Файл: ліппе оу пні Тсінік хат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 153

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Түсінік хат

«Жаратылыстану» оқу пәні

«Жаратылыстану» оқу пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен әзірленген Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығының 28-қосымшасын басшылыққа ала отырып жасалған.

«Жаратылыстану»пәнініңмақсаты әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан бейнесі туралы білім негізін қалыптастыру және білім алушылардың зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту.

«Жаратылыстану»пәнініңміндеттері:

  • зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негізін қалыптастыру;

  • техника мен технологияның дамуына елеулі ықпал еткен жаратылыстанудың маңызды идеяларымен, жетістіктерімен танысу;

  • қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған жаратылыстану-ғылымдық тұрғысынан маңызды және өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қолдана білу біліктерін меңгеру;

  • зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану-ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;

  • табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;

  • күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

"Жаратылыстану" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден құралады:

  1. "Мен зерттеушімін": қоршаған орта құбылыстарын бақылау; бақылау кезеңдері; эксперимент;

  2. "Жанды табиғат": жанды ағзалар; өсімдіктер және олардың алуантүрлілігі, ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер; өсімдіктің негізгі бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым; жабайы және мәдени өсімдіктер; мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім жасау); өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік заттар); жануарлар, жабайы және үй жануарлары, үй жануарларын күту, үй жануарларының келтіретін пайдасы, жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету; адам, адамның дене мүшелері, адамның өмірінің кезеңдері, тамақтану, демалу;

  3. "Жер және ғарыш": жердің пішіні, глобус – жер моделі, ғарыш, ғарыш денелері, астрономия туралы алғашқы түсініктер; зымырандар, телескоптар, уақыт, уақыт өлшеу құралдары, сағат, күнтізбелер;

  4. "Табиғат физикасы": түрлі денелердің қозғалысы, табиғаттағы қозғалыс, адамдардың қозғалысы, қозғалыс траекториясы, қозғалыс траекториясын сурет түрінде белгілеу, жарық пен қараңғы, жарықтың табиғи және жасанды көздері, жарықтандыру, дыбыс және оның таралу ерекшеліктері, дыбыстың табиғи және жасанды көздері, жылу шығаратын құрылғылар, күнделікті өмірдегі электр, магниттің қасиеттері, магниттік қасиеті бар заттар.


«Жаратылыстану» пәнін оқытуға бөлінетін оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағат

Жаратылыстану

(Барлығы 35сағ, аптасына 1сағат)



р/н

Ауыспалы

тақырыптар

Сабақтың тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І тоқсан

1

Мен зерттеушімін

Зерттеу кезеңдері

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, процестері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1

02.09.




2

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тануәдістері

Табиғатты танып-білу әдістері

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1

09.09.




3

  1. Жанды табиғат («Өзім туралы»)

    1. Өсімдіктер

Өсімдіктердің негізгі бөліктері

1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік формаларын анықтау;

1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

1

16.09.




4

  1. Жанды табиғат («Өзім туралы»)

    1. Өсімдіктер

Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу


1

23.09.




5

  1. Жанды табиғат («Өзім туралы»)

    1. Өсімдіктер

Жабайы және мәдени өсімдіктерге күтім жасау

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттау

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату

1

30.09.




6

2. Жанды табиғат («Менің мектебім»)

2.2.Жануарлар

Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

07.10.





7

2. Жанды табиғат («Менің мектебім»)

2.2.Жануарлар

Жабайы және үй жануарларының

айырмашылығы

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

14.10.




8

Жанды табиғат («Менің мектебім»)

2.2.Жануарлар

Жануарлардың жыл мезгіліне бейімделуі

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін түсіндіру

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1

21.10.




ІІ тоқсан 8 сағат

9

2.Жанды табиғат

(«Менің отбасым және достарым»)

Адамның дене мүшелері

1.2.3.1 адам денесінің негізгі мүшелерін және олардың қызметтерін атау

1

11.11.




10

2. Жанды табиғат («Менің отбасым және достарым»)

Адамның дене мүшелерінің қызметі

1.2.3.1 адам денесінің негізгі мүшелерін және олардың қызметтерін атау

1

18.11.




11

2. Жанды табиғат («Менің отбасым және достарым»)

Адамөмірініңкезеңдері

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау

1

25.11.




12

2. Жанды табиғат («Менің отбасым және достарым»)

2.3. Адам

Дұрыс тамақтану

1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау

1

02.12.




