Файл: Ксіпорындаы ндірістік есеп пен ндірісті йымдастыру5.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық процесте шикізаттың бір түрінен әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен анықталады.

Шығынды шығары тастау әдісі - мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, аи қалғаны ілеспе (попутные) ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құн бойьшша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады..

Құрамдастырылған (комбинированный) әдіс - негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін өндірегін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі мен шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құнын шығарып тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген коэффициенттерге сәйкес негізгі өнімдерге бөлінеді.

Кезеңдер:

•кешенді шығынның жаллы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шығарылады;

•шығынның қалған сомасынан нақты өнімге тікелей көшірілуі мүмкін оның бір бөлігі шығарылады;

•шығынның қалдығы белгіленген коэффициенттерге сәйкес өнімдерге бөлінеді;

•тиісті өнімдердің өзіндік құнының жалпы шамасы анықталады.
Шығын есебінің объектілері бойынша тапсырыстық калькуляцияның процестік әдісі бөліп көрсетіледі.

Тапсырыстық әдіс - технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтай алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады. Бұл әдіс, әдеттегіше, бір тұрпатты (тип) өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету саласында қолданылады.
Барлық тікелей шығындар жекелеген тапсырыстар бойынша шығын номенклатурасында белгіленген разрядта ескеріледі. Барлық қалған шығындар пайда болған орны бойынша ескеріліп, бөлу базасымен белгіленгенге сәйкес тапсырыстардың өзіндік құнына қосылады.

Жеке тапсырыс шығын есебі мен калькуляциялаудың объектісі болып табылады. Тапсырыстар бір бұйымға жеке (дара), ал ұсақ сериялы өндірісте бірнеше бұймдарға келіп түседі (немесе ашылады).
Есептің тапсырыстық әдісіне мына ерекшеліктер тән:

•тапсырыстар бойынша тығындарды қорытындылау (жалпылау);

•тапсырысты орындау барысында оны есептен шығару;

•тапсырыстар есебінің карточкасын жүргізу, сондай-ақ жанама шығынды жекелеген тапсырыстарға бөлу аса қажет.

«Негізгі өндіріс» талдамалық шоттар саны кәсіпорынға орналасты-рылған тапсырыстардың санына сәйкес келуі керек. Қайта бөлу әдісі біркелкі өнім өндірістің барлық кезеңінде (шекті) нақты тізбекпен өтетін тасқынды (поточный) жэне сериялы өндіріс саласында қолдаылады. Калькуляциялау объектісіне әрбір кайта жасалып аяқталған өнім жатады, ал шығын есебінің объектісіне - қайта жасау, яғни келесі қайта жасауға жөнелтілуі мүмкін немесе тарапқа өткізілген жартылай дайын өнімді алумен аяқталған технологиялық процестің бір бөлігі жатады. Әдістің мәні мынада - тіпті бір қайта жасаудан әр түрлі өнім түрлерін алуға болса да, өндірісті қайта жасау бойынша ағымдағы есепте тікелей шығындар көрініс табады.

Шығын есебінің қайта бөлістік әдісінің ерекшеліктеріне мыналар жатады: жекелеген тапсырыстарға қатыссыз қайта жасау бойынша шығынды жалпылау, күнтізбелік кезең үшін шығынды есептен шығару, әрбір қайта жасауға 8010 «Негізгі өндіріс» синтетикалық шотқа талдамалық есепті жинақтау, шығын есебінің қарапайымдылығы мен үнемшілдігі.

Жаппай өндіріс жағдайында бір текті өнімдер жай калькуляцияларда пайдаланылуы мүмкін. Сериялық өндірісте орташалау әдісін қолданумен шартты дайын өнімдегі жартылай дайындалған өнімді қайта ессптеумен калькуляция жасалады. Бұл арада 8010 «Негізгі өндіріс» шотында жасалған шығындар есептік кезеңде өндірілген дайын өнімнің шартты бірліктеріне бөлінеді. Шартты бірлікті қолдану мынаны ұйғарады: аяқталған өнімнің бірлігін өндіруде негізгі материалдың бір шартты бірлігі және үстемеленген шығынның бір шартты бірлігі керек болады.




р/н

Шаруашылық операцияларының мазмұны 

сомасы, теңге 

Шоттар  корреспонденциясы 

дебет

кредит

 

А. Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындауын есепке алу 

 
 

 

 

 

1

Негізгі және көмекші  өндірістер цехтарының жалпы цехтың мұқтаждықтарына босатылған материалдар 

1420000

8041

1311-1315, 1317

2

Цех қызметкерлерінің еңбек ақысы есептелінді 

300000

8042

3350

3

Еңбекақыдан әлеуметтік салық есептелген (100000-(10% жиынтық  зейнетақы қорына міндетті жариясы)) х 21 %

56700

8043

3140 «Әлеуметтік  салық» субшоты

4

Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен  байланысты шығыстары есептен шығарылды 

1206000

8044

4140

5

Өндірістік  арыналымдағы негізгі құралдар бойынша  тоз сомасы есептелінді 

1129260

8045

2421-2429

6

Сыртқы ұйымдардың тұрғы-үйге көрсеткен қызметінің құны есептен шығарылды

282000

8046

4140

7

Негізгі құралдардың  ағымдағы жалғаға берілген жалға  ақысының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатыстысы 

