Файл: Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті физика пні бойынша 11 сыныпа арналан блім бойынша жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы Тараз 2022 ж. МазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 1363

Скачиваний: 53

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


____________________________________________________________________

[1]

с) Ньютонның жарық туралы теориясының дұрыстығын қандай құбылыс дәлелдейді

және оны кім ашқан?

[2]
8. Радиоактивті заттың активтілігі 8 күн ішінде төрт есе кеміген.
a) берілген заттың жартылай ыдырау периодын анықтаңыз;

[2]

b) егер заттың ыдырауға түскенге дейінгі массасы 4 г болса, ыдырап кеткен

массасын анықтаңыз;

[2]
9. 27Al13 алюминийдің изотопын α-бөлшектермен атқылағанда түзілетін 30P15

фосфордың радиоактивті изотопы позитрон бөліп шығарып ыдырайды.
a) екі реакцияның теңдеулерін жазыңыз;

[3]

b) фосфор ыдырағанда қандай ядро түзіледі?

[1]
10. Суретте ядролық реактордың сұлбасы берілген.

a) ядролық реактордың құрылысын сипаттаңыз;

[1]

b) ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттаңыз;

[1]


Жалпы балл: 30

3-тоқсан бойынша балл қою кестесі



Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

1



Шын, үлкейтілген, төңкерілген

2




2

Ор­та­ның ауытқу жет­кен кез кел­ген нүк­те­сі екін­ші рет­ті толқын­дар­дың кө­зі бо­лып та­бы­ла­ды. Екін­ші рет­ті толқын­дар­дың орағытып өте­тін шеп­те­рі қо­рыт­қы тол­қын­ның ше­бі бо­лып та­бы­ла­ды.

1




3

D=2 дпрт, F=0,5 м

3




4



2




5

Микротолқын, көрінетін жарық, рентген сәулесі

Жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа электромагниттік сәулелер рентген сәулелері болып табылады.

U=80 кВ

4




6

Ауасы сорып шығарылған шыны баллонның ішкі беті К (катод) өте сезімтал, баллон ішіне жарық түсуіне арналған шағын мөлдір бөлігі бар қабатпен қапталған. Баллон центрінде А (анод) металл сақина орналасқан. Электродтардан фотоэлементті электр тізбегіне қосуға арналған өткізгіштер жасалған. Жарыққа сезімтал қабат ретінде шығу жұмысы аз сілтілік металдардан жасалған тозаңдалған қабаттар қолданылады.



Фотоэффектінің теориялық негіздемесін 1905 жылы А.Эйнштейн берген болатын. Ол жарық Планк тұжырымдағандай кванттармен сәулеленіп қана қоймай, сонымен қатар үлестермен де таралады және жұтылады, яғни энергиясы E=һν фотондар деп аталатын бөлшектер ағынынан тұрады деп болжады.

4




7

Корпускулярлық; Толқындық

Дифракция, интерференция және т.б.

Фотоэффект/ Г.Герц 1887 ж.

4




8







m=m0*2 -t/T

4




9



Кремний

4




10

Реактор, бу турбинасы, генератор, конденсатор, сорғыш және т.б.

Ядролық реактор – ауыр ядролардың бөлінуі басқарылатын тізбекті ядролық реакция жүзеге асырылатын қондырғы.

2




Жалпы балл

30






4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны – 30 балл
Тапсырма түрлері:

КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны

тапсырма

Тапсырма түрі

Орындау уақыты, мин

Балл

Бөлім бойынша балл

Нанотехнология және наноматериалдар

11.9.1.1 – наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын түсіндіру;

Білу және түсіну

1

1

ТЖ

3

2

2

Космология

11.10.1.2 – көрінерлік жұлдыздық шама және абсолют жұлдыздық шама ұғымдарын ажырату;

Білу және түсіну

8

2

ҚЖ

4

4

23

11.10.1.3 – көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану;

Қолдану

3

4

ҚЖ

ҚЖ

5

2

2

11.10.1.4 – Күннің сәулеленуін сипаттау үшін Стефан-Больцман және Винн заңдарын қолдану;

Қолдану

5

6

ҚЖ

ҚЖ

3

3

2

2

11.10.1.5 – Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассел диаграммасын қолдану;

Қолдану

7

ТЖ

6

4

11.10.1.10 – Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;

