Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 169
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Отбасындағы тәрбие жағдайы:
1. Отбасы туралы жалпы мағлұмат: отбасы құрамы, әлеуметтiк жағдайы, бiлiмi, тұрмысы, ара-қатынастары, дәрежесi, бiр-бiрiне әсерi, ықпалдары (жағымды, жағымсыз).
2. Отбасындағы қарым-қатынас ерекшелiктерi:
а) ата-ана мен отбасы мүшелерiнiң баламен қарым-қатынасы (жақсы көредi, еркелетедi, салқынқанды қатынас, әрбiр iсiн қадағалау, қадағаламау, селқос, дөрекi, ұрыс-керiс, жәбiрлеу, ұрлыққа үйрету тағы басқа).
б) қиын баланың ата-анасының жанұяның басқа мүшелерiне қатысы (бiрiн-бiрi сыйлау, сүйiспеншiлiк болу, көмектесу, әдептiлiк, енжарлық, немқұрайдылық, жек көру, жиркенiшпен қарау, сөйлеспеу тағы басқа).
в) отбасындағы үй жұмыстарына қатысуы (еңбек сүйгiштiк, өздiгiнен орындау, тұрмыс және өзiн көтеру еңбектерiне икемдiлiгi, икемсiздiгi, еңбекке неқұрайды қарау, жалқау, бастаған iстi аяқтамау тағы басқа).
3. Баланың өз үйiнде оқу жұмыстарын ұйымдастыру (үй тапсырмаларын орындауға жағдай жасалынған, жасалынбаған, үйде оқу жұмыстарын тиянақты орындауды қадағалау, салақтық жасайды, күн режимiн ұстайды, ұстамайды, ата-ана тарапынан көмектесу, бақылау, көмектеспейдi, қадағаламайды тағы басқа).
4. Отбасында баланың бос уақытын ұйымдастыру (бiрiгiп әдеби кiтаптар оқу, оқымау, кинотеатр, спектакльдерге бару, көңiл аудару, аудармау, уақытын қызғылықты өткiзу, қыдырымпаз, қаңғыбас тағы басқа)
5. Ата-ананың мектепке көмегi (баланың оқу үлгерiмi мен тәртiбi жайлы хабарласу, хабарласпау, оқу-тәрбие процесiне көмектесу, көмектеспеу тағы басқа)
6. Отбасының тәрбие берерлiк дәрежесi (ұжымдық рухта бiрiн-бiрi сыйлау, сый-құрмет көрсету, эгоистiк пиғылдар, жеке мүдделерiн жоғары ұстау, ұрыс-керiсте болу, тәрбиенi дұрыс құрмау тағы басқа).
Сынып ұжымының қиын балаға қатысы [44]:
1. Сынып туралы жалпы мiнездеме (ұжымшылдық негiзде, ұйымшыл, ұжым мүшелерiне талап қою көлемi, әрбiр баланы қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ, әрбiр оқушы өз мүддесiн ойлау, топ-топқа бөлiну, жiкшiлдiк).
