Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 171
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осындай көкейкесті мәселелерге қатысты жүргізілген зерттеулер және бақылаулар жеткіншектік кезенде туындайтын бірқатар мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді. Біріншіден, мінез-құлық бұзылыстарының қандай да бір формаларында көрініс табатын, бала өмірінің әлеуметтік жағдайларының психологиялық ерекшеліктеріне ықпалы. Мұндай бұзылыстар арасынан жеткіншектік кезеңдегі тұлғалық дамуға байланысты, жасерекшелік девиацияларын және мәдени-әлеуметтік нормаларға қарсы болатын, бірақ отбасындағы өзара қарым-қатынас немесе мектептік дезадаптация шегінен шықпайтын, яғни әлеуметке қарсы бағытталмаған девиантты мінез-құлық түрлерін ерекшелеу өте маңызды.
Девиацияның қарқынды көрініс табуы, сонымен қатар мінез-құлық бұзылыстарының қоғамға қарсы сипат ала бастауы және қоғамға қауіп төндіру және құқықтық нормаларды бұзу ретінде көрініс табатын белсенді деструктивті бағыттылықты бейнелейтін болса, делинквентті мінез-құлық туралы айтылады. Жеткіншектердің құқық бұзулары - "мінез-құлық бұзылысы" деп белгіленетін терминінің психологиялық реалдылық анықтауларының критерийлері емес, мінез-құлықтың қоғамға қарсы бағыттылығының сыртқы критерийлері.
Екіншіден, баланың психологиялық мәселелерін туындататын эмоционалды, коммуникативті, когнитивті сияқты ішкі жағдайлар айнымалылықтар қатынасын, екінші жағынан айқын байқалатын сыртқы мінез-құлық бұзылыстарын ескеру керек. Кейбір еңбектерде делинквентті мінез-құлық жеткіншектің психиатриялық статусының сыртқы көрінісі, кейбір еңбектерде әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларымен байланысты, науқастану көрінісі болып есептелмейтін ішкі психологиялық мәселелер ретінде қарастырылған.
Үшіншіден, ауытқу үстіндегі мінез-құлық дамуымен байланысты психологиялық айнымалылықтардың нақтылануы.
Аталғандарға қосымша ретінде эмоционалды және мінез-құлық бұзылыстарын бейнелейтін психопатияның психологиялық көрсеткіштері талданады, сонымен қатар балалардың тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты ескеріледі. Осыған байланысты әр ел әдебиеттерінде белгілі бір позициялар ұстанылады. Ресей әдебиеттерінде: бұзылыстар деңгейін және мінез-құлық девиацияларының бағыттылығын айыра білу керек. Шетел әдебиеттерінде белсенді агрессивті девиацияны деструктивті бағыттылық, белсенді және қоғамға қарсы агрессия емес, енжарлықпен байланысты "оппозициялық мінез-құлықты" айыра білу керек; мінез-құлықтын бұзылуының тек белгілі бір тұрақтылығында "делинквентгі мінез-құлық" термині қолданылады. Сонымен қатар, Ресей әдебиеттерінде "қылмысқа дейінгі мінез-құлық" термині жиі қолданылады, яғни құқық бұзушылық жағдайлар әлі болмаған, бірақ жасалған әрекеттер қоғамға қарсы жоспарлауға куә болады, сонымен қатар жеткіншектердің тек мәдени-әлеуметтік нормалар шегінен шығу ғана емес, кұқық бұзуға да дайын екені байқалады. Мұндай мінез-құлық тән жеткіншектер қауіпті топқа жатқызылады.
Мінез-құлық бұзылыстарының сыртқы көріністері аталған топқа енгізудегі басты критерийлер болып саналады. Жасөспірім бойында мұндай бұзылыстар психологиялық қолайсыздық негізінде қалыптасуы мүмкін немесе психикалық девиацияны құрайтын патологиялық негіз, сонымен қатар ауытқушылық мінез-құлықтың әртүрлі деңгейлері (оппозициялык, девиантты немесе делинквентті) негіз болуы мүмкін. Осындай өткір дифференциалды мәселелердің шешілуі психолог және психиатрлардың арнайы күштерін қажет етеді. Тұлға жекелігінің қалыптасуынан тыс көпжақтылық даму адамды "екіжақтылыққа", "өз менінің" жоғалуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Б.М.Теплов пайымдаулары бойынша, "тума қасиеттері жоқ адамдарда қабілеттерді тәрбиелеу беріксіз және сенімсіз деп есептеуге болады" [4].
