Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 167

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мазмұны



КІРІСПЕ............................................................................................................

4-6


  1. "Қиын бала" түсінігінің анықталуы және бала дамуының

негізгі заңдылықтары
1.1"Қиын бала" ұғымының психологиялық мазмұны...........................


7-13


1.2 Қиын бала пайда болуының психологиялық себептері..................

13-20

1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының

рөлі.........................................................................................................


20-32


Бірінші тарау бойынша қорытынды



33

2. Мектеп ұжымы мен психологтардың қиын балалармен

жүргізілген жұмыс тәжірибелері





2.1 Мектеп психологының оқушылардың жеке басындағы

қиындықтарды анықтауы...................................................................


34-40


2.2 Түзету жаттығуларын ұсыну және зерттеу нәтижесін жинақтау......


40-69

    1. «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру




69-71


Қорытынды.....................................................................................................

72-73


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................

74-75

Қосымшалар...................................................................................................

76-89


Кіріспе
Дипломық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі [1]. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.

Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.

Зерттеу мақсаты:

Бала бойында қиындықтың пайда болу себептерін теориялық тұрғыда талдау, келешекте практикалық іс-тәжірибеден өткізу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Қиын жасөспірімдердің пайда болу себептерін, қиын жасөспірімдердің ерекшеліктерін және қиын жасөспірімдерге әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету;



  1. Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі әлеуметтік педагогикалық тұрғыда отбасы және мектептің өзара байланысын арттыру;

  2. Қиын жасөспірімді әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан әлеуметтік педагогикалық қорғау және құқық бұзушы балаларға профилактикалық және диагностикалық көмек көрсету;

  3. Қиын жасөспірімді қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмысты іс-жүзіне асыру.

Зерттеу нысаны:

Қиын жасөспірім және олардың әлеуметтік ортасы.

Зерттеудің әдістері:

Қиын бала мәселесін ғылыми методологиялық тұрғыда зерттеу.

Методологиялық негіздер:

Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданылған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.

Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, В.Г.Баженов, Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, К.А.Жүкенова, А.М.Қарабаева, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Г.А.Уманов және А.Байсымақ). Бұл зерттеуші ғалымдар қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді.

Жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті.

Қазiргi уақытта мiнез-құлықтың бұзылу себебi түбегейлi түрде зерттелiнiп жаңа сипатқа ие болуда. Әлеуметтiк-психологиялық және педагогикалық, клиникалық, криминологиялық аспектiде қарастыруда.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

- әлеуметтік педагогикалық тұрғыда қиын балаларды қайта тәрбиелеу жолдар арқылы қоғамға қайта қосуға болатынын және олар қоғамымыздың болашақ азаматтары екенін сендіру керек. Мысалы, ұрпақ жалғастырушы және балалар біздің болашағымыз.

- зерттеу барысында қиын бала мәселесін, тарихын және теориясын анықтау. Соның ішінде қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу барысында – қиын баланың ой-пікірлерін, анықтау және «қиын» атаудан арылту олардың қоғамдағы ролін биіктету.


- Қазақстан Республикасында балалар қоғамын құру олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Дипломдық жұмыстың ғылыми ұсыныстары: Қиын баланың әлеуметтенуі және олардың бос уақытын өткізуі туралы, әлеуметтік бағдарламаны іске асыру және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығару, әлеуметтік педагог қызметінде әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу әдістері – ғылыми еңбектерге теориялық талдау, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау, эксперимент, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау.

Зерттеу болжамы: Әр жас кезеңдерінде бала бойындағы қиындықтарды өз уақытында психологиялық әдістер арқылы анықтап және түзетіліп отырса, сонымен қатар оқу-тәрбие процестері баланың психологиялық және физиологиялық талаптарын ескере отырып жүргізілсе ғана бала бойындағы қиындықтарды болдырмауға болады.

Зерттеу объектісі: Тараз қаласы №5 қазақ орта мектебі және «Тараз қаласындағы тәртібі қатаң мезгілде тәрбиеленетін жасөспірімдер мекемесі».

Зерттеу кезеңдері:

Зерттеудің бірінші кезеңінде «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың ой-пікірлеріне тоқталып нысаны анықталынды, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар, жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.

Зерттеудің екінші кезеңінде мектеп ұжымы мен психологтардың көрсеткен көмектері негізделіп, балалардың жай-күйі анықталынып, түзету-дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.

Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1. "Қиын бала" түсінігінің анықталуы және бала дамуының негізгі

заңдылықтары
1.1 "Қиын бала" ұғымының психологиялық мазмұны
Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.

Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» [2]. «Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.


Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.

А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек. Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз» [3].

Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминологиялық тұрғыда қарастырылуда.

Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады. Егер талдау жасап, жасөспірімдер қылмысын тізе берсек, тізім созыла береді. Ал балалардың сол қылмысқа бару себебін іздеп, қиын балалар қалай шығатынын зерттесек, біріншіден, баланың қарны тойып тамақтануы, үйде жанжал шыққан күннің ертесінде мектепке бару, бармау мәселелері тұрады. Осы және тағы басқа мәселелерді реттеу, шешу жолдары тиісті адамдар тарапынан ұсынылған. Бала – біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де, осы келешек ұрпақ.

Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданысталған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.

Соңғы жылдарда, жаңаша әлеуметтік жағдайлардағы жасөспірімдер мінез-құлықтары ерекше психологиялық мәселеге айналып отыр. Атап айтатын болсақ, әлеуметтік және мектептік дезадаптацияға әсер етіп балалар арасында қылмыстық жағдайдың күшеюіне түрткі болып отырған әлеуметтік орта факторын нақты көрсетуге болады.