ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 405
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
: Неолиттік төңкеріс КОНСПЕКТ
Қазақстан аумағында неолит кезеңінің шамамен 600 (кейбір деректер бойынша 800) ескерткіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.
Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.
Солтүстік-батыс Қазақстан аймақтық тобы мәдениетінің ерекшеліктері: біріншіден, пластикалық тас өндірісінің басым болуы, екіншіден, ыдыстарды әшекейлеуде геометриялық өрнектеудің басым болуы.
Арал, шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстан аймақтық тобының ерекшеліктері: неолит кезеңіне тән құралдар, яғни садақ пен найзаның тастан жасалған ұштары, жалпақ пышақтар, екі жағынан да өңделген жебе ұштары және де тас жаңқаларынан жасалған құралдар басым болды.
Солтүстік Қазақстан аймақтық тобында басқаларына қарағанда әртүрлі құралдар өте көп табылды: тас жаңқаларынан жасалған қашаулар, жалпақ пышақтар, қырғыштар. Шаруашылықтың негізгі түрі аңшылық пен терімшілік болды.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағы топтарына өзен мен көл жағалауларында орналасқан тұрақтар тән. Қашаулар, найзаның ұштары, тері мен геометриялық формадағы құралдар өте аз кездеседі, ал керамика мүлдем жоқ.
Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтары тобында кремнийдан жасалған құралдар мен тұрақтар Қазақстанның солтүстік аймақ топтарына ұқсас болды. Қарағанды мен Зеленая Балка тұрақтарында үй жануарларының сүйектері табылды. Жезқаған өңірінен 150 тұрақ және көне қорымдар мен обалар табылды. Қайтыс болған адамның денесін тастармен қоршап, жерге арқасын беріп, басын солтүстік-батысқа қаратып жерлеген. Бұл – неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғанының куәсі
: 5-сұрақ Неолит кезеңіндегі Қазақстан:Неолит (бзб 5 - 3 мың.ж)
1. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді.
2. Еңбек құралдардын жаңа түрлері шықты; Дәнүккіш, келі, балта, қайла т.б
3. Неолитте жабайы жануарлар қолға үйретілді.
4. Неолит немесе "Қыш құмыралар заманы" деп те аталды. Осы құмыралардың атауы Көзе болды.
5. Қазақстан аумағында 500-ден астам неолиттік тұрақ табылды.
Бұның ішінде Усть-Нарын (Шығыс Қазақстан), Зеленая Балка, Қарағанды (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан)
[18:56, 08.12.2022] +7 705 505 8895: Қазақстан неолит дәуірінде
Shingis Shingis
5 лет назад
Атбасар мәдениеті:
Бұл дәуірдің басы шамамен б.з.бҮІІ мың жылдықтың екінші жартысымен ҮІ мың жылдықтың тұсына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өңдеу барған сайын мамандандаралды. Қоспа ретушь техникасының жетілдірілуімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау кетпендер дәнүккіштер, келілер, келісаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен басқада тастардан әшекейлер білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – жиын терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығының егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғ…
Қазақстан аумағында сегізжүзге жуық неолиттік ескерткіштер табылған. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады. Мұның өзі бұл жерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардан негізгі құрал-саймандар – пышақ тәрізді қалақтар және қырғыштар.
Қазақстанда шөл далаларындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшілігі, олардың көпшілігі-ашық үлгідегі тұрақтар. Олар: Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарын, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналысқан. Олар жаңа тас ғасырының ерте кезіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.
Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық…
: Сексеуіл неолит тұрағы Қызылорда облысында орналасқан. Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған.
Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындғы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.
Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарына үй малының сүйектері табылған.
Жезқазған өңірінен жұз елуге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылған.
Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан екенін дәлелдейді.
