Файл: Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті физика пні бойынша 11 сыныпа арналан блім бойынша жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы Тараз 2022 ж. МазмНЫ.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 1366
Скачиваний: 53
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ
Физика пәні бойынша 11 сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Тараз - 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ........................................................................................................................
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Механикалық тербелістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............................
«Электромагниттік тербелістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау......................
«Айнымалы ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау................................................
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Толқындық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.....................................
«Электромагниттік толқындар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.......................
«Толқындық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау........................................
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Геометриялық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау....................................
«Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............
«Атомдық және кванттық физика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау..................
ІV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Нанотехнология және наноматериалдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.....
«Космология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.....................................................
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................
Қорытынды..................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................
Кіріспе
Жалпы орта білім беретін мектептердің физика пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік жинақ. Бұл оқу-әдістемелік жинақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес физика пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жиынтық бағалау тапсырмасы даярланды.
Әдістемелік жинақтың басты мақсаты - оқушының қоршаған ортаға бейімделуі мен әлеуметтенуі үшін қажетті ғылыми таным, құзіреттілік қабілеттері мен тәжірибе дағдыларын қалыптастыру.
Қазіргі кезде мектептерді дамыту бағыттарының бірі – бейіндеп оқыту. Осыған орай жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 11 сыныпқа арналған бөлім бойынша және тоқсандық бойынша жиынтық бағалау оқушылардың қызығушылығынан, кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалған. Оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастыру пәнді теориялық меңгерту, эксперименттік зерттеу және практикалық қолданысқа ұштастыру болып табылады.
Физика пәнін меңгертудегі сабақтан тыс оқыту формаларының ролін көрсете отырып, оқыту формаларының міндетін айқындап, бағдарламасын жасау және жүйелеу мақсатында бірнеше жұмыс жоспарлары жинақталды. Оқушылар үшін қысқа уақытқа берілген эксперименттік тапсырмалар мен денелердің әсерлесуі кезіндегі шамалардың өзгерісін, қолданысын, табиғаттағы әсерлерді бақылау мақсатындағы жұмыстар оқу бағдарламасының тақырыптарына лайықталып жасалды. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың өлшеу, есептеу, бірліктер жүйесіне, түрлендіре білуіне үйрету ескерілді.
Жаңа реформадағы білім беру жүйесіне сәйкес, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында, белсенді оқыту; жаратылыстану-математикалық бағытында оқытылатын сынып оқушыларына физика пәнінен тереңірек білім бере отырып, кәсіби қолданысқа қажетті есептер мен тапсырмалар енгізілді.
Бұл оқу әдістемелік жинақта 11-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Тапсырмалары әр бөлімнің оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп, оқушылардың жасерекшеліктерін ескеріліп, 20-25 минутта өз беттерінше орындауға есептеліп жасалынған және көп жауапты, толық жауапты, қысқа жауапты тапсырмалардан құралған. Бөлімнің ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар енгізілген. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
І-ТОҚСАН
«Механикалық тербелістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары | 11.4.1.1 - эксперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу | |
Бағалау критерийі | Білімалушы
графигін сызады; | |
Ойлау дағдыларының деңгейлері | Білу және түсіну Қолдану Жоғарғы деңгей дағдылары | |
Орындау уақыты | 25 минут | |
Тапсырмалар | | |
1. Суретте дене тербелісінің x(t) тәуелділік графигі көрсетілген. | |
Графикті пайдалана отырып, келесі шамаларды анықтаңыз:
(а) тербеліс амплитудасын [1]
(b) тербеліс периодын [1]
(c) тербеліс жиілігін [2]
(d) бұрыштық жиілігін [2]
(e) х(t) тәуелді теңдеуін [1]
(f) максималь үдеуін [2]
2. 2. Дене тербелісінің тәуелділік теңдеуі берілген
Берілген теңдеуді пайдалана отырып, келесі шамаларды анықтаңыз:
(а) тербеліс амплитудасын [1]
(b) тербелістің бұрыштық жиілігін [1]
(с) тербеліс жиілігін [1]
(d) тербеліс периодын [2]
(е) ????(????) тәуелділік теңдеуін жазыңыз [2]
(f) ????(????) тәуелділік графигін салыңыз [2]
Жалпы балл:18
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл | |
Білім алушы | ||||
Графиктік тәсілмен гармоникалық тербелістің (х(t), v(t), a(t) зерттеп, тербеліс амплитудасын, периодын, жиілігін, бұрыштық жиілігін, максималь үдеуін анықтайды; | 1 | Графикті пайдалана отырып, тербеліс амплитудасын жазады; | 1 | |
Графикті пайдалана отырып, тербеліс периодын жазады; | 1 | |||
Дененің тербеліс жиілігін формула қолдана отырып, анықтап жазады; | 1 1 | |||
Бұрыштық жиілігін формула қолдана отырып, анықтап жазады; | 1 1 | |||
x(t) тәуелділік теңдеуін алынған мәліметтерді пайдалана отырып, жазады; | 1 | |||
Дене қозғалысының максимал үдеуін формуланы қолдана отырып, анықтап жазады; | 1 1 | |||
Берілген тербеліс теңдеуін пайдалана отырып, тербеліс амплитудасын, периодын, жиілігін, бұрыштық жиілігін, жылдамдықтың уақытқа қатысты тәуелділік теңдеуін жазады және графигін сызады; | 2 | Тербеліс амплитудасын берілген теңдеуді қолдана отырып, анықтайды; | 1 | |
Тербелістің бұрыштық жиілігін берілген теңдеуді қолдана отырып, анықтайды; | 1 | |||
Тербеліс жиілігін анықтайды; | 1 | |||
Тербеліс периодының формуласын қолданады Есептеу жұмыстарын дұрыс орындайды | 1 1 | |||
максимал жылдамдықты анықтайды/ ????(????) = ????’(t) екенін біледіжылдамдық теңдеуін жазады/ туындыныдұрысесептейді | 1 1 | |||
????(????) жиілігін өзгертпей косинус салады Амплитудасын дұрыс белгілейді | 1 1 | |||
Жалпы балл | 18 |