Файл: Мазмны кіріспе "иын бала" тсінігіні аныталуы жне бала дамуыны.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 173
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Нәтижесінде
-
өзара түсінік пайда болды; -
сабақтан қалмайды; -
мінез-құлқында оңалу байқалады; -
бақылауға көне бастады; -
ақыл-кеңестерді тыңдайтын дәрежеге жетеді; -
ұжымнан бөлінбейтін болды; -
жеке басының жақсы сапалары ашылды; -
жүйке сауыға бастады; -
өзіне деген сенімділік пайда болып, оң қадам басты; -
9-сыныпты бітіргін соң арнайы кәсіптік колледжге оқуға түсті.
Отбасындағы мектептегі тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктер жинақтала келе, қоғамдық тәрбиедегі қателіктермен байланысып қиын балалардың тәртібін одан әрі шиеленістіре береді.
Сурет 14. Психологиялыққызметтің мақсаты
Елімізде әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда әкімшілік тәсілдердің орын алуы, қоғамымыздың тұйыққа тірелген кезеңдерінде өндірістік орындар мен мекемелердің кейбір қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшылары өз отбасындағы балаларын тәрбиелеуге көңілдерін аз аударып келеді. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер істері жөніндегі комиссия мен милиция органдарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяларды дер кезінде айқындап тәртіпке шақырмаушылық бар, оларды дер кезінде қадағалап отыру да нақтылы жолға қойылмаған. Сонымен бірге «тәжірибелі» заң нормасын бұзушы үлкендердің өз ісіне толық жауап бере алмайтын жеткіншектердің ұрлық, тонау, озбырлық жасау сияқты әрекеттерге үйретулеріне дер кезінде тосқауылдардың болмауында. Міне, тәрбие жұмыстарындағы осындай формализм, немқұрайдылық, жауапсыздық тағы басқасы қиын балалардың тәрбиесіне кері әсер тигізуде.
Тәрбиедегі қиындықты туғызатын тағы бір жәйт – кездейсоқ балалардың, топтардың жекелеген балаға тигізетін теріс ықпалы әлеуметтік педагогтың назарынан тыс болмауы қажет. Өйткені, жеткіншек жастағы балада өз қатарларындағы құрбыларымен достық, жолдастық қарым-қатынаста болу мұқтаждығы сияқты ерекшелік болады [41].
Көптеген зерттеулердің дәлелдегеніндей, балалардың мектептен тыс кездерінде тиянақты түрде араласып, сырласып, тұратын компаниялары, серіктері баршылық. Бұл серіктес достардың ұстаған бағыты дұрыс болса жақсы, ал оған керісінше болса, уақыттарын қалай болса солай келеңсіз өткізіп, бір істен екінші іске ауысып, бұзықтық жасауға қолайлы жағдайлар туады. Қайта тәриелеу процесін ұйымдастырғанда, баланың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін әлеуметтік педагогтар білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасамасын, олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс, баланың ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті болып саналады.
Мектеп психологтарымен бірге балалармен бірнеше зерттеу әдістерін жүргіздік. Олар:
- 1 2 3 4 5 6 7 8
«Маңдайүсті».
Жүргізуші қатысушыларға «Маңдайүсті» ойынын ұсынады. Алдын ала жазылған сөздер дайындалады: менің көңілімді көтнрші, қорқынышты оқиға айтып берші, өзіңнің күлкізді сыйла, мені таңдандыр, коплимент айт, т.б. Бұл сөздер беті жапсырылатын арнайы қағазға жазылады. Оны маңдайына жапсырып қояды. Серіктестерімен қатынас жасауына, олардың маңдайында жазылған сөйлем түсінікті болуы қажет. Олар бір-біріне вербальды емес әдіс (жест, мимика) арқылы сұрақ қоюға болады. Сөзді айтуға, әріпті суреттеуге болмайды. Сөйлемді дұрыс түсінген қатысушы маңдайындағы қағазын шешеді, сосын басқаларға көмектесуге болады. Жаттығудың соңында пікір алмасу – қандай кедергілерді сездіңіз? Өзіңіздің серіктесіңізге сөйлемді көңіл-күйіңіз арқылы жеткізе білдіңіз бе? Несі ұнады? Несі ұнамады?
