күн. Өсімдік биіктігі 124-136 см. 1000 тұқымның массасы 62,1- 75,0 г, күн жарасы 20,8 – 21,4 %. Тұқымның құрамындағы май мөлшері 47,9 – 51,2%, ақуыз 19,2 –2,8% құрайды. Ақ ұнтақ ауруына төзімділігі орташадан төмен сұңғылаға төзімділігі орташадан жоғары. Жоғары өнімді, әрі жаппай біркелкі пісіп – жетілуімен ерекшеленеді.
СПК – Кондитерский – бүкіл одақтақ халықтық майлы дақылдарды FЗИ шығарылған. Орташа мерзімге пісетін сорт, вегетация кезеңі 102 – 120 күн. Сабақ ұзындығы 200-220 см, тұқымы қоңыр – сұр. 1000 тұқымның массасы 83,5 –88,8 г, натурасы 338 – 394 г. Жалған ақ ұнтақ ауруына төзімділігі орташадан жоғары, сұңғылаға төзімділігі орташа.
Донской крупноплодный – Донский майлы дақылдар тәжірибе станциясында шығарылған. Орташа мерзімде пісетін сорт, вегетация кезеңі 113 – 118 күн, өсімдік биіктігі 170-230 см. Тұқымы қоңыр, әлсіз жолақты, 1000 тұқымның массасы 138,9 г, натурасы 400-423 г, күн жарасы 23,4 – 30,6 %, тұқым шығындылығы 46-48 %. Сұңғыла және жалған ақ ұнтақ ауруына төзімділігі жоғары. Орташа тұқым өнімділігі 15,3 – 19,9 ц/га.
Шаруашылықта вегетация кезеңі әр түрлі 2-3 сорттада үйлестіре сепкен орынды. Бағдарламаланған өнімділік деңгейіне және әрбір нақты жағдайларды картограммалардың мәліметтеріне негізделіп тыңайтқыш еңгізіледі.Кәдімгі топырақтан жиналатын 25 ц/га тұқым өнімі үшін бағдарлы мөлшері тыңайтқыштың 20-25 т/га көң немесе № 45 – 60 Р 60-75 кг/га ә/з. Фосфор тыңайтқыштарының қолдану коэффициентін арттыру үшін себу кезінде қатарлап Р 10-20 кг/га ә.з мөлшерінде еңгізген орынды.
Алғы дақыл жиналғаннан кейін 12-14 см тереңдікте жазық сыдыра жыртқышпен өңделеді. Органикалық тыңайтқыш еңгізу кезінде топырақ опыра жыртылады. Қыс мерзімде жел бағытына көлденеңінен қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі.
Қосжарнақты және астық тұқымдасты арам шөптермен күшті ластанған танаптарда топырақтық гербицидтерді қолдану құнбағысты өсірудегі маңызды технологиялық элемент болып табылады.
Астық тұқымдас арам шөптерге қарсы Трефлан 24 к.ғ 4,0 – 10,0 л/га, Стомп 33 % -3-6,0 л/га, егерде қос жарнақты арам шөптер болған жағдайда Трефлан + Прометрин (4+3кг/га) гербицидтерін қолданылады.
Егін себер алдында бүркілетін гербицидтердің топырақтың беткі қабатына дұрыс бөлінуіне және егін себу жұмысы сапалы болуы үшін танапты ОП 2000+КПС4+БЗСС-1,0 агрегат кешенімен тегістеледі. Бірақта топырақты қопсытуға болмайды. Біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас арамшөптерді толық тұншықтыру үшін көктеу кезеңінде Фюзилад Форте 150 ә.з. – 0,7 – 1,0 л/га гербицидін қолданады. Себуге егістік сапасы бойынша бірінші класқа жататын іріктелген тұқымдарды қолданғанда ғана мол өнім алуға болады. 1000 тұқымның массасы будандар үшін 50-80 г кем емес және сорттар үшін 80 – 100 г, өнгіштігі 96 %, опырылғын тұқымдар 0,5% артық болмауы тиіс.
Себер алдында тұқымды ТМТД 80%, СП 2-3 кг/т, Ровраль ФЛО 50% с.к. 3-4 л/т препараттарымен дәрілейді. Дәрілеу кезінде 1 тонна тұқымға 1 кг микротыңайтқыш есебімен марганец, бор, мырыш микроэлементтерін қосқан жөн. NаКМЦ немесе ПВС қолдану арқылы дәріленеді. Солтүстік Қазақстанда себу жұмыстары ерте, орта мерзімде 1-10 мамыр аралығында жүргізген жөн. Арамшөппен ластанған танапта себу жұмыстарын 18-20 мамырға дейін жүргізілуі керек. Тұқым себу мөлшері жергілікті жердің ауа райына, топырақтағы ылғал қорына, себу әдісіне және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Жарттылай құрғақшылық - далалық аймақтағы тұқым себудің қолайлы мөлшері әр гектарға 30 – 35 мың дана, жинау алдындағы өсімдік саны орманды – далалы аймақта – 40
мың данаға дейін, суармалы танапта 55-66 мың дана өсімдік есебімен бекітіледі. Ылғалды аймақтағы тұқым сіңіру тереңдігі 6-7 см, құрғақшылық аймақта – 8-10 см. Себуге дәл нақты себетін СУПН - 8, СПУ –6, Кинза, Полесье сеялкалары қолданылады. Агрегатың жылдамдығы 5-6 км/ч. Тұқымды себу әдісі – нүктелеп себу, арақашықтығы 70 см. Сепкеннен кейін шығыршақты таптауышпен топырақты нығыздайды.
