Файл: 1.азастан тарихын кезедерге блу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 442

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар – Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері  және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты. 

Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.

Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмұны мен саяси маңызы жағынан ұлттық автономия, жер мәселесі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, ұлттық автономия туралы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ ұлттық-территориялық автономияның Ресейдің құрамында болуын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде құрылуына басты назар аударды. Бүл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия құқығын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиналысына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында "Қазақ" газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық-либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж. Х. Досмұхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды.


Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі "Алаш" қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. 

Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.

61)қазан төңкерісі.

1917 жылдың көктемі мен жаздың басындағы революциялық және ұлт-азаттық қозғалыс әлі де бейбіт сипатта еді. Уақытша үкіметтің 18 маусымда майданда шабуылға шығу жөніндегі контрреволюциялық саясаты масқара болды, 10 күн ішінде орыс әскері өлгені және жараланғаны бар 60 мыңдай адамынан айырылды. Мұнын өзі жұмысшылар мен солдаттардың ашу-ызасын туғызып, зығырданын қайнатты. 3 шілдеде шеруге қатысушылардың саны 500 мындай болды.Уақытша үкімет халықтың бас көтеруін басып тастау үшін майданнан өзіне берілген әскер бөлімшелерін алдырды, сөйтіп революцияшыл жұмысшылар мен солдаттарды аямай жазалады.Ақпаннан кейінгі кезенде Қазақстанда Ресейдегі сияқты көп партиялы жүйе қалыптасты. Эсерлер, кадеттер және басқа саяси партиялар еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл өкімет билігін жүмысшылар мен солдаттар депутаттары Кеңестерінің қолына көшуі жолындағы күреске шақырды.Жаңа өкімет органдарын құру кең қанат жайды. 3 қазанда жұмысшылар мен солдаттардың Перовск Кеңесі Уақытша үкіметтің учаскелік комиссарын орнынан түсірді. 4 қазанда Семей шаруалары депутаттарының облыстық II съезі қызу жарыссөзден кейін большевиктік қарар қабылдады, онда: Кеңестер елде билік орнатып, билікті өз қолдарына алулары керек! — делінген. 5 қазанда Әулиеатада жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының съезі гарнизон басшылығының Кеңестің келісімінсіз әскери бұйрық беруіне тыйым салды. Барлық әскери бөлімшелерге Кеңестің рұқсатынсыз ешқандай жауынгерлік бұйрықтарды орындамау ұсынылды. 17 қазанда Орынбор гарнизонының әскери бөлімшелері өкілдерінің жиналысы мемлекеттің барлық өкіметтік билігі Кеңестерге берілуін талап етті



62)Алаш автономиясының құрылуы

1917 жылдың желтоқса айының 5 мен 13 аралығында Орынбор қаласында ІІ жалпы қазақ съезі шақырылды. Ұлт зиялылары автономия құру бастамасын бір ауыздан қолдап, оның қажеттілігіне ерекше тоқталып өтті. Тек автономия ресми жариялау мәселесіне келгенде алауыздық танытып, бір мәмілеге келе алмай, ұзақ пікірталасқа жол берді.

Ә.Бөкейхан бастаған топ ең алдымен қазақ даласын мекендеп отырған өзге ұлт өкілдерінің автономияға қатысты пікірін білу керектігін және Түркістан қазақтарының автономия құрамына қосылу мәселесін шешіп алуды ұсынды. Ал Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері ешкімнің пікіріне қарамастан, дереу автономия жариялау керектігін алға тартты. Ұзақ талас-тартыстан кейін екі тараптың өкілдері ортақ мәмлеге келіп, желтоқсан айының 12 жұлдызында Алашорда автономиясын жариялады. Бұл туралы Әлімхан Ермеков былай деп тебірене жазды: «… желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды («Сары арқа», 1918 ж 22 қаңтар).

Съезд мүшелері ортақ мәмлеге келген соң Уақытша Ұлттық Кеңес құру және оны «Алашорда» деп атау туралы қаулы шығарды. Алашорданың орталығы Семей қаласы болады деп бекітілді және төрағалығына Әлихан Бөкейхан сайланды.

Ел ішін бұзақылар мен ұры-қарыдан қорғау мақсатында ұлттық милициялар құрамын жасақтау туралы келісім жасалып, олардың әр облыстағы саны бекітілді. Милицияға қажетті дүниелер ұлттық қордан сатып алынатын болды. Сондай-ақ Оңтүстік өңірдегі халықты автономия құрамына тарту мақсатында Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыру қажет екендігі айтылды. Бұл жиынға автономия атынан өкіл ретінде Бақтыкерей Құлманов, Міржақып Дулатов және Тұрағұл Құнанбаевті жіберу туралы ұйғарым жасалды.

Алаш автономиясы жарияланған тұста қазақ даласы әлі де болса терең ұйқыда жатқан болатын. Ұзақ жылдар бойына отарлық езгіде болған халық әлемдік өзгерістерден кенже қалып қойды. Соғыс өнерін толық меңгермен, от қарумен қаруланбаған қазақ халқы жеке дара мемлекет болып тұра алмады. Азамат соғысы жылдарында Алашорда үкіметі ақтар қосынын тастап, ұлттық дербестік беруге уәде берген большевиктер жағына шықты. Ал олар әуелдегі сөзінен танып, Алашорда партиясы мен Алаш үкіметінен тарих сахнасынан күшпен шығарып, мүшелерін өлімге қиды.


