ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44727
Скачиваний: 262
226
көмірқышқыл газын байланыстыруға және гидрокарбонаттардың
мөлшерін арттыруға бағытталады. Осының нәтижесінде көмір
қышқылы мен гидрокарбонаттың арақатынасы қалыпты деңгейде
(1:20) ұсталып тұрады. Осындай жағдайды теңгерілген
ацидоз дейді. Ары қарай организмде СО
2
шамадан тыс артық
жиналып
қалуынан
қанның
буферлік
қасиеті
мен
физиологиялық реттеу жолдары таусылады. Қанның реакциясы
қышқылдық жаққа ығысады, рН төмендейді, теңгерілмеген
ацидоз дамиды. Сонымен теңгерілген ацидоз кезінде рН –тің
деңгейі қалыпты мөлшерде сақталады, ал теңгерілмеген
ацидоз кезінде ол қалыпты мөлшерінен (7,35 –тен)
төмендейді
Газдық ацидоз ұзақ мерзім сақталса, онда көміқышқылы
газының артықтығы организмде екіншілік бүліністерге
әкелуі ықтимал. Бұларға мыналарды жатқызуға болады:
♣ шеткері тіндерде майда артериолалардың қатты
жиырылып қалуы. Осыдан: артериялық қан қысымы көтеріледі,
жүрек қызметі ауырлайды, бүйректе несеп сүзілуі азаяды;
♣ ми тамырлары, керісінше, кеңейеді. Содан бас сұйек
ішінде қысым көтеріледі, қатты бас ауыруы болады;
♣ кезбе нервтің қозымдылығы жоғарылайды. Сол
себепті жүрек соғуы сиреп, ол тоқтап қалу қауіпі
туындайды;
♣
кеңірдекшелердің,
әсіресе
өзгерген
кеңірдекшелердің (созылмалы бронхит, бронхиалық демікпе,
өкпе эмфиземасы кездерінде) саңылаулары тарылады;
♣ кеңірдекшелердің эпителий жасушалары көп тұтқыр
қақырық
шығарады.
Оның
жиналып
қалуы
майда
кеңірдекшелердің тарылуын одан сайын үдетеді. Осылардың
нәтижесінде тыныс алу қиындайды. Қанның оттегімен қанығуы
төмендейді. Осыдан гиперкапния мен гипоксия одан сайын
күшейеді.
Газдық
ацидоз,
әдетте,
организмде
оттегінің
жеткіліксіздігімен қабаттасады. Гипоксияның нәтижесінде
зат алмасу үрдістерінің бұзылыстары дамып, газдық
ацидозға метаболизмдік ацидоз қосылады. Бұл ацидоздың
теңгерілмеген түріне ауысуын тездетеді.
Газдық ацидозды емдеу ең алдымен өкпеде ауа алмасуын
қалпына келтіруге және оның бұзылуын туындатқан себепкер
ықпалдарды аластауға бағытталуы қажет.
ГАЗДЫҚ ЕМЕС (МЕТАБОЛИЗМДІК) АЦИДОЗ.
Газдық емес ацидоз қышқылдық-сілтіліік үйлесімділіктің
ең жиі және ауыр түрде кездесетін бұзылыстарына жатады.
Оның негізінде деммен шығарылмайтын қышқыл өнімдердің
(ацетосірке, сүт т.б.қышқылдардың) организмде жинальш
қалуы немесе буферлік негіздердің организмнен тым артық
227
шығарылуы жатады.
Бұл ацидоз мынадай себептерден дамуы ықтимал:
● қышқылдардың сырттан организмге көп түсуінен
(салицилаттармен, бор немесе сірке т. б. қышқылдармен
уланғанда);
●
әртүрлі
себептерден
зат
алмасу
бұзылыстары
нәтижелерінде толық тотықпаған өнімдер жиналып қалуынан.
