Файл: аза тілінен эссе жазуды рылымы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 242

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Менің қиялымдағы Қазақстан – 2050

Жоспар:

І Кіріспе

Елбасы Жолдауы- болашақтың жарқын жоспары

ІІ Негізгі бөлім

1. Көз алдымда бақытты елім

2. Білімді ұрпағы мерейін тасытқан

ІІІ Қорытынды

«Гүлің болып егілемін, елім »
Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранындағы әр сөз ерекше қуат сыйлайтындай. Әсіресе, ешкімге бағынбайтын уақыт деген асаудың өзін мәңгілік досындай қарсы алу кез келген халықтың қолынан келе бермес. Сондықтан да мен қазақ болып туғанымды мақтаныш етемін. Көреген Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын оқып шыққан соң, нақты мерзімге жасалған әлемдік қауымдастық бағдарынан мәлімет алдым. Шынында да, жаһандық дағдарыстар мен әлемдегі өзгерістерден үрейленбеуге негіз бар екен. Себебі оларға дайынбыз. Енді орнықты дамуды жалғастыру үшін 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың, жалпыға ортақ еңбек негізінде берекелі қоғам құру керектігін түсіндім. Алдымызда тұрған 37 жылда атқарылар қыруар міндеттер толығымен орындалса, менің қиялымдағы Қазақстан да әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болады. Сонда әрбір қазақстандық «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алатын болады. Еліміз әлемдік азық- түлік нарығының көшбасшысы болады. Менің көз алдыма қазір-ақ отар-отар қойын, үйір-үйір жылқысын, табын-табын сиырын жаңа технологиямен бағып отырған және қазақылығымен ерекшеленіп отырған көркем де тым заманауи ауқатты еңбек иелері елестейді. Олардың балалары ауылдық жерде отырып –ақ үш тілде еркін сөйлеп, «Болашақ» бағдарламасымен ең таңдаулы оқу орындарына түсе аларлықтай білімді. Қалалар сәулетімен ғана тамсандырмай, дәулеттілері мен қайырымдылары әр адамның жанына үңіліп, рухани байлықты бәрінен де жоғары қоятын тұрғындарымен дүние жүзін таңғалдырады. Менің қиялымдағы Қазақ Мемлекеті - халқының саны ғана емес, сапасы да түрлі халықаралық стандарттардан асып түсетін сауаттылығы жоғары ел. Оның әрбір ұлы мен қызы үлкенді сыйлай білетін және ата-ананы қастерлей алатын, өзінің салты мен дәстүрін берік ұстанады. Әсіресе, қазақ тілінде сөйлейтіндер саны артып, осы бір бейнелі де көркем тілдің халықаралық дәрежеде қолданысқа ие болғанын да елестетемін. Мұхтар Шахановтың «Қайыршысы жоқ ел- ең мықты ел» деген сөздерінде айтылғандай, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен күнкөрісі ешбір елмен теңестіруге келместей артатынына да сенемін. «Махамбеттің монологі» арқылы білетініміздей, батыр ақынның «Мен сенемін күні ертең пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем» деген арманы да келешекке үлкен міндет артып тұр. Біздің қазіргі арманымыз да қоғамымыздағы жемқорлық, сыбайластық, рушылдық сияқты пенделік әдеттерден әбден тазаруымыз болып отыр. Ендеше, менің елімнің де сондай қара қылды қақ жарар билері мен шешендерінің қайта туылып, тарих сахнасына шығарына сенімім мол. Қазақ топырағында туылған кез келген сәби мемлекет қамқорлығына алынып, осы менің қиялымды шынайы өмірінде көре аларына күмәнім жоқ. Елбасымыз жаңа буынға үлкен сенім артып отыр. Әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер, Назарбаев университеті – соның нақты айғағы. Келешекте Астана Экономикалық форумында қабылданған G-Global диалогі арқылы бақытты сәбилеріміздің жарқын күлкілері, жастарымыздың оқу, өнер, спорттағы жетістіктері бүкіл әлемді тамсандыратынына үмітім мол. Себебі аталған жолдау бізге ғана емес, кейінгі толқынға да бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейтінін сеземін. Сол сияқты қыздар тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігі айтылған. Шынында да, бұл да – қазіргі күндегі өзекті мәселе. Өзім де қыз бала ретінде келешекте халқымның асыл мұрасын ұрпағыма беруім керек екенін толық түсінемін. Болашақ ана, болашақ жар, шаңырақтың шырақшыларына елбасымыз артып отырған ауыр әрі абыройлы атқа лайықты болуды әрбіріміз армандауымыз қажет. Сонда ғана өзімізді өз жеріміздің қожайыны сезіне отырып, сырт елден гөрі өз елімізде өмір сүруді артық санайтын нағыз отансүйгіштерді тәрбиелей аламыз. Менің қиялымдағы Қазақстан да елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналып, қай кезеңді де қайқая қарсы алатын жан -жақты дамыған азаматтары мен берекелі әрі мерекелі елі бар, халқы әділ де қауіпсіз әлем орнатуға бар күшін аямайтын, нағыз отансүйгіштер тұратын ұлы мемлекетке айналады. Менің қиялым ғана емес, елбасымыз нұсқаған даңғыл жол да бізді сондай жарық әрі шаттыққа толы болашаққа бастап бара жатыр. Осы сенім маған күн сайын жігер сыйлап, әнұранымыз шырқалып, көк туымыз көкке көтерілген әрбір сәтте:


Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін!

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің, Қазақстаным!-

деп бар даусыммен әлемге жар салғым келеді.
Немқұрайлылық-нашақорлықтың жақтасы

Жоспар:

І Кіріспе

Нашақорлықпен күрес күні

ІІ Негізгі бөлім

1.Адамға берілер ең ауыр жаза

2. Нашақорлылыққа немқұрайлылық жоқ

ІІІ Қорытынды

Зардабын тартпай, алдын алайық!
Есірткіге басталса егер әуестік

Ертеңінде қояр оған әуес қылып

Үшінші күні құмарлығың артады.

Келер күнде магниттей тартады.

Бұл сөзімді кімдер қалай ұғады?

Деме қайдан нашақорлық шығады.

26 маусым -халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Нашақорлық біз сөзбен айтып жеткізілмейтін, өзін-өзі өлімге итермелейтін қорқынышты дерт. Нашақорлық-адамға берілетін ең ауыр жаза. Қазіргі кезде есірткі жер бетін әбден жайлап алуда. Балалардың есірткіге әуес болуы тым еркелетіп жібергеннен де болады.

Балалар еліктегіш болып келеді.Сол себепті оларды қатаң қадағалап отыру қажет.Нашақорлық - өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі.

Жастар арасында нашақорлық мәселесі жан түршігерлік қиын жағдайлар туғызуда. Негізі есірткіге 18-29 жас аралығындағы жастар тәуелді болады.

Есірткінің салдарынан Вич инфекциясы ауруы пайда болады.Сол есірткінің салдарынан қазіргі кезде қылмыстар көбейіп, Вич инфекциясына шалдыққандар саны өсуде.Есірткіні бір рет қабылдау жазылмайтын зардаптар алып келуі мүмкін. Есірткіні қолданатындардың сырт келбеті де өзгереді.

Менің ойымша, халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі керек деп ойлаймын.Сонда халық есірткінің адам өміріне зиян екенін біліп, нашақорлыққа шалдыққан адамдар саны азаюы мүмкін.

Нашақорлыққа немқұрайлы қарамау керек. Нашақорлық-адамның тәуелділігі.Дүние жүзін жайлаған осы нашақорлық дерті күннен-күнге өсуде. Егер де нашақорлық саны осылай өсе беретін болса, келер ұрпаққа қандай өнеге қалдырамыз?!

Қазір көп аға-апаларымыз осы есірткіні табыс көзі ретінде де пайдаланады екен. Онымен күресуді мүмкін осы көлеңкелі бизнеске тосқауыл қоюдан бастағанымыз дұрыс шығар. Өйткені осы дерт көп адамның өмірін құртуда. Осыған байланысты Президент өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында есіртіні жеткізіп таратқаны үшін қатаң жазаланатыны жайлы айтқан. Сол себепті нашақорлыққа немқұрайлы қарамай, алдын алу керек.

Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Зерттеулерге қарар болсақ, олар мыналар:



-Ата-ананың баласына көңіл бөлмеуі, қадағаламауы;

-Әкесі мен анасының жиі жанжалдасуы;

-Отбасында түсініспеушіліктің орын алуы.

Осыдан кейін бала өзінен де, өмірден де түңіліп, жаман жолға салынып кетуі мүмкін. Сол себепті ата-ана да, туған-туыстары да балаға қарап, оның әр сәтін қадағалап тұруы керек.