Оқушының жанұя және мектепке қарым-қатынасы, олардың ықпалынан оқушының өнегелі пікірі мен мінез-құлықтарының қалыптасуы зертеудің негізі болып табылады. Бағдарламаның екінші бағыты баланың ішкі әлемін зерттеу- қажеттіліктер және қызығушылықтар, сезімдер және ойлар. Бұл бір жагынан оны қоғамның бөлігі ретінде сипаттайды; екінші жағынан оның өзіндік жағдайын бейнелейді, оны өзінше және автономды етіп ерекшелейді.
Кез-келген адам тұлғасы жан-жақты. Оның жан-жақты зерттелуін қамтамасыз ету үшін, мынадай зерттеу түрлері қажет
әртүрлі әдіс және тәсілдерді қолдану
белсенді педагогикалық әсердің әртүрлі жағдайларын зерттеу
қиын балаларды әртүрлі жағдайларда және әртүрлі іс-әрекет түрлерше зерттеу
жасерекшелік кезендеріне байланысты тұлғаның өзгеруін талдау.
Сурет 1. Жан-жақты зерттеудің түрлері
Қиын балаларда ең алдымен жағымды қасиеттерді көрсетіп, солардың негізінде ғана қайта тәрбиелеуді жүзеге асыруға болады. Екінші жағынан, өзін бағалауға, мінез-құлықты дұрыс бағалауға бейімдеу керек, немесе онсыз олармен түзеу, тәрбие жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.
Қиын жеткіншек тұлғасын зерттеудегі негізгі объектілер: жалпы ұжымдық бағыттылығы, мінез белгілерін, психикалық процестердің жекелік ерекшеліктерін (есте сақтау, ойлау, зейін, ерік), темперамент, қабілеттері, қызығушылықтары, ұмтылыстары, жалпы даму деңгейі, оқу және еңбек әрекеттерінің ерекшеліктері, жаса ерекшеліктері өзгерістерін ескеру, тәжірибе және мінез-құлық сипаты, ұжымнан тыс және ұжым ішіндегі қарым-қатынас ерекшелігі, өзін-өзі бағалау деңгейі, өзі және құрбылары туралы сын пікір, айналасындағылар және құрбыларының пікірлеріне қатынасы, даму тарихы және мектепке дейінгі кезеңнен бастап тәрбиеленуі, қиындықтың денсаулық жағдайы.
Жүргізілген көптеген тәрбие және білім беру жұмыстарын бақылау нәтижелері мектеп мұғалімдерінің "қиын балалар" категориясымен жұмыс жүргізуге дайын еместіктерін байқатты. Сонымен қатар, бала бойында агрессивтіліктің, қатыгездік, өтірік айту, адекватты емес реакциялардың пайда болуы сияқты мәселелер оларды ойландырады. Толықтырып айтатын болсақ, жеткіншектер не үшін жанар май, кір жууға арналған ұнтақ сияқты заттарды иіскеуге құмар, өзінен кішілерді ата-аналарынан ақша, құнды заттар ұрлауға жұмсау (алдын-ала психотропты заттарға бейімдеп, оларды сол қымбат заттарға алмасыру үшін). Өкінішке орай, осы және осыған ұқсас өткір мәселелерге жауап беру өте күрделі. Тәрбие жұмысымен айналасап жүрген көпшілік бұл мәселелерді оқушылардың жас ерекшелік негативизмі деп анықтады. Шын мәнісінде осылай ма?
Қиын бала тұлғасының генезисіне бағытталған бірқатар зерттеулер - олардың өмірбаянында, оладың дамуына кейіннен әлеуметтік мінез-құлқына тікелей немесе жанама ықпал ететін түрлі аномалиялардың болуын көрсетті.
Белгілі болғандай, денсаулық жағдайындағы түрлі ауытқулар және әлеуметтік жағдайлар ғана емес, сонымен катар тұқымқуалаушылық факторлары да балалар мінез-құлқынын бұзылуының негізі болып табылады. Ең алдымен бұлардың барлығы айқын маскүнемдік, невротикалық даму және олардын, тұлғасының дамуының психопатқа ұқсас жағдайлармен байланысты.