Егістікті күтіп – баптау көктегеннен кейінгі тырмалаудан соң, арамшөп көгі байқалғаннан кейін күнбағыстың биіктігі 30-40 см жеткенде 6-8 см тереңдікте қатараралық өңдеумен қатар түптеу жұмыстары жүргізіледі. Атпатамырлы арамшөптер болғанда қатараралық өңдеу жұмыстарының саны ұлғайтылады. Ал гербицид қолданылғанда қатараралық өңдеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындамайды.
Вегетация кезеңінде зиянкестерге қарсы Суми альфа 5% немесе Каратэ 5 % к.ғ. пайдаланылады. Гүлдену кезінде танапқа 1 га –2 араның балұясы есебімен аралар жіберіледі. Танаптардың айналасында әрбір 1-1,5 км сайын омарталар орналастырылады.
Өнімді жинау жұмыстарын жылдамдату үшін тұқым ылғалдылығы 32-35 % болғанда, десикация шарасы реглон немесе баста препараттарымен өңдеу жаппай гүлденуден кейін 40-45 күн өткен соң жүргізіледі.
Өңдеу жүргізілгеннен кейін, 10-15 күннен кейін күнбағысты жинау жұмыстары басталады. Жинау жұмыстарын ПСП – 1,5 құралдары арқылы жүргізіледі. Барабан айналымы минутына 300 – 350 – ге төмендейді.Тұқым бастырылғаннан кейін астық қалдықтарын тазартқыш ОВП –2 –де, соңынан дән тазартқыш агрегатта ЗАВ –25 тазартылады.
Жоғары майлы сорт тұқымдарының ылғалдылығы 7 % артық болмағанда, биіктігі 1 м –ге дейін үйіп сақтақтайды. Қаппен сақталғанда тұқым ылғалдылығы 8-10 % дейін жіберіледі. Техникалық мақсатта қолдану үшін күнбағыс тұқымының ылғалдылығы 10-12% артық болмауы тиіс.
Күнбағыс өсірудің технологиялық нұсқасы
Технологиялық іс - шара | Ауылшаруашылық ма- шиналары және құралдары | Жүргізу мерзімі | Сапалық көрсеткіштердің параметрлері | |||
Күзгі – қысқы мерзім | ||||||
1.Күзгі топырақ өңдеу а)аудара жыртып органикалық тыңайтқыш еңгізу | РОУ –6 Пн –8-35 ГУН –4 “LЕМКЕН” Соқасы | Жинап алғаннан кейін | Көң 20-25 т/га Тереңдігі 25-27 см | |||
б)тайыз сыдыра қопсыта жырту | КПШ-9 КТС-10-01 “LЕМКЕНСМАРАГД” | Жинап алғаннан кейін | Тереңдігі 12-14 см | |||
2. Қар тоқтату | СВШ-8 СВШ-10 | Желтоқсан- Ақпан | Жел бағытына көлденең орналысқан қар жотасы- ның арақшықтығы 4м. Қар қырқасының биіктігі 15 см кем емес | |||
Көктемгі – жазғы мерзім | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | |||
3. Ерте көктемгі тырмалау а) аударма сүдігер б) аңызға | 3БСС –1,00 БИг –3 БМШ-15 «Morris FIEID РRO» | Топырақтың физикалық пісуі | Тереңдігі 3-5 см | |||
4. Себералдыңда топырақты қопсы- тып гербицидтер еңгізу (немесе гербицидтерсіз) | ОП –2000 КПС 4+ПОУ +БЗСС Немесе КРН –4,2 “JONN ДEER 4720” “LEMKEN CMAРARД” | Себуге дейін | Астық – тұқымдастарына қарсы трефлан 4-5 кг/га мөлшерінде 6-8см тереңдікте енгізіледі. Прометрин 3 кг/га қосжарнақтыларға қарсы қолданылады. | |||
Себуге тұқымды дайындау | ||||||
5.Тұқымды өңдеу | ПС –10 немесе “Мобитокс”, СТ | Себуге дейін немесе себер алдында | ТМТД 80% c.п. –23к/т +микротыңайтқыш +NaКМЦ Ровраль ФЛО 50% с.к. –3-4 л-т | |||
6.Тұқымды себумен қатар минералды тыңайқыштарды енгізу. | СПУН –8 СПУ-6 СПУ-6 СПУ –Л JOHN DEER 1700, 1730 HORSEN – Агро Союз | Мамырдың I-II онкүндік | Сіңіру тереңдігі 6-7 см, себу мөлшері 5-8 кг/га | |||
7.Топырақты нығыздау | ЗККШ –6А | Тұқымды сепкеннен соң | | |||
Егінді күтіп баптау | ||||||
