Файл: Ксіпорындаы ндірістік есеп пен ндірісті йымдастыру5.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 161
Скачиваний: 1
-
Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру5 -
Көмекші өндірістің шығындарының есебі......................................................8
I. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСТЕРІ Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыруӨндірістік шығындар есебін ұйымдастыру бухгалтерлік шоттар мен шығындарды топтастырудан тұрады. Оған мынадай факторлар ықпал етеді:
-
кәсіпорынның қызмет түрі; -
кәсіпорын басқарудың ұйымдық құрылымын қабылдауы; -
кәсіпорынның құқықтық түрі; -
шығарылатын өнім көлемі.
аударылатын аударымдар; 4. үстеме шығындар. Өндірістік шығындардың жіктелімі: 1. шығындардың туындайтын орындарына байланысты 2. қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; 3. шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша тікелей және жанама болып бөлінеді. 4. өндіріс шығындары көлеміне қатысты бөлінеді. Шығындар басқару қызметіне байланысты коммерциялық және әкімшілік болып бөлінеді. Негізгі өндіріс шығындары бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары бойынша 8 – бөлімшеде есепке алынады. Оның құрамына мынадай шығындар элементтері жатады: 8012 – негізгі өнімдегі материалдық шығындар, 8012 – негізгі өнімнің жұмысшылардың еңбекақысы, 8013 – еңбекақыдан есептелетін аударымдар, 8014 – үстеме шығындар. Бухгалтерлік еспте негізгі өндіріс шығындары бойынша мынадай корреспонденциялық шот қойылады:
Көмекші өндіріс дегеніміз – негізгі өндірістегі өнімдер үшін, қызметтер үшін қолайлы жағдай жасайтын өндірісті айтамыз, бұларға жататындар: электростанциялар, сумен жабдықтау, механикалық цех, автотранспорт т.б. Бұл шоттар активті 8030-шы шот бұл көмекші өндірістің жинақтаушы шоты болып табылады., бұған мынадай шығын элементтері жатқызылады: 8031 – көмекші өндірістегі материалдық щығындар; 8032 – көмекші өндіріс еңбекақысы; 8033– еңбекақыдан аударылатын аудырымдар; 8034– үстеме шығындар; 8035– басқалары. Үстеме шығындар дегеніміз – негізгі өндірісте және көмекші өндірісте жұмыстарды ұйымдастыру мен басқарумен байланысты шығындар жатады. Үстеме шығындар типтік шоттар жазғанда 9 – шы есептелінеді. 8410 шот – бұл жалпылама шот, бұның құрамына мына шығындар элементтері кіреді: 8041 – материалдық үстеме шығындар; 8043 – еңбекақыдан аударымдар:
8044- негізгі құралдарды жөндеу;
8045 – негізгі құралдардың тозуы.
8046– тұрғын үй қызметі;
8047– жалдық төлемдер;
8048 – басқалары.
Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді. Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады. Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.). Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді. Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді. Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет керсетуге өз септігін тигізеді. Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор. Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
1.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 920 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған: 8024- "Кемекші өндірістер (қорытушы шот)"; 8031 - "Материалдар"; 8032 - "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу"; 8033- "Еңбекақыдан қаржы бөлу"; 8034 - "Амортизациялық қаржы бөлу"; 8035 - "Басқа да шығыстар". Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады. Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ак, шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.II. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ 2.1 Өнімнің өзіндік құнын есептеу және калькуляциялаудың түрлері, объектілеріӨнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар. Есептеу - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады. Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады. Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:
жоспарлы - еңбек нарығының, озық техника мен өндірістің және жұмыстын жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады; есеп берушілік (нақты) калъкуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, электр энергиясына, жылуға, газға, суға және т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады; нормативті калькуляциялар - ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдығы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;жоболық калькуляциялар - келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның (капитальных вложений), жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;алдын ала жүргізілетін калькуляция - нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезенінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.Калькуляция барысында шығын есебінің объектісін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектісін дұрыс анықтау қажет. Шығын есебінің объектісі - кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.Калькуляциялау объектісі – кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі - ірі қара мал, ал калькуляциялану объектісі - сүт, төл, көң).