Медико-психологиялық зерттеулер бойынша, психикалық дамудың тежелуі әртүрлі факторлармен шарттасуы мүмкін. Ең алдымен тікелей әкесі немесе шешесінің тұқымқуалаушылық аурулары (психопатия, маскүнемдік), бала туылғанға дейінгі ата-аналарының психоневрологиялық және соматикалық аурулар, әкесі немесе шешесінің ұзақ уақыт бойы зиянды өндірістерде жұмыс істеу сипаты, жүктілік уақытында ана жағдайын психологиялық жарақаттаумен шарттасқан түрлі қиындақтар және т.б. Сонымен қатар, босану уақытындағы бас ми қызметіне әсер ететін ерте кезеңде дамуындағы ауытқулар (кеш отыру, жүру, тұру), сөздік дамудың тежелуі, дамудың ерте кезеңінде баланын ми инфекциясы және жарақаты, соматикалық және респираторлы аурулар тағы басқада қиындықтар болуы мүмкін.
Мұндай қиындықтарды басынан кешірген балаларда әрі қарайғы дамуын объективті түрде арнайы категорияға ерекшелеуге болады. He үшін? Өйткені олар бір жағынан жалпы білім беру мектептерінің оқыту бағдарламаларын өз құрбыларымен қатар игере алмайды. Дәл осы себептен олар оқу процесінде қиындықтарды сезінеді, соның салдарынан үлгерімі өте төмен болып, тұрақты үлгермеуші болып қалады. Екінші жағынан, оларды қосымша мектептерге жібермейді, өйткені ақыл-ойлары толық сақталған және ақыл-естері кем балалардан елеулі ерекшеленеді. Белгілі болғандай жалпы білім беру мектептерінде қалыпты балалар және ақыл-ойы кем балалар категорияларына енбейтін, яғни сапа жағынан ешқайсысына сәйкес келмейтін белгісіз жағдайға ие болады. Осы жерде мектеп педагогтары жиі жағдайларда бұл балардың нашар мінез-құлық және үлгермеуінің шынайы себептерін түсінуді қаламайды.
Осылайша, кез-келген мәселені қоюда қиын балалар белсенді педагогикалық ықпал өрісінен тыс қалып коя береді. Сонымен қатар, көпшілік педагогтардың бұл балаларды калай тәрбиелеп және оқытуды, оларға калай жол табу керектігін білмегендіктен, тұлға дамуында қайта қалпына келмейтін зиян келтіреді.
Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағадайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1986ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты – қиын балалардың өмірін нақтылау. П.П.Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға әлеуметтік педагогтің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша мінездеме берді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, ол әлеуметтік педагогтің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен әлеуметтік педагогқа жұмыс істеу өте қиын, әлеуметтік педагогтен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы» [5]. «Істі білдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөлді. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.
Баланың психикасы көп факторлы, әлеуметтік өмір жағдайына қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырды. Ғалымдардың бірқатары баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейімделудің қиындылығына себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-биологиялық факторларды анықтады.
Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, В.Г.Баженов, Р.А.Дебагян, А.Жұмабаев, Л.В.Лысенко, Г.А.Уманов). Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті [6, 7, 8, 9, 10]
В.В.Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы» анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қаруды, әлеуметтік педагогтің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз ұғым. Ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі [11]. Біраз зерттеулер (В.Н.Кудрявцев, И.Ф.Мягков және тағы басқа) «қиын балалардың» басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді [12].
«Қиын балалар», «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен тәриелену» ұғымы де кеңінен қолданылады. «Қиындықпен тәриелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал. Кейде бұл қайшылық табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екеніні айтуға болады. Ал мұндай да кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.
«Қиындықпен тәриелену» мәселесі Г.А.Фортунатовтың (1935ж) еңбектерінде зерттеген. Өзінің зерттеулерінде «қиын бала» ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Г.А.Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады [13].
Қиын балалардың пайда болуының себептері
оқуға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балалар
оларды қинайтын ішкі дау-жанжалдар
Сурет 2. Қиын балалардың пайда болуының себептері
«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетімін», - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып ғана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балаларда ішкі дау-жанжалдың ықпалынан сыртқы дүниеге, қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.
Л.С.Выготский «қиындықпен тәрбиеленумен» күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы» (1936ж.) еңбегінде ол былай жазады: «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы» нәтижеге жетуге болады. Л.С.Выготский жеке адам тәрбиесі психологиясының маңызды бір мәселесі – аффектілі-қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді [14].