Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 172
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ата-анасы мен қиын бала туралы әлеуметтік карта
Аты –жөні | Сариев Даурен Нұрманұлы. |
Туған жылы | 11.04.1990. |
Оқитын мектебі | Н.Оңдасынов атындағы №38 мектпе гимназиясы. |
Ата-анасы жайлы мағлұмат | Сариев Нұрлан – АЗС жұмысшы, Елтаева Гүлнар – жұмыссыз. |
Психикалық зақымдануы | //-//-//-//-//-//-// |
1. Кімді өзіңе үлгі тұтасың? | Ата-анамды. |
2. Бос кезінде немен айналысасың? | Спорт ойындарымен және футбол. |
3.Теледидардан қандай бағдарламаларды жиі көресің? | Кино. Боевик. |
4.Сыныптағы жолдастармен қарым-қатынасың? | Жақсы. |
5.Ішімдікке және темекіге қандай көзқараспен қарайсың? | Темекіге, ішімдікке теріс көзқараспен қараймын. |
6.Спорт ойындарының қайсысын ұнатасың? | Бокс. |
7.Мектепте болатын кружоктарға қатысасың ба? Қатысатын болсаң қай түріне? | Қатыспаймын. |
8.Қай пәнді сүйіп оқисың? | Тарих. |
9. Жыл мерзімнің қайсысын ұнатасың? | Көктем. |
10.Болашақта кім болуды қалайсың? | Қорғаушы. |
-
«Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс ұйымдастыру
«Болашақ» балалар қоғамдық ұйым жұмысын жоспарлауда осы облыстық «Болашақ» балалар ұйымының алға қойған мақсат-міндеттері негізге алынды.
Ол мәдениетті жан-жақты дамыған бәсекелеуге икемі бар, жалпы адамгершілік қасиетін игерудегі шығармашылық іскерлігі мен әділеттілігі мамандықтарды меңгеруге ынталы, өмірдің барлық саласындағы ұлттық және әлемдік жетістіктерді дамытуға және түсінуге мүмкіншілігі бар болашақ жастарды тәрбиелеу мектепте. Болашақ балалар ұйымы жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді:
І-ші топ: «Балдырған» 7-10 жас аралығы
ІІ-ші топ: «Жас ұлан» 11-13 жас аралығы
ІІІ-ші топ: «Өркен» 14-15 жас аралығы
Үш топтың да өзіне сәйкес салтанатты анты мен уәдесі бар.
«Болашақ» балалар ұйымы бес бағытта жұмыс жасайды.
1-ші бағыт: «Асыл мұра»
2-ші бағыт: «Мен және әлем»
3-ші бағыт: «Мен және жанұям»
4-ші бағыт: «Мен және мәдениет»
5-ші бағыт: «Мен және экология»
Бірінші қыркүйек «Білім күніне» балалар салтанатты мерекеге ұстаздарды құттықтап өнерлерін көрсетеді.
«Қазақстан халықтарының тілдері» апталығына байланысты «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты сайыс жүргізілді. Онда әр топ бір мемлекетті алып, оның тілін, салт-дәстүрін көрсетті. 1- ші мен 2- ші топтың балалары Ресей мен Украин мемлекетін таныстырып, биін билеп салт – дәстүрлерін көрсетті. Қыздар тобы түрік халқы мен таныстырып, биін билеп өнерлерін көрсетеді. Мектеп басшысы Ш.Б Сәрсенбаев балаларды алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
Балалар жас ерекшеліктеріне қарай өз елінің, отанының мәдениеті мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен тарихи, туып өскен аймағының тарихын зерттеп ерекшеліктерімен танысады. Осыған орай қаланың 50 – жылдық мерей тойына байланысты балалар қаланың мұражайына барып, қаланың шығу тарихына танысып, ұлы адамдарға қойылған кесенелер, ескерткіштерден мағлұмат алды [50].
«Мұғалімдер күніне» арнайы концерт қойылды. Балалар ұстаздарды құттықтап, би билеп ән айтты. Әр топ ұстаздарға арнап қабырға газетін шығарды. Мұғалімдер балалардың өнерлеріне тән риза болып, алғыстарын айтты.