-
Үй тапсырмасын орындау:
Әр қатысушы үйде дайындап келгенін ортаға шығып оқиды. Ал топ осы кезге дейін өздері байқаған, оның бойындағы жағымды қасиеттерін кезекпен (әрқайсысы біреуден) айтып демейді.
-
«Паравоз».
Көңілді әуен ойнап тұрады. Қатысушылар бірінің артынан бірі йықтарынан мықтап ұстап тұрады. Бірінші адам «паравоз» - ал қалғандары «вагондар». Қимылдағанда вагондардың көздері жұмылған күйде болады. Паравоз вагондардың ешжерге ұрылмай, соғылмай жасқсы серуендегенін қадағалайды. Әр қатысушы «паравоздың» да, «вагонның» да рөлінде болуы қажет.
Ойын соңында пікір алмасу:
- Қандай рөлде болған ұнады және неге? Қандай «паравоз» басқаларға қарағанда қамқор, сақ болып көрінді.
4. «Біз сені сүйеміз».
Бүкіл қатысушылар дөңгелене тұрады. Әр ойыншы кезекпенен ортаға шығады, барлығы бірге оның атын үш мәрте қайталап айтады, сосын барлығы «Біз сені сүйеміз» деп қатты дауыстайды.
Мақсаты: 1. Топта біртұтас атмосфера түзу, денені босаңсыту;
2. «Мен» тұжырымын нақтылау;
3. Серігіне қуаныш сыйлау;
4. Топты жақындастыру, агрессиядан жеңілдеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті бояу, қаламдар, фломастер.
1 жайма қағаз және бірнеше А4 қағаздар, үнтаспа, кассета.
5. «Қоңырау».
Қатысушылар дөңгелене тұрып, оң және сол қолдарын кезекпенен жоғары көтереді. Шеңбердің ортасына қарай қолдарын қоңырауға ұқсатып, түйістіреді. Ырғақты қатты дауыспен «Бом!» деп айтып, қолдарын бірден күшін салып, төмен тастайды. Тыныс алғанда қолдарын көтереді, тыныс шығарғанда «Бом» деп төмен тастайды. Жаттығу бірнеше рет қайталанылады.
6. «Көңіл бөлу».
Біз бәріміз бір-бірімізге ұнағанды, жылы достық қарым-қатынасты ұнатамыз. «өзіңе қандай қатынас жасағанды ұнатар едің, өзгеге соны жаса» -деген мақалды еске түсірейік. Өзгеге жақсылық жасап, бірге қуана біл. Кейбір адамдар сыйлық беріп, алғаннан рахат алады. Тамаша сыйлық, өзге адамға зейін салып, көңіл бөлу.Өзіңізді қоршаған адамға көңіліңізді бөле біліңіз, сонда сізді, сіздің достарыңыз, жолдастарыңыз туыстарыңыз да ұмытпайды.
7. «Сыйлық -сурет».
Әр қатысушы өзі қалаған қандай да бір суретті салады. Соңында әрқайсысы өз сыйлығын бір-біріне тарту етеді.
Барлығы сыйлық алуы қажет.
8. «Ұжымдық сурет».
Бүкіл топ бірге, үлкен қағазға бір сурет салады. Мысалы: «Өмірде жоқ жануар».
Нәтижені талдау:
Сұрақтар:
- Сіздердің өзара қарым-қатынастарыңыз өзгерді ме?
- Өз әрекеттеріңізде қандай өзгешеліктер байқадыңыз?
- Мұндай жұмыстың қай жері қажетті, тиімді болып көрінеді?