2. Қиын баланың сыныптас құрбыларымен қарым-қатынасы (сыныптағы қоғамдық тапсырмаларды белсендiлiкпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлық, немқұрайдылық көрсету, ұжым мүддесiн жеке мүддесiнен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық достықты сезiну, сезiнбеу баланың құрбыларының арасында алатын орны, үстемдiк басшылыққа талпыну, өзiн-өзi жоғары санау немесе бағынышты болу, тұйықтық тағы басқа)
3. Педагогикалық ұжымның қиын баламен қарым-қатынасы (әрбiр оқушыны бiркелкi санау, таңдап сыйлау,
жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшелiктерiне ескермеу, ескеру, педагогтiк этикасын білу, дауыс көтеру, мәдениет дәрежесi төмен тағы басқа)
Қиын оқушының оқуға және еңбекке қатысы:
Оқуға ынта-ықылас мен қызығушылық көлемi (оқуға ынталы, ынтасы жоқ, оқу пәндерiн, таңдау, сыныптан тыс және үйiрме жұмыстарына қатысады, қатыспайды, оқығысы келмейдi тағы басқа)
2. Бiлiм жүйесiндегi кемшiлiктер (оқу материалдарының түйiндi мәселелерiн саралай алмау, ойлау операцияларын талдау, бiрiктiру, салыстыру, есiнде сақтау, орын-орнымен қолданбау, оқуға ынталы емес, жалқау және қиын оқушының қай пәндердi үлгермейтiндiгiн айқындау тағы басқа)
3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысты:
а) еңбектiң қандай түрi болмасын соған қатысты (еңбексүйгiш, белсендi, өздiгiнен орындау, орындаушы, қадағалауға дағдыланған, жалқау, бастаған iстi аяқтамау, енжар тағы басқа)
ә) еңбектiң қандай түрiне икемдi (оқу-өндiрiстерiне, тұрмыстық шаруашылыққа, өзiн-өзi күту еңбегiне, оқу шеберханасындағы еңбекке тағы басқа).
б) қоғамдық еңбек пен жеке адамның жұмысына (сый-құрмет көрсету, немқұрайды қарау) көзқарасы;
в) еңбек әдет-дағдыларын, икемдiлiктерiн, бейiмдiлiктерiн өздiгiнен қалыптастыру, оған селқостық, енжарлық жасау.
Қиын баланың айналасындағы адамдармен және жеке өзiне қарым-қатынасы [45].
1. Оқушының қарым-қатынасындағы мiнез ерекшелiгi:
а) қоғамдық ортада, өндiрiстiк ұжымда, жора-жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы (елiмiздегi жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және жақтайды, үлкен-кiшiнi сыйлайды, сыйламайды, өзiн-өзi ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық тағы басқа).
ә) қатар құрбылары мен мектеп оқушылармен қарым-қатынасы (өзiн бiркелкi ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылығын сезiну, күш көрсету, жәбiрлеу, зорлықты сезiну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұялшақ тағы басқа).
2. Жеке өз басына қатысты:
а) жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзiне сенiмдi, сенiмсiз, төмен санау тағы басқа;
ә) дене күшiне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтау, жалынышты болу тағы басқа;
б) үлкендерге ұқсауда өз пiкiрi болуы, бағынышты болмауы, өздiгiнен орындауға талпыну, ешкiмге қажет емеспiн деп сезiну.
3. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тiлегi:
а) шығарамшылық, ұйымдастырушылық iстер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнерiне бейiмдiлiгi және спорт ойындарына икемдiлiгi бар немесе жоқ.
ә) үйiрме және секция жүмыстарына қатысады, қатыспайды;
б) көркем әдебиет, газет-журналдарды оқиды (оқымайды), спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көредi, көрмейдi;
в) қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзақылыққа, арақ-шарап iшуге, темекi наша тартуға құмар, құмар емес.
4. Жеке басының мiнез-құлқын жөндеуге, өзiн-өзi тәрбиелеуге талаптануы:
а) түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;
ә) мiнезiн түзеуге сенiмдi, сенiмсiз;
б) мiнез-құлқын жөндеудi ойластырмау, болашағына көзi жетпеу, көзбояушылық жасау.
5. Қиын баланың жалпы адамгершiлiк қасиетiне мiнездеме (ұжымшыл, бiр мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық, екi жүздi, қатыгез, қиқар, қырсық, дөрекi тағы басқа).
Педагогикалық шешім:
1. Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда қандай жағымсыз әдет-дағдылар баланың мінез-құлқына, жүріс тұрысына әсер ететіндігін анықтау.
2. Қиын баланың бағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың бағдарламасын жоспарлау.