Осындай жайттар орын алмауы үшін есірткімен күресуге арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастыру керек. Есірткіні қабылдамас бұрын әрбір жас алдын ала осы туралы ойланса, бұл дерттен жазылуға болады. Ағайын, достар, замандастар, есірткінің өзіңе де, қоғамға да зиян келтіретінін білейік, зардабы мол болатынын ойланайық! Нашақорлықтың алдын алайық! Немқұрайлы болмайық, келер ұрпаққа жақсы үлгі-өнегелер қалдыруға тырысайық!
Сөз сиқыры

Жоспар:

І Кіріспе

Туған тіліме деген махаббат

ІІ Негізгі бөлім

1. Бейімдіні байқаған ұстаз бақытты

2. Сөзбен шабыт сыйлар мамандық

ІІІ Қорытынды

Жан сәулесі –көркем сөз

Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер,

өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі,

дүниетанымы, мінез- құлқы, өзіндік

болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр.

Н.Ә.Назарбаев

Түркі дүниесінің данышпаны Қорқыт бабаның атымен аталатын институттың филология факультетін «Қызыл дипломмен» бітіргенім, сол оқу орнында қалдырылып, қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет еткенім, шырайлы Шымкент қаласында ашылған облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында өткізген 11 жылым, Астанадағы Заң университетінде және қала мектептерінде қазақ тілінің қыр-сырын үйрету үшін үлкенді-кішілі атқарған қызметтерім- осының бәрі туған халқымның тіл-әдебиетіне деген махаббат пен ерекше ықыласымды оята білген ұстаздарымның арқасы деп білемін. Жыр елі- Сыр елінің сарқынындай бойымдағы қабілет пен бейімділіктің бәрі де М.Мәметова атындағы педучилище қабырғасына 15 жасымда келгеннен соң, ақын ұстаздарым: С.Желдербаева, Р.Наурызбаевалардан бастау алды деп ойлаймын. Қызылорда пединститутының профессорлары, марқұм Ә.Байжолов пен М.Бимағанбетов деген ғалымдардың атын да ерекше атағым келеді. Жалпы, менің туған жерге деген сағынышым осындай игі жақсылардың атымен байланысты болатынын да айрықша мақтанышпен айта аламын. Ол есімдердің әрбірі - бір-бір көркем туындыға арқау бола алатын мен үшін ұлы тұлғалар.


Мұғалімдермен өткізетін кез келген бас қосу адамды біраз желпіндіріп, педагогикалық шеберлікті шыңдай түсуге ықпал етеді емес пе?! Мәселен, мен шәкірттерімнің не әріптестерімнің жанарынан алғыс сезімі мен ризалық ұшқынын аңғара алсам, өзімді дүниедегі ең бақытты жанмын деп есептеймін. Бірақ қазір өзімді солай бақытты сезінген сәттерімнің санын нақты білмеймін және сөзбен айтып та бере алмаймын. Дегенмен, жаратушыма алғыс айтып, ұстаздық қызметімнің жемісін көру дегеннің сол сәттерден тұратынын сеземін. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Ендеше, бірде оқушы бойынан сөз өнеріне деген осындай қабілеттілікті танып, оны тілші, журналист, әдебиетші болуға жетелеген болармын. Сөз зергері Ғ.Мүсірепов «Талантқа қанат болар сезім емес, сенім болу керек»- дегендей, енді бірде оқушының талантына қанат бітіріп, сенім білдірген шығармын. Әйтеуір, бала жанын мұңайғанда сөзбен жұбата, ал қуанғанда сөзбен шабыттандыра білер мамандық тізгінін ұстағанымның есепсіз пайдасын іштей сеземін. Бұндай көзге көрінбейтін жұмыстар арқылы көзге көрінбейтін, бірақ бала тағдырына айрықша өзгеріс ендіретін игі жақсы істер атқарылып жататынын сеніммен айта аламын. Себебі

«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз»-деген О.Сүлейменов.

Оқушыдан байқап жүрген сөз әлемінің сыр-сипаты осы болса, жалпы сөз сиқыры менің өзіме де қатты әсер ететінін аңғарғаным бар. Бірде кезекті шеберлік сабағымнан алған әсерлерін «Шығу парағына» жазып берулерін өтінгенімде, бір жас маманның табан астында өлеңмен жауап қайтарғаны:

Сұрақ: Нені білгің келеді?

Жауап:

Өлең дейтін өр мұхитқа қосылайын бұлақ боп,

Алда талай армандар бар, мақсаттар бар, мұрат көп.

Дәл осындай жақсы сабақ енді қашан болмақшы?

Бізде басқа сұрақ жоқ.

Пікір-ұсынысың:

Ақындардың жүрген жері болушы еді жиын-той,

Табан асты өлеңменен айта алам ба түйінді ой?!

Осы қызық сабақты мен қимай кетіп барамын,

Бәрінен де, құрып кеткір, қоштасулар қиын ғой!