- Тренинг барысында өздеріңізге нені алдыңыздар?
Бұдан да басқа ойын, тренинг, әңгімелесу әдістерін жүргіздім. Психокоррекциялық зерттеулерден кейін, қорытындылай келе төмендегі диаграмма бойынша көрсеттім.
Кестеде берілген психокоррекциялық жұмыстар жүргізілгеннен соң қайта “Жеткіншектердің агрессиясын анықтау” (Басс-Дарки. Балалаларға арналған 40 сұрақтық түрі) әдістемесін жүргізгенде нәтижесі төмендегідей болды (балл бойынша көрсетілген):
1. Физикалық агрессия: 2,3 балл
2. Жанама агрессия: 1,5 балл
3. Тітіркенушілік: 3,3 балл
4. Негативизм: 3,6 балл
5. Өкпелегіштік: 1,6 балл
6. Күдіктенушілік: 1,5 балл
7. Вербальды агрессия: 3,5 балл
8. Кінәні сезіну: 4 балл
Психокоррекциялық жұмыстан бұрынғы нәтиже мен жұмыстан кейінгі нәтижені салыстырып, айырмашылығын анықтайтын болсақ:
1. Физикалық агрессия: 0,9 балл
2. Жанама агрессия: 0,1 балл
3. Тітіркенушілік: 0,5 балл
4. Негативизм: 0 балл
5. Өкпелегіштік: 0,4 балл
6. Күдіктенушілік: 0 балл
7. Вербальды агрессия: 0,3 балл
8. Кінәні сезіну: 0,2 балға төмендеген.
Диаграмма 3.
Салыстырмалы түрде сурет бойынша келесі диаграммаларда берілген.
Диаграмма 4.
Диаграмма 5.
Диаграмма 6.
Диаграмма 7.
Диаграмма 8.
Диаграмма 9.
Диаграмма 10.
Диаграмма 11.
Кеңес психологы С.Л.Рубинштейннің «детерминизмді түсіну заңына талдау беріп, сыртқы себептер ішкі жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі» - деуі ден қоярлық [42]. Өйткені, жеке адамның ішкі жағдайы сыртқы әсерлерге таңдамалы түрде қарайтындығымен айқындамақ. Сондықтан, қайта тәрбиелеу процесінің нәтижелілігі педагогикалық ықпалдардың жеке адамның ішкі жағдайларына байланысты жоспарлы, мақсатты түрде ұйымдастырылуы арқылы шешілмек.
Ол үшін, қиын балалардың дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселе төңірегінде белгілі кеңес психологы К.К.Платоновтың көзқарасына жүгінсек, «жеке адамның психологиялық құрылысы төрт бірліктен тұрады екен. Олардың біріншісі – жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері (физиологиялық ерекшеліктері); екіншісі – адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түсіну, эмоция, қабылдау және ойлау тағы басқа қабілеттер (биологиялық ерекшеліктері) болмақ. Үшінішісі – баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі, ал, төртінші – жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі мен тұрмақ». әсіресе, соңғы екі проблема бір-бірімен байланыс етсе, жасөспірмдердің әлеуметтік бағыт-бағдарлары, көзқарастары, бейім-қабілеттері қалыптасады екен [43].
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері.
1. Фамилия, есімі, жасы, оқитын сыныбы, мекен-жайы.
2. Денсаулық күйі:
а) дене пішіні, бет әлпеті, күш-қуаты, организмнің жалпы дамуы – жасына сай ма, сай емес пе?;
ә) психикалық дамуы – жасына сай, сай емес;
б) жалпы дамуындағы ауытқушылық ( туа, туғаннан кейін), психологиялық зақымдану (тұрмыстық жағдай, ұрыс-талас, дау-жанжал, миы шайқалуы, шыжындық, қорқақтық,томаға тұйықтық, жасқаншақтық, ызақорлық, жылаңқылық).