Метаболизмнің бұзылыстары:
♣ әртүрлі себептерден болатын гипоксия кездерінде,
♣ қанайналымы мен микроциркуляцияның бұзылыстарында,
♣ ішке сөлденістік бездердің ауруларында (қантты
диабет, гипертиреоз)
♣ ашығу, қол жұмысымен күштену кездерінде,
♣ бауыр қызметі жеткіліксіздігінде т. б. туа біткен
немесе
жүре
пайда
болған
зат
алмасудың
көптеген
бұзылыстарында байқалады.
● қышқыл өнімдердің организмнен бүйрек арқылы сыртқа
шығарылуының бұзылуынан (нефриттер, уремия)
● ас қорыту жолдарының сілтілік сөлдерімен немесе
несеппен көп сілтілердің организмнен артық шығарылуынан
(іш өту, ішектер тесілуі, бүйрек үсті бездерінің
жеткіліксіздігі т. с. с.).
Газдық емес ацидозды метаболизмдік ацидоз деп жиі
атайды. Метаболизмдік ацидоз газдық емес ацидоздың бір
түрі ғана екенін жоғарыда келтірілген, пайда болу
себептерінен көруге болады. Сол себептен газдық емес
ацидоз пайда болу себептеріне қарай үш түрге ажыратылады:
♣ экзогендік, қышқылдардың сырттан организмге көп
түсуінен дамитын;
♣ сыртқа шығарылулық, қышқылдардың сыртқа шығарылуы
азаюдан дамитын;
♣ метаболизмдік, зат алмасуларының бұзылыстарынан
дамитын - газдық емес ацидоз делінеді.
Метаболизмдік ацидоз кетоацидоз, лактатацидоз, басқа
органикалық және бейорганикалық қышқылдардың денеде
жиналып қалуынан дамитын болып ажыратылады. Кетоацидоз
май алмасуының аралық өнімдері кетондық денелердің
организмде түзілуі артқанда немесе олардың тотығуы
тежелгенде байқалады. Бұндай жағдай: инсулинге тәуелді
қантты диабет; ұзақ ашығу; бауыр қызметі жеткіліксіздігі;
ішімдіктермен улану; қызба т.б. дерттер кездерінде
кездеседі.
Лактатацидоз организмде сүт қышқылы жиналып қалудан
дамиды. Ол мына жағдайларда: гипоксия; қан айналымның
жеткіліксіздігі;
инсулинге
тәуелсіз
қантты
диабет,
228
өспелер дамуы; В
1
витамині тапшылығы; зат алмасуларының
тұқым қуатын бұзылыстары т.с.с. кездерде байқалады.
Басқа органикалық және бейорганикалық қышқылдар ауыр
қабынулар, үлкен ауқымды күйіктер және жарақаттар, бауыр
мен бүйрек қызметтерінің ауыр бұзылыстары кездерінде
организмде жиналады да, газдық емес ацидоз дамытады.
Газдық емес ацидозға организмнің икемделіп-бейімделу
жолдары:
♣ қышқыл өнімдердің артығы жасуша аралық сұйықпен
жартылай
бейтарапталады.
Артынан
бұл
өнімдер
гидрокарбонаттармен (NaHCO
3
) әрекеттеседі. Содан көмір
қышқылы және бейтарапталған қышқылдың натрий тұзы босап
шығады. Қан плазмасында гидрокарбонаттардың мөлшері
азаяды. Бұл газдық емес (метаболизмдік) ацидозға тән
көрсеткіш болып келеді. Олардың азаюы эритроциттерден қан
плазмасына шығарылған НСО
3
‾
мөлшерімен біршама
теңгеріледі;
♣ көмір қышқылы қанда басым болып кетеді. Артық Н
2
СОз
карбоангидраза
ферментінің
әсерімен
суға
және
көмірқышқылы газға ыдырайды. Көмірқышқылы газы тыныс алу
орталығын қоздырып, тыныс алу жиілеуінен организмнен
сыртқа шығарылады. Бірақ, артынан қанда СО
2
азаюы тыныс
алу орталығының және тамырлардың қимылдық орталығының
тежелуіне әкелуі мүмкін;
♣ артық сутегінің иондары эритроциттерге және тін
жасушаларына ауысып, олардан калий иондары, сүйектерден
натрий мен кальций иондары босап шығады. Осыдан қан
сұйығында калий, натрий, кальций иондарының деңгейі
көтеріледі;
♣ сутегінің артығы қан нәруыздарымен бейтарапталады.