3. Қиын баланың дербес ерекшелігін ескеріп, оның адамгершілікті сыр-сипатын, оқу-тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқарудаа жеке басын сыйлау, оның дамуына объективті жағдайлар туғызу.
Сөйтіп, бағдарламаның құрылысына жүгінсек, қиын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талдауда, олардың айналасын қоршаған адамдармен және жеке өзіне деген қарым-қатынастар жүйесіне, оқуға, еңбекке ынта-ықыластарын, қызығушылық және сүйіспеншілік күйлеріне көңіл аударып отыру қажет.
Сонымен, көп жылғы зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын балалардың 96 пайызына тән қаисет - өтірік айту.
Өтірік айту тек олардың арына тиетін жағдайларда, яғни күшпен әсер етуде ғана емес, ешқашан да сырттай қысым жасалмай-ақ өтірік-фантазия құрып айтуға икем болады.
Қиын балалардың типтік өзгешеліктері – эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік, дөрекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмендік қылықтарымен сипатталады. Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер: қиқарлық, қыңырлық, менмендік, өзімшілдік.
Көп ретте, жанұядағы келіспеушілік, оған қоса мектеп жағдайларында жеткіншектердің жеке басын сыйласпаушылық, әлеуметтік педагогтар мен қиын балалардың арасында туындайтын дау-жанжал, ұрыс-керіс жинақтала келе баланың үйінен кетуіне, мектепке бармай қалуына қаңғыбастыққа душар етеді, Осы типтес қиын балалардың көбі тек қыдырып қана қоймай, көршілес ауылға, облысқа, одақтас республикаға да қашып кете береді. Ал қаңғыбастық, қыдырымпаздылық бірден-бір ұрлық, тонау, жәбірлеу, қорқытып зат нәрселерін тартып алу тағы басқа әрекеттерге жүгіндіреді. Бұлардың өздерінен жасы үлкен «көше» жолдастары жоғарыдағы қылықтарға үйретсе, қалғандарын темекі тартуға, әртүрлі заттар, тәтті тамақ сатып алуға мәжбүр еткен.
Тағы да айтарымыз, қиын балаларға тән ерекшелік, олардың шамамен 90 пайызға жуығы мектептегі оқу бағдарламаларын үлгермеушілер [46].
Бұлардың көпшілігінің ақыл-естері бар, денелері сау, оқуға қабілетті. Бірақ араларында кездесіп қалатын бірлі-жарым балалардың ақыл-есінде көзге көріне қоймайтын ақаулары бар, сол себептен, олар үлгермеушілер қатарында қалып қояды. Негізінде, мұнадай үлгермеушілік мектепке байланысты. Өйткені, мектепте көптеген қиын балалардың дара және топтық ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әлеуметттік педагогтар ескере бермейді. Мысалы, олардың оқу материалдарының негізгі түйінін іріктей білмеу, оны бұрынғы білімдерімен байланыстырмау, дәлірек айтқанда, ойлау операцияларын орны-орнымен қолдана алмаудан, кейбіреулері механикалық түрде жаттап алуға жүгінеді. Қиын балалардың оқу материалдарын танып-білуде оқу ықыластарының жоқтылығынан пән үйірмелері мен факультеттеріне қатыспайды.
Сонымен, қиын баламен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшеліктер жан-жақты білу қажет.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізуде көңіл аударарлық әдіс – олардың бейім-қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және орынды педагогикалық талаптар қою, көптеген қиын балалардың мінез-құлықтар стереотипін өзгертіп адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде олардың ұнамдық писхикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыруға болар еді [47].
А.С.Макаренконың бай тәжірибесін басшылыққа алып, әрбір баланың бейім-қабілетін, мінез-құлықына сай оңды және шығармашылық қызметтерін ұйымдастырып отыру керек.