Ата-ана тәрбиенің күре тамыры. Ата-ана балаға қандай тәрбие берсе, солай қарай бала қисаяды. Балаға сондай ақыл кеңес, өнеге, тәрбие керек. Келе – келе инабатты, зейінді тындырымды, жақсыға жаны құмар болып қалыптасады, осыған байланысты мектеп, «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел өткізді. Онда жастар орталығы, нарколог дәрігері, ішкі-істер бөлімінен қатысып, олар балаларға «нашаға қарсы», «қылмысқа қарсы» неше түрлі бейне таспаларды көрсетіп, балаларды дұрыс жолға түсулерін айтты. Дөңгелек үстел өте қызықта, танымалы өтті.
Қазан айында мектепте «Ән мен әнші» өтті, онда әр топ сайысқа түсті. Мереке қалалық ТВ «Икар», қала әкімі концертке келді. Сайысқа қатысқанда балалар өздерінің бойында өнерлерін көрсете алды.
22-ші қазан күні мектебіміз қаладағы мәдениет сарайында «Ораза қабыл болсын» атты үлкен концерт берді. Концертке қала басшысы, әр ұйым басшысы, мектеп оқушылары келді. Балалардың өнерлеріне қаланың барлығы риза болды. Қараша айында болған қалалық «нашақорлыққа қарсы» атты дебатқа түсіп өз пікірлерін айтып отырды, өнерлі балалар ән айтып, би биледі [51].
16 желтоқсан Тәуелсіз күні « Бостандық тұлғалары» ашық тәрбие сағаты өтті. Онда балалар Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков, С.Мұхамеджанқызын көрсетті. Аяз – ата шеберханасында балалар жаңа жылдық қойылымдар көрсетті. Осы мерекеде балалармен бірге ұстаздар, тәрбиешілер қатысып, ән айтып би биледі.
Негізгі мектептің мақсаты қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет, Тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын келешек, яғни жас ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, халықтық тәрбие беру. Балаларды жан-жақты ынталандыру және ұйымдастыру қызметіне баулу [52].
Қорытынды
Сонымен, әрбір әлеуметтік педагог қиын баланың дербес ерекшелігі мен ынта-ықыласын, тұрмыс жағдайын ескеріп, айқын, нақты талаптар қояды. Орындалмақ әрбір педагогикалық талаптар мен тапсырмалар балалардың жағдай-мүмкіндіктерімен қабілет-икемділіктерімен сәйкестендіру шарт.
Қайта тәрбиелеу процесінде өз орынын тауып келе жатқан әдіс - педагогикалық иландыру. Көп жағдайда этикалық тақырыптарға түсіндіру, әңгімелесу тәсілдерін қолдану өз нәтижесін бере бермейді. Қиын оқушының моральдық-эмоциялық күйін туғызып, жанамалы түрде оны нақтылы пайдаланып, оның алдына айқын мақсаттар қоюда педагогикалық иландырудың орны бөлек. Егер де, айқын мақсат шамалы болса да баланың санасына жетсе, оның тұрақты қабылдауына педагогикалық жағдай жасап, саналы іс-әрекеттерінің дәлеліне айналдыруға болады.
Педагогикалық иландырудың әсер ететендігін (қатты дауыс шығару, бұйыру, өктемдік білдіру, байкот жариялау тағы басқа) байқаймыз. Әрине, бұл әдіс басқа да тәрбие әдістерімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Педагогикалық иландыру фактор ретінде оқу-тәрбие процесінде жекелеген балаларға педагогикалық ықпалдар жасалынғанда еріксіз, стихиялық түрде болғанмен де белгілі мақсатқа негізделінеді.
Ерiксіз, стихиялы түрде иландыру, әлеуметтік педагогтің ақыл-кеңесін, талап-тілігн қарсылықсыз, таңдаусыз қабылдауын айтамыз. Педагогикалық процесте еріксіз, стихиялы тәсілді қолданудың методикалық ерекшелігі бар. Мысалы, егер де баланың интеллектік жағы басым болса, оның ықпалын төмендеткен орынды. Ал, керісінше иландырудың әсерін күрделендіріп, қиын баланың санасына жеткізу немесе ол аффектік күйде болғанда еріксіз, стихиялы иландыруды қолданудың нәтижесі жоғары болмақ. Өйткені, қиын бала қатты ашуланғанда, өзінің эмоциясын басқара алмай, тәртіпсіз қылықтарын жалғастыра беруі мүмкін. Сонда, әлеуметтік педагог ашудың қарқынын төмендетуге онымен тіл тауып тежеп, өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс ырғағымен, мимикасымен қолдау білдіреді.
