Файл: ажайып дние лемі олданбалы курс бадарламасы Алматы, 2019 ож 373 (072) Пікір жазан Исмагулова Б. Х.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 106
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бағалау: Оқушылар шолуы
№7-тақырып. Адам әрекетінің табиғатқа оң және кері әсері
Негізгі сұрақтар:
-
Адам әрекетінің табиғатқа әсерінің күшеюіне ықпал еткен факторлар: адам санының көбеюі, шаруашылық түрлерінің дамуы, ғылым мен техниканың дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі. -
Адам әрекетінің табиғатқа оң әсері -
Адам әрекетінің табиғатқа кері әсері
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: Мұғалім шолуы
№8-тақырып. Экология мәселесі
Негізгі сұрақтар:
-
Орманды жерлердің өртенуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азайып кетуі, өнеркәсіптер мен автокөліктерден бөлінетін улы газдармен ауаның ластануы т.б. адам әрекеттерінің үлкен экологиялық сұрақтарды туындатып отырғандығы. -
«Тың және тыңайған жерлерді жырту» әрекетінің кері ықпалы. -
«Семей полигоны» зардаптары т.б.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылар сұрақ құрастырады.
№9-тақырып. Табиғатты қорғау
Негізгі сұрақтар:
-
Табиғат – тіршілік белгісі, ол ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының кепілі. -
Табиғатты қорғау – адамның басты әрекеттерінің бірі -
Ауаны ластанудан сақтау, табиғат байлықтарын орнымен ғана тиімді пайдалану, оны ұрпақтан-ұрпаққа гүлденген, жайқалған қалпында жеткізу – бүгінгі буынға аманат.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: түсініктеме арқылы бағалау.
№10-тақырып. Қайталау
Негізгі сұрақтар: тарау бойынша алған білімдерін қайталау, пысықтау, бекіту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау.
№11-тақырып. Қазақстан жерінде өте жиі кездесетін жануарлар
Негізгі сұрақтар:
-
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы: дала, орман, шөл және шөлейт жерлердегі, биік таулы аймақтардағы жануарлар дүниесі. -
Омыртқалылар, сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер т.б. жайлы ақпарат.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Бағалау: баспалдақ арқылы бағалау.
№12-тақырып. Қазақстан жерінде сирек кездесетін жануарлар
Негізгі сұрақтар:
-
Қызыл кітаптағы сирек кездесетін жануарлар жайлы түсінік: қар барысы, қаяздар, қара құйрықтар, қызыл қасқыр т.б.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Бағалау: екі жұлдыз, бір тілек.
№13-сабақ. Қазақстан жерінде кездеспейтін жануарлар
Негізгі сұрақтар:
-
Піл, зебра, пингвин т.б. тәрізді Қазақстан жерінде кездеспейтін жануарлар жайлы ақпарат беру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: ғажайып саты.
Қазақстан жерінен жойылып кеткен 5 жануар:
№14-тақырып. Жабайы жануарлар және үй жануарлары
Негізгі сұрақтар:
-
Жабайы жануарлар мен үй жануарлары туралы толық түсінік. -
Жабайы құстар мен үй құстарының арасындағы айырмашылық пен ұқсастық. -
Жыртқыш құстар. Қазақтың ертедегі аң аулау кәсібі.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: шаршылар арқылы бағалау.
№15-тақырып. Қызыл кітапқа енген жануарлар
Негізгі сұрақтар:
-
Қызыл кітапқа енген жануарлардың төмендегі категорияларымен таныстыру:
А) жойылып бара жатқан;
Ә) саны жылдан-жылға азайып бара жатқан;
Б) ғылыми түрде толық зерттелмеген;
В) қалпына келтірілген түрлер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
№16-тақырып. Жан-жануарларға қатысты кейбір сұрақтар
Негізгі сұрақтар:
-
Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. -
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі. -
Жануарлардың қыстап шығуы, ұйқысы. -
Жануарлардың адамға пайдасы. -
Жануарларды қорғау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: екі жұлдыз, бір тілек.
№17-сабақ. Қайталау
Негізгі сұрақтар: бөлім бойынша білімдерін бекіту
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: ғажайып саты.
№18-тақырып. Қазақстан жерінде ең жиі кездесетін әйгілі өсімдіктер
Негізгі сұрақтар:
-
Қазақстан территориясында 6000-ға жуық өсімдік түрлерінің кездесетіндігі. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұрғандығы. -
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңыздылығы. Ата- бабаларымыздың өсімдіктерді ерте кезден-ақ зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланғандығы. Өсімдіктер - оттегі бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың сыныптастарын бағалауы.
Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында, Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады.
Қасиетті қарағаш Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн 700 жастағы ерекше ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие-ағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулар түрлі ауруларға ем деседі. Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.
№19-тақырып. Қазақстан жерінде сирек кездесетін танымал өсімдіктер
Негізгі сұрақтар:
1. Қазақстан жерінде сирек кездесетін танымал өсімдіктердің кейбірімен жан-жақты таныстыру
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың бағалау сызбасы.