Қолдану

8

ҚЖ

5

4

11.10.1.11 – микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру;

Жоғарғы деңгей дағдысы

9

ТЖ

4

3

Физикалық практикум

физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігіне негізделген эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін алу

Жоғарғы деңгей дағдысы

1

10

ҚЖ

7

5

5

Барлығы




10

10




40

30

30




Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Нанотехнологиялардың қолданыс аясын сипаттап жазыңыз.


a) нанотехнология техникада:__________________________________________________

[1]

b) нанотехнология медицинада: ________________________________________________

[1]
2. а) физикалық шамаларды сипатталарымен сәйкестендіріңіз.
[2]


1

Жұлдыздың жарқырауы

A

жерден 10 пк қашықтықтағы жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы


2

Абсолют жұлдыздық шама

B

аспан шырақтарының жасайтын жарықтарының өлшемі


3

Жұлдыздық шама

C

бірлік уақыт ішінде жұлдыз бетінен шығарылатын энергия


4

Көрінерлік жұлдыздық шама

D

ұғымын алғаш рет б.з.б. II ғасырда Гиппарх енгізген



b) абсолют жұлдыздық шама мен көрінетін жұлдыздық шаманың айырмашылығын жазыңыз; . [2]
3. Көрінерлік жұлдыздық шамасы m=2 болатын жұлдыз 250 пк қашықтықта орналасқан. Осы жұлдыздың абсолютті жұлдызды шамасын анықтаңыз.

[2]
4.Күннің абсолют шамасы M=+4,8m . Оның көрінерлік жұлдыздық шамасын

табыңдар. Күнге дейінгі қашықтықты 150 млн км деп есептеңдер.

[2]
5. Күн сәулесінің спектрін анықтау барысында оның энергетикалық жарқырауының спектрлік максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы 500 нм. (=5.67*10-8 Вт/м2K 4 , b=2.9*103 м*К) Күнді абсолют қара дене деп есептеп, Абсолют температурасын анықтаңыз.

[2]
6. Жоғарыда берілген (4) тапсырманың мәліметтерін қолдана отырып, абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауын анықтаңыз.
[2]
7. Суретте Герцшпрунг-Рассел диаграммасы бейнеленген.



а) төменде көрсетілген бес тұжырымнан дұрысын(тарын) анықтап дөңгелектеп белгілеңіз:

[1]

1) Ақ ергежейлердің массасы Күннің массасынан едәуір асып түседі;

2) Алыптардың жарықтығы Күннің жарықтығынан он мың есе көп;
3) Антарес жұлдызы негізгі тізбектегі Жұлдыздарға жатады, өйткені оның радиусы күн радиусынан 900 есе көп;
4) Күн O спектрлік класына жатады;
5) негізгі тізбекте жұлдыздардың шамамен 90% -ы орналасқан;
b) (а) тапсырмасында берілген бес тұжырымның қателерін анықтап, неліктен қате екендігін түсіндіріп жазыңыз.

[3]
8. Бақылаушыдан алыстап бара жатқан галактиканың сәулелену спектріндегі қызыл

ығысу 0,003.
a) галактиканың біздің Галактикамыздан алыстау жылдамдығын анықтаңыз;

[2]

b) оған дейінгі қашықтықты анықтаңыз;

[2]

9. a) Үлкен жарылыстың жалпылама теориясы бо­­йынша Әлемнің эволюциясын

төрт негізгі кезеңдерін жазыңыз:

[1]

1)___________________________
2)___________________________
3)___________________________
4)___________________________
b) Әлемнің заманауи модельдерінің авторларын атаңыз;

[1]

с) бұл модельдердің мәні неде?

[1]
10. Оқушы мыстың тығыздығын анықтау барысында төмендегідей мәліметтерді алған:
масса m=500±0.1 g
ұзындығы l=100.0±0.1 cm
ені w=20.0±0.1 cm
қалыңдығы t=0.30±0.01 mm
Төмендегі формуланы қолдана отырып

ρ= ????/????????????
а) алюминий тығыздығын анықтаңыз;

[1]

b) өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтаңыз;

[2]

c) өлшеудің абсолют қателігін анықтаңыз;

[2]