: 6-сұрақ Қола дәуіріндегі Қазақстан-Қола дәуіріндегі Оталық Қазақстан[1] Шүйгін жайылымдар мен рудалы кен орындарының көптігі арқасында Орталық Қазақстан ежелгі замандағы мал шаруашылығы, кең кәсібі мен металлургия дамыған ірі аймаққа, Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және бұлармен бірге бақша егіншілігі арқасында Орталық Қазақстанды мекендеуші ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті жоғары деңгейде болды. Қазақтың ұсақ шоқылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрғын үйлер мен қора-қопсылардың калдыктары бар қоныстар, бейіт кұрылыстары мен көне кең орындары, жартастағы суреттер мен кұрбан шалу орындары сияқты көптеген ескерткіштер калдырды. Қола дәуіріндегі ескерткіштердін тараған бат…
: Кезеңдері мен мәдениеттері:Орталық Қазақстандағы андроновтык қорымдардың көпшілігі осы мәдениеттің басқа аудандардағы ескерткіштермен салыстырғанда құрылымының күрделілігімен, көрнектілігімен, бейіт құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Ертедегі шеберлер мелшері жағынан орасан зор тас қоршаулар мен лақаттар салды. Тұрғындар діни кұрылыстарды салуда да құрылыс ісінен тәжірибе жинақтап, дәстүрге ие болды. Қазіргі уакытта Орталык Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қоныста жүргізілді. Орталык Қазақстандағы Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен өтті: оның алдыңғысы — Нүра кезеңі, ортаңғысы — Атасу кезеңі (Нұра, Атасу өзендеріне қарай алынған ш…
Андронов және Беғазы Дәндібай мәдениеті:Андрон мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андрон мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Еуразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андрон мәдениетінің бірінші ескерткіші. 1914 жылы Оңтүстік Сібір жеріндегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново қонысынан табылған
Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі — Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.
Андрон мәдениеті:
1. Металл өңдеу игерілді. Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді.
2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады.
3. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
Бегазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады. «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Беғазы - Дәндібай қонысынан табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ӀХ - ҮӀӀӀ ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталды. Беғазы - Дәндібай мәдениетін қалыптастырған бұл тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында Абыралы, Шыңғыс тауларына, батысында Ұлытауға дейінгі аралықты мекендеген. Беғазы - Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.
7. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын мекен еткен тайпалар мәдениетіне жатады.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.
Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Сәулетшілерді бұзылған тұрғын-жайлардан қалған ойпаттар қызықтырған. Ғалымдар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алады. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып алынды. Қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80см, ауданы - 30-дан 70 шаршы метр. Кейін сазды сулап, домалақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі - 60-100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден, қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады. Қайта тұрғызу сараптама жолы арқылы жүргізілді. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғын-жайдың үстіне ежелгі Ботай тұрғын-жайы салынады. Қайта тұрғызу өз-өзін ақтады. Жазда сараптамалық тұрғын-жайда суық әрі құрғақ болатын. Күз-қыс мерзімінде температурасы бір қалыптан түспеді. Тұрғын-жайға тұрақты түрде күтім жасағандықтан, қапталған сыртының беріктігіне қарай адамдарға тұруға қолайлық жасады (кем дегенде 15-20 жыл). Әрине, жыл сайын қабырға, қазан-ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырған.
Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. «Шұңқыр-консервілерде» ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады.
Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштықтарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді.
Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған.
Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі Виктор Зайберт Англияның Кембридж университетіне Ботай қонысы бойынша лекция өткізуге шақырылған. Ғалымдар Ботайды 28 жыл бойы зерттеді. Оншақты мақала жазылып, кітаптар басылды.
8. Ерте темір дәуірі тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар.
Б.з.б. VII—IV ғасырлардағы Евразияның этникалық және саяси картасы барынша ала-күла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнады, соғыс қақтыгыстары да аз болған жоқ. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасияның, Тува мен Солтүстік Моңғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағының орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен — мансилер мен хантылардыя арғы тегімен шектесіп жатты.