12000

8047

4170, 1620

8

Сақтандырылған  мүліктері бойынша сақтандыру төлемі есептелінді

1720000

8048

4210

 

Жиыны

6236060

 

 

 

Б.Шығындарды жинақтаушы шотқа есептен шығару

 

 

 

9

Жинақтаушы  шотқа есептен 

шығарылды :

-матеиалдық  шығындары

-еңбекақы шығындары 

-еңбекақыдан  аударылған аударымдары 

-жөндеуге кеткен  шығындары 

-негізгі құралдың тозу сомасы

тұрғын-үй қызметінің қатқан шығындары

-жалға бойынша  жасалған шығындары 

-сақтандыру  бойынша есептелінген шығындары 

 
  
1420000

300000

57700

1206000

129380

232000 

112000

1720000

 
  
8040

8040

8040

8040

8040

8040 

8040

8040

 
  
8041

8042

8043

8044

8045

8046 

8047

8048 

 

Жиыны

6236060

 

 

 

в. Үстеме шығыстарын тарату

 

 

 

10

Негізгі өндіріс

4098448

8010

8040



ҚОРЫТЫНДЫ
Барлық ұйымдар мен қызметтер өз қызметінде белгілі бір мақсатты көздейді. Оларға жету үшін өндірістік есепті ұйымдастыруды басқару жөніндегі мамандар – бухгалтер-талдаушылар ұсынатын қажетті ақпаратты білуі керек. Есептің бұл түрі- кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің бөлігі, ол басқаларға қарағанда жуықта пайда болуы, дәстүрлі қаржылық есеппен ортақ белгілері бар, алайда соңғысына қарағанда, міндетті болып табылмайды. Ол үшін жалпы қабылданған есептік принциптер маңызды емес, оның мәліметтері сыртқы пайдаланушыларға емес, мүдделері жеке-жекеленген және бұрыннан белгілі болуы мүмкін, ақпаратты ішкі пайдаланушылар үшін арналған. Басқарудан айырмашылығы, қаржылық есептің мәліметтерін ақпаратты сыртқы пайдаланушылар қолданады, сондықтан олар стандартталған және жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Басқару есебінің мәні-объектілер мен мәлімдемелердің өндірісті басқарудың толық процесіндегі жиынтығы. Өндірістік есепті ұйымдастыру объектілері- ұйымның шаруашылық қызметінің шығындары мен қорытындылары; баға белгілеу, бюджеттеу мен ішкі есептілік. Өндірістік есепті ұйымдастырудың міндеттері мыналар болып табылады: есеп, жоспарлау, ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің шығындары мен нәтижелері туралы мәліметтерін жоспарлау мен бағалау; қажетті басқару шешімдерін шұғыл қабылдау үшін ақпарат ұсыну. Талдауды өңдеу үшін өндірістік есепті ұйымдастырудың және ақпараттық жүйеде жиналатын мәліметтер мынадай талаптарға сай болуы тиіс: атаулылық, оперативтілік, дер кезінде, айқын сенімділік, пайдалылық, мерзімінен бұрын, талдамалылығы, түсініктілік, икемділік, бастамашылдық, үнемділік, жүйелі түсу. Сонымен, өнім өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, өнім алу, сатып алушыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өндеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда — шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына белумен айқындалады. Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар колданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланылады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Басқару есебі [Мәтін]: Оқулық /Авт.:В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова; Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.- Алматы: Экономика, 2005.- 298 б.

  2. Сәтмырзаев, А.А. Басқару есеп жүйесінде калькуляция әдістерінің кейбір мәселелері:[Экономика]// Банки Казахстана.- 2005.- N 3.- 37-43 б.

  3. Сүйіндікова, А. Нарықтық экономика жағдайында басқару есебінің теориялық және әдістемелік негіздері: [Ғылыми зерттеулер]// Экономика негіздері.- 2005.- N 2.- 26-29 б.

  4. Оразтаева, З. Б. Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру [Мәтін]: оқу құралы / ҚР білім және ғылым м-трлігі; С.Сейфуллин атын. Қазақ аграрлық ун-ті.- Астана: , 2003.- 94 б.

  5. Назарова В.Л. Бухгалтерлік есеп [Мәтін]: оқу құралы /ҚР білім және ғылым м-трлігі; Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық ун-ті.-Алматы; Экономика 2005 ж.

  6. Бірімжаров Ә. Өндірістік бөлімшелердегі ішкі шаруашылық есеп.- Алматы: Қайнар, 1986.- 88 бет

  7. Мамыров, Нұрғали Құлшыманұлы ж.б. Микроэкономика [Мәтін]: оқу құралы / Мамыров, Нұрғали Құлшыманұлы, Есенғалиева, ҚаламқасСембайқызы, Тілеужанова, Манатжан Әшімқұлқызы.- бас.- Алматы: Экономика, 2004.- 420 б.:



Университет «Тұран-Астана», факультет «Бизнес және ақпараттық технологиялар»




Тақырыбы: Кәсіпорында өндірісті және өндірістік есепті ұйымдастыру

Орындаған: Нурбаева Айым УА-20-1

Тексерген: Абдыгалиева Л.С.

2022 жыл