№20 тақырып: Қазақстан жерінде кездеспейтін танымал өсімдіктер
Негізгі сұрақтар: Қазақстан жерінде кездеспейтін танымал өсімдіктер жайлы қысқаша ақпарат беру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың бағалау сызбасы.
№21-тақырып. Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктер
Негізгі сұрақтар:
-
Жабайы және мәдени өсімдіктер. Олар неліктен бұлай аталады? -
Жабайы өсімдіктердің сыры. Олардың фармацевтикадағы маңызы. -
Мәдени өсімдіктер, олардың пайда болуы. Шығу тегі мен түрлері, сорттары. Мәдени өсімдіктердің адам баласы үшін мән-маңызы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың бағалау сызбасы.
№22-тақырып. Емдік өсімдіктер
Негізгі сұрақтар:
-
Алтын тамыр- ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. -
Шашыратқы – биіктігі 1,5 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. -
Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көпжылдық өсімдік. -
Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шөп өсімдігі. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі.Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы. -
Тасшөп - биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы, С витамині емдік заттары бар. -
Жалбыздың емдік қасиеті. -
Ырғызбай емші қолданған кенекүнжұт, түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот, шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр мыңжапырақ, жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер. -
Адыраспан, арша, -
Қалақай және жолжелкен.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың бағалау сызбасы.
№23-тақырып. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
Негізгі сұрақтар:
-
Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі. Олардың кейбірімен жақын таныстыру.
№ | Өсімдіктердің Атаулары | Өсімдіктердің ғылыми атаулары | Тұқымдасы | |||
1 | Қалқан асаймұса | Abelia corymbosa | Ұшқаттар тұқымдасы | |||
2 | Кәдімгі өрік | Armeniaca vulgaris | Раушангүлдер тұқымдасы | |||
3 | Шолпаншаш сүмбілі | Adiantum capillus-veneris | Сүмбілдер тұқымдасы | |||
4 | Көктем жанаргүлі | Adonis vernalis | Сарғалдақтар тұқымдасы | |||
5 | Линчевский кемпіршөбі | Acantholimon linczevskii | Кермек тұқымдасы | |||
6 | Ірі жапырақты алкор | Mediasia macrophylla | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
7 | Аққаңбақтүсті аллохруза | Allochrusa gypsophiloides | Қалампырлар тұқымдасы | |||
8 | Жұмыр бозтүк | Anaphalis racemifera | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
9 | Корольков шаяноты | Arum korolkowii | Шаяноттар тұқымдасы | |||
10 | Мияжапырақ таспа | Astragalus glycyphyllos | Бұршақ тұқымдасы | |||
11 | Шегіршінжапырақ тасжаңғақ | Aflatunia ulmifolia | Раушангүлдер тұқымдасы | |||
12 | Іле бөріқарақаты | Berberis iliensis | Бөріқарақат тұқымдасы | |||
13 | Ірі гүлді шолпанкебіс | Cypripedium macranthon | Сүйсіндер тұқымдасы | |||
14 | Секпіл шолпанкебіс | Cypripedium gauttatum | Сүйсіндер тұқымдасы | |||
15 | Сары лапыз | Colchicum luteum | Мелантия тұқымдасы | |||
16 | Кессельринг лапызы | Colchicum kesselringii | Мелантия тұқымдасы | |||
17 | Коопман өгейбұтасы | Euonymus koopmannii | Өгейбұталар тұқымдасы | |||
18 | Қызыл қайың | Betula kirghisorum | Қайыңдар тұқымдасы | |||
19 | Талас қайыңы | Betula talassica | Қайыңдар тұқымдасы | |||
20 | Ярмоленко қайыңы | Betula jarmolenkoana | Қайыңдар тұқымдасы | |||
21 | Талас бәрпісі | Aconitum talassicum | Сарғалдақтар тұқымдасы | |||
22 | Қаршыл шүйгіншөп | Valeriana chionophila | Шүйгіншөптер тұқымдасы | |||
23 | Түркістан гүлкекіресі | Centaurea turkestanica | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
24 | Кәдімгі жүзім | Vitis vinifera | Жүзім тұқымдасы | |||
25 | Виталий шөмішгүлі | Aquilegia vitalii | Сарғалдақтар тұқымдасы | |||
26 | Шылым | Trapa natans | Рогульник тұқымдасы | |||
27 | Алтай қасқыржидегі | Daphne altaica | Тимелеялар тұқымдасы | |||
28 | Алтай торсылдағы | Gymnospermium altaicum | Бөріқарақат тұқымдасы | |||
29 | Қабықты жалынгүл | Coronaria coriacea | Қалампырлар тұқымдасы | |||
30 | Попов қазжуасы | Gagea neo-popovii | Лалагүлдер тұқымдасы | |||
