Файл: ажайып дние лемі олданбалы курс бадарламасы Алматы, 2019 ож 373 (072) Пікір жазан Исмагулова Б. Х.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 105
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: «мүмкін».
№24-тақырып. Қайталау
Негізгі сұрақтар: Тарау бойынша алған білімдерін қайталау, пысықтау, бекіту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: Стикерлер.
ІҮ ТАРАУ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ МЕН АПАТТАРЫ
№25-тақырып. Табиғат құбылыстарының түрлері, сипаты.
Негізгі сұрақтар:
-
Табиғат құбылыстары, олар жайлы зерттеулер. -
Табиғат құбылыстары жайлы қызықты ақпараттар
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: түсініктеме арқылы бағалау.
№26-тақырып. Жел және оның түрлері
Негізгі сұрақтар:
-
Жел және оның түрлері
-
Боран, дауыл.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Бағалау: баспалдақ арқылы бағалау.
№27-тақырып. Жаңбыр және оның түрлері. Кемпірқосақ, найзағай. Бұлт, тұман
Негізгі сұрақтар:
-
Жаңбырдың түрлері. -
Кемпірқосақ, оның пайда болуы. Кемпірқосақтың құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуі. Жеті түсті доғадан құралуы. -
Найзағай, оның түсу себептері. Салдарлары.
-
Табиғаттағы су айналымы -
Бұлттың пайда болуы. Түрлері -
Тұманның пайда болу себептері
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: ғажайып саты.
№28-тақырып. Қар және оның түрлері
Негізгі сұрақтар:
-
Қардың жауу себептері -
Қар - қыста жауатын ақ түсті тоңазыған атмосфералық тосап.
Ақша қар - жаңа жауған таза қар.
Ала қанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай жерге ала түскен қар.
Анжыр - қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау - күзгі күні тоңазудан болатын шық.
Жапалақ қар - ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқа қар - ери жауған қар.
Көбік қар - жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар- қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар - беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар - ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар - жентектелген түйіршік қар.
Қылау - ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау - суық күзде тоңазыған дымқыл ауанып бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар - жұқа жауған қар.
Мұздақ қар - үстін мұз торлаған, көкшіл түсгі, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар - ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар - алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар - ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар - ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар - түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек
қар.
Үйме қар - боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе үйілген қар.
Үрме қар - жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: шаршылар арқылы бағалау.
№29-тақырып. Жер сілкінісі
Негізгі сұрақтар:
1. Жер сілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері
2. Жер сілкінудің пайда болу тегіне қарай
3. Жер сілкінудің сейсмикалық толқындар таралуына қарай
4. Жер сілкінудің жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай
5. Жер сілкіну ұзақтығы
6. Жер сілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері
7. Жер сілкінудің басқа да түрлері. Жер сілкінуден болатын шығындар, жанама шығындар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың сыныптастарын бағалауы.
№30-тақырып. Сел. Қар көшкіні
Негізгі сұрақтар:
-
Сел - тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп,деңгецінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді мұзды өзендердің бұзылуынан жер сілкінісінен адамдардың шаруашылық нәтижесінде пайда болады. -
Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы. Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.
Опырмалар. Қар басу. Сырғыма
Негізгі сұрақтар:
Опырмалар – тік тау жыныстарында пайда болған топырақ
массасының ауырлық күшінің әсерімен төмен қарай сырғуы. Сонымен
қатар, жартастағы жекеленген жақпарлардың не құрғақ,
тік, еңіс беткейлеріндегі жақпарлардың құлауы. Опырмалар тік таудың тұрақтылығы бүлінген және материалдық шығынға әкеліп соқтыратын табиғи процесс. Опырмалар табиғи және де
техногендік сипатта орын алуы мүмкін.
2. Қар басу. Сырғымалар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың бағалау сызбасы.
№Дауыл'>31-тақырып. Тау тастарының құлауы . Дауыл
Негізгі сұрақтар:
Қазақстанда бірқатар қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады, олар ауа массасының қозғалысынан болады. Олардың қатарына жатады: дауыл, екпінді жел, қатты жел, дауыл көтерілуі т.б.
Дауыл – жойқын күшті және едәуір ұзақтықтағы жел (желдің жылдамдығы 32ш/сек жоғары).
Теңіз дауылы – теңізде күшті толқын көтеретін және құрлықты жойқын қирататын ұзақ, қатты жел (желдің жылдамдығы 20ш/сек жоғары).
Екпінді жел – атмосферадағы конвективті процестермен байланысты, бағыты өзгермелі, кенеттен желдің қатты күшеюі, (желдің жылдамдығы 20-30ш/сек).
Қатты жел – жер бетіндегі салыстырмалы ауа қозғалысы (жылдамдығы 14 ш/с жоғары).
Дауылдың, теңіз дауылы, қатты желдің қиратқыш күші орасан зор.
40 м/с жылдамдықтағы жел 100кг/ш.м әсер ететіндігі, ал 80ш/сек.-400кг/ш.м әсер ететіндігі есептелген. Сондықтан қатты және дауылды желдерде айтарлықтай құрылыс объектілерінің және ең алдымен шатырлардың қирауына әкеліп соғады.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың бағалау сызбасы.
№32-тақырып. Табиғи өрттер
Негізгі сұрақтар:
-
Табиғи өрттер жайлы ақпарат беру
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: «мүмкін».
№33-тақырып. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Негізгі сұрақтар:
-
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жайлы ақпарат беру
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
№34-тақырып. Қорытынды сабақ. Бақылау жұмысы.
Негізгі сұрақтар: Жалпы курс бойынша алған білімдерін қайталау, бекіту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Бағалау: Мұғалім және оқушы шолуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дүниетану пәні оқушыларды өзінің атынан көрінгендей, дүниені, қоршаған ортаны, өзін және өзінің айналасындағыларды танып білуге ұмтылдырады. Бағдарлама мазмұнындағы тақырыптарды игерту нәтижесінде оқушының жеке бас қасиеттерін дамытамыз, оларды мүлде жаңа әлеммен таныстырып, құзыреттіліктерін арттырамыз. Сондықтан пәнді оқыту әдістемесі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оқушылардың тек теориялық тұрғыдан білім алып қоймай, оны өмірде күнделікті қажетіне жарата білуге дағдыландырған жөн. Функционалдық сауаттылықтарын арттырып, өмірге бейімдей түсеміз. 2-сыныпқа арналған «Ғажайып дүние әлемі» курсының жалпы мазмұны осы мақсатқа жұмылдырылған. «Ғажайып дүние әлемі» курсы арқылы оқушылар дүниетану пәнінен алған білімдерін кеңейтіп, адам, өсімдіктер мен жануарлар әлемі жайлы толық ақпарат алады.
Курс нәтижесінде оқушыларды тірі табиғатты аялауға, қорғауға үндеп, экологиялық мәселелер жөнінде мәлімет береміз. Оқушылар теориялық мағлұмат алумен қатар, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлеріне бақылау жасап, өзіндік ой қорытуды үйренеді.
«Ғажайып дүние әлемі» курсы арқылы оқушылардың қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықтары артып, көптеген қызықты мәліметтерді меңгереді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Дүниетану. 2-сынып. Оқулық. / Б.Қ.Тұрмашева, С.С.Салиш, Т.Н.Мирук. – Алматы: Атамұра, 2017. – 110 б. -
Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ деңгей. – Астана: «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012. -
Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. – Алматы, 2014. -128 б. -
Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту әдістері. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген 2, 5, 6-құрал. – Алматы, 1998. – 55 б. -
Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы. ЖШС «Дайыр Баспасы», 2010 ж. -
Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007 ж.