Жалпы балл: 30


4-тоқсан бойынша балл қою кестесі




Жауабы

Балл

Қосымша ақпарат

1

Сканерлейтін туннелді микроскоп/ нанатүтікшелер газды сақтауға қауіпсіз материал/өрт сөндірушілерге арналған ыңғайлы киімдер тігуде және тағы басқа Нанобөлшектер дәрілерді жасушаларға жеткізуге арналған мінсіз әдіс. Жаңа технологиялардың арқасында нанобөлшектер әртүрлі ауруларды емдеуге арналған ең көп тараған дәрілердің бірі. Инфрақызыл лазерінің жарығы тері арқылы өтіп, электрондардың резонансты тербелістерін тудыру арқылы наносфераларды қыздырады. Жоғары температура ісік жасушаларын өлтіреді, ал айналасындағы сау жасушалар зақымданбайды.

2

Кез келген дұрыс жауапы бағалауға болады

2

1-C, 2-A, 3-D, 4-B

10 парсек стандарт қашықтықтағы аспан шырағының жұлдыздық шамасын абсолют жұлдыздық шама деп атайды. Абсолют жұлдыздық шама (көрінерлік жұлдыздық шамадан өзгешелігі) шырақтардың физикалық қасиеттерін, жарқырауын сипаттайды. Абсолют жұлдыздық шама (М) көрінерлік жұлдыздық шамамен (m) белгіленеді

4




3



2




4



2




5



2




6



2




7

2 және 5

1) Диаграммада бұл жұлдыздардың жарықтығы төмен екендігі көрсетілген, ал масса жарықтылықпен байланысты. Яғни, масса неғұрлым көп болса, соғұрлым жарық болады;

3) Мұндай радиустағы жұлдызды аса алыптарға жатқызу керек;

4) Күн – G класына жататын орташа өлшемді жұлдыз;

4




8



4




9

1) Адронды; 2) Лептон; 3) Фотонды; 4) Жұлдызды

1917 ж. А.Эйнштейн, 1717 ж. Виллем де Ситтер, 1922 ж. А.Фридман

Эйнштейн әлемдік кеңістік біртекті және изотропты, материя орта есеппен біркелкі таралған, материялардың гравитациялық тартылуы әмбебап ғарыштық тебілумен толықтырылады деп болжады.

Ситтер кеңею процесі өте үлкен қашықтықта ғана байқалады деп тұжырымдады.

Фридман қазіргі кезде қабылданған Әлемнің пайда болуы мен эволюциясының космологиялық мәселесінің шешімін ұсынды.

3




10

a) 0,8 г/см3 b) c)

5




Жалпы балл

30







ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл оқу – әдістемелік жинақ 11- сынып білім алушыларының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмекші құрал ретінде құрастырылған. Тапсырмалары әр бөлімнің оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, 20-25 минутта өз беттерінше орындауға есептеліп жасалған. Бөлімнің ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жетудеңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар енгізілген. Сондай – ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет – сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды. Қорыта айтқанда, бұл әістемелік құралда жинақталған тапсырмалар оқушының алған білімін тексеруге және оқушы өз біліміне талдау жасауына мүмкіндік береді. Әр тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмалары оқушының жас ерекшеліктері ескерілген. Бұл жинақ мұғалімдер үшін тапсырманы жоспарлау үшін оқушылармен тығыз байланыс құруда пайдалы құрал болады деп күтіледі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану – математикалық бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2017ж

  2. Волькенштейн В.С. Сбор. Задач по общему курсу физики – М.: Наука. Главная редакция физико- математической литературы, 1976. – 464с.

  3. Физика: жалпы білім беретін мектептің 11 – сыныбының жаратылыстану – математикалық бағытына арналған оқулық./ Н.А. Закирова, Р.Р. Аширов. – Нұр- Сұлтан: «Арман - ПВ» баспасы, 2020 ж.

  4. Рымкевич А.П. Сборник задач по физике. – М.: Просвещение, 1984.

  5. Мякишев Г. Я., Буховцев Б.Б. Физика: Орта мектептің 11 – сыныбына арналған оқулық, Алматы, Рауан, 1997 ж

  6. Физика: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. Н.А.Закирова, Р.Р.Аширов.− Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2020 ж.

  7. «Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы жаратылыстану-математика бағыты. 11-сынып. Нұр-Сұлтан. 2020 ж.

  8. https://www.liveexpert.org сайты

  9. https://easyfizika.ru сайты

  10. https://phys-ege.sdamgia.ru сайты