Файл: ажайып дние лемі олданбалы курс бадарламасы Алматы, 2019 ож 373 (072) Пікір жазан Исмагулова Б. Х.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 345
Скачиваний: 3
Бағдарлама тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері жан-жақты ашылып көрсетілген. Курстың оқушылар үшін танымдық, тағылымдық, тәрбиелік мәні зор. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қоңыратбай Т.Ә.ТҮСІНІКХАТБағдарлама маңыздылығы: Қоғамдық дамудың әр кезеңі өзіндік ерекшеліктерге ие және әрдайым дамудың жоғарғы сатысына қол жеткізуді мақсат етеді. Өткен ғасырларды ой тізбегінен өткізетін болсақ, солардың барлығында да жаңалыққа ұмтылу, өркениетке қарай қадам басу, алға қарай ілгерілеушіліктің байқалатыны белгілі. Қазіргі ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дамыған заманы, бұл кезең жаһандану құбылысының қарқынды жүргізілуімен сипатталады. Сол себепті білім беру саласында көптеген оң өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз. Барлық нәрсе мектептен басталады. Сондықтан біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқу бағдарламаларының сапасын көтеруіміз қажет»,-деген болатын. 12 жылдық жалпы орта білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру, алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі стандарттарға сәйкестендіру мәселесі болып табылады. Бұл мәселенің шешімі ретінде барлық мектептер оқытудың 12 жылдық жүйесін қабылдады. Аталған жаңа жүйе бойынша оқулықтар әзірленіп, қолданысқа түсіп отыр. Жаңа оқулық, жаңа бағдарлама болғаннан кейін оқыту үдерісін де жаңаша қарастыру қажеттігі туындайды. Осы жаңа бағдарлама негізінде оқытылатын дүниетану пәні оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталған. Дүниетану пәні арқылы олар қоршаған орта, оның түрлі заңдылықтары, табиғат құбылыстары, жануарлар мен өсімдіктер әлемімен танысып, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсіне отырып, оның табиғатпен тығыз байланыстылығына көз жеткізеді. Пән мазмұны оқушылардың тек дүниетанымдық негізін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойларында түрлі қасиеттердің қалыптасып дамуына мұрындық болады. Дүниетану пәнінің оқушылардың танымдық деңгейлерін жетілдірудегі, функционалдық сауаттылықтарын артырудағы маңызы зор. Бұл пән арқылы оқушылар қоршаған ортамен, айналадағы құбылыстармен, өзінің жан-жағындағы заттармен бұрынғыдан да етене танысып, олар жайлы өзіндік ой тұжырымдай бастайды. Бұл жағдайды, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына қарасты айтқан жөн. Өйткені бұл шақ олардың, Абай Құнанбаев айтқандай, нағыз «естісем, білсем, көрсем» деп тұратын кезеңдері, айналасындағы дүниені тануға құмар болатын шақтары. Сондықтан бастауыш сыныптағы әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, олардың білім-ғылымға
деген ынтасын арттыру, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ету, жеке басының қасиеттерін дамытуды уақыт талабына сай жүзеге асыру қажет. Сол себепті оқушылардың қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Ғажайып дүниетану» авторлық бағдарламасын ұсынып отырмыз. Бағдарламада дүниетану пәніне қатысты мәліметтер кеңейтіліп ұсынылған. Бағдарлама мазмұны арқылы оқушының танымдық негізін жетілдіреміз. Олардың адам және табиғат, жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемі жайлы ақпараттарды ойда қорытып, оған жаңаша көзқараспен қарауларына мұрындық боламыз.
Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта жайлы таным-түсініктерін кеңейту, адам-табиғаттуралы біртұтас ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, олардың арасындағы байланысты көрсету, экологиялық тәрбие беру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, алған білімдерін одан әрі тереңдету.