Дәлел ретінде, қиын балаларға жеке тапсырмалар тәсілін қолданғанда, оны алдын-ала жоспарламай, еріксіз сипатта жүргізіледі. Бұл тәсіл қиын баланың дөрекі қылықтарынан кейін артын суытпай педагогикалық талаптарды қоя білу әдістерін әңгімелесу әдісімен байланыстырып жүргізіп, қайта тәрбиелеу жұмысын өткізу өзгешеліктерге назар аударайық.
Сәкен 7 сынып оқиды, 13 жаста, оның жолына, бағыт-бағдарына, іс-әрекеттеріне талдау жасаймыз.
1. Сәкен жайлы жалпы мінездеме алу.
2. Сәкеннің отбасындағы қарым-қатынасын, тәрбиесін жағдай мүмкіндігін білу.
3. Сынып ұжымы мен Сәкен арасындағы байланысты және оқуға, қоғамдық пайдалы еңбекке, қоғамдық тапсырмаларға қатысын байқау.
4. Сәкеннің мінез-құлқындағы ерекшеліктері мен ынта-ықыласына анықтама жасау.
Педагогикалық бағдардың нәтижесі:
а) Сәкен ашуланшақ, көңіл-күйі құбылмалы, тұрақсыз, педагогикалық талаптарды мойындаймайды. Сынып ұжымы мүшелеріне жек көрінішті болғанымен, дене күшінің басымдылығын қарай оны жалған сыйлайды;
ә) екінші бір ерекшелік, Сәкен мадақтау мен сенім артуды ұнатпайды, спорт ойындарына еліктейді;
б) жағымсыз мінез-құлқының қалыптасуына «көше» балаларының ықпалы әсер еткен. Баланың мінезінде қаталды, менмендік, күш көресту сияқты ұсқынсыз сипаттар қалыптасқан. Осының негізінде, бала мен шешенің арасында келіспеушілік туған. Баланы сабау, жәбірлеу, үлкенге деген сенімді төмендетіп, мұғалімдердің талап-тілектеріне қарсы қиқарлық, тіл алмау, дөрекілік жасауға себепші болған [48].
Енді Сәкенге берілген мінездемеге сүйеніп, эксиперемент ретінде қайта тәрбиелеу жұмысының мақсат-міндетін белгіледік:
- алғашқы міндет – баланың сынып ұжымы мен әлеуметтік педагогтерінің арасында оңды қарым-қатынастар жасау;
- екінші міндет – қиын баланың алдына айқын талаптар қойып, сол талаптар көлемінде қоғамдық пікірлер туғызу және оны тәртіпке шақыру;
- келесі міндет – баланы қоғамдық жұмыстарға араластырып, жалпы бағыт-бағдарын еңбекке, оқуға дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
- ең соңында – айтылып отырған міндеттерді іс жүзіне асыру барысында баланың менменшіл, дөрекілік, қаталдық, қатыгездік қылықтарын жою және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау.
Бұл міндетттерді іс жүзіне асыруда кейбір методикалық жүйені байқауға болады.
Біріншіден, әдіс-тәсілдердің тууына бала тұрмысының жай-жапсарын, мінез-құлқының кейбір ерекшелігімен мүмкіндігін бағдарлап тану себепші болса, екіншіден, қиын баланың ұжыммен қарым-қатынасындағы елеулі жақтарын және мінез-құлқындағы басты ерекшеліктерін туғызатын себептерін тануға негіз болады. Себепті білу, баламен жеке тәрбие жұмысының дәлелді мақсатын белгілуді міндеттейді. Алдағы тұрған мақсатты білу, Сәкенмен әртүрлі жеке тәрбие жұмысының жолдарын көрсетсе, ең алдымен, тәрбие жолын білу – сыны жетекшісінің белсенді түрде тәрбиенің айқын тәсілдерімен баланың ішкі дүниесіне өзгерістер енгізіп, ның өз сынып ұжымымен дұрыс қарым-қатынастар жүйесін қалыптастырып, соның негізінде баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне қиындықтар болғаны белгілі [49].
Кесте 5.