Мақсатты түрде қиын балаларды қайта тәрбиелеудің ең басты әдісі – «көше» жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Айтылып отырған тәсілді іс жүзіне ауыстырудың мектеп практикасында бірнеше жолдары бар. Соның бірі – территориялық тұрақты мекенін ауыстыру, мектеп алмастыру. Қиын жеткіншекті бір жылға, бірнеше жылға басқа облыс, аудандарда тұратын туған-туыстарына жіберу. Кейбір ата-аналар мектепті алмастырғанымен қиын балалар бірін-бірі тауып алып, байланыстарын жалғастыра береді. Көптеген отбасыларының басқа қалаларда, ауданда туыстары болмауы мүмкін. Бұл жағдайда іске асыратын екінші тәсіл –жағымсыз достық байланыстағы қиын балаларға екі жақтың да кездесулеріне тыйым салу.
Бұл тәсілді негізгі үш жағдайда қолданған орынды:
а) қиын бала мен «көше» жолдастарының арасындағы байланысты ата-ана, мұғалім, балалар ісі жөніндегі инспекция тоқтата алмағанда;
ә) ата-ана мен мұғалім баланың қарым-қатынасына көңілдерін аудармай, тәрбиелік мәні бар түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенде;
б) жеткіншектің көше жолдастарымен байланыстары тереңдегені сонша, қоғам және жеке меншік мүліктерін ұрлау, тонау, қорқыту әдеттеріне жүгінген жағдайда тағы басқа өте сақтықпен тыйым салу тәсілін методикалық шеңберлікпен қолдану қажет. Әрине бұл сәтте мұғалімнің, ата-ананың, милиция қызметкерлерінің беделі болуы шарт.
Екінші әдіс – моральдық тұрғыдан айыптау. Осы тәсілдің тыйым салу тәсіліне қарағандағы артықшылығы – баланың ар-ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны. Мысалы, қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін былайша айтқанда, темекі, наша тарту, арақ-шарап ішу, оқуға бармау, қаңғыбастықпен айналысу, ұрыс-керіс, дау-жанжал шығару істерін ата-ана, аға-іні, қарындастары, туған-туыстары тарапынан педагогикалық этикаға сай жанұяда айыпталынады. Сонымен қатар, педагогикалық ұжымы, құрбы-құрдастары, милиция инспекциясы, аула көршілістері де баланың арына тигізбей айтпаса, бұл істер өз нәтижесін бермек. Көп жағдайда қиын жеткіншек немесе жасөспірім болмасын өзі сыйлайтын сыныбындағы құрбыларының талап-тілектері мен пікірлерін жерге тастап кетпейді.
Үшінші әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсатын-міндетін қайта бейімдеу, құру. Бұл әдістің құндылық мәні – бала қателігін түсінгенімен, өмір тәрбиесінің жоқтығынан өзін қалай ұстап жүрудің жолын біле бермейді, Осы педагогикалық жағдайды дер кезінде байқаған әлеуметтік педагог, оның ішкі позициясына талдау беріп, өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын құруға көмек береді.
Қиын тәртiптi балаға айналмау үшiн оған көптеген ақыл-кеңес сонымен қатар тәрбие берiлуi Аристотельден кейiнгi 2-шi ұстаз аталған ұлы ғалым Абу-Нәсiр Әл-Фарабидiң «Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие беру керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне опат әкеледi» дегенi мәлiм.
Бәрiмiзге белгiлi, бiздiң қоғам аса күрделi жағдайларды бастан кешiрдi. Өтпелi кезеңге тән өмiр ауыртпалығын ешкiм жоққа шығармайды. Қазiргi кезде оқушы жастардың 20-пайызы iшiмдiкпен таныс, 10 пайызы шылым шегедi, есiрткi қолданушылар қатары өсiп келедi. Қылмыстың ең ауыр түрiне баратын жастар көбейiп отыр. Осылардың арасында қазақ балаларының үлес салмағы аз емес.
Абу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен. Ең бірінші тұлға қалыптасуына тәрбие өз ықпалын тигiзедi. Сондықтан да, балалармен тәрбиенің ролін күшейту қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Президентінің қазақ халқына жолдауы, 2006. 1 наурыз.
2. Байтұрсынұлы А. «Қырық мысал» атты аударма жинағы, Санкт-Петербург,
1909 ж.