Газдық емес ацидозды теңгеру жолдарында, өкпенің
гипервентиляциясына қарағанда, бүйректің қызметі шамалы
болады. Өйткені бұл кезде қанда көмірқышқылы газдың
үлестік қысымы (рСО
2
) төмендеген. Осыдан бүйрек
өзекшелерінің эпителий жасушаларынан Н
+
иондарының
несепке шығарылуы және НСО
3
‾
несептен кері қанға
сіңірілуі азаяды. Несептің титрлік қышқылдығы артады.
Өйткені ацидоз туындатқан ауада ұшпайтын органикалық
қышқылдардың (кетондық денелер, сүт қышқылы т.б.) және
аммоний тұздарының несеппен сыртқа шығарылуы көбейеді..
Осылардың нәтижесінде ацидоз теңгерілген болады.
Дегенмен бүл кезде қышқылдық-сілтілік көрсеткіштерде
айқын
өзгерістер
байқалады
(стандарттық
гидрокарбонаттардың мөлшері қан плазмасында біршама
азаяды) (14-кесте).
229
Газдық емес ацидоздың зардаптары. Икемделудің бұл
жолдары
жеткіліксіз
болғанда
немесе
олардың
мүмкішіліктері таусылғанында рН мөлшерінің төмендеуімен
сипатталатын теңгерілмеген ацидоз дамиды. Газдық емес
ацидоз кезінде өкпенің желдетілуі артуынан қанда рСО
2
төмендеуі артынан тыныстың бұзылуына, қан тамырлары
межеқуатының (тонусының) және артериялық қан қысымының
төмендеуіне, бүйректе қан айналымының бұзылуына, осыдан
несеп сүзілуінің азаюына әкеледі. Несеппен К
+
, Nа
+
, Са
2+
иондары артық шығарылуынан жүрек ырғағының бұзылыстары,
жүйкелік-еттік
қозымдылықтың
төмендеуі,
сүйектердің
тұзсыздануы (деминерализациясы) т. б. құбылыстар пайда
болады. Қышқыл өнімдердің әсерлерінен парасимпатикалық
жүйке жүйесінің межеқуаты көтеріледі. Содан ішек-қарын
жолдарының бұзылыстары: іш өту және құсу байқалады.
Орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарынан бас айналу,
ұйқы басу, артынан естен тану, кома дамиды.
Бұл кезде гемоглобиннің оттегімен байланысуы азаяды,
содан өкпедегі оксигемоглобиннің құрылуы бұзылады және
тіндерге оттегінің тасымалдануы қиындайды. Келтірілген
өзгерістер
жүрек
қызметінің
бұзылуымен
қабаттасып,
гипоксемия және гипоксия дамуына әкеліп соғады.
Газдық емес ацидозды емдеу жинақталған түрде болғаны
жөн. Ол үшін:
● ацидозды туындатқан себепкер ықпалды аластау қажет;
● қан айналымын қалпына келтіру керек;
● өкпеде ауа алмасуын жақсартып, тотығу-тотықсыздану
үрдістерін арттыру маңызды;
● сутегі иондарының артығын байланыстырып, буферлік
жүйенің сыйымдылығын қалыптастыру қажет. Осы мақсатта
натрий гидрокарбонатының сұйығын енгізу керек. Бұл кезде
есте сақтайтын жай, ол жүрек және тыныс жеткіліксіздігі
кездерінде натрий гидрокарбонатын енгізу жағымсыз әсер
етуі мүмкін. Өйткені жүрек жеткіліксіздігі кезінде
натрийдің организмде артық жиналуы оған теріс әсер етеді.
