ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 404
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII— ғ. екінші жартысынан) пайда болған.
Киіз үй; «Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Еуропа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған»,— деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев. Ойды ой қозғайды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болады. (Акишев). Біздің жыл санауымызға дейінгі IV—III ғасырлардың өзінде-ақ тек жылқы малының өзі төрт-бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады (Бичурин). Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн-көріс мұқтажынан бастап рухани талғам-талабына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының ұзына тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол.
Ыдыс-аяқ[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ыдыс-аяқ. «Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш», — деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергендігіне жоғарыда бір ауыз сөз куә.Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металл бұйымдарын жасаған.
Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді. Мұқият өңдеген қайың, әсіресе, оның безі қара шұбарланып, қосымша әшекейсіз-ақ әдемі болады. Шеберлердің айтуынша, әбден кепкен қайыңда бөтен иіс те, шайыр да болмайды, сондықтан оған құйылған қымыздың дәмі де бұзылмайды.
Қымызға арналған ағаш ыдыстар: тегене, ожау, шара, сапты аяқ, тостаған, күбі, піспек. Ел ішінде бұл ыдыстардың түрлері күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылса, оның сәнделіп жасалған ғажайып түрлері де аз болмаған.
Ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені — саба.
Саба — молшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар сабаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Мысалы, Есенейдеген атақты бай алты айғырдың терісінен саба тіктірген. Оны «тай жүзген» деп атаған. Мұндай сабаларға ас берерде немесе ұлы дүбір бір дуан елді шақырып той жасарда биенің сүтін сауып, жинап, құйып қымыз ашытқан.
Тегене — үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс. Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады. Сыйымдылығы да мол, орта есеппен 10—15 литр еркін кетеді, әрі құйылған қымызды сапырып отыруға ыңғайлы. Әдетте, тегенелердің іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылады. Сүйек не күмістелген темір әшекейлермен әр түрлі асыл тастармен безендіріледі. Кейбір тегенелердің қақпағы ағаштан жасалып, күміс әшекейлермен көркемделеді. Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ағаш ожау қолданылады. Қазақ арасында қымыз сапыратын ожаудың екі түрі жасалды. Оның ішінде Қазақстан жеріне ең көп тараған түрі — ұзын сапты ағаш ожау. Мұндай ожаудың сабын сүйектеп, күмістеп, оюлап безендіретін болған. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында ожаудың қысқа сапты түрі де кездеседі. Ожаудың қай түрі болсын, мұқият өңделіп, сырт пішіні әркелкі жасалады. Қымыз ішуге арналатын үлкенді-кішілі шара, сапты аяқ, тостаған сияқты ыдыстарды да қайыңнан шауып, кейде сыртына ою ойып, күмістеп безендіреді.Саптыаяқ – саптыаяқ деп әдетте ағаштың безінен ойылған сабы бар бақыраш тәрізді шұңғыл ыдысты, яғни ағаштан жонып жасаған аяқты айтады.
Зерен – қымыз, шұбат құятын қадірлі ыдыс. Көлемі де, сырты да шараға ұқсас болады. Қатты ағаштан ойылып жасалады. Шұңғыл жиегі қалың бүйірі тіктеу келеді. Жиегінен, бүйірінен ойып, сәнді ою-өрнек жасалады орнықты болу үшін жалпақ, шығыңқы түбі болады. Түсін біріыңғай келтіру үшін ағаш қабықтары бояуымен қанықтырады.
Шара – қымыз құюға араналған ыдыс. Кей жерлерде тегене деп те атайды. Қымызды дастарқанға апарағанда сабадан осы шараға құйып апарады. Оның ішіне 10-12 литр қымыз сияды. Шараны емен, қайын сияқты қатты, кепкен ағаштардан ойып жасайды. Оның іші шұңғыл, өзі дөңгелек, жиегі тік болып келеді. Шара сырты ою-өрнектермен күміс немесе сүйек әшекейлермен көркем безендіріліеді. Өзіне лайық ағаш қақпағы болады. Ол да әшекейленіп жасалады. Сары қымыз әсем шара ыдысты дастарқан сәні, үйдің көркі, қолы берекелі әйелдің мәртебесі десе де болады.
Қазан – басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.
Қазақтың ұлттық киімдері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше
Рухани мәдениеті:
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.
Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
Бұхар жырау
XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.
Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.