31 | Альпі дифазиструмы | Diphasiastrum alpinum | Шоқпарбастар тұқымдасы | |||
32 | Қар дәуаяғы | Macropodium nivale | Айқышгүлдер тұқымдасы | |||
33 | Батпақ жылантамыры | Epipactis palustris | Сүйсіндер тұқымдасы | |||
34 | Кәдімгі емен | Quercus robur | Шамшатыр тұқымдасы | |||
35 | Сарғылт сарыбасшөп | Erysimum croceum | Айқышгүлділер тұқымдасы | |||
36 | Іле үшқаты | Lonicera iliensis | Ұшқаттар тұқымдасы | |||
37 | Қаратау ұшқаты | Lonicera karataviensis | Ұшқаттар тұқымдасы | |||
38 | Қаратау жыланбасы | Dracocephalum karataviense | Ерінгүлділер тұқымдасы | |||
39 | Кауфман ирекжапырағы | Ikonnikowia kaufmanniana | Кермек тұқымдасы | |||
40 | Колпаковский иридодиктиумы | Iridodictyum kolpakowskianum | Құртқашаштар тұқымдасы | |||
41 | Сібір қандығы | Erythronium sibircum | Лалагүлдер тұқымдасы | |||
42 | Крашенников сартүтігі | Cancriniella kraschennikovii | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
43 | Кавказ таутағаны | Celtis caucasica | Таутағандар тұқымдасы | |||
44 | Альберт құртқашашы | Iris alberti | Құртқашаштар тұқымдасы | |||
45 | Бұғы мүгі немесе Ягель | Cladina rangiferina | Кладина тұқымдасы | |||
46 | Қауырсынды қау | Stipa pennata | Астық тұқымдасы | |||
47 | Сарғыш сарана | Hemerocallis lilo-asphodelus | Лалагүлдер тұқымдасы | |||
48 | Ақ тұңғиық | Nymphaea alba | Тұңғиықтар тұқымдасы | |||
49 | Іріжапырақ көбенқұйрық | Cousinia grandifolia | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
50 | Мыңжылқы көбенқұйрығы | Cousina mindschelkensis | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
51 | Мүшкетов түйесіңірі | Atraphaxis muschketowii | Тарандар тұқымдасы | |||
51 | Мамыр қыңжыгүлі | Convallaria majalis | Лалагүлдер тұқымдасы | |||
52 | Тамаша ассүттіген | Prenanthes mira | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
53 | Қаратау сетені | Lepidolopha karatavica | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
54 | Шаттауық немесе Кәдімгі орманжаңғақ | Corylus avellana | Қайыңдар тұқымдасы | |||
55 | Северцов жалғаншөлмасағы | Pseuderemostachys sewerzowii | Ерінгүлдер тұқымдасы | |||
56 | Бұйра лалагүл | Lilium martagon | Лалагүлдер тұқымдасы | |||
57 | Қаратау жалған бозкілемі | Pseudosedum karatavicum | Жасаңшөптер тұқымдасы | |||
58 | Жаңғақты лотос | nelumbo nucifera | Лотос тұқымдасы | |||
59 | Афлатун жуасы | Allium aflatunens | Жуа тұқымдасы | |||
60 | Түпті жуа | Allium caespitosum | Жуа тұқымдасы | |||
61 | Ұсақторлы жуа | Allium microdictyon | Жуа тұқымдасы | |||
62 | Тамырлы жуа | Allium polyrhizum | Жуа тұқымдасы | |||
63 | Піскем жуасы | Allium pskemense | Жуа тұқымдасы | |||
64 | Суворов жуасы | Allium suworowii | Жуа тұқымдасы | |||
65 | Ақсары жоңышқа | Medicago ochroleuca | Бұршақ тұқымдасы | |||
66 | Мақсыр маралтамыры | Rhaponticum carthamoides | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
67 | Аласа дестегүл | Merendera robusta | Мелантия тұқымдасы | |||
68 | Попов дембеті | Mertensia popovii | Айлауықтар тұқымдасы | |||
69 | Ледебур бадамы | Amygdalus lebedouriana | Раушангүлдер тұқымдасы | |||
70 | Зеравшан аршасы | Juniperus seravschanica | Сауырағаш тұқымдасы | |||
71 | Ярослав сүттігені | Euphorbia yaroslavii | Сүттіген тұқымдасы | |||
72 | Зайсан лақсасы | Echinops saissanicus | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
73 | Қоқан салпысы | Morina kokanica | Салпыстар тұқымдасы | |||
74 | Кәдімгі жұмсақжеміс | Malacocarpus crithmifolius | Адыраспан тұқымдасы | |||
75 | Ірі кекіребас | Jurinea robusta | Күрделігүлділер тұқымдасы | |||
76 | Жапырақсыз орашық | Epipogium aphyllum | Сүйсіндер тұқымдасы | |||
77 | Жетісу күреңкөкгүлі немесе Қызыл адыраспан | Niedzwedzkia semiretschenskia | Бигнония тұқымдасы | |||
78 | Жабысқақ қандыағаш | Alnus glutinosa | Қайыңдар тұқымдасы | |||
79 | Көрікті ойраш | Ostrowskia magnifica | Қоңыраугүл тұқымдасы | |||
80 | Алматы кекіресі | Oxytropis almaatensis | Бұршақ тұқымдасы | |||
81 | Талас кекіресі | Oxytropis talassica | Бұршақ тұқымдасы | |||
Dactylorhiza fuchsii | Сүйсіндер тұқымдасы | | |