63)Азамат соғысы.

Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.[1]

1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақ легионерлер 1918 жылы мамырдың соңында Петропавлды, маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды. 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Ақ гвардиялық “Сібір үкіметін” ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.

Антанта Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды. Тамызда Иран мен Каспий сыртына ағылшын әскері енгізілді. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақ гвардияшылдардың басып алу қаупі төнді. 1918 жылғы наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулады. Сәуірде оларға қарсы “Ерекше армия” құрылды. 1918 жылғы қарашада “Сібір армиясының” Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Анненковтың дивизиясын жіберді. Солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өршіді.

Кеңестер Түркістан мен Қазақстанда “Мұсылман бөлімдері” деп аталған әскери бөлімдер құрды. 1920 жылы Түркістанда байырғы халықты əскерге тұңғыш рет күштеп жинау басталды. 1920 жылдың соңында Бөкей Ордасында, Орал, Торғай облыстарында 37 əскер бөлімдері құрылды.

Әскер бөлімдерін құру ісін ұйымдастырғандар:

1. Дала өлкесінің төтенше комиссары Ə.Жангелдин

2. Торғай уезінің əскери комиссары А.Иманов

3. Қазақ атты əскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев.

Əскери бөлімшелердің командирлері мен комиссарлары – Т.Əлиев, А.Асылбеков, С.Арғыншиев, Б.Алманов, Ж.Жəнікешев, М.Масанчи, А.Розыбакиев, О.Исаев, А.Оразбаева.

1919 жылғы қаңтарда Орынбор мен Орал азат етілді. Бұл Кеңестік Ресейдің Қазақстан жəне Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 1919 жылғы көктемде Антантаның Кеңес еліне біріккен жорығы басталды. Басты соққыны Колчактың ақ гвардияшыл əскерлері берді.

Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы өрістеді. Партизан қозғалысына басшылық еткендер:

1. Қостанай уезінде Мәскеудегі Қазан қарулы көтерілісіне қатысушы М.Летунов.

2. Қара теңіз әскери флотының бұрынғы матросы Г.Муляр.

3. Қысқы Сарайға шабуылға қатысқан А.Миронов.

4. Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К.Иноземцев.


5. Үш революцияға да қатысқан, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы И.Эльбе.

6. Әскерден қайтқан А.Жиляев.

7. Кеңарал болысында 1916 жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі Өтеп Ыбыраев.

8. Ой болысында Кәкімжан Саркин.

Черкасск қорғанысы 1918 жылғы маусым – 1919 жылғы қазан аралығында болды. Черкасск қорғанысы Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарды. Шаруалар Колчак тобына шабуылдап, 1919 жылғы сәуірде Қостанайды азат етті. Бірақ жақсы қаруланған Колчак отрядтары Қостанайды қайта жаулап алды. Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік жəне Оңтүстік топтарына жүктелді.

1919 жылғы маусымда М.В.Фрунзе басқарған Оңтүстік топ әскерлері Уфаны азат етті. 1919 жылғы шілдеде 25-Чапаев дивизиясы мен қазақ атты əскер бригадасы Оралды жау қоршауынан босатуға қатысты. 1919 жылдың жазында Қызыл Армия Колчак тобын Оралдан асыра қуып тастады.

[19:35, 06.12.2022] Аяжан Каз: 61)қазан төңкерісі.

1917 жылдың көктемі мен жаздың басындағы революциялық және ұлт-азаттық қозғалыс әлі де бейбіт сипатта еді. Уақытша үкіметтің 18 маусымда майданда шабуылға шығу жөніндегі контрреволюциялық саясаты масқара болды, 10 күн ішінде орыс әскері өлгені және жараланғаны бар 60 мыңдай адамынан айырылды. Мұнын өзі жұмысшылар мен солдаттардың ашу-ызасын туғызып, зығырданын қайнатты. 3 шілдеде шеруге қатысушылардың саны 500 мындай болды.Уақытша үкімет халықтың бас көтеруін басып тастау үшін майданнан өзіне берілген әскер бөлімшелерін алдырды, сөйтіп революцияшыл жұмысшылар мен солдаттарды аямай жазалады.Ақпаннан кейінгі кезенде Қазақстанда Ресейдегі сияқты көп партиялы жүйе қалыптасты. Эсерлер, кадеттер және басқа саяси партиялар еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл өкімет билігін жүмысшылар мен солдаттар депутаттары Кеңестерінің қолына көшуі жолындағы күреске шақырды.Жаңа өкімет органдарын құру кең қанат жайды. 3 қазанда жұмысшылар мен солдаттардың Перовск Кеңесі Уақытша үкіметтің учаскелік комиссарын орнынан түсірді. 4 қазанда Семей шаруалары депутаттарының облыстық II съезі қызу жарыссөзден кейін большевиктік қарар қабылдады, онда: Кеңестер елде билік орнатып, билікті өз қолдарына алулары керек! — делінген. 5 қазанда Әулиеатада жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының съезі гарнизон басшылығының Кеңестің келісімінсіз әскери бұйрық беруіне тыйым салды. Барлық әскери бөлімшелерге Кеңестің рұқсатынсыз ешқандай жауынгерлік бұйрықтарды орындамау ұсынылды. 17 қазанда Орынбор гарнизонының әскери бөлімшелері өкілдерінің жиналысы мемлекеттің барлық өкіметтік билігі Кеңестерге берілуін талап етті.