9. Қатараралық культивациялау | КРН –5,6 КРН –4,2 Г | Өсімдік биіктігі 30-40 см | Тереңдігі 6-8 см Тереңдігі 8-10 см | |||
10.Егін көгін зиянкестерге және шалғын көбелегінің жұлдызқұртына қарсы бүрку | ОПШ-15, ОП-2000-2 | І ұрпақ жұлдызқұрттарының саны 10 дана/м2, ІІ ұрпақ - 20 дана/м2 | Каратэ 5% к.э. 0,2 л/га Суми альфа 5% 0,3 кг/га | |||
11.Танапқа араларда шығару | ГАЗ-53 | Гүлдеу кезеңінде | Массивтің айналасына 1-1.5 км арақашықтықта гектарына екі ара омартасын орналастырады. | |||
Егінді десикациялау | ||||||
12.Десикант ерітінділерін дайындау және ауа бүріккіш көлігіне ерітіндіні құю. Бүрку. | АПЖ –2 АН-2 | Гүлденуден кейін 40-45 өткен соң | Реглон 2-3 л/га Баста 3-4 л/га | |||
13. Егінді жинау тұқымды ұсатып және себетгүлдерін жинау | СК –5+ПСП-1,5 МЕГА 350/360 | Десикация жүргізілгеннен кейін 10-15 күн өткен соң | Барабан айна 300-350 ай/шин. Агрегат жылдамдығы 8км/ч. |
Бақылау сұрақтары
1. Рапстың халықшаруашылық маңызы.
2. Рапстың қысқаша шығу тарихы.
3. Ақмола облысында рапстың тұқымдық және малазықтық өнімділігі.
4. Жаздық рапстың өсу және өну кезеңдері.
5. Рапстың тұқымдары қандай температурада өне бастайды және өскіндері қашан
пайда болады?
6. Дақылдың суықтарға төзімділігі.
7. Рапстың суғасұраныс коэффициенті.
8. Рапстың жоғары өнімділігі, бірнеше шабу егістіктерінде неге байланысты?
9. Алғыегіс және сидерат ретінде, рапсқа баға беріңіз.
10. Рапс дақылы үшін жақсы топырақтар. Қандай топырақтарда рапсты өсіруге
кепілдеме бермейді?
11. Рапс егістерін тұқым және малазығы үшін қандай ауыспалы егісте орналастыру
керек.
12. Рапс үшін күздік өңдеулердің ерекшеліктері.
13. Рапс үшін топырақты көктемде дайындау әдістері.
14. Рапс үшін қандай гербицидтерді пайдалануға болады? Сіңіру мезгілдері және
мөлшерлері.
15. Жаздық рапс тұқымдарының егістік сапасына қойылатын талаптар.
16. Ақмола облысында жаздық рапсты тұқымға себудің нақты мезгілдерін атаңыз.
17. Тұқымдарды дәрілеу және инкрустациялаудың керектілігі.
18. Рапсты себу әдістері және қолданылатын техникалар.
19. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы жағдайларында рапс тұқымдарының
дәлдік себу мөлшерін және сіңіру тереңдіктерін атаңыз.
20. Рапстың негізгі аурулар мен зиянкестерін атаңыз.
21. Рапстың аурулар және зиянкестерімен күресу.
22. Рапсты көк балауса, пішендеме, сүрлемге жинаудың дәлдік мезгілдерін атаңыз.
23. Тұқымдардың пісіп жетілуі қалай өтеді, бұршаққындардың жарылуға бейімді-
ліктері қандай?
24. Рапсты тұқымға жинағанда, жинаудың қандай тәсілі ұтымды?
25. Рапсты бөлек және тікелей ору әдістерінде, тұқымдардың қандай ылғалдылы-
ғында оруды бастайды?
26. Рапсты бастыру үшін комбайндарға қандай қосымша саймандар керек?
27. Қолданылатын десиканттарды атаңыз, олардың мезгілі, мөлшерлері?
28. Жинап алған тұқымдарды өңдеу, оларды қандай машиналармен жүргізеді?
29. Рапс тұқымдарын қандай ылғалдықта қоймаларға құяды?
30. Рапсты қоспалы егістерде пайдалануға бола ма, болса қандай дақылдармен?
31. Рапсты басқа біржылдық дақылдармен қосып сепкендегі мезгілі, себу мөлшері
және себу әдістері.
Әдебиеттер
1. Артемов И.В. Рапс. М.: Агропромиздат, 1989, 44с.
2. Гейденбрехт И.П., Зерфус В.М. Программа «Белок». Яровой рапс и сурепица