13

  1. Жанды табиғат («Бізді қоршаған әлем»)

    1. Күш пен қозғалыс

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Демалыстың пайдасы

1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау

1

09.12.





14

5.Табиғат физикасы

(«Бізді қоршаған әлем»)

5.1. Күш пен қозғалыс

1.Мен зерттеушімін

1.2.Табиғатты тану әдістері

Түрлі денелердің қозғалуы

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалуына мысал келтіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

09.12.

(16.12.)

15

  1. Табиғат физикасы («Бізді қоршаған әлем»)

5.1. Күш пен қозғалыс

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Қозғалыс траекториясы

1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу,оларды сурет түрінде көрсету

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау

1

23.12.




16

  1. Табиғат физикасы («Бізді қоршаған әлем»)

5.1. Күш пен қозғалыс

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Қозғалыстың маңызы

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1


30.12.




ІІІ тоқсан 9 сағат

17

4. Жер мен ғарыш («Саяхат»)

4.2. Ғарыш

Ғарыш әлемі

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау

1

13.01.




18

4. Жер мен ғарыш(«Саяхат»)

4.2. Ғарыш.

Адамдардың ғарышты зерттеуі

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау

1

20.01.




19

4. Жер мен ғарыш(«Саяхат»)

4.2. Ғарыш

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Қазіргі ғарыштық зерттеулер

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1

27.01.




20

  1. Жер мен ғарыш («Саяхат»)

    1. Жер

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Жер ғаламшарының көрінісі

1.4.1.1 Жердің пішінін моделі негізінде анықтау

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

03.02.




21

4. Жер мен ғарыш(«Саяхат»)

4.3. Кеңістік жәнеуақыт.

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Уақыттың адам өміріндегі маңызы

1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

17.02.




22

5.Табиғат физикасы

(«Салт-дәстүр мен ауыз әдебиеті»)

5.4. Жылу

Уақытты анықтайтын құралдар

1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

24.02.




23

5.Табиғатфизикасы

(«Салт-дәстүр мен ауыз әдебиеті»)

5.5.Электр

1.Мензерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Жылыту құрылғысы

1.5.4.1 жылыту құрылғыларын анықтау

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

03.03.




24

  1. Табиғат физикасы

(«Салт-дәстүр мен ауыз әдебиеті»

1.Мензерттеушімін

1.2. Табиғатты тануәдістері

Электр энергиясының маңызы

1.5.5.1 адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіну

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1

10.03.




25

5.Табиғатфизикасы

(«Салт-дәстүр мен ауыз әдебиеті»

5.6.Магнетизм

1.Мен зерттеушімін

1.2.Табиғатты тану әдістері

Магниттің қасиеті

1.5.6.1 магниттік қасиеті бар денелерді анықтау;

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1

17.03.




ІV тоқсан 10 сағат

26

5. Табиғат физикасы («Тағам мен сусын»)

5.2.Жарық

1.Мен зерттеушімін

1.2.Табиғатты тану әдістері

Жарық пен қараңғы

1.5.2.1 жарық пен қараңғыны салыстыру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

31.03.




27

5. Табиғат физикасы («Тағам мен сусын»)

5.2.Жарық

1.Мен зерттеушімін

1.2.Табиғатты тану әдістері

Табиғи жарық көздері

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1

07.04.




28

5. Табиғат физикасы («Тағам мен сусын»)

5.2.Жарық

1.Мен зерттеушімін

1.2.Табиғатты тану әдістері

Жасанды жарық көздері

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

1

14.04.




29

5. Табиғат физикасы («Тағам мен сусын»)

5.2.Жарық

1.Мен зерттеушімін

1.2.Табиғатты тану әдістері

Жасанды жарық көздерінің қажеттілігі

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

21.04.




30

5.Табиғат физикасы («Дені саудың–жаны сау»)

5.3.Дыбыс

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тануәдістері

Қараңғылықтың қажеттілігі

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

28.04.




31

5.Табиғат физикасы («Дені саудың–жаны сау»)

5.3.Дыбыс

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Табиғи дыбыс көздері

1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

05.05.




32-

33

5.Табиғат физикасы («Дені саудың–жаны сау»)

5.3.Дыбыс

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Жасанды дыбыс көздері

1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1

12.05.




34-

35

5.Табиғат физикасы («Дені саудың–жаны сау»)

5.3.Дыбыс

1.Мен зерттеушімін

1.2. Табиғатты тану әдістері

Дыбыстың таралуы

1.5.3.1 дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсіндіру

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

2

19.05.23ж

26.05.23ж