Бағдарламаның міндеттері. Жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін алдымызға төмендегідей кешенді міндеттер қойылды:
-
Табиғаттағы тірі денелер болып саналатын адам, жануарлар және өсімдіктер әлемімен толығырақ таныстыру; -
Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, табиғат әсемдігін сезіне білуге, тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу; -
Бағдарлама мазмұны негізінде оқушылардың тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылықтарын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру; -
Жалпы курс арқылы оқушылардың табиғат тылсымдарына үңілдіру және оны танып-білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
Оқушылар игеруі керек: - адам және табиғат ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланысты екендігін;- табиғатты қорғауды;- қоршаған ортадағы үйлесімділікті сақтай білуді;- Табиғаттың тірі денелері жайлы қызықты деректермен таныса жүруді. Оқушының құзіреттілігіне тән талаптар:Жалпы курс арқылы оқушылардың табиғат тылсымдарына үңілдіру және оны танып-білуге деген қызығушылықтарын арттыру;Жаңашылдығы: табиғатты танып білуге қызығады, дүниетанымы кеңейеді, өз бетімен ізденуге талпынады, өсімдіктер мен жануарлардың кей әрекеттерін сыртттай бақылау арқылы алғашқы зерттеушілік дағдылары қалптасады.Пәнаралық байланыс: авторлық бағдарлама жаратылыстану (дүниетану, биология, география, салауаттану) пәндерімен өте тығыз байланысты. Сабақ барысындағы күнделікті өтетін тақырыптарды ауқымды, кең көлемде ашу мақсатында әдебиеттік оқу, жазбаша сөйлеу дағдысын дамытуда қазақ тілі пәнінің, халықтық педагогиканың маңызы зор.Бағыты: Жаратылыстану.Жүргізу формасы: танымдық сабақ, аралас сабақ, жарыс, дәстүрлі.Аптасына 1 рет. Жылына 34 сағат.«ҒАЖАЙЫП ДҮНИЕ ӘЛЕМІ» қолданбалы курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары:
| № | САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ | САҒАТ САНЫ |
| І ТАРАУ АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ | ||
| 1 | Кіріспе сабақ. | 1 |
| 2 | Адам – табиғаттың ажырамас бір бөлшегі | 1 |
| 3 | Адам табиғаттан не алады? | 1 |
| 4 | Адамның табиғатқа тәуелділігі | 1 |
| 5 | Адамның ауа райы мен климатқа бейімделуі | 1 |
| 6 | Қазақ халқының ертеде ауа райын болжауы | 1 |
| 7 | Адам әрекетінің табиғатқа әсері | 1 |
| 8 | Экология мәселесі | 1 |
| 9 | Табиғатты қорғау | 1 |
| 10 | Қайталау | 1 |
| ІІ ТАРАУ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ | ||
| 11 | Қазақстан жерінде өте жиі кездесетін жануарлар | 1 |
| 12 | Қазақстан жерінде сирек кездесетін жануарлар | 1 |
| 13 | Қазақстан жерінде кездеспейтін жануарлар | 1 |
| 14 | Жабайы жануарлар және үй жануарлары | 1 |
| 15 | Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар | 1 |
| 16 | Жан-жануарларға қатысты кейбір мәселелер | 1 |
| 17 | Қайталау | 1 |
| ІІІ ТАРАУ ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ | ||
| 18 | Қазақстан жерінде ең жиі кездесетін әйгілі өсімдіктер | 1 |
| 19 | Қазақстан жерінде сирек кездесетін танымал өсімдіктер | 1 |
| 20 | Қазақстан жерінде кездеспейтін танымал өсімдіктер | 1 |
| 21 | Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктер | 1 |
| 22 | Емдік өсімдіктер | 1 |
| 23 | Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер | 1 |
| 24 | Қайталау | 1 |
| | ІҮ ТАРАУ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ МЕН АПАТТАРЫ | |
| 25 | Табиғат құбылыстарының түрлері, сипаты | 1 |
| 26 | Жел және оның түрлері | 1 |
| 27 | Жаңбыр және оның түрлері. Кемпірқосақ, найзағай. Бұлт, тұман | 1 |
| 28 | Қар және оның түрлері | 1 |
| 29 | Жер сілкінісі | 1 |
| 30 | Сел. Қар көшкіні. Опырмалар. Қар басу. Сырғыма | 1 |
| 31 | Тау тастарының құлауы. Дауыл | 1 |
| 32 | Табиғи өрттер | 1 |
| 33 | Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар | 1 |
| 34 | Қорытынды сабақ. Бақылау жұмысы. | 1 |
| | Барлығы: | 34 |
«ҒАЖАЙЫП ДҮНИЕ ӘЛЕМІ» қолданбалы курсының тақырыптық мазмұны:№1- тақырып. Кіріспе сабақ.Негізгі сұрақтар: «Ғажайып дүниетану» курсының мақсат, міндеттері, зерттеу нысаны. Оқушылардың дүниетану пәні жайлы бұғанға дейінгі алған теориялық білімдеріне шолу. Пәнаралық байланыс: дүниетануБағалау: Смайликтер арқылы бағалау. №2-тақырып. Адам –табиғаттың ажырамас бір бөлшегіНегізгі сұрақтар:
-
Адам – табиғат перзенті -
Адам және табиғат – егіз ұғымдар
-
Табиғат – тіршіліктің құт-берекесі -
Табиғаттағы үйлесімділік мәселесі -
Табиғаттағы ауа, су, жарық, жылу, қорек – адам өміріндегі ең басты табиғи қажеттіліктер.
-
Адам өміріне қажетті табиғи қажеттіліктерді табиғаттан алатындығы. -
Материалдық игіліктердің табиғаттан алынатындығы -
Табиғат апаттарының (зілзала, су тасқыны т.б.) адамды дүлей күшпен өзіне қарататындығы. -
Табиғат құбылыстарының адам өміріне ықпалы -
Адам өмірінің табиғатпен етене байланыстылығы
-
Ауа райының адам өміріне ықпалы. -
Жыл мезгілдерінің, әр маусымның ауысуы -
Адамның ауа райы мен климатқа бейімделу жағдайлары.
-
Қазақ халқындағы жұлдызшылар және олардың ауа райын бақылау арқылы зерттеуі. -
Қазақ халқының ауа райын жан-жануарларға байланысты бақылауы -
Табиғатқа байланысты ауа райын зерттеуі -
Түрлі табиғи құбылыстарға қарап ауа райын болжауы: өліара, құралайдың салқыны т.б.