Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 170

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Соғыстан кейінгі жылдарда қиындықпен тәрбиеленушілердің әлеуметтік мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді, ал 1950-60 жылдар басында олардың шығу себептерін, мінез-құлықтағы таңқаларлық ауытқушылықтарды, жеке адам дамуының динамикасымен байланысын терең зерттей бастады.

1950-70 жылдары зерттеушiлер негiзгi зейiндерiн ,,Қиындықпен тәрбиеленетiн,, балалар мен жасөспiрiмдерге себепшi болатын әлеуметтiк-психологиялық және психо-педагогикалық факторларға бөледi.

1970-80 жылдары ,,Қиындықпен тәрбиелену,, мәселесi отандық ғылымда жан-жақты зерттелiндi. Мінез-құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне ең алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л.С.Славина болды. Мұндай мінезге ол аффектілі (жан – күйзелісі, қайғыру). Психологиялық ерекшелегін алды және бұл саладағы баларды екі топқа бөлді. Бірінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдайда қалыптаспауы салдарынан, өте күшті эмоционалды қайғыру және жан-күйзелісінен болады. Л.С.Славина екінші топ балаларының тәртіпсіздігінің себебіне мінез-құлық ережелерімен санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдай да меңгермеуді жатқызады [15].

І.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу

себептері мен факторлары
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады.

Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.

Әлеуметтік – педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез – құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.

Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие.

Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз). Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық) [16].

Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырады.

И.А.Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндіреді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдары екендігі анықталды.



Қиын баланың пайда болу себептері




отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы




ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы





қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық


Қазір жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын тым еркелетіп жіберген. Артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеу мен өскен бала ешқандай күш жұмсамай-ақ көзге түскісі келеді. Егер мұғалім ескерту жасаса жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастар отбасылық өмірге дайын еместігінен қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар қатарын толықтыруда.

Сондықтан «Қиын бала қайдан пайда болады?» - деген сұраққа жауап бермес бұрын, отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп алғанымыз дұрыс. Ата-бабамыз мұра етіп қалдырған бала тәрбиелеу стильдерін қайта жаңғыртатын болсақ қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген мәселелердің шешілуін біраз жеңілдетер еді. Сонымен, балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдерден іздейді. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келгеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп, қайда барып немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі сонша өсіп келе жатқан жас ұрпағы сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп аң-таң болады. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік ауадай қажет деп ойлаймыз.


Демек, жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ [17].

Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.

Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:

  • дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

  • жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымдарындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орындамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

  • психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;

  • ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;

  • қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар.

Жасөспірімдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педгогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.


Қазіргі кездегі жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарында да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.

Н.Ахметжанова өзінің «Мінез-құлқы қиын балалар» атты еңбегін жазған кезде жасөспірімдердің мінез-құлқына көбірек тоқталып кеткен. Балалалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:

  • қоғамдық құндылықтар иерархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;

  • заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;

  • жұмыссыздық (нақты және жасырын);

  • экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;

  • өскелең ұрпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;

  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;

  • балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы

  • темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.

  1. Отбасының жағдайы және оның ахуалы:

  • толық емес отбасы; отбасының материалық жағдайы;

  • ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;

  • отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);

  • ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;

  • ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.

  1. Мектепішілік өмірдің жеткілксіз ұйымдастырылуы:

  • оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және меткептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырлуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы;

  • мұғалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;

  • жетілмеген жаңа оқу бағдарламасын енгізу, құндылықтар бағдарламаларының өзгеруі және соның негізінде «нені және қалай оқыту?» мәселесінің туындауы;

  • мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.