Шынымды айтсам, осыдан артық марапат болады деп ойламаймын. Жап-жас маманның шабытын оятқан менің 1-2 сағаттық семинарым және ақын жанды жүрегінен ұшып шыққан шынайы шумақтар маған әлі күнге биікке ұмтылғанда сенім сыйлап, жетістікке жетелеуде қанат байлап келе жатқандай. «Көркем сөз – жанның сәулесі»- деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,

сөз өнерінің құдіреттілігі мен адам жанына сәуле сыйлар қасиеті, міне, осы шығар. Ахмет Байтұрсынов айтқан «оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал- көркем әдебиетті» тиісті деңгейде оқыту -мен үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды міндет. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар».(Т.Фуллер) Қазіргі заман жастарының осы сиқырлы сөз өнерін ажырамас серігі және өмір сүру шартының маңызды бөлігі етулері үшін еңбек етіп жүргенімді мақтаныш етемін. Келешекте олар да «ақындарын әкімдерден артық сыйлар кез келетініне» сеніп, сөз өнерінің
сансыз жанашырлары, қорғаушылары, мақтаныштары, зерттеушілеір мен жарық жұлдыздары көптеп пайда болатынына сенемін!

Күз мезгілі

Табиғаттың маған ұнайтын мезгілі -күз.Күз суреті ерекше қайталанбас бояуларға толы.Жиі жауған жауынға да,суық ауа райына да қарамастан, күзді қатты ұнатамын.Ағаштар жапырақтарынан айырылып,мұңды күй кешеді.Жел ұшырған сары жапырақтар аяғыңның астына төселген оюлы кілемдей.Олар біріне- бірі ұқсамайды.Айналаң түгел сары алтынға малынған,әсіресе орман ішіне кірсең,керемет бір ертегілер әлеміндегі алтын сарайда тұрғандай әсер аласың.Мүмкін сол алтын сарайдың іші де күздің суығындай салқын болған шығар сырты сұлу болғанмен,кім білсін...

Жаз түні

Орман,тоғай,тау мен тастың барлығы да адамзат үшін жаратылған.Сонда да жаз түні мен үшін жаралғандай.Неге десеңіз,жаздыгүні түнгі аспанға қараудан еш жалыққан емеспін.Жұлдыздар жымыңдасып,көңілімді серпілтеді.Ай болса,айналаның бәрін өзінің күміс нұрына аямай орап,дүниенің сұлу екендігіне әлемнің көзін жеткізуге жалықпастан, таң атқанша тапжылмастан дөңгеленеді де тұрады.Осы әдемі сұлулықты қимағандықтан ба екен,жаздың онсыз да қысқа түні мен үшін тіптен аз. Себебі өзіме ең қымбат әрі аяулы бейтаныс аруыммен сырласып үлгермей қалғандай күй кешемін.

Көктемім

Көктем - табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуы.Бірақ күн райы құбылмалы:жаңбыр жауып,бұлт қара үңгірдей болып тұрса,бір адамның қатты ренжіп,жылап отырғанына ұқсайды.Ал күн жарқырап,адамның бәрі күн шуағына шомылып жатса,менің де көңілім жадырай түседі.Күнмен бірге ерте оянып,күн сәулесінен ерекше қуат алып,осы өмірде аман жүргеніме риза бола түсемін!Оның үстіне көктем мезгілі- менің жарық дүниеге келгенде,табиғат-анамен алғаш танысқан сүйікті мезгілім.

Түнгі Астана көркі

Астананың әсемдігін тамашалайтын уақыт –түн.Түнде Астана жарқырап тұрады. Осы уақытта далаға серуендеуге шықсаң,түнгі Астананы тамашалауға болады.Бұл сұлулықты бояуы ең керемет суретке теңеуге болады. «Гүлсағаттың» қасында әжем тұрады.Маған әжемнің үйіне қыдырып бару екі есе қуаныш сыйлайды,бірі: асыл әжемнің баға жетпес құшағына еніп, қызықты әңгімелерін тыңдау болса, екіншісі: әсем Астанамыздың түнгі келбетін армансыз тамашалау. Есілдің жағалауында тұру да, жүру де бақыт қой, шіркін!Кешкі самал, баяу толқыған су беті, жамыраған шамдар,бақытты ғашықтар- бәрі де нақ бір киноның көңілді эпизодын түсіру кезіндегідей. Бірақ - бұл шындық . «Бәйтерекке» шығып тамашаласақ, қаламыздың сұлу бейнесінің шынайы келбетіне толық көз жеткіземіз. Қала алақандағыдай айқын әрі көзді арбағандай әдемі. Ару Астана қазақтың әлемді таңғалдырар хас сұлуларындай батыл да еркін жүрісімен өркениетке дара сипатымен асығып бара жатқандай.