Тыныс жеткіліксіздігі кезінде гидрокарбонаттан босаған
СО
2
организмнен өкпе арқылы сыртқа шығарылуы шектелуі
мүмкін.
Газдық емес ацидозды қалпына келтіру үшін үш гидро-
ксиметиламинометанның (ТРИС) 0,3 М сұйығы енгізіледі. Бұл
препарат организмнен бүйрек арқылы шығарылады, сондықтан
бүйректің жеткіліксіздігі кезінде оны енгізуге болмайды.
ГАЗДЫҚ АЛКАЛОЗ.
Газдық алкалоз өкпенің гипервентиляциясы кезінде
көмірқышқылы газы организмнен артық шығарылып кетуі
нәтижесінде (биіктік ауру, қызба, анемиялар кездерінде т.
230
б.) дамиды. Осыдан организмде гидрокарбонат иондарының
басым
болып
кетуі
байқалады.
Бұл
кезде
өкпе
ұяшықтарындағы ауада және қанда рСО
2
қатты азаяды. СО
2
-ның
қанда азаюын гипокапния дейді. Бұл тыныс алу орталығының
қозымдылығы төмендеуіне әкеледі. Осыдан тыныс алу сиреп,
СО
2
организмде
ұсталады.
Гипокапния
кезінде
эритроциттерден хлор иондары қан сұйығына ауысады. Олар
гидрокарбонаттан
натрийді
ығыстырып,
НСОз
‾
деңгейі
көтерілуіне
әкеледі.
Қанда
СО
2
азайғанда
бүйрек
түтікшелерінде натрий иондарының кері сіңірілуі тежеліп,
сутегі иондарының секрециясы азаяды. Несеппен сілтілік
өнімдердің шығарылуы артады. Сонымен бірге газдық
алкалозды теңгеру үшін қанның нәруыздық буфері қатысады.
Нәруыздар сілтілік заттарды байланыстырып, Н
+
-иондарын
босатады. Н
+
иондары жасушалардан да босайды. Осылардың
нәтижесінде көмір қышқылының гидрокарбонатқа қатынасы
қалыпты деңгейде сақталады. Бұл алкалоз ұзақ мерзімде
теңгерілген болады. Бұл теңгерілу жолдары жеткіліксіз
болғанда немесе олар тым әлсіреп кеткенде қанның
реакциясы сілтілік жаққа ығысады, теңгерілмеген алкалоз
дамиды, рН деңгейі 7,45-тен жоғары көтеріледі (14-кесте).
Газдық алкалоз кезіндегі организмнің бұзылыстары
негізінен
гипокапния
дамуына
байланысты
болады.
Гипокапнияның нәтижесінде:
♣ тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендеп, тіпті
үзілісті тыныс дамуы мүмкін;
♣ қан тамырларының қимылдық орталығы тежеледі,
артериялық қысым төмендейді, жүректің минөттік және
соққылық көлемі азаяды;
♣ қанның жартылай корларында жиналып қалуынан,
айналымдағы қанның көлемі азаяды, артериалық және
көктамырлық қысым төмендейді;
♣ мида гипоксия дамиды;
♣ натрий мен калий иондары несеппен артық шығарылуынан
қанда осмостық қысым төмендейді. Содан несеп шығарылуы
көбейіп, организмнің сусыздануы байқалады.
Бұл алкалозды емдеу негізінде тыныс алу орталығының
жоғары қозымдылығын азайту, тыныс алу үшін СО
2
бар газдық
құрамдар беру қажет.
ГАЗДЫҚ ЕМЕС АЛКАЛОЗ.
Газдық емес алкалоз организмде сілтілік қосындылардың
мөлшері көбейгенде дамиды. Оның себептері болып төмендегі
жағдайлар есептеледі:
♣
организмге
көп
мөлшерде
сілтілік
заттарды
(гидрокарбонатты, лакгатты, цитратты ж. б.) сырттан
енгізгенде;