-
Макаренко А.С. Педагогические сочинения:В 8-ми т./Сост. Л.Ю.Гордин, А.А.Фролов.-М.:Педагогика. -
Теплов М. Б. Избранные труды. В 2-х т., Т.1.- М: Просвещение., 1971. -
Блонский П.П. «Избранные психологические произведения», М., 1964 -
Баженов В.Г., Баженова В.П. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников:Учеб. Пособие. Под ред. Л.А.Байсерке.- Тараз: Сенiм, 2003.- 249с. -
Дебагян Р.А. Проблемы взаимосвязи особенностей здоровья трудных детей и характера их поведения. Дис. канд. педагог, наук. — Алма-Ата, 1989. -
Жұмабаев Қ. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелерi. А., 1974. -
Лысенкова С.Н. Когда легко учиться. М.: Педагогика, 1985.- 95с. -
Уманов Г.А., Порфенов А.В. ,,Бала бақыты, А., 1978 -
Трифонов В. В. Текущий контроль в обучении. М.:ВАД,1994.-76с. -
Кудрявцев С.В., Дмитриев А.В. Введение в общую теорию конфликтов. Второе издание. М., 1998. -
Фортунатов Г.А. О преподавании психологии в педагогических училищах. Издание 30-60-х гг. 20 века (1951). -
Выготский Л. С. Собрание сочинений: В 6т. Т. 4. М., 1984. -
Славина Л.С. Индивидуальный подход к неуспевающим и недисциплинированным ученикам. М.: АПН РСФСР, 1958.- 214с. -
И.С.Кон. Психология ранней юности, Кн. для учителя. – М.: Просвещение, 1989. – 255 с. -
Невский И.А. "Трудное" детство, его причины, признаки и формы проявления// Вопросы изучения и предупреждения правонарушений несовершеннолетних. Сборник трудов. Ч. 1., Москва, 1970 г. -
Ахметжанова Н. «Мінез-құлқы қиын балалар», Ұлағат, 2001ж. №1. -
ҚР «Білім туралы заңы», 1999. 7 маусым. -
Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000. -
Павлов И. Идентичность: История формирования взглядов и ее структурные особенности. − М., 2001. -
Крупская Н.К. Педагогические сочинения в шести томах. Том 2.Педагогика, 1978 -
Павлова Л. Развивающие занятия: взрослые и дети. //Дошкольное воспитание., 1996, №3. С. 78-82. -
Макаренко А.С. ,,Ата-аналар,, кітабы. 1988. -
Толстой Л. Н. "Воспитание и образование" Там же. Т. - 16. -
Сухомлинскиий В.А. «Балаға жүрек жылуы». Минск, 1981. -
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. - Алматы: Білім, 1997.-256 б. -
Макаренко А.С. ,,Ұстаздық дастан,,. 1986. -
Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы туралы» Заңы, 2002 -
Фромм Э. Душа человека – М.: 1992 -
Фрейд З. Введение в психоанализ – М.: 1991 -
Лоренц К. Агрессия (так называемое зло) М.1994. -
Аймауытов Ж. Жан жүйесі және өнер таңдау. –Мәскеу, 1926 -
Абай. Қара сөздері. Поэмалары. А.,1993ж. -
Дулатов М. Избранное. Алматы, Гылым, 1991. -
Байтурсынов А. Ер Саин, Москва, 1923 -
Макаренко А.С. О воспитании. М.: политиздат, 1988. – 486 с. -
Мадин И.Б., Керимов Л.К. ,,Қиын оқушыларды тәрбиелеу мәселелерi,,. 1974. -
Петровский A.B. Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы, Алматы, мектеп, 1987 г. -
Ағыбаев А. «Жасөспірімдер қылмысына не себеп?». Заң, №5, 2004. -
Ақанов А.А., Жылқыайдарова А.Ж. «Мектептердегі нашақорлықтың алғашқы профилактикасының проблемалары», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №2, 2004. -
Рубинштейн С.JI. Проблемы общей психологии. М.: Педагогика, 1973. 423 с. -
Платонов К.К. Проблемы способностей. М.: Наука, 1975.- 96с. -
Аманқұлова Р.К. «Жасөспірімдердің темекі тартуының алдын алу», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №1-2, 2005. -
Алпысбаева Г. «Есіктен енді есірткі», Оңтүстік Қазақстан газеті, №74,26 маусым, 2001. -
Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке. Аламты. 1973. -
Атемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі», Қазақстан мектебі, №1,2006. -
Макаренко А.С. О воспитании. М.: политиздат, 1988. – 486 с. -
Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2000. -
Сарсенбаев Т. Ұлттық сана-сезiм және ұлттық қадiр-қасиет. Алматы, 1990, -516 бет. -
Аяғанова Б., Тәжин А. Социология негіздері , Алматы: